Тікелей дайындық кезеңі. Бұл кезеңде мұғалім сабақтың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық қамтамасыз етілуін қамтитын үлкен жұмыс көлемін атқарады.
Тікелей дайындық кезеңі процессінде мұғалім келесі әрекеттерді ретімен орындайды:
1. Сабақтың міндеттерін нақтылайды. Естеріңізде болсын, сабақтың міндеттрі оқулық материалдарды жоспарлау кезінде белгіленіп қойған, дегенмен жұмыс барысында мұғалімнің педагогикалық әрекеттеріндегі нақты жаттығуларды меңгеруге жоспарлаған ырғағы (жылдамдығы) өте жылдам немесе өте баяу болғандығы анықталуы мүмкін. Сабаққа тікелей дайындық міндеттерді анықтаудан басталады.
2. Алға қойылған індеттерді шешуге арналғанамалдарды таңдап алады. Біріне-бірі ұқсас міндеттерді әр түрлі амалдарды қолдану арқылы шешуге болатындығын ескеру керек, дегенмен әр бір нақты жағыдайда және оқытудың әр кезеңінде таңдалған амалдар әр түрлі тиімділік көрсетеді. Мұғалім бірқатар міндеттерді шешуге көмектесетін, ең тиімді амалдарды таңдап алуы тиіс және оқушыларды ең қысқа жолдармен көздеген мақсатқа жетелеуі керек.
3. Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, яғыни оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін таңдап алады, оларды орналастыру мен ауыстырудың (көшіру), снарядтарды қондыру мен жинаудың, құрал-жабдықтарды таратудың және жинап алудың тәсілдерін анықтайды, сабақтың қымбатты секундтарын үнемдейді. Сонымен қатар жарақаттың алдын алу шаралары қарастырылады, оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдері анықталады, оқыту әдістемесін қолданудың репродуктивтік және проуктивтік қатынасының тиімді бірлестігі табылады, дайындап жатқан сабақтың сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері бекітіледі.
4. Белгілі бір дене дайындығы деңгейінде болуды талап ететін, сабаққа дайындалу қозғалысын іске асырады. Окушыларға ұсынылып отырған мектеп бағдарламасындағы бақылау нормотивтерінің барлығын мұғалім сол нормативтерді орындау деңгейінде көрсете алуы керек. Ол сабақтың басталар алдында жаңа және дайындық жаттығуларын орындап көруі керек, болатын сабаққа жоспарланған жаттығуларды орындауға немесе жасап көрсетуге дайын болуы тиіс.
Мұғалім қозғалыс дайындығын сабақтың алдында, спорттық залда немесе алаңда спорт белсенділерін болатын сабаққа даярлаумен үйлестіруіне болады.
Сөйлеу және қолмен көрсету, сақтандыру дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың жаттығуларды орындау кезінде дереу көмек көрсету сияқты шараларға, әсіресе қызыметінің алғашқы жылында мұғалім көп жұмыс істеуі керек.
5. Теориялық және сөйлеу дайындығын жүзеге асырады. Мұғалім оқушыларға беруге тиісті білімін өзі жақсы меңгеруі керек – оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін төмендетіп алмау үшін, теориялық ақпараттарды берудің тілі мен тәсілдерін жетік меңгеруі керек. Сөз оқушылардың санасына ғана емес сонымен бірге сезіміне де әсер ететінін естен шығармаған жөн. Мұғалім бұйрықты шебер беру арқылы қимылдың мінездемесіне ерекше назар ударып кетеді (жұмсақ, толқын ойната, тез), осының көмегімен күштің ширығу деңгейін реттейді және оқушылардың керекті кері реакциясын шақырады.
Осы себепті әр сабақтың алдында мұғалім сол сабақта беретін ақпараттарды есіне жинақтауы керек, оларды жариялаудың орны мен формасын анықтауы тиіс (ескерту, бағалау, сұрақ, талқылау, қысқаша әңгіме және т.б. ретінде).
Одан ары қарай мұғалім тілінің стилистік дұрыстығына және нақтылығна жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр нақты жағыдайға байланысты қажетті сөздерді таңдап алып, сөйлемдерді дұрыс құрастыруы тиіс, түсіндіру кезінде қарапайым және түсінікті әңгімелеуге тырысуы керек.
Әдетте оқушылар мұғалімнің сөзіне қойған екпінгегі жіберген қателіктеріне көңіл бөліп отырады («алға-бас», «оң-ға», «түсініктіме» т.б.).
Сөйлеу ырғағының сақталуына да көп жұмыс істеуі керек. Әр түрлі жағыдайларда өзіне сай келетін сөз ырғағын ұстану керектігін естен шығармау керек: егерде мұғалім қателіктерді түзетіп жатса, онда баяу сөйлеу керек; сұхбатасуда, әңгімелеуде, түсіндіру кезінде ортаңғы ырғақты ұстанған жөн; ойындарға басшылық етуде жоғарғы ырғақты ұстанғанның тиімділігі жоғары.
Сабақта сөздің үнімен белгілі бір эмоционалдыққа қол жеткізуге болады. Сөздің үні салтанатты, мерекелік (жыл аяғындағы жарыстардың нәтижесін қорытындылауда, спорттық мерекелерде, кездесулерде), болуы мүмкін. тебіренерлік (белгілі бір қиыншылықтарды жеңуге даярлауда), қуанышты немесе қынжылышты (жеңістен немесе жеңілістен кейін), ашулы немесе қаһарлы (ереже бұзылған кезде). Оқушылардың жеркенішін туғызатын, менторлы (монотонды) үннің болмағаны дұрыс.
Сенімді және ерікті сөйлеу арқылы сыныпты жетістікпен басқаруға болады. Дауыстың дыбыс динамикасын басқаруға да көңіл бөлу керек. «Айқайшал» мұғалімдер – қажетті тәртіпке қол жеткізе алмайды, себебі оқушылар дауыстың қатты шығуына бейімделіп алады. Кей жағыдайларда дауыс көтеруге тура келсе, онда ол күткен нәтиже алып келмейді. Дыбысы өте төмен берілген бұйрықтар мен нұсқаулар есту органдарын ширықтырады. Бұл оқушыларды тез шаршатады және зейінділігін төмендетеді.
Монотонды баяндаулардан әрқашан аулақ ұстанған жөн: сөздің мағынасы мен сөйлемнің мазмұнына және оқушының әрекетіне сәйкес, дауысты көтеріп немесе төмендетіп сөйлеу керек.
Мұғалімнің ауызша баяндауында дикцияның үлкен маңызы бар – сөздер мен сөйлемдерді анық және нақты айту.
Спорттық терминологияны нақты біліп, дұрыс айту маңызды, өмірде қолданып жүрген тарминдерді (мысалы, алдыңғы қолдарыңды көтер немесе артқы аяқтарыңды түзет және т.б.) қолдануға болмайды.
6. Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Бұл жерде жұмыстар үш бағытта жүргізіледі: біріншіден, кезектегі сабақтың материалын даярлау және жетілдіру; екіншіден, қолда бар снарядтар мен құрал-жабдықтарды даярлау; үшіншіден, алдыда тұрған бағдарлама бөлімдерін өтуге жағыдай жасау.
Бірінші бағыттың мазмұны келесіде: мектеп шеберханасы жағыдайында, мұғалімнің және оқушылардың күшімен, сабақ алдында ұсақ құрал-жабдықтарды даярлау (гранаталарды, доңғалақтарды, тығыздалған доптарды, гимнасикалық таяқшаларды т.б.); мұғалімнің оқушыларды бақылауына және балалардың өзін-өзі бақылауына, жаттығуларды сапалы орындауына көмектесетін көрнекілік құралдарды, музыкалық жазбаларды, оқулық карточкаларды, әр түрлі техникалық қондырғыларды даярлау.
Екінші бағыт тікеклей сабақ алдында жүзеге асырылады және оның өткізілу орынын даярлауға бағытталған (гигиеналық жағыдайларды талапқа сай келтіру, қону орындарын даярлау, снарядттар мен жабдықтарды қондыру және т.б.). Бұл дайындыққа кезекші оқушыларды және сабақтан денсаулықтарына байланысты уақытша босатылған оқушыларды жұмылдыру керек.
Соңында, бір бөлімнің сабақтарын өткізу барысында мұғалім (әсіресе жаңадан бастаған) бағдарламаның алдыда тұрған, келесі бөлімінің мазмұнын оқып-үйрену туралы ойлануы керек. Мысалы, қыркүйекте жеңіл атлетика немесе спорттық ойындарды өткізіп жатып, гимнастика мен шаңғы дайындығы бөлімдеріне қажетті жағыдайды жасап қоюы керек.
7. Балалар мұғалімнің тұлғасын қалай көрсе оны солай қабылдайтынын есте сақтай отырып, залға кірер алдында мұғалім өзінің сыртқы көрінісін және психологиялық көңіл-күйін ретке келтіруі керек. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында, сабақтың өткізілу жоспарына айналатын жазбалар жасайды.