Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор



Дата08.02.2022
өлшемі186,3 Kb.
#123005
Байланысты:
психология
психология, ОБРАЩЕНИЕ ФПРК К ЧЛЕНАМ ПРОФСОЮЗОВ, Fizika 1

Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады .Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың,әңгімелердің балалар мен қыдырып жүрген кезін,сыртқы ортаның танысуының маңызы зор.
7 жасқа дейінгі балалардың белегілі бір жағдайға ,нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады.Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды.Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады.Баланың жауап беруге үйретуден бастап оның “ ішінен” қабілеті дамиды.Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының,ақыл-ойының дамуына байланысты.Мұнда баланың дұрыс сөйлетіп ойын дәл айтуға үйретуде мұғалімнің,тәрбиешінің орны ерекше.Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай оның ойлау қабілетін,дарынын дамыту керек.Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты.Сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып,дұрыс дамиды.
Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды,сөйтіп баланың сана-сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі,бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып,сөйлеу қабілеті санасы арта түседі.Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады.Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп жөнге қойғаны аса маңызды болады. Ес,еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі.Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда үш бөліктен тұрады-ақпаратты қабылдау және оны сақтау, мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру.Бұл үшеуін еске сақтаудың үш кезеңі.Олар бір –бірімен тығыз байланысты қызметтер.Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан-жақтан келеді, көру,есту,сөз,тері,иіс,дәм сезімдері және ішкі түйсіктері арқылы. Олардың бәрі қабылданып талданып,талқыланып қажетісі ғана еске сақталады,керек кезінде пайдаланылады.Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны-синапстар.Бұған баланың өсіп-дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбюі.Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген сайын күрделеніп көбейіп дами береді.Қазігі элетрофизиологиялық әдістерді қолдану арқылы нейронаралық байланыстар мен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып отыр.
Жалпы алғанда, сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңартып пайдаланудың физиологиялық толық зерттелмеген. Дені сау адамның миының дамуын зерттеуде пайдаланылатын әдістер әзірше қарапайым .
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы күрделі құбылыс. Екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталатыны белгілі. Бала тілі мен ойлауына келетін болсақ, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіл мен ойлау арақатысы әр түрлі. 11 айдан 1 жас 7 ай аралығында бала ойлауы тілінен озық болады, бала тілі шыққаннан кейін екі, үш сөзді сөйлемдер тұсында бір-біріне біршама сәйкес келе бастайды, 4-5 жас аралығында бір уақытта жүреді де өсе келе, яғни ересек болғанда ойлау қабілеті белгілі бір шамада тілден озық болады. Үш жастағы баланың сөздік қорында 1000-1500 сөзге дейін болады. Қыз балалар өздерінің құрдастарына қарағанда ерте сөйлей бастайды. Осы кезеңде баланың бөбекханадағы жастары бірдей балалардың тобында болуы, оның сөйлеу тілін дамытуға көп мүмкіндік тудырады. Балалардың сөйлеу тілінің дамуының табысты болуы үшін ата-аналар да олармен жиі сөйлесулері керек. Баланың тіліндегідей сөздерді бұрмаламай, дұрыс, анық айтуға тырысу керек.Егер бала дұрыс сөйлемесе, онда үнемі түзетіп отыру керек. Бұл үшін баланың қате айтқан сөзін, сөйлемін, баланың қайталауын талап етпей, өзі дұрыстап қайталайды. Әрине дұрыс айтылған сөз есте де дұрыс сақталады. Бірақ баланы дұрыс үлгілерді қайталауын жиі талап етсе, бала көңілінде дұрыс сөйлемеуім мүмкін деген қорқыныш сезімі туындауы мүмкін. Тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімнің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тән сөйлеу іс-әрекетінің ерекшеліктерінің бірі тілдік қатынастың түрткісі және мақсаттардың бірігуі болып табылады, сонымен бірге сөйлеу түрткісінің қандайда бір іс-әрекетке, әр қилы түрлерін қолдану балада сөйлеуді меңгеруге деген қажеттілікті қалыптастырады. Түрткінің бар болуы – сөйлеуді қабылдау үшін де, оны қарым – қатынаста белсенді пайдалану үшін де маңызды жағдай. Осының нәтижесінде сөйлеу тез арада баланың бақылау объектісі болады. Ерте сәбилік шақтағы балалардың сөйлеу қабілетінің дамуын мейлінше толық елестетіп көру үшін сөйлеу онтогенезіне жүгіну қажет.
Сәбилер көз ашып, дүниеге келген күннен ес біліп, ер жеткенге дейін, толассыз есту, еліктеу, үйрену, сөйлеу басқыштарында бір сатыдан бір сатыға өтіп отырады. 4 жастағы балалар тіліндегі синтаксистік даму кезеңі туралы мамандар мен зерттеушілердің ұзақ уақыттық тәжірибелік пайымдауларына негіздеп, мынандай болжамдар жасауға болады: бала тіліндегі сөздік қор, яғни, сөз таптарының қалыптасуы былдырлаған бөбек шақта бастау алады. Бала бір сөзді сөйлемнен екі сөзді сөйлемге, жай сөйлемнен күрделі сөйлемге өту барысында тілде сөздік қор қалыптасады, осылайша бала тілінде бастапқы қадамда сөз таптары орын тебеді. Осылайша, белгілі бір дәйектілікпен баланың сөйлеу тілі дамып, сөздік қоры байып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста өзін еркін сезінеді.
Қорытындылай келе ата-ана мен педагогтер мектеп жасына дейінгі ерекше қажеттілігі бар балалардың қажеттіліктерін, қоршаған ортаның әсер ететін сыртқы факторларын ескере отырып, түзетуге бағытталған арнайы бағдарламаларға сүйене отырып, жүйелі жұмыс жасауы аса маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет