Сабақтың тақырыбы: ч ч дыбысы мен әрпі


«Құлпынайды жинаймыз» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: Бұл ойын дыбысқа байланысты. Тақтада құлпынай мен себет тұрады. Оны жеке оқушылар келіп алады. Артындағы дыбысты танып, сөз ойлайды



бет2/2
Дата23.05.2017
өлшемі221,72 Kb.
#16651
түріСабақ
1   2

«Құлпынайды жинаймыз» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: Бұл ойын дыбысқа байланысты. Тақтада құлпынай мен себет тұрады. Оны жеке оқушылар келіп алады. Артындағы дыбысты танып, сөз ойлайды.


Сұрақтар:

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Қосарлы дыбыстарды ата

  3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар

  4. Сенің есімің қандай әріптен басталады?

  5. А дыбысына сөз ойла.

  6. Болашақта сен кім боласың?


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Ой қозғау. Алыс сапарға шыққанда өзімізбен бірге ұстап жүреміз,іші қуыс.Ол не?

  • Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Суретте нені көріп тұрсыңдар?

- Чемодандар, сөмкелер.



  • Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.

  • ЧЕ – МО – ДАН

  • Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

  • Ч дыбысы.

  • Балалар, ч дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі.

Ендеше балалар ч дыбысынан қандай буындар құрауға болады екен? Тақтаға назар аударайық.

Че, чу, чи, ча

Жаңа сөздерді кім оқып береді?

Чек, чемпион, чемпионат, чех халқы, чемодан, чупа-чупс, чечел ірімшігі,чуваш халқы,чак-чак,чебуреки



Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?






  • Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.

  • Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?

  • «Болашақ чемпиондар».

  • Балалар, чемпиондар деген кімдер?

  • Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

  • Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)

  • Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. 

  • Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.



Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.
Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын бірге талдайды. Оқушыларға тізбектей оқытады.


Сара Сәуле дүкен сөмкелер чемодандар барды алды сатып көп

  • Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.

Сергіту сәті.

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.
Дәптермен жұмыс.

Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч



Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч

IV. Сабаққа қорытынды жасау.





  • Сонымен, балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

  • Ч дыбысымен таныстық.

  • Ч дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?

  • Чемодан, чемпион, чемпионат, чек, чех, чуваш, чечил, чак-чак, чупа-чупс.

  • Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, «Көк тудың желбірегені» әнін орындайық. Еліміздің президенті айтпақшы: «Болашақ бүгіннен басталады». Сендер тәуелсіз еліміздің еркін өскен ұландарысыңдар. Болашақта ел үмітін ақтар, білімді, мәдениетті, үлкен азамат болыңдар, еліміздің тәуелсіздік алған күні барлығымызға құтты болсын!

  • Мектебіміздің ұлдар хорының мүшесі Мерекеұлы Мержанның « Көк тудың желбірегені» әні орындалады. Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет