Пульсометрия көрсеткіштерін алу техникасы. Бақылау, айналысушылардың біреуіне жүргізіледі. Осы мақсатта айналысушылардың ішінен сол кезеңге эмоционалдық тепе-теңдіктегі ең тәртіптісі, тиянақтысы және белсендісі таңдалып алынады.
Пульстың сабаққа дейінгі көрсеткіші міндетті түрде нормаға сай болуы керек. Тексеріс қорытындылары пульстық көрсеткіштерді есепке алу журналында тіркеліп отырады. Бір өлшем жүргізудің уақыт ұзақтығы пульстың 10 қағысының ұзақтығына тең. Ары қарай дене шынықтыру сабағының пульстық көрсеткіштерін есепке алу хаттамасы келтірілген (кесте 3).