Сабақ нөмірі: 53-сабақ Тарау немесе бөлім атауы: Менің туған өлкем Сабақтың тақырыбы



Дата22.01.2023
өлшемі0,78 Mb.
#166052
түріСабақ
Байланысты:
17-сабақ.Лепті сөйлем


Қашықтықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспарының үлгісі

Мұғалімнің аты-жөні:

Кәменова Жайна Қайырбекқызы

Пән/Сынып:

Қазақ тілі, 2-сынып

Сабақ нөмірі:

53-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

Лепті сөйлем

Оқу мақсаты:



2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

Бағалау критерийі

Тапсырмаларды мұқият орындай алады.

Ұйымдастыру
1 минут

Сәлемдесу.
-«Сәлем досым»
- Көңіл күйің қалай?
- Барлығыңызға сәттілік!
«Сиқырлы сөйлемдер» ойыны. Бірнеше сөйлемдер берілген сол сөйлемдерді алып, түрлеріне қарай жұпқа бөлінеді.
Анам дүкенге барды. Қазір қай мезгіл? Бүгін күн қандай тамаша! Бізге бүгін бес сабақ. Сен нешінші сыныпта оқисың? Алақай, атам келді!
Хабарлы сөйлем
Анам дүкенге барды.
Бізге бүгін бес сабақ.
Сұраулы сөйлем
Сени нешінші сыныпта оқисың?
Қазір қай мезгіл?
Лепті сөйлем!
Алақай, атам келді!
Бүгін күн қандай тамаша!
ҚБ қолпаштау

Тәжірибе
7 минут

11-жаттығу.
Мәтінді оқы.
Тапсырма:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Мәтінге ат қой.

  3. Мәтін кейіпкерлерінің тіршілік ететін ортасын анықта. Содан өзің қорытынды жасап көр.

  4. Мәтіннен сұраулы және лепті сөйлемдерді көшіріп жаз.

Дескриптор:

  • Мәтіннің не туралы екендігін болжай алады;

  • Мәтінге ат қоя алады;

  • Мәтіннен сұраулы және лепті сөйлемдерді көшіріп жазады.

12-жаттығу
Суретті пайдаланып әңгімеле



Аспан көкте жұлдыздар, Су-тірліктің өзегі,


Жерді біздің ұл-қыздар Ақса, болар өзені.

Ғарыш деген алыс па екен? Орман-табиғат дәулеті,


Ол да бізге таныс мекен! Аң мен құс-әулеті

Жел соқса гуілдеп, Ауа-өмір нәріміз,
Кетер маңай дүрілдеп. Тыныстайтын бәріміз
Тапсырма:
Суреттердің астындағы сөйлемдерді оқы. Сонан соң суреттерге қарап, лепті сөйлемдер жасап көр.
Дескриптор:
-Суреттің астындағы сөйдемдерді қатесіз оқи алады;
-Суреттерге қарап лепті сөйлемдер жасай алады.



  1. минут

14-жаттығу.
Суретке қарап, әр сурет жылдың қай мезгілі екенін айт. Өз ойыңды дәлелде:




Тапсырма:
Қалаған жыл мезгілінің суреті бойынша әңгіме құрастырып көр.
Дескриптор:
-Суретке қарап, жылдың қай мезгілі екенін айта алады;
-Қалаған жыл мезгілінің суреті бойынша әңгіме құрастыра алады.

Бекіту. Жеке тапсырма
3 минут

13-жаттығу
Мақалдарды қатесіз көшіріп жазып, мазмұнын түсіндір

  1. Жаңбыр жауса- жер ырысы,

Батыр туса- ел ырысы

  1. Жаңбырменен жер көгерер

Батаменен ел көгерер
Дескриптор:
-Мақалды қатесіз көшіріп жазады;
-Сауатты, қатесіз жазады.

3 минут





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет