Ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік құндылығы: мектептерде денешынықтыру сабақтарының жүргізілуіне осы саладағы мамандардын кәсіби даярлау жүйесін теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда дамыту, әр түрлі типтегі мектептердегі сабақтың дұрыс жүргізілуі болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу: бастауыш, орта, жоғары сынып оқушыларының қарым-қабілетін дамытуда, балалардың денешынықтыруға деген құлшынысын арттыруда, талантты балалардың талабын жетілдіруде, дарынын ашуға денешынықтыру пәнінің мүмкіндігі мол екені белгілі. Сондықтан да педагогикалық үдеріс кезінде мектеп оқушысының жеке басының ерекшеліктерін, дене қуаты қасиеттерін жан-жақты дамытуға, тәрбиелеуге көмектесуі тиіс. Баланың рухани өсуіне, адамгершілік қасиетінің қалыптасуына, балалар ұжымын ортақ мақсат, өзара қарым-қатынастық бірыңғай принциптері негізінде біріктіруге ықпал етуі керек.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен дене дамуының ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақтабандылық ауруының алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық кушін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті - балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қа-лыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;
дене қуаты қасиеттерін дамыту. Бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамытамыз;
жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбексүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статистикалық жаттығулар кезінде мүсінтүзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлға түзулігін әрқашанда ескеріп, арнайы тұлға түзулейтін жаттығулар беріп отыруымыз керек;
оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастауымыз керек;
оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды тұрақты, жүйелі спортпен шұғылдануға әрекеттендіруіміз керек.
Мектептің міндеті - оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күнделікті күн тәртіптерінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардың өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі керек. Оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері тез өседі. Әсіресе аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады [1, 15б.].
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статистикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқааралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27% алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезеңде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады, Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзақ статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі, қозғалыстар беруге болмайды. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен, кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректің бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систолалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, күшене ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систоликалық көлемі туралы мәліметті 14-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, 3. Алиакпарова, 2003).
14-кесте — Баланың жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систолалық көлемі
Жасы
|
Жүрегінің соғу жиілігі, рет/минут
|
Қанның систолалық көлемі, мл
|
Жаңа туған
|
120-168
|
2,5
|
1-2 ай
|
132-171
|
_
|
6 ай
|
120-150
|
_
|
1 жас
|
103-150
|
10,0
|
2 жас
|
96-135
|
10,2
|
5-6 жас
|
83- 11 9
|
20,6
|
Ер балалар
|
8жас
|
50-93
|
25,0
|
10-12 жас
|
53-86
|
33,4
|
15-16
|
50-77
|
41,4
|
Ересек
|
55-75
|
60 ж/е одан көп
|
Қыз балалар
|
8 жас
|
67-99
|
27,0
|
10-12 жас
|
60-89
|
31,6
|
15-16
|
55-85
|
38,5
|
Ересек
|
60-75
|
55-65
|
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілгендіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің тіршілік көлемі 7 жаста 1200 мл-ден, 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығулар орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс [1, 23б.].
1.2 Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзақ ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа дем алу аралықтарымен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, ықыластары тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына дене қуаты дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді, ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, олар күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, ұзаққа жүгіргенге, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздарды дене тәрбиесі жаттығулары амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады [1, 38б.].
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
3 Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3 – 4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50 % уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс болады.
Балалардың қимыл әрекеттерді есте сақтау қабілеттіліктері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
Қимыл әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жатгығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.
Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсіну үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұста, жетіп ал, допты ойыншыға тигіз және т.с.с. 2,3-сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа ғана беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүр-гізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сьшыптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мүғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан көп үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізулеріне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқуларын, оқу жоспарларын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек [1, 48б.].
Бастауыш сынып мүғалімдерінің міндеті:
бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік дұрыс сабақ өткізу;
дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қоры-тындысын жұмыста пайдалану;
сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
окушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
окушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
балаларды тұрақты дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
Бастауыш сыныпта өткізілетін гимнастикалық сабақтардың әдістемесі. Мектеп оқушыларының қимыл қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру және жетілдіру. Жаттығуларды орындау техникасындағы қателерді жою. Қателерді жою үшін гимнасшылар мына тәсілдерді қолданады: үйренген элементтері жайлы түсініктерін анықтайды, өзінің іс-әрекеттерін бақылайды, мұғалімнің түсіндіргеніне анализ (талдау) жасайды немесе қорытындылайды және т.б. Мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдау, оның ескертулерін дұрыс түсіну (қабылдау), жасаған сынақ әрекеттерге ойланып қорытынды анализ-талдау жасау. Барлық жетістіктер мен сәтсіздіктер дағдыны қалыптастыратын маңызды құралдар. Сол сияқты, қателерді жою мен болдырмайтын маңызды құралдар. Жаттығуларды қайталау кезінде қателер бірте-бірте жойылады. Бұл кезде (әсіресе, дағдыны қалыптастыру барысында) қозғалыс құрылысына әсер ететін негізгі қателерді байқай білу керек. осы қателерді жойғаннан кейін барып стильдік және орындаудағы тазалық қателіктері жойылады. Егер де мұғалім көп қайталанатын элементтің қатесін себептерін таба алмаса, онда ол соңында жоюы өте қиын болатын қателікке алып келеді. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және нығайту. Барлық қателер жойылып, қозғалыс дұрыс орындалған кезде гимнастшы қозғалыс дағдысын жаттап алудан, қалыптастыру мен нығайтуға көшеді. Қозғалыс дағдысын нығайту оны тұрақтандырумен орындау сенімділігін көтерілуіне байланысты. Егер қозғалысты нығайту барысында спортшы оны белгілі жағдайларда (дағдылы гимнастика залдарында, үйреншікті қондырғыларда және т.б.) дәл орындай алса, онда қосымша орындайтын дағды жағдайларын тұрақтандыру аяқталғаннан кейін, оның мәні болмайды. Қозғалыс дағдысы меңгерген жаттығуды қайта-қайта қайталаумен нықталады. Бұл қайталаулар стандартты. Тұрақты жағдайлардың басында, қашан жаттығулар дұрыс орындалғанша өту керек. Сосын қозғалыс міндеттерін түрлендіруге кірісу керек. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру мынадай әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, жүзеге асырылады:
1. Берілген жаттығу орындалатын қондырғының биіктігін өзгерту;
2. Қондырғыларды басқа жерге орын ауыстырту;
3. Берілген элементті басқалармен біріктіру;
4. Жаттап алған элементті әртүрлі комбинацияға енгізу:
5. Үйреншікті емес жағдайларда, (өткізілетін) жаттығу (тренировка) кезіндегі жаттығуларды орындау [2, 43б.].
Жүру кезінде денені тік және әсем ұстаудың жолдарын үйрету. Сапқа тұру және сап өзгерту кезінде барлығы біркелкі бір команда бойынша нақты орындаса және сап өзгерту кезінде әрқайсысы өз орнын біліп, бір уақытта орындау жолдарын жақсылап үйренулері қажет. Жүру: қиғашпен, орталық арқылы, залдың бұрыштары мен нүктелеріне, қарсы бағытпен, ирелеңдеп және серіппе жасап жүру. Сапқа тұру және сап өзгерту: жүрісте 2, 3 және т.с.с. лекке сап өзгертіп (оңға, солға) бұрылып жүру, иықпен алға бөлімшелермен кіру, ажыратып және қосып. Алшақтау және жақындау: әскери жарғы бойынша, тіркес адыммен, нұсқау бойынша, қозғалыста. Жалпы дамыту жаттығулары.
Екі-екіден жаттығуларды дұрыс орындауға қажетті жағдайлар
1. Кеңістікті бағдарлай алу және «Жоғары!», «Жанға!», «Төмен!», «Алға!», «Артқа!», «Қарама-қарсы тұрыңдар!», «Теріс қарап тұрыңдар!» деген командаларды орындай білу.
2.Уақытты бағдарлай алу және жаттығуларды санаудың әр түрлі жылдамдығымен, яғни:
3. «бір-екі-үш-төрт» деп бір қалыпта санаумен;
4. «бір, екі, үш, төрт» деп созып санаумен;
5. музыка ырғағымен орындай білу;
Екі-екіден орындайтын жаттығулардың топтары
1. Қол мен иық буынына арналған жаттығулар.
2. Кеудеге арналған жаттығулар.
3. Аяққа арналған жаттығулар.
Екі-екіден орындайтын жаттығулардың түрлері.
1. Екі бала қарама-қарсы тұрып, оң қолдарын бір-бірінің иығына қойып, оң аяқтарымен секіру.
2. Екі бала қарама-қарсы тұрып, сол қолдарымен бір-бірінің иығына қойып, сол аяқтарымен секіру.
3. Сол қалыпта тұрып, аяқтарымен кезекпен алға, артқа сермеу (әр аяқпен 6-8 рет қайталау).
Сабақ өткізілетін орын. Оқушыларға бойына қозғалыс дағдылары мен шеберліктерін саналы түрде сіңдіру. Сол сияқты, қажетті білім беру оларды оқыту да үлкен роль атқарады. Қозғалыс дағдыларын саналы түрде меңгеруге, өз қимыл-қозғалыстарын талдай білуге әрбір детальдің мәнін жете ұғынуды үйрету өте маңызды. Оқушы алдында тұрған міндеттерді саналы түрде шешу одан жоғары белсенділікті талап етеді. Жаттығуларды көрсету, көрнекі құралдарды қолдана отырып түсіндіру және демонстрациялауды қарастырады [2, 58б.].
Көрнекілік оқушының оқып жатқан материалға деген қызығушылығын арттырады, жаттығуларды меңгеру процесін жеңілдетеді, қозғалыс дағдыларын шамаға лайықтылық нығайтуды жетілдіреді. Сабақ кезінде шұғылданушыларға қойылатын талаптар олардың көшіне сай болуын талап етеді. Бұл шартқа сай келмейтін қозғалыс қимылдары шұғылданушының сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді. Шұғылданушылар жаңа жаттығуларды меңгеру кезінде міндетті түрде бар күш жігерін (ынтасын) салып, жұмсау керек. бірақ, қиындықтар шамаға лайық болу керек. Шұғылданушыларды қиындықтарды жеңуге мобилизациялау (жігерлендіріп орындатуға, тартуға) үшін олардың әрқайсысына мақсатты түрде мынадай мотивтерді табу керек: өзінің батылдығын көрсете білу, команда жеңісі үшін үлес қосу және т.б. Түсініктілік қағидасы оқытудың мынадай ережелерімен тығыз байланысты:
1. Жеңілден қиынға көшу;
2. Қарапайымдылықтан күнделілікке көшу;
3. Белгіліден белгісізге көшу.
Жаттығуларды үйретудің белгілі бір жүйесін, әрбір құрылымдық топта ең жеңілден ең күрделіге өтудегі нақты бір жағдайы. Сол сияқты, сабақтың қатал тәртібін қарастырады. Жұмыстағы үйретілген жаттығулармен жүйелілік оны табысты меңгерудегі қамтамасыз етеді. Біртіндеп дамушы оқытуда маңызды орын алады. Спорт техникасын үйрету – оқытудың барлық процесі әдетте оқытылатын жаттығулардың күрделілігін немесе қиындығын бірте -бірте өсіре отырып құрылады. Дене шынықтыру сабағының гимнастика бөлігінде музыка практикасы әжептәуір көмегін береді. Себебі, оқушыларда әдемілік, жүріс-тұрыстың әсемдігі, орындалатын жаттығуларды бірқалыпты да, біркелкі және әсем орындау [3, 110 б.].
2 ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
2.1 Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен дене дамуының ерекшеліктері
Орта сынып оқушылары қатарына 5-8-сыныптарда оқитын 12-15 жастағы окушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі
міндеттері төмендегідей:
денені жан-жақты, үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру;
негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру;
дене қуаты қасиеттерін, кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жыл-дамдықты, күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті ары қарай дамыту;
жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаның негізгі жүйелеріне әсері, өнегелілік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру;
негізгі спорт түрлері, жарыстар, снарядтар мен құрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде бірінші көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру;
таңдап алған спорт түрлері жаттықтыруларымен, өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу;
сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысының ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру;
өзінің дене қуаты мүмкіншіліктерін бағалау білімділігін қалыптастыру;
тәртіптілікке, жауапкершілікке, дербестікке, ынталылықка тәрбиелеу.
психикалық үрдістерді дамыту, психикалық өзін- өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтары өсуіне байланысты болып жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез есетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см өседі [4, 46б.].
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің биіктіктері жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйек қатаюларын тездетеді де қол, аяқтың ұзын, ортан жілік сүйектерінің өсуін азайтып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, қасаға түктері пайда болады. 15 жаста сақал-мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады.
Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайлығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселелерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, 9% ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек [4, 52б.].
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпелері екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жасқа 707.см болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы артады. Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің тіршілік сиымдылығы - бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі кестені беріп отырмыз (15-кесте). (Қ. Дүйсембин, 3, Алиакпарова, 2003).
15-кесте — Балалар мен жасөспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы
Балалар
|
Жасы
|
|
6
|
7
|
10
|
12
|
15
|
17
|
Ер балалар
|
1200
|
1400
|
1630
|
1975
|
2600
|
3520
|
Қыз балалар
|
1100
|
1200
|
І460
|
1905
|
2530
|
2760
|
Тыныс алу жиілігінің де дене дамуына үлкен маңызы бар. Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулармен айналысқан балалардың тыныс алу жиіліктері сирек болады. Дене тәрбиесі жаттығулары кезіндегі тыныс алулар оқушылардың өкпесін ғана емес, олардың кеуде бұлшық еттерін, бүкіл тыныс алу жүйесін жақсы дамытады. Бір демалу циклінде жасөспірім ағзасы 14 мл ауа пайдаланса, үлкен жастағы адам 20 мл ауа пайдаланады. Олар үлкендерге қарағанда тыныс алу уақытын көп тоқтатып отыра алмайды. Олардың ағзаға келіп жатқан ауа аз кездеріндегі жұмыс қабілеттілігі тез төмендейді, Адам жасына байланысты тыныс алу жиілігі өзгеру кестесін қараңыз (16-кесте). (Қ. Дүйсембин, 3. Алиакпарова, 2003).
16-кесте — Тьшыс алу жиілігінің адамның жасына байланысты өзгеруі
Жасы
|
1 минуттагы тыныс алу жиіліп, рет
|
1
|
44
|
5
|
26
|
15-20
|
20
|
20-25
|
18
|
25-30
|
16
|
30-35
|
18
|
Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры және орталық нерв жүйесінің әлі толық функционалдық жетілмегені, ол жүйелерді реттейтін, бағыттайтын әр түрлі қызметтік мүмкіншіліктері толық іске қосылмағаны себепті, балалардың ағзаларының дене қуаты жүктемелеріне қалыптасу уақыты ұзағырақ болып келеді. Жасөспірімдердің жүрек-қан тамыры жүйесі жүктеме кездерінде экономиялық тиімді жұмыс істеуі өздерінен үлкен жастардағы жастарға қарағанда төмен болып келеді. Жүректің функционалдық, қызметтік жетілуі 20 жасқа келгенде толық аяқталады [5, 59б.].
Жасөспірім кезеңде дене қуаты қасиеттері өздерінің жетілулерін ары қарай жалғастыра береді. Бұл кезең дененің қозғалыс қасиеттерінің жақсы даму кезеңі болып келеді. Негізгі дене қуаты қасиеттерінің орта сынып жастары кезеңінде даму мүмкіншіліктерін (Ж.К, Холодов, B.C. Кузнецов, 2003) 17-кестеде беріп отырмыз.
17-кесте — Орта мектеп жасындағы оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің өсу карқыны (%)
Дене қуаты қасиеттері
|
Бір жылдағы орташа дамуы
|
Жалпы дамуы
|
ұрдар
|
қыздар
|
ұлдар
|
қыздар
|
Жылдамдық
|
3,9
|
2,9
|
15,4
|
11,5
|
Күш
|
15,8
|
18,4
|
79,0
|
92,0
|
|
3,3
|
2,1
|
13,0
|
8,4
|
Жылдамдық төзімділігі
|
4,1
|
1,0
|
16,4
|
4,0
|
Күш төзімділігі
|
9,4
|
3,3
|
37,5
|
13,1
|
Орта мектеп жасындағы оқушылардың кеңістікте үйлесімді, епті қозғалу қабілеттіліктері жақсы дамиды. Ол қасиеттер кіші доптарды дәлдікке лақтырулар, доптарды, гранаталарды алысқа лақтырулар, спорттық, қозғалмалы ойындардағы әрекеттер, 10 метрге 3 рет қайта жүгірулер т.с.с. әрекеттер кездерінде дамиды. Сонымен қатар осы жас кезеңінде күш, күш жылдамдығы қасиеттері, бірқалыпты жылдамдық және төзімділік қасиеттері жақсы дамиды. Икемділік қасиетінің аз дамуы байқалады [5, 68б.].
2.2 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы оқушылармен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізу әдістемесі негізгі базалық спорт түрлерінің (жеңіл атлетика, гинастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын тереңдете үйрету, жетілдіруге бағытталған.
Орта сыныпта оқушылардың жеке қасиеттері айқындала бастайды. Олардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейлері, кимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Өздерінің сабақ, жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек. Әсіресе дене қуаты дайындығы жоғары және төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде жекелік, даралық әдістерді, қағидаларды қолдану қажет болады. Оларға сабақ кездерінде жеке тапсырмалар беру, үй тапсырмаларын бергенде ерекшеліктерін ескеріп, басқадай тапсырмалар беру секілді жұмыстарды дене тәрбиесі мұғалімдері ескерсе дұрыс болады [6, 114б.].
Орта мектеп жасындағы оқушылармен жұмыс жүргізудің тағы бір әдістемелік ерекшелігі - олардың жыныс ерекшеліктерін ескеру. Қазіргі кезде ол ерекшеліктерге өте жоғары деңгейде мән берілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 21 маусым 2002 жылғы №506 бұйрығында: «5 сыныптан бастап дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен ұлдар арасында бөлек жүргізілуі керек»,- деп жазылған. Осы министрлік бұйрығы жалғасын тауып, жергілікті және ауылдық жерлердегі мектептердің спорттық базалары жақсарып, құрал жабдықтары көбейіп, жыныс ерекшеліктері ескеріліп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіп, дене тәрбиесі сабақтары ұлдар мен қыздар арасында бөлек жүргізіп жатса өте дұрыс болар еді [6, 118б.].
Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Жеңіл атлетика түрлерінің қазіргі техникасы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін қажет. Қарапайым жаттығуларға үйрету үшін белгілі дайындықтар қажет, сондықтан жеңіл атлетика техникасын меңгеруге қажетті қарапайым жаттығуларға үйрету қажет.
Жеңіл атлетиканың негізгі түрлерінің техникасын үйрету өз құрамында үйретілген техниканың әдісі мен тәсілі туралы дұрыс қимыл, қозғалыстарды дұрыс меңгеруден, орындау бағасынан және қателіктерді анықтап, түзетуден тұрады.
Техниканы үйрету үшін үш әдіс қолданылады: түсіндіру, көрсету, тәуелсіз көмек. Бұл әдістердің негізгі міндеті – дұрыс қозғалыс көзқарасын жасау, қимылды меңгеруге көмектесу, дене және психикалық күш көрсетуге үйрету. Үйретудің келесі әдістері бар: сөз пайдалану әдісі, көрнектілікпен қамтамасыз ету әдісі, мұғалімнің тәуелсіз көмек әдісі, жаттығуды практикалық орындау әдісі, тұтас және бөлшектенген жаттығуды орындау әдісі, дұрыс орындалғанын бағалау. Осы әдістердің сипаты.
Жеңіл атлетикаға үйрету барысында гигиеналық талаптарды сақтау қажет. Спорт киімінің үлгісі ауа райы жағдайларына сәйкес келіп, сабақтар арнайы алаңдар мен секторларда жүргізілуі тиіс. Тамақтану сабаққа дейін 1 сағат бұрын іске асуы қажет. Жеке басының гигиенасын сақтап, өз тәнін күте білуі қажет [7, 11б.].
Балалар мен жеткіншектердің қимыл мүмкіндіктері олардың морфологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сондықтан үйрету процесін анатомиялық- физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен қоса құру керек. Кіші мектеп жасындағылар. Балалардың бұл даму кезеңі ағзаның қарқынды, біркелкі дамуымен сипатталады. Осы жаста дене қалыбының (скелетінің) толық қалыптасуы жалғасады. Дене тәрбиесінің міндеті қозғалыс негіздерін меңгеру, үйлестіру қабілетін дамыту болып табылады. Жеке басының гигиенасы, дене жаттығуларының денсаулық күйіне әсері, жұмыс қабілеті мен негізгі қозғалыс қасиеттеріне ықпалы туралы қарапайым білімдер қалыптасады. Жеңіл атлетиканың негізгі түрлері туралы көзқарас пайда болады. Өз бетінше дене жаттығуларын жасауға жұмылады. Қозғалыс қызметі барысында психикалық процестердің дамуына ықпал жасайды.
Мектептегі орташа жас морфофункционалдық өзгерістер арқылы сипатталады. Осы уақытта қарқынды түрде бұлшық ет массасы өседі. Сүйек қалыбының қалыптасуы жалғасады, дегенмен омыртқа өзінің иілгіштігін сақтап тұрады, себебі ол күшті мускулдармен бүкіл қойған жоқ. Сондықтан дене тәрбиесінің негізгі міндеті түзу дене мүсінін қалыптастыру дағдысын нығайту болып табылады, салауатты түрде өмір сүруге бағыт береді, негізгі қозғалыс қимылдарына, жеңіл атлетика түрлеріне үйренеді. Үйлестіру мен жетілдіру қабілеттері дамиды. Жеңіл атлетикамен шұғылданудың ұйымдастыру дағдысы пайда болады. Өзінің дене мүмкіндігін бағалауы қалыптасады. Осы жаста дене сапаларының арта түсуіне, күшті де жылдам жаттығуларға көп көңіл бөледі. Жеңіл атлетика жаттығуларында салмақты жаттығуларға көп мән беріледі (өз салмағының 50% на дейін) және секіру техникасын жетілдіруге назар аударады [7, 16 б.].
Үлкен мектеп жасындағылар біркелкі даму процесімен сипатталады, осы кезде жыныстық пісіп жетілу де аяқталады. Сүйек қалыбы елеусіз өседі, есесіне үлкен сүйектері нығайып, жуандай түседі, сондықтан сүйек қалыбы үлкен жүктемелерге төтеп бере алады. Жүрек –тамыр және тыныс алу жүйесі дамуын жалғастыра түсіп, ағзаның төзімділігі мен жұмыс қабілетінің арта түсуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің міндеті дене жаттығуларын денсаулықты нығайту үшін пайдалану біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Жан-жақты дене жаттығуы, қозғалыс тәжірибесіне ие болуы арқылы қозғалыс қимылдарын түрліше күрделі жағдайларда қолдану біліктілігін қалыптастыруды меңгереді. Жеңіл атлетика жаттығуларына үйретудің негізгі міндеттері: жеңіл атлетиканың негізгі түрлерінде дағдыларды жетілдіру, қозғалыс қасиеттерін дамыту, жеңіл атлетика жаттығуларының биомеханикалық құрылымы туралы белгілі білімдерді меңгеруі.
Орта сыныпта шаңғы сабақтарын өткізу әдістемесі. Шаңғымен жүру тәсілдерін алғашқы оқыту кезінде жаңадан үйренушілерге шаңғы жабдықтарын пайдаланудың қарапайым ережелерін түсіндіру, оларға шаңғыны қолға ұстап және шаңғыны тағып сапқа тұрудың негізгі ережелерін орындауды және шаңғымен жүру тәсілдерінің негіздерін меңгеру үшін алдын-ала жағдай жасауға көңіл бөлу керек.
Жаңадан үйренушілердің алғашқы кезекте «шаңғымен қарда жүруді үйренуі керек». Шаңғыны басқаруды, шаңғымен қар үстінде күш алып жылжып кетуді және дене салмағын бір аяқтан екіншісіне ауыстыруды үйреніп алуы қажет. Сонымен бірге тепе теңдікті сақтау шеберлігін екі шаңғымен жүрудің қарапайым тәсілдерін қолдануға болады. Бір орында тұрып әдеттегі жүріс кезіндегіндей аяқтарды бүгіп, шаңғымен аяқтарды кезек-кезек көтеруге; шаңғы табанын қар бетінен алмай, ұшын кезек-кезек көтеруге және шаңғымен жоғары-төмен, оң және сол жаққа әрекет жасауға; бір орында тұрып шаңғының табанын және ұшын бірдей көтеру арқылы аяқты кезек басып бұрылып, шаңғының қар үстінде қатар түсу қалпын келтіруге; екі аяқпен шаңғымен жоғары секіруге; сондай-ақ дене салмағын ауыстырып, кезек-кезек оң аяқтан сол аяққа және керісінше секіруге; бір-екі және бір-екі-үш-төрт деп санап аяқты кезек –кезек басуға; жалғыз шаңғымен еркін сырғанап жүрген шаңғышының қалпын дәл келтіруге; бір орында тұрып шаңғымен алға-артқа қимыл жасауға; жүріс бағытын жиі өзгертіп жылжыған оқытушының соңынан еріп, ағаш және бұталар арасында, қалың емес қарда таяқпен және таяқсыз шаңғымен адымдап жүруге; жайпақ төбеде адымдап жүріп, «шырша», «жарты шырша», «саты» тәсілдерін қолдануға, төмен қарай сырғанаған кезде дұрыс құлауды және орнынан шапшаң тұруды үйренуге, жайпақ, тегіс төбелерден орта қалып сақтап онша еңкеймей тура бір бағытта сырғанап түсу және төменге түскеннен кейін, екі қолды бір мезгілде сермеп жылжып жүру, төбеден түскен кезде еңкейіп, шаңғының ұшын қардан көтеріп және көтермей және дене салмағын бір аяқтан екіншісіне ауыстыруды үйренуге; қатарлас шаңғы жолына көшу арқылы жалғыз шаңғымен төмен түсуге, қапталдан түскен кезде жоғары көтеріп және төмен түсіріп сырғанауға, қолды сермеп, жан-жаққа созып, тік тұрған қалпы төмен сырғанауға қиғаштап түсіп бара жатып, қапталға қайта өрлеп жүру үшін алма-кезек басып жүруге; жайпақ төбешікке қарай шаңғымен жүгіріп шығуға, жазық жерде шаңғымен жүгіріп жүруге және 2-3 градус еңіске қарай жалғыз шаңғымен жүруге; 2-3 градус еңісте жазық жерде аяқты сәл бүгіп, конькише /таяқсыз/ сырғанауға болады [8, 62 б.].
Осындай жаттығулар көмегімен жылжу дағдылары қалыптасады. Ол шаңғы тебудің негізгі тәсілдерін –шаңғы тебу, аяқты алма-кезек аттап жылжу, келе жатып бұрылу, шаңғымен тұғырдан секіруді меңгеруге көмектеседі. Шаңғы тебу тәсілдерін алғашқы үйрену сондай-ақ, оларды жетілдіру кезінде де осы әдістерді қолдану мақсатқа сай болады.
Жаңадан үйреніп жатқандарға бұл жаттығуларды үйрену қиын емес. Оларға бір жаттығуды көрсету және оны орындау сипатын түсіндіру жеткілікті. Әуелі ол үшін қолайлы жерде жағдай жасауға таңдау керек. Содан кейін бұл жаттығуларды бірте-бірте күрделендіру қажет. Шаңғы тебуге алғаш үйреткен кезде, жаттығушылар алдына міндеттерді дәйекті түрде қою шешудің негізгі құралдарын белгілеу, тапсырмаларды орындау үшін орынды таңдау және оны дайындау оңтайлы бөлу-шаңғы спортының «мектебін» құрайтын негізгі ережелер осындай.
«Шаңғышы мектебі» жаттығуларын нақтылы түрде орындауды жаттығушылардан талап ету өте маңызды мәселе болып табылады. Кез келген шаңғышы барлық жаттығуларды қатарынан қате орындауы мүмкін, бірақ осындай жағдай да шаңғы тәсілдерін меңгеруге көмектесе алады.
Шаңғы тебу тәсілдернің жалпы негіздерін меңгергеннен кейін ғана шаңғымен сырғанаудың негізгі әдістерін үйренуге көшу керек.
Оқытушы «шаңғышы мектебі» оқу материалын өту үшін сабақ өтетін /жаттығу алаңы мен төбені/ күні бұрын таңдап алуы және дайындауы қажет. Жаңадан жаттығушылар шаңғыны қолына ұстап жаяу барып келуі үшін жаттығу орнының шаңғышылар базасынан алыс болмағаны жөн.
Жаттығу алаңы тегіс болуы қажет. Оның еңістігі 3 градустан аспауы керек. 20-25 адамы бар топ үшін 30х90 метрлік алаң керек. Алаңның қасында ұзындығы 15 метрге дейін және көлбеулігі 3-5 градусты, сондай-ақ ұзындығы 30-50 метрлік көлбеулігі 8-10 градустық бірнеше қапталдың болғаны жақсы. Қапталдан түсетін жерде қары нығыздалған жақсы жолдың болуы қажет. Алаң мен қапталдағы қарды шаңғымен нығыздалған немесе «Боранмен» таптап, тегістеген жөн. Алаң мен қапталдың жел соқпайтын жақта болғаны жақсы [8, 78 б.].
Төбешіктер жоқ болса, қар аз жауған жылдары ең болмағанда ұзындығы 10 метр және еңістігі 3-5 градус бір төбешікті қолдан жасау керек.
Жаттығушыларға шаңғыны берер алдында оқытушы бөлмеде шаңғы жабдықтарының түгел болуын тексеруі және оларға шаңғыны дұрыс бекітуді үйретуі қажет. Жабдықтардың дұрысталуы және шаңғышыны дұрыс майлау «шаңғышы мектебі» жаттығуларын табысты меңгеруге көмектеседі.
Орта сыныптарда баскетболды оқыту әдістемесі. Үйрету әдістерін жаңа оқу материалын игеруде қолданады. Оған теориялық дағдылар мен қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеру кіреді. Негізгі әдіс ретінде практикалық жаттығулар қолданылады. Әдетте ол ақпарат беру әдістерімен үйлеседі және баскетболдың ерекшеліктерін ескере отырып, қолданылатын ойындық және жарыстық әдісті бекіту және жетілдіру үшін қолданады.
Мысалы бесінші сынып бағдарламасындағы баскетбол ойыны бойынша допты кеудеден беру, допты еденге соғып беру әдістерін үйреткеннен соң, балаларға өткен сабақты бекіттіру үшін ойын әдісін қолданып «Доппен нысанаға дәл тигіз», «Допты капитанға беру» және тағы басқа ойындарды ойнатып балалардың сабаққа деген ынтасын, эстафеталық ойындар ойнату жарыс әдісін қолдану арқылы жетілдіру жұмыстарын жүргізудің қаншалықты тиімділігін анғару қиын емес.
Дене шынықтыру пәні бойынша көрсету әдісі үйретілетін тәсілдің көру бейнесін құруға мүмкіндік береді. Баскетбол сабағындағы әр іс қимылды көрсету, соның арқасында қимыл-қозғалысты жасауды үдететін еліктеудің рефлекстік механизмдерін іске қосады. Көрсету түсінікті, үлгілі, жеңіл қабылданатын және үйретілетін әрекеттің шешуші тұстарын анық көрсететіндей болу керек. Көрсету кезінде үйренушілердің назарын қимыл-қозғалысты меңгеруге маңызды қалыптарға аудару қажет. Кейбір жағдайларда қайталау және ақырын көрсету әдістері қолданылады [9, 43 б.].
Балаларға белгілі бір жаттығуларды көрсеткен уақытта орнында тұрып жасатып, содан соң қозғалыста жасату балаларға аса тиімді болады. Орнында тұрып жасалған жаттығуларда жіберілген қателіктерді түзету де оңайға соғады. Қателіктердің алдын алу үшін кейде оқу-үйрену үдерісіне оқушыларды да араластыру керек.
Баскетбол сабақтарында көрсетумен қатар көрнекі құралдар, интерактивті тақталар арқылы киноматериалдар және видеожазбалар қолданылса, оның әсерлігі жоғарлайды. Баскетболға деген қабілеті нашар балаларға осы көрнекі әдісін қолданудың тиімділігі жекелей балаға тапсырма беру арқылы, видеожазбаларды көру арқылы дами түседі.
Сөз әдісі кең қолданылатын әдіс қатарына жатады. Ол әрекеттің бақылау арқылы көру мүмкін емес бөлшектік бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Себебі үйретілетін көріністің ішкі механизмдерін ашып көрсетеді.
Қозғалысқа үйрету үрдісінде, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеуде сөз қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:
Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.
Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.
Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.
Түсіндірудің атқаратын қызметі-көрсету шеңберінен тыс қалған мәселені үйренушінің бойында бар дағды арқылы толықтыру. Соның нәтижесінде екінші белгі жүйесі белсеніп, ес пен ойлану үдерістері жұмыс істеуге даяр болды, үйренушілер өз міндеттерін толығырақ сезініп, өзіне деген қажетті бағдар мен белгілерді бөліп алады [9, 52 б.].
Жаттығуларды бөлшектей үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды. (Мысалы, баскетбол сабағындағы допты соғып жүру, екі адым жасау, допты шығыршыққа салу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық қайталау және т.б.)
Тұтас үйрету әдісі үйретілетін материалды тұтастай бекіту мүмкіндігін қарастырады және қимыл күрделі болмаған жағдайда ол өзін ақтайды. Егер қимыл-қозғалыс күрделі болса, онда оны меңгеруді басты немесе қиын деген тұстары бөліп алынады да, оның жеке бөліктерін біріктіру қағидасы бойынша игеріледі. Бұл әдіс тұтас әдіске қарағанда әлсіз деп саналғанымен, кейбір жағдайларда ең тиімді әдіс болып табылады.
Кешенді әдіс аралық қалыпты болады. Ол екі әдісті біріктіріп, нақты жағдайға байланысты тұтас немесе бөлшектеп меңгеретіндігімен ерекшеленеді.
Егер қимыл-қозғалыс күрделі болса, онда оның маңызды тұсын анықтап алып, игерген соң, тұтастай меңгеру әдісі қолданылады. Тек бөлек және қарапайым әрекеттерден тұратын күрделі тактикалық өзара әрекеттер ғана бөлшектеп үйретіледі.
Тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері тек қимыл-қозғалыстың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылатынын атап өткен жөн. Қимыл-қозғалыстың жалпы кескіні пайда болған соң, оны басқа әдістер көмегімен бекітуге кіріседі.
Ойын тәсілдерін үйретудің қатаң үлгісі қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың заңдылықтарына сәйкес құрылған. Оның қызметтік байланысы мидың жеке бір бөліктеріне өнделіп, бірінші кезекте қимыл-қозғалыстың жалпы кескіні пайда болады. Соның нәтижесінде жаңа нерв байланыстары жылдам іске қосылуға мүмкіндік туындайды. Оған түсіндіру және көрсету әдістері қолданылатын қимыл-қозғалыс туралы түсінікті қалыптастыру кезеңі сәйкес келеді. Бұл жерде айта кететін бір жағдай, үйретілетін қимыл-қозғалыс реакциясын қайта құру маңызды.
Келесі кезең - бастапқы игеру кезеңі. Бекітудің жылдамдығы, назарды үйретілетін әрекетке тұйықтауға байланысты. Ол үшін оны жеңілдетілген жағдайда орындайды [9, 69б.].
Келесі кезең - нерв үдерістерін қажетті қызметке жұмылдыру фазасына сәйкес келеді. Ол ақырындап күрделене түскен жағдайда дағдыны игеруге мүмкіндік туады. Ойынға бірден көшу нерв үдерістері мен дағдының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл кезеңде дағдыны бекіту жағдайы біртіндеп ойын жағдайына келтіріледі.
Келесі кезең дағдыны қалыптастыруды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде тактика және оны қолдану алға шығады.
Ойын әрекетінің жаңа сипаты үйренушілердің не істеу керек екендігін және қалай орындауын білулерін талап етеді. Үйретудің алғашқы кезендерінде үйренушілер әр тәсілдің атқаратын қызметін және орындау техникасын меңгеріп, оны дұрыс қолдануды үйренеді.
Баскетболда жоғары жетістікке қол жеткізген соң, оқу-үйрету аяқталмайды. Ол спорттық жарыс аяқталған соң да жалғаса береді.
Сонымен, баскетболдағы үйрету үдерісі мынадай бір-бірімен өзара байланысқан кезеңдерден құрылады:
Ойын әрекетінің үйретілетін элементі туралы түсінікті қалыптастыру;
Ойындық емес, жеңілдетілген жағдайға игеру;
Арнайы ұйымдастырылған ойын кезеңде бекіту;
Жарыс кезінде жетілдіру.
Қимыл-қозғалыс әрекеттерін игеру үдерісі әрқашан қателер мен жетіспеушіліктерді түзетумен өтеді. Бұл қателіктер табиғи және ол бапкердің жіберген қателігі болып саналмауы керек. Ол, үйрету кезінде әрдайым кездеседі және бірқатар себептерге байланысты. Сондықтан да, үйретудің басты міндеттерінің бір – дағдыға айналып кетпей тұрғанда қателердің алдын алу және түзету. Дағдыға айналып кеткен қателікті түзету өте қиын. Ол көп жаңдайда спортшыға кедергі келтіріп, оның көрсеткіштерін төмендетеді.
Қателіктің туындауына әкеліп соғатын себептер:
Үйренушілердің жаңа оқу материалын игеруге дайын болмауы. Оған тірек-қимыл аппаратының әлсіздігі, дене және зерделі даму деңгейінің төмен болуы секілді себептерді жатқызуға болады. Бұл себептерді жою үшін жүйелілік және реттілік қағидасын ұстанып, үйренушілердің денелік және зерделік дайындығын назарға алу керек.
Түсіндіру мен көрсетудің әсерлі әдістерін қолданбау салдарынан, үйренушілерге үйренуі керек әрекет туралы дұрыс түсінік болмайды. Сондықтан да, жаңа әрекетті үйренуге, үйренушілердің бастапқы деңгейдегі даярлығы іске асырылған соң ғана кірісу керек. Сондай-ақ оқытушы түсіндіруге және көрсетуге тыңғылықты даярлықпен келуі керек. Бір әрекетті қайталай беру, тәсілді үйренуге деген қызығушылықты төмендетеді.
Үйренушілердің бойында бар мүмкіндігінен жоғары жаттығуларды қолданумен көрінетін – үйрету үлгісінің реттілігінің бұзылуы. Мұндай бұзылудың себебі – үйретілетін тәсілдің игерілуінің шынайы ырғағын педагогтың асыра бағалауы. Сондықтан да, бір кезеңнен екіншісіне көшу, игерудің барысын педагогикалық есепке алу мен бақылау негізінде іске асырылады.
Бірқатар себептерге байланысты пайда болған үйлесім механизмдерінің бұзылуы: ең бірінші қимыл қозғалыс тәжірибесінің болмауы, сенсомоторлық механизмдерінің ерекшеліктері, үйренушілердің бірден жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылуы.
Қимыл-қозғалыс дағдысы дұрыс қалыптасу үшін қимыл-қозғалыс құрылымының жеке фазалары мен элементтерінің өсуі туралы шұғыл ақпараттың түсуі өте маңызды. Ол ішкі қимыл-қозғалыс талдағыштарының қайтарма байланысының сапасын жоғарлатып, басқару үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен әрекеттің ақырғы нәтижесін аз қолдану керек. Қимыл-қозғалыстың түрлі сәттерде өтуі туралы белгі беретін мынадай аралық бағдарлар қажет: келесі қимыл-қозғалыстың амплитудасы, бағыты, екпіні мен ырғаға туралы белгі беретін маңызды сәттер. Аталған көрсеткіштер арнайы құрылғылар арқылы реттестірілуі мүмкін. Оларды қолдану, қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеруді жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар күрделі қателіктердің алдын алады және түзетеді [9, 77б.].
Анықталған қателіктерді уақыты берілетін нұсқаулармен қайталап көрсетумен, ақырындап орындаумен, фазаларға бөлу арқылы жояды.
Тікелей көмек әдісі. Ол өзінің атқаратын қызметіне қарай арнайы құрылғыларды қолдану әдісіне жақын. Оның атқаратын қызметі – оқушының үйретілетін тәсілді дәл орындауына көмектесу, оның құрылымын түсіну. Әдетте ол әдіс бірігіп орындалатын қимыл-қозғалыс түрінде және күрделі қимыл-қозғалыстарды үйрету кезінде қателіктің алдын-алу мен түзету үшін қолданады.
Ойын және жарыс әдістері. Бұл екі әдіс маңызы мен сипаты бойынша жақын және үйретілетін материалды бекіту мен жетілдіру кезінде қолданады. Олардың негізгі құндылығы – баскетболшының психикалық және денелік сапаларын кешенді дамыту, тепе-теңдіктен шығаратын факторларға қарсы тұру дағдысын қалыптастыру, «шабуылшы-қорғаушы» жүйесіндегі сайыста әмбебап бағдарлама құратындығында.
Ойын әдісі, үйрету үдерісінде негізгі әрекеттерге ұқсас және дайындық жаттығуларының рөлін атқаратын түрлі қозғалмалы ойындарды қолданады. Үйрету кезіндегі қозғалмалы ойындардың құндылығы өте маңызды. Олардың әрқайсысы нағыз жарыстағы ойын әрекеттің кішкентай көшірмесі болуы мүмкін. Ойын жағдайының сәйкес келуі, спорт ойындарының үйретілетін жағдайына жауап беретін психикалық және денелік қалпын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қозғалмалы ойындарды спорттық ойындардың негізін құрайтын техникалық-тактикалық тәсілдер меңгеріледі. Үйренушілер ойнай жүріп, арнайы координацияны меңгереді, ойын тәсілдерін еркін орындауды үйренеді, ойын жағдайын дұрыс талдап, оны үйретілген тәсілдердің көмегімен іске асырады және олар осының барлығын әлдеқайда жеңіл әрі епті орындайды. Міне сондықтан да, ойын әдісі балалармен жұмыс жасағанда кеңінен қолданылады.
Жарыстық әдіс білікті спортшылардың оқу-жаттығу үдерісінде жетекші орынға ие. Оның мәні – түрлі жарыстарды пайдалана отырып, ойын жүйесіндегі техникалық-тактикалық тәсілдердің шыңына шығу және ірі жарыстарда жоғары нәтиже көрсету. Тек жарыс қана спортшыны спорттық форманың шыңына шығарып, шеберліктің биігіне жеткізеді.
Осы жағынан алып карағанда жарыстар жақындатушы, екінші деңгейлі және негізгі болып бөлінеді. Оларды тіпті ресми және жолдастық, бақылау және көрсеткіш көрсету деп те бөледі. Алға қойылған міндет пен дайындық кезеңіне қарай, жарыстар өзгеріп отырады. Жарыстың бір түрін таңдап отырып, алға қойылған міндетті шешу маңызды. Егер жарыстар көпжылдық дайындық барысында оқу-жаттығу үдерісінің құрам-бөлігіне айналса, аталған әдіс бойынша жаксы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Үйрету және жетілдіру қағидалары көп қырлы және денелік, жігерлік қасиеттермен тығыз байланысты. Үйрету және жетілдіру үдерістері адамның іс-әрекеттерінің заңдылықтарына сәйкес құрылады.
Қазақша күреспен жеткіншектер 12 жасынан бастап айналыса алады. Бұл олардың организмі мықтап өсетін кезі және ол органдары жеке-жеке емес барлығы бірдей бірыңғай процесс ретінде дамиды [9, 112б.].
Күреспен айналысатын жасөспірімдерді 4 топқа бөлген дұрыс болатындығын практика көрсетті. Ол топтар: жеткіншектер 12-13 жас, жасөспірімдер кішіректері14-15, жасөспірімдердің ересектері-16-17 жас, 12-17 жастың арасы жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілетін уақыты. Ал 12-15 жас арасында жасөспірімдердің бойы мықтап өседі, ол бір жылда 10 см–ге дейін жетеді. Бірақ буындары мен сүйектері әлі де әбден жетіліп, қатаймайды. Осы ерекшеліктерді ескеріп, жасөспірімдердің күші мен икемділігін арттыратын жаттығуларды аса сақтықпен жасату қажет.
Сүйектерінің ұзынынан өсуінің баяулап, олардың қатая бастауы едәуір салмақ түсетін жаттығуларды да орындауға кірісе беруге мүмкіндік туғызады. Бұлшық ет ткандері де мықтап өсіп 15 жасқа толғанда жалпы салмағының 30-35 процентіне дейін жетеді. Сондықтан, 15 жасынан бастап, біртіндеп спортшының күшін арттыратын жаттығулар жасата бастауға рұқсат етіледі. Осыған байланысты жан-жақты дайындықты сынайтын күрес техникасын үйрену басталады.
Балалармен жаттығу өткізудің өзіндік ерекшеліктері мол, сондықтан да балалармен айналысатын ұстаздар олардың физиологиялық, анатомиялық, психологиялық өзгешеліктерін жақсы білуге тиіс. Бұнда бір ескеретін нәрсе 12-15 жасар жеткіншектерде қозу процесі тежелу процесінен басым болады.
Жасөспірімдердің жүйке жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырайды, олар ұстамдырақ, салмақтырақ болады және санасы өседі. Бұл оқу тәрбие жұмысын жүргізуді оңайлатады.Жасөспірімдердің осы айтылған ерекшеліктерін ескерген жағдайда мұның өзі жаттықтырушыларға палуандарды жақсы даярлауға ғана көмектесіп қоймай, олардың организмін қалыптан тыс өзгерістерге ұшыратпауға да әсер етеді.
Қалай оқытқан күнде де, жастарға күреспен айналысудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, оған жетудің жолдары мен амалдарын көрсетіп, кемшіліктері мен табыстардың сырын талдап ашып, көмектесіп отыру қажет. Мысалы, жаттықтырушы спортшының алдына қандай болмасын әдістің техникасын үйренуді жақын арадағы міндет ретінде қойып, оның не үшін қажет екендігін түсіндіреді.Белгілі бір уақыт ішінде бұл әдісті жетік меңгеріп, спортшы көңіліне қанағат табады. Бұның өзі оны спортпен әрі қарай айналыса беруге ынталандырады. Жастар ересектерге қарағанда қолынан келмеген нәрсеге қаттырақ қапаланады. Сондықтан жаттықтырушының мұндай фактіге аса зейін қойғаны жөн. Сонымен қатар жастар, әсіресе жеткіншектер көрген нәрсесін ұмытпай әрі тез, және дұрыс игеріп кете алатын болғандықтан, оларға күрес әдісін көрсету амалын көбірек қолданған дұрыс. Жаттықтырушы жекелеген жастар организмінің ерекшеліктерін ескеруі керек, өйткені, олардың орындайтын жаттығулары өздерінің дайындығына, мүмкіндігіне сай келгенде ғана пайдалы болады.
Қазақша күреске үйрету методикасының негізгі талабы сабаққа үзбей қатысу болып табылады. Тек сонда ған күреспен айналысу жас спортшының мүсінінің сымбатталып, денсаулығының жақсарып, көрсеткіштерінің өсуіне тікелей әсер етеді [9, 116 б.].
Жас кезінде жан-жақты даярлықтан өтудің үлкен маңызы бар. Мұның өзі денесінің тік болып қалыптасуына, әрқилы болып жетілуіне, техникалық тәсілдерді меңгеріп алуға бұрынғы нашар дамыған қасиеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Ал жасөспірімдердің төзімділігін арттырған жағдайда оларға түсетін күшті бірте-бірте көбейте отырып, жылдың аяғында жас спортшы орташа қарқынмен ортасына бір минут үзіліс жасап, 4 минут бойына шаршамай жаттыға алатындай дәрежеге жеткізу қажет, ересектеу жасөспірімдер шаршамай 4 минуттан екі айқас өткізе алатындай болуы тиіс. Балуандардың ептілігі мен шапшаңдылығын арттыру үшін, әрбір сабақта тиісті жаттығуларды жасата беру керек, өйткені бұл қасиеттерді тәрбиелеу өте қиын. Ал, спортшының қайраты күш жұмсап шапшаң орындалатын жаттығулар есебінен арттырылуы тиіс. Қайратын көбейтуді тездетуге тырысып, көп күш жұмсауды қажет ететін жаттығуларды жиі орындау спортшы шапшаңдығына нұсқан келтіретіндігін ұмытуға болмайды. Әсіресе, жастардың төзімділігін арттырғанда аса сақ болған жөн. Бұл үшін оларға орташа салмақ түсетіндей жаттығуларды бөліп-бөліп (спурт) жасату немесе жиірек үзіліс беріп, оқу-жаттығу айқасын өткізу керек. Олар жаттыға түскен сайын демалыс уақытын азайтып, ал күрес уақытын көбейте берген жөн.
Жасөспірімдерді күреске үйреткенде алдымен ұстасу, босату сияқты спорттың осы түріне дағдылануға арналған жаттығуларды жасатудан бастайды. Сонымен қатар, оларды тактикалық жағынан даярлаудың үлкен маңызы бар.Күрес олар үшін ойын іспетті. Ұстаз жаттығу шартын бірте-бірте қиындата отырып, олардың шеберлік деңгейін өсіреді. Бұл жаста сонымен қатар техникалық даярлыққа ерекше көңіл бөлінеді.
Жаттықтырушы жасөспірімдердің күрес кезінде сыпайы болуын, дөрекілік көрсетпей, орынсыз күшке сала бермей, техникаға көбірек сүйеніп жүргізуіне көңіл аударуға міндетті. Жарыстыру-жастарды қазақша күреске үйретудің ең ұтымды жолы. Бұл әдістің кім алысқа лақтырады, кім дәлірек лақтырады, кім шапшаңырақ жетеді деген сияқты түрлері өте көп. Сондай-ақ норматив тапсыру кезінде де жеңіп шығу немесе жүлделі орын алу үшін айқас өткізгенде де пайдаланылуы мүмкін .
Жан-жақты және техникалық даярлығы жақсы жекелеген жас спортшыларды ресми жарыстарға балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің программасында көрсетілген мерзімнен бұрынырақ қатынастыра беруге болатындығын практика көрсетіп жатыр .Бұл арада да ескеретін жайлар бар, жарыс кезінде де белдесулер басқа кездегі күрестерден ауырлау болады. Өйткені, палуанды белдесу кезінде, әсіресе оған дейін алаңдататын жайттер көп; көрермендер, төрешілер, салтанатты жағдай, т.б.Мұндай жағдай спортшының жүйкесіне әсер етеді.Сондықтан ресми жарыстарда да жасөспірімдерді бірте-бірте даярлап, баулыған жөн.
Кейбір оқытушылар шәкірттерін 3 ай жаттыққан соң, тіпті одан да ерте жарысқа қатыстырады. Күреске үйренудің мұндай жолы мүлде қате. 1-ден мұндайда спортшы мезі болады, 2-ден даярлығы аз палуандар жиі жарақаттанады, 3-ден даярлығы нашар спортшы көбінесе жеңіліп қалады да, өз күшіне деген сенімі жоғалады.Сөйтіп олар менен , сірә палуан шықпайтын болар деген ойға қалады.Ал мұның өзі олардың спортта жетілуіне кедергі келтіреді. Мұндай жасөспірімдер көбінесе спортпен айналысуды қойып кетеді.Жасөспірімдердің кішіректеу тобы үшін 1,5 айда бір реттен артық жарыс өткізілмеуі тиіс. Ересектеу жасөспірімдер тобындағылардың жылына 4-5 жарысқа қатысуына болады [10, 123 б.].
Мына жағдайға да елеулі көңіл бөлген жөн. Күреспен жаңадан айналысып жүрген жасөспірімдер қазақша күрестен жарыс өткен кезде орап лақтыру, көтеріп лақтыру, белбеуден ұстап арқадан асырып лақтыру сияқты қауіпті әдістерді орындайды. Ал мұндай әдістер күреспен айналысудың тіпті екінші жылының бағдарламасында да көзделмеген. Сондықтан бұл әдістерді енді ғана күреспен айналысып жүрген, жан-жақты даярлығы әлі толыспаған жастарға қолдануға рұқсат етпеу керек .
Практика жүзінде жасөспірімдердің 1-ші разряды бар палуандар 2-ші разрядты ересек палуандарға тең келеді. Сондықтан 1-ші жасөспірімдер разряды бар палуандар ересектердің екінші разряды бар спортшыларға арналған классификациялық жарыстарға қатынаса алады.
Жаңадан үйреніп жүрген палуандар жарысын өткізу үшін арнайы дайындық керек емес.Разряды бар жасөспірімдер жарысына екі апта арнайы дайындық керек.Кішіректеу жасөспірімдерді жарысқа дайындағанда оларға салмағын кемітуге,(тамақты аз ішіп, ыссы булы моншаға барып) үзілді –кесілді тиым салынатындығын ерекше атап көрсеткен жөн.Өйткені салмағын жасанды жолмен азайту жеткілікті мөлшерде қоректік заттарды керек ететін өсіп келе жатқан жас организмге өте зиянды. Сондықтан, салмағын азайтқанда болатын қолайсыз жайлар(қозғалысы бұзылады, зат алмасуы нашарлайды, тез шаршайды, титықтайды, т.б.) жөнінде жаттығушыларға түсінік беріп отыру керек.Жасөспірімдерді салмағын азайтуға итермелейтін жаттықтырушының қылығын көпшілік айыптауы тиіс. Тек ересектеу жасөспірімдерге ғана 1-2 кг шамасында салмағын азайтуға болады [10, 128 б.].
3 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
3.1 Жоғарғы сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері дене дамуының ерекшеліктері
Жоғарғы сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18 жастағы окушылар жатады. Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту; дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға (стресс) қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру; жоғарғы денсаулық деңгейінің, жан-жақты дене қуаты дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенін саналарында қалыптастыру;
негізгі базалық спорт түрлері (жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суда жүзу) жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру, жоғары қимыл ептілігіне дейін меңгеру;
дене қуаты қасиеттерін, күшті, күш-жылдамдығын, төзімділікті, икемділікті, қозғалыс әрекеттерін тез басқадай құра алу ептілігін, ағзаның тез қалпына келе алу қабілеттілігін т. б. қасиет, қабілеттерді ары қарай дамыту;
қозғалыс белсенділігінің, спорттық жаттықтырудың заңдылықтары туралы, дене тәрбиесі жаттығуларының келешек өмірлеріндегі еңбек етулеріне, әскер қатарында болатын кездеріндегі, әке-ана қызметтерін орындайтын кездеріндегі маңызы туралы, білім негіздерін қалыптастыру;
дене тәрбиесі жаттығуларымен, өздерінің айналысып жүрген спорт түрлерімен тұрақты, жүйелі жаттығу әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру, бекіту;
өнегелілік, көпшілдік, өмірге дұрыс көзқарас, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру, алдыға қойған мақсатқа ұмтылушылық, өзіне сенімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту;
тұлға ретіндегі психиқалық және өзіндік қасиеттерін ары қарай дамытуға көмектесу, психикалық өзін-өзі реттеу негіздеріне үйрету.
Жоғарғы сынып жасындағы окушылардың дене өсуі мен дамуы үрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы ағзасының мүшелері мен жүйелері бірқалыпты жағдайда дами береді. Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде бой ұзындығының өсуі ақырындап, кеуде кеңдігі, дене салмағы көбірек өсе бастайды. Жасөспірім ұл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік, салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене көлемімен салыстырғандағы бұлшық ет көлемі қыздардікіне қарағанда 13% көп, ал тері астындағы май тканьі 10% аз болады. Жасөспірім ұлдардың қыздарға қарағанда кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ұзын болып келеді [11, 123 б.].
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сүйектері өздерінің өсіп болу, қатаю кезеңдеріне келе бастайды, Атап айтқанда, жауырын сүйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатаяды, Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатады. Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста, саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып, аяқталады. Жамбас белдеуінің сүйектері: ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан ары қарай өсуін тоқтатады. Табан сүйектерінің: өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан күмбезі. 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады, Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды. Осы кезеңде сүйектері қатайған жастар ағзасы үлкен жүктемелерді төзімді қабылдайды.
Сүйек аппаратының бекуі бұлшық ет, сіңір дамуымен қатар жүреді. Бұлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бұлшық еттерінің көлемі, күштері өседі. Осы кезең - жастардың бұшық еттерінің күші мен төзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
Жігіттермен салыстырғанда қыздардың иық деңгейі бұлшық еттері аздап, жамбас бұлшық еттері жылдам қарқында дами бастайды. Кеуде клеткасы, жүрек, өкпе, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алу бұлшық еттерінің күші, ауаны қабылдау көлемі де қыздарда жігіттерге қарағанда аз болып келеді. Сондықтан да қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының функционалдық мүмкіншіліктері төмен болады [12, 23 б.].
Жігіттердің жүректерінің көлемі қыздарға қарағанда 10-15% үлкен, жүрек соғу жиілігі 6-8 соғу/минут аз, жүректің жиырылу күші күшті болып келеді де, қан тамырларына көп қан мөлшерін жібереді. Сондықтан да жігіттердің қан қысымдары қыздарға қарағанда жоғары болады. Қыздар жігіттерге қарағанда терең дем алмайды, жиі дем алады. Олардың өкпелерінің тіршілік сыйымдылығы жігіттерге қарағанда 100 см аз болып келеді.
15-17 жас кездерінде оқушылардың сыртқы ортаны танулары толық қалыптасады. Ойлау қызметтері жоғары деңгейге көтеріледі. Олардың қозғалыс құрылысын түсіну қабілеттілігі жоғарылайды. Кеңістіктік, уақыттық қимыл әрекеттерді жекелей ұғыну, дәл қайталау, бүкіл қоғалысты тұтас орындау мүмкіншілігі қалыптасады.
Жоғарғы сынып оқушыларының алдыға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылушылығы, қажырлылығы, шаршаған, болдырған кездер шыдау қабілеттіліктері секілді ерік-жігерлік қасиеттері пайда бола бастайды. Бірақ олардың басқа мектеп жасындағы оқушыларға қарағанда дене қуаты қасиеттері даму пайыздары азырақ болады (18-кесте).
18-кесте - Жоғарғы мектеп жасындағы оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің өсу қарқыны (%)
Дене қуаты қасиеттері
|
Жылдық орташа дамуы
|
Жалпы дамуы
|
|
жігіттер
|
қыздар
|
жігіттер
|
қыздар
|
Жылдамдық
|
1,5
|
0,2
|
3,1
|
0,5
|
Күш
|
14,0
|
9,0
|
28,0
|
18,0
|
Жалпы төзімділік
|
2,1
|
0,7
|
6,4
|
2,1
|
Жылдамдық төзімділігі
|
2,1
|
-0,6
|
6,3
|
-1,8
|
Күш төзімділігі
|
8,5
|
-2,0
|
26,7
|
-6,0
|
3.2 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері
Жоғары мектеп жасында дене тәрбиесі сабақтары қыздар мен жас жігіттер арасында бөлек жүргізіледі. Олардың ағзаларының анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгешеліктері, ерекшеліктері дене тәрбиесі жаттығуларын үйрету, дене қуаты қасиеттерін дамыту амалдары мен әдістерін әр түрлі түрде таңдауды, жүктемені әр түрлі беруді, сабақты бөлек ұйымдастыруды талап етеді.
Қыздарға қарағанда жасөспірім жігіттердің жүктеме көлемі мен қарқынын ұзақ, жоғары деңгейде орындауларының функционалдық мүмкіншіліктері көп. Олар үлкен жүктемелерді жүрек соғу жиілігі аз, қан қысымы жоғары жағдайда орындайды. Осы жүктемелерден кейінгі ағзаның қалпына келуі қыздарға қарағанда жас жігіттерде аз уақыт алады.
Жоғарғы мектеп жасындағы оқушыларға сабақ бергенде ең алдымен күш, күш жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе-теңдікті ұстай, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударса дұрыс болады [13, 38б.].
Жоғарғы сынып жасындағы оқушылармен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары көбінесе жаттықтыру түрінде жүргізіледі. Жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, сабақтарда кебінесе жарыс әдістері қолданылады.
Осы жас кезеңінде олардың дене құрылыстарын, дене қуаты және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қуаты қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын үйрену және меңгеру дұрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып жүргізілуі қажет.
Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әр түрлі. Жеңіл атлетиканың жалпы және арнайы жаттығулары. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдісі [14, 58б.].
Жоғары сынып оқушыларынан ер балалар үшін 800 м, қыз балалар үшін орта қашықтыққа жүгіруден дәрежелі нормаларын тапсыру талап етіледі. Орта қашықтыққа жүгіру техникасы: денені тік ұстау,аяқты сілтей өкшемен немесе ұшымен басу,қолдың қимылынаяқтың қимылына үйлесімді ритімді болуы, тынысты ритмді алу болып табылады. Орта қашықтыққа жүгіруге жаттықтыруды ойлы қырлы жерде жүргізуден немесе жүгіруден бастайды. Мұнда негізгі мақсат төзімділікті қалыптастыруға баулуға тиіс. Жүгіруге жылдам орындауды талап ететін жаттығулар негізделеді. Төзімділікті қалыптастыру аралас қимылдарды орындау арқылы жүзеге асырылады. Белгілі қашықтыққа берілген бойынша бірнеше рет жүгіру керек, мұнда аяндап оқушыларға әрбір қашықтықты өткенне дем алдырып отырады.
Демалу мезгілі біртіндеп азайтыла береді. Орта қашықтыққа жүгіру кезінде жылдамдықты қалыптастыру үшін аралас жүгіруді пайдаланады, яғни ақырын бір қалыпты жүгіруді белгілі бір қашықтық кесіндісінде жылдам жүру мен алмастырып отырды.
Орта қашықтыққа жүгіру жоғары күш қуатын талап ету аймағына жатады. Осы аймақтың көрсеткіші оттегінің жетіспеуі, ал жүгіру қашықтығын соңына қарай өсіп 20-25л жетеді. Қан құрамына көп мөлшерде су қышқылы көбейеді. (270-200мг% құрайды). Мәреге жеткен кезде оттегін қабылдау мөлшері арттады.
Орта қашықтыққа жүгіретін спортшы осы қиындықтарды жеңіп, ара қашықтықтың екі жартысында энергетикалық күш-қуаттың алмасуын әсіресе күш қышқылының және өзгеруіне шыдау шеберліктің көрсеткіші болып табылады.
Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісі. Жалпы шыдамдылықты дамыту. Жүгіру кезінде денені қыздыру жаттығуларын орындау. Жалпы және арнайы жаттығуларды орындау. Жоғары сөре қалпын қабылдап қысқа аралыққа жүгіру. 100-200 метр аралықта жүгіріп орта және ұзын қашықтыққа жүгріу әдісін шыңдау [15, 142б.].
Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісінің дағдысын қалыптастыру үшін берілетін жаттығулар және теориялық негіздер: 800-2000 метр аралықта жүгіру, 3000-10000 аралықта жүгіру әдісін шыңдау. Арақашықтықтарда жүгіру мынадай әдістерді сақтау басты болып келеді: үнемді және бірқалыпты жүгіру жалпы шыдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар, арақашықтықта белгілі бір жылдамдықпен жүгіру (арнайы шыдамдылық)Орта қашықтыққа жүгірген кезде адым ұзындығы 1м 80см –ден 2м 20см дейін, ұзын қашықтыққа жүгірушінің адымы орта қашықтыққа қарағанда 20-25 см кем. Дистанциямен жүгіруді төрт фазаға бөлуге болады: сөре және сөрелік қозғалыс арақашықтық бойымен жүгіру және мәре.
1.1 Сөре. «Сөреге!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итертін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей.
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
1.2 Дистанция бойымен жүгіру. Орта және ұзын қашықтыққа жүгірген де, дене қалпы тік, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына және жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне бойына, аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпышеберлігіне байланысты.
1.3 Бұрылыстармен жүгіру. Бұрылыспен жүгірген жүгіруші денені сәл солға бұрады, сол қол жедел қозғалып, ал оң қол созғалысы баялау болады.
1.4 Мәре. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әр кезде мәрелік ұмтылумен аяқталады. Ұзындығы әр түрлі. Орта есеппен 150-200 метр.
Жүру және жугіру әдісінің негізі. Журу және жугіру циклдік қозғалыс болып табылады. Қозғалу элементтері бірінен кейін бірі қайталанады. Толық цикл дегеніміз - қос адым. Бір адым жарты циклді құрасырады. Журу және жугірудің айырмашылығы мынада, журу кезінде спортшы жермен тұрақты байланыста болады. Жүгіруде итерілген кейін ұшу фазасы басталып, түсу фазасымен аяқталады.
Спорттық жүру кезінде бір нүктелік және екі нүктелік қалып қайталанып отырылады. Негізгі фаза ол итерілу фазасы. Жүру қозғалысында аяқ қол бір-біріне қарама-қарсы.
Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы мынада, қуатты итерілумен жамбастың тік білікпен бұрылуында ол сермелген аяқтың алға қозғалуымен адым ұзарады, тізеден бүгілген аяқ өкшеден қойылды. Қолдың жедел қимылымен күш-қуатты үнемдеумен бұлшық етті босатумен сипатталады. Спорттық жүрудің басты талабы жермен тұрақты байланысты болуы. Екі аяқтың жерден алынуы ол жүгірудің басталуы болып есептеледі және спортшы ереже бұзды деп сайыстан босатылады [16, 14б.].
Қысқа қашықтыққа жүгіру - жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100м, 200м, 400м; Эстафеталық жүгіріс 4х100, 4х400 метрлік болып келеді.
Жеңіл атлетика манежінде 60 метрге, эстафеталық жүгіріс 4х400 шеңбер, әйелдер арасында 4х100, 4х400 шеңбер бойымен жүгіреді. Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүргізу кезінде кейбір қашықтықтық аралығында әйелдер 11,6 м/с жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашыштыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады:
1 сөре /жүгірудің басталуы/
2 сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/
3 қашықтық бойымен жүгіру
4 мәре /финиш/
Жеңіл атлетика жаттығуларын орындау кезінде сыртқы қозғалыс пен ішкі органдар арасында тығыз байланыс болады. Сондықтан жеңіл атлетика жаттығулары оқушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады. Жеңіл атлетика спортына дайындау төменгі мектеп жасынан басталады. Жүгіру бұл көпжылдыұ дайындық түрі, жылдамдыққа, ептілікке бағыттайды. Яғни, бұл жеңіл атлетика арқылы дене қасиеттерін дамытуға болатынын көрсетеді. 15-17 жастағы ер балалар күшті дамыту үшін көтеруге болады. Дененің жан-жақты дамуы жоғары моральдық ерік, адамгершілік қасиеттерінің жоғарғы деңгейі соның негізінде өсу процесі жүретін түр негіз болып табылады. Жеңіл атлетикамен айналысушыларды бірінші жылдан бастап өз жағдайын сезінуге өзінің психологиялық қалпын бақылай білуге үйрету қажет. Сонымен қатар спортшының өзін-өзі баұылау күнделігі міндетті түрде болуы керек. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың басты жетістігі сабақ тәртібінде жаттыңу мен демаоу, жеке бастығ гигиенасын сақтау болып табылады. Жеңіл атлетика сабағында дәрігерлік бақылау өткізгенде бірінші оқушының жүрек соғысын өлшейді. Сабақтың ең соңында түрлі жаттығулар арқылы демалысты қалыпқа келтіреді. Қалыпқа келтіру жағдайлары әрбір сабақтың соңында міндетті түрде жасалуы керек [17, 73б.].
Жоғары сыныптарда қимылды ұдайы және ауысып үйлестіретін жаттығулар. Жеңіл атлетика мен гимнастиканың түрлерін жасау техникасын үйрететін, сондай-ақ бірқатар спорт ойындарының футболдың, баскетболдың, волейболдың, теннистің, хоккейдің) қимылдарын үйрететін арнаулы жаттығулар енгізіледі. Сонымен бірге санмен 9-10 сыныптарда қыздар мен жасөспірімдер жаттығулар сараланады.
Атап айтқанда, бұл сыныптарда оқитын қыздарға гимнастика енгізіледі Оқушылар сондай – ақ жергілікті жағдайларға байланысты суда жүзу және шаңғы, конки тебуге үйретеді.
Жаңа бағдарламада оқушыларға берілетін теориялық білімдердің көлемі ұлғайтылады. Мәселен, бастауыш мектепте оқушыларға мектеп оқушысының жүріп, тұру ережесінің шынығуының сымбаты туралы хабардар етеді. Жеке бас гигиенасы туралы кейбір деректер беріледі.
Мектептің жоғарғы сыныптарында оқушылар дене шынықтыру жаттығуларының ағзаға, нерв, жүрек, тамыр, тыныс және бұлшық ет жүйелерінің дамуына жсайтын ықпалын хабардар болады. 9-10 сыныптарда теориялық материал мен жалпы спорт және арнаулы жаттығуларды қамтиды [17, 85б].
Дене тәрбие сабақтарының негізгі міндеті қимылдың белгілі бір келісімін жасап, үйрену болып табылады. осындай қимылдарды жасау процесінде оқушылар әрбір қимылдың оның жылдамдығының ырғағының күшінің т.б. элементтері туралы түсінік алады.
Дене шынықтыру сабақтары үйренетін қимылдардың комлексі алға қойған мақсатқа байланысты түрліше өткізіледі. Алайда ереже ретінде дене тәрбие сабақтарында түрлі кіріспе жаттығулар түрі беріледі. Содан кейін бұлшық ет негізгі топтарының жалпы серігуін қамтамасыз ететін сапқа тұру, жүру, жүгіру басталады.
Осыдан кейін бұлшық еттің жаңа қимыл комплексін жасап үйренуге қатысатын бөлігін шынықтыруға бағытталған дайындық жаттығулары жасалады.
Мұның өзі таяқтан секіру, доп лақтыру, жіптен секіру, орындықтан секіріп гимнастика жасау, гимнастика тұғырларында жаттығулар жасау болуы мүмкін. Бұдан кейін сабақтың негізгі бөлігі-жеке міндетіне кіретін жаттығулардың арнаулы кешенін үйрену және орындау болады.
Сабақ әдетте ағзаны тепе-тең күйіне түсіруге арналған жай жаттығулар тобын жасаумен, жүрумен, сапта тұрып жаттығулар жасаумен, маршпен аяқталады.
Сапта және қатарда жүру, дене шынықтыру жаттығулары, қолданылмалы жаттығулары, негізгі гимнастикалық жаттығулар болып табылады. Әдетте қолданымалы сипаттағы гимнастикалық жаттығулар жеңіл атлетика бойынша үйреніп жүрген қимыл түріне жүргізуге, секіруге, лақтыруға немесе спорт ойындарының үйреніп жүрген қимылдарына – баскетболға, волейболға, т.б. сай келеді.
Сапта тұрып жасалынатын жаттығулар дегеніміз – команда бойынша жасалынатын жаттығулар. Олар сапқа тұр, қатарыңды түзе, тік тұр, жай тұр, солға бұрыл, айналып тұр, тура тұр, тоқта және басқалары.
Кейбір мектептерде дене шынықтыру жаттығуларының ықпалын күшейту мақсатымен сабақтар бүкіл оқу жылы бойында, қыста да ашық далада өткізіледі.
Оқушылардың сымбатты болып, дұрыс жүріп тұруына қамқорлық жасау – дене тәрбиесі сабағы мұғалімдерінің ісі ғана емес. Мұғалімдердің бәрі оқушылардың партада дұрыс отыруын, жауап беруге қалай шығатынын тақтаның алдында қалай тұратынын қадағалап жүруге тиіс.
Үнемі ескертіп, мінін көрсетіп отыру оқушылардың сымбатындағы байқалған кемістіктерді түзеуге немесе кемшіліктің болуына жол бермеуге көмектесуі тиіс [17, 85 б].
Барлық мектептерде дене тәрбиесі сабақтарымен қатар күн режимінде дене шынықтыру – сауықтыру шараларының тұтас бір комплексі жүргізіледі.
Мәселен, сабақ басталғанға дейін дене шынықтыруға шығады, ал төменгі сыныптарда сабақ үстінде дене шынықтыру минуттары өткізіледі. Еңбек сабақтарында ағарту гимнастика жасалынады. Үзіліс кездерінеде төменгі сынып оқушыларымен қимыл ойындары ұйымдастырылады. Әдетте олармен бұл ойындарды жоғарғы сыныптардағы ұйымдар өткізіледі. Дене тәрбиесі жалпы сабақтарынын бостылған оқушылармен жүргізілетін жұмысқа ерекше назар аударылады. Олардың сабақтары әрбір оқушының науқасының ерекшелігін ескере отырып, арнаулы бағдарлама бойынша өткізілуге тиіс.
Денесінің кемтарлығы бар (омыртқасы қисайған, сымбатында міні бар, табан аяқ, т.б.) балалар аудандық балалар емханаларының жанындағы емдеу гимнастикасының сабақтарына ғана тиімді. Бұл сабақтарды мамандар мектептерде де өткізуіне болады.
Ал жүрегі, өкпесі ауыратын және дімкәс балалар категориясына жатқызуға негіз болатын басқа да науқастары бар балалар сабақтан тыс уақытта аптасына бір-екі рет дене шынықтырумен шынығады. Олармен сабақты арнаулы бағдарлама бойынша көбіне дәрігердің бақылауымен өткізеді. Егер олар жалпы сабақтарға қатысатын болса дені сау балалар орындайтын сабақ неғұрлым көп түсетін жаттығулардың орнына, оларға жаттығулардың айрықша түрін ұсынады.
Сабақты дұрыс ұйымдастыру әдістері. Өткен сабақтардың дәйекті жалғасы болуымен қатар біртұтас құрастырылып толық аяқталуы тиіс. Әр сабақ келесі кезектегі сабақтың мазмұны мен мақсатын қамтиды:
- сабақтың мазмұны оқушылардың санына, жынысына, жасына, шынығу деңгейіне және жалпы дайындығына қарай анықталады;
- оқушыларды қызықтырып, олардың өз бетінше белсенділікпен дайындалу сезімін оятады;
- дене шынығудың жан-жақты дамытуына, денсаулықтың нығаюына қозғалыс тірегінің қалыптауына әсерін тигізетін жаттығулар мен ойындардан құрастырылады;
- оқып үйрену және тәрбие жұмыстарын қамтиды;
-сабақ тазалық – гигиена және қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі;
- сабақтың негізгі мақсаты әртүрлі әдістер қолдану арқылы;
- оқу-тәрбие жұмыстарын әрдайым дамытады;
- дене тәрбие сабағының сапасын жақсарту, бақылау жұмыстарының тұрақты жүргізілуіне тікелей байланысты. Оқушылардың оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың нәтижесі мұғалімнің дайындық сапасына, оқу жүйесін дұрыс жоспарлауына, қолда бар құрал-жабдықтарды жер жағдайына байланысты дұрыс пайдалануына, оқу тәрбие жүйесін жүргізу әдістері мен байланысты. Сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалану арқылы мұғалім жоғары жетістікке жетуіне мүмкіншілік туғызады.
Сабақтың мақсатын орындау үшін оқу жұмыстарын ұйымдастыруда ең тиімді әдістер қолданылады.
Жан-жақты әдіс- бұл әдістің артықшылдығы көп оқушылар тобын қамту, жаңа жаттығуларды үйретерде оқушылардың сабақтың тиімділігін және жұмыс көлемін берынша ұлғайту [20, 78 б].
Бұл әдістің тиімділігі сабақты оқушылар тобымен сақтық пен көмекті аса қажет етпейтін жаттығулар қолданылады.
Үздіксіз оқыту әдісі. Жаттығуды оқушылар бірінен соң бірі кезекпен үздіксіз орындайды. Жағдайға байланысты жаттығуларды үздіксіз орындау екі-үш топта бір мезгілде өткізуі мүмкін. Мысалы: тепе-теңдік жаттығуларын үздіксіз 2-3 гимнастикалық орындықта немесе орындауға болады.
Сабақты осы әдіспен өткізудің ртықшылығы оның тығыздылығы мен жүктемесінің өсуінде. Ұзындыққа, биіктікке секіргенде, өрмелегенде немесе өрмелеп шыққанда, тепе-теңдік және акробатика жаттығуларын орындағанда, сонымен қатар шаңғымен өрге көтеріліп,еңіске түскенде қолдану өте ыңғайлы. Бұл әдістің тағы бір маңызы әртүрлі жаттығуларды орындауында. Мысалы алдымен оқушылар гимнастикалық орындықпен жүріп, бөрененің астынан өтеді де, биіктікке секіреді. Содан кейін гимнастикалық қабырғаға өрмелейді, т.б.
Үздіксіз оқыту тәсілі негізінен жаттығуларды дағдыландыру және жетілдіру мақсатында қолданылады.
Ауыспалы әдіс. Оқушылар жаттығуларды кезекпен орындау үшін топтарға бөлінеді. жаттығуды орындаған соң топтар орын ауыстырады.
Алмасу топтары жаттығуды бір мезгілде орындайтын топтардан құрастырылады. Алмасу тобының біреуі жаттығуды орындайды да, басқалар оны қадағалайды. сақтандырады, көмектеседі, талдайды. Мысалы залда 10 гимнастикалық кереге, 30 оқушы басқа жаттығуды орындау үшін олар 6 баладан 5 ауыспалы топқа бөлінеді.
Допты нысанаға және қашықтыққа лақтырғанда асып өрмелеу, ұзындыққа, биіктікке секіргенде т.б. жаттығулар орындағанда «Ауыспалы әдіс» қолданылады. Бұл әдісті қолданған мұғалімге оқушыларды жақсы қадағалауға мүмкіншілік береді [21, 85 б].
Топтармен сабақтар өткізу әдісі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша
жаттығуларды топтар кезекпен өз бетінше орындайды. Бұл әдіс сабақтың негізгі бөлімінде, жаттығудың бір түрімен қолданылады. Уақытты тиімді пайдалану үшін жаттығудың екі түрі бір мезгілде орындалады. Белгіленген уақыт бойынша топтар орын ауыстырады.
Жаттығудың дұрыс орындалуын және тәртіп сақтауды қадағалау үшін әр топтың ағасы тағайындалады.Бұл әдіс жүктемені дұрыс анықтап, қателікті дер кезінде түзетуге мүмкіншілік береді, бірақ уақыт тығыздығын төмендетеді. Уақыт тығыздығын көтеру үшін кезек күтуші топтарға, орындалуы жеңіл, бұрын оқып үйренген, оқушылардың білімін жетілдіретін, негізігі қозғалыс сапасын дамытатын қосымша жаттығулар беріледі.
Даралық әдіс. Мұғалім сабақ үстіндне дайындық денгейін жоғары немесе әлсіз оқушыларға шынығу деңгейіне қарай жеке тапсырма беріп, оны оқушылардың өз бетінше орындауын қадағалайды.
Бұл әдіс оқушылардың жаттығуларды өз бетінше орындап үйренуге көмектеседі.
Айнымалы әдіс. Қозғалыс сапасын жан – жақты дамыту және организмді дұрыс қалыптастыру үшін жаттығулар тобын айнымалы әдіспен орындаудың мағызы өте айрықша. Сабақтың басталар алдында қажетті құрал – жабдықтар тізбегімен өз орындарына қойып, қай топтың қандай жаттығуды орындайтынын хабарланады.
Әр жаттығудың қалай орындалатының мұғалімнің алдына қоятын мақсаты сабақты оқушылардың қабілетіне, қауіпсіздікті сақтауына, шынығу деңгейін дамытуға бағытталады.
Әдістің тиімділігін оның дұрыс ұйымдастырылуында. Ол үшін мұғалім сабақта белсенді оқушы спортшыларды, ұйымдастырушыларды, команды капитандарын т.б. пайдаланады.
Дене тәрбие сабағына қойылатын талаптар:
Өтілетін сабақтың нақты мақсатын анықтап, қимыл – қозғалыс міндеттерін бірыңғай орындау.
Сабақтың алдында қойылған мақсаты жету, әрбір кезендегі, яғни бөлімдегі дидактикалық міндеттерін белгілеу.
Сабақтың құрылымы, онын мақсаты мен тәрбиелік мәнін нақты белгілеу.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы және тиімді өтуі, яғни әсерлі басталуы және ұғымды аяталуы.
Сабақтың алдыңғы алдыңғы сабақтармен байланысы оқушының өткен қозғалыстарды менгеруі, қайталуы, олардың шеберлігін, білімін іскерлігін дағдысын қалыптастырып белсенділін арттыру.
Сабақта қолданылатын тәсілдерді шеберлікпен жүзеге асырып барлық оқыту қағидаларынын өзара байланысын ескеру. Осы аталған талаптарды орындағанда мақсаты жүргізіледі және жоғары бағаланады.
Дене тәрбиесі сабағын өткізуде бірнеше жүргізу жолдары бар.
Олар:
Жалпылама бұл жолда берілген жаттығу бір мезетте барлық оқушыларға бірдей жүргізіледі, бұл кезде юіберілген қателікті дер
кезінде түзетуге жағдай жасалиайды, яғни уақыт жетпейді.
2. Топтық тәсіл сабақтың негізгі бөлігін өткізгенде мұғалім санына қарай және құрал-жабдық көлеміне қарай оқушылар топқа бөлінеді.
3. Жеке тапсырма беру тәсілі бойынша бақылау сабақтарын өткен кезде қолданылады. Оқушылар берілген жаттығуларды орындайды, ал басқа оқушылар орындауын бақылайды.
4. Айналмалы жаттығу Бұл тәсіл бойынша сынып оқушылары кіші топтарға бөлініп әр қайсысы өзіне берілген жаттығуларды орындайды. Жаттығу түрлері шеңбер бойында жүргізіледі.
Спорттық дайындық міндеттері:
Дене сапаларын жан-жақты жетілдіру(жылдамдық, ептілік, күштілік, иілгіштік, төзімділік, т,б.)
Денсаулықты нығайту.
Дене мүмкіндіктерін арттыру.
Дене бітімін жетілдіру.
Еңбек ету және оның мерзімін ұзарту.
Мектептегі дене тәрбие сабағының қатысардан бұрын барлық оқушылар дәрігерден тексеруден өтуі керек. Тексерудің нәтижесінде оқушылар үш топқа бөлінеді:
Денсаулығы жақсы топ, яғни барлық қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындай білетіндер.
Дайындық тобы, яғни дене мүшелері бірақ кейбір қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындауға шамасы келмейтін топ,яғни дене сапалары нашар жетілген.
Медициналық топ бұл топқа денсаулығында ақауы бар оқушылар.
Жаңа оқу бағдарламасында әрбір сынып үшін дене тәрбие сабағының алдына осындай міндеттер мен мақсаттар қойылады. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып,қимыл-қозғалыстарды орындауды қадағалау, жалпы бастауыш сыныптарда мына спорт түрлері қолданылады:жүру, сапқа тұру, бұрылу, жалпы жетілдіру жаттығулары, гимнстика спорттық ойындардың қарапайым элементтері, қозғалмалы ойындар, жеңіл атлетика және т.б.
Дене тәрбиесінің міндеттері мен мақсаты тек сабақ түрінде өтілетін жұмыстармен іске асырылады. Дене тәрбие сабағы мемлекеттік бағдарлама бойынша бекітіледі. Дене тәрбие сабағы өз алдына жеке пән.
Іс жүзінде жүргізілу тәсілдері мыналар: оқыту, жаттығу, аралас және бақылау [22, 85 б].
Оқыту, үйрету сабағында негізгі мақсат қимылдың негізгі бір мөлшерін жасап, үйрету. Оқушыларға әрбір қимылдың жылдамдығы мен ептілігін, төзімділігі мен күштілігін және икемділік қозғалыстары туралы түсінік беріледі.
Жаттығу сабағының негізгі міндеттері жалпы жаттығу түрлерін
(саптағы жаттығулар, дене шынықтықтыру, жүгіру,т.б.) кең көлемде игерту және күрделі жаттығуларды жеңіл орындау
дағдыларын қалыптастыру.
Аралас сабақ түрінде өткен мен бүгінгіні берілген жаттығуды және жаңа жаттығу түрлерін меңгеру.
Бақылау, қимыл-қозғалыспен дене сапалы қасиеттердің дамуы және өсуіне баға беріледі. Бақылау сабақтары әр тоқсанның аяғында өткізіледі.
Дене шынықтыру сабақтарының міндеттері: дене шынықтыру сабағының білім беру, тәрбиелік және сауықтыру міндеттері бар. Білім беру міндеттеріне: балаларды бағдарламада қаралған денешынықтыру жаттығуларын орындауға үйреткен жаттығуларды қалыптастыру. Сол себептен дағды мен ептіліктердің дамытуда берілген жаттығуларды қолдану. Сол себептен білім беру міндетіне балаға дене шынықтыру және спорт жайлы білім алулары, денсаулықты сақтау, дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындау жатады.
Дене шынықтыру сабақтарында тәртіптілік, зейінділік, ерік, ұқыптылық, сол сияқты достық сезімі, жолдастық, табандылық т.б. сапалар тәрбиеленеді. Дене шынықтыру сабағының дұрыс ұйымдастырылыуы мен өткізілуіне үйлесімдік костюмдер, сабақ өтетін жердің гигиеналық талаптарға сай болуы, сабақты ашық ауада өткізу – осының бәрі сауықтыру міндеттерін шешу үшін жағдайлар жасайды.
Дене дайындығы жүйесіндегі машықтанудан және жарыстан тыс факторлар. Қазіргі заманғы спорттық дене қасиеттерін дамытудан және жарыс жүктемелерінен кейін қалыпқа келу процесін жеделтетін, жалпы және арнайы жұмыс істеу кабілетін арттыратын, жұмыс істеу қорын барынша толық жинақтауға және ағзаның барынша тиімді бейімделуіне көмектесетін әр түрлі амалдар бар. Олдардың ішінде төменгідей түрлерін бөліп қарастырған жөн: педагогикалық, психологиялық және медициналық-биологиялық, таулы жағдайларда дайындалу [23, 38 б].
Педагогикалық факторлар негізгі болып есептеледі және одар мақсатты түрде ұйымдастырылған бұлшық еттер әрекеті арқылы спортшының жұмыс қабілеті мен қалпына келу процестерін басқарады. Көптеген факторлар арасынан машықтану сабақтарының бағдарламасын жасау барысындағы амалдар мен әдістер үйлестігінің ерекшеліктерін, қысқы цикілдердегі жүктеме мен демалыс үйлестігінің ерекшеліктері мен әртүрлілігін атап өту керек.
Қалпына келудің психологиялық амалдары мен әдістері жүйкенің шаршауы мен психикадағы өзгерістерді, жылдан- жылға жүйке энергиясын қалпына келтіруге, машықтануға және жарыс бағдарламасын тиімді орындауға, өзіне-өзі тура талап қоя білуге,жұмыс барысндағы функционалды жүйелерін өзінің жеке мүмкіндіктеріне бейімдеуге бағытталған.
Медициналық-биологиялық амалдар ағзаның жүктемеге бейімделуіне жалпы және жергілікті жағдайға байланысты қажудың өткір түрлерін тез жоюға, күш-қуат ресурстарының тиімділігін арттыру мамандыққа байланысты, не байланыссыз жүйкеге тиер әсерлерге қарсы табандылықты арттыруға көмектеседі.
Қазіргі заманғы спортта адам ағзасына жоғарыда айтылғандардан басқа табиғи ортаның да әр түрлі әсері бар екендігін айта кету керек. Сонымен, климаттық және географиялық жағдайлары ерекше бөлініп тұратын елдерде жарыс өткізу географиялық белдеулер мен ыстық климаттардың ауысуына байланысты туған мәселелері болады. Сондықтан да барынша тиімді ашықтану және жарыс әрекетін қамтамасыз ету үшін табиғи орта факторларын ескеріп және пайдалану жолдарын міндетті түрде зерттеп білу керек [23, 87 б].
Қазіргі заманғы спорт дамуын айқындайтын маңызды факторларға жарыс өтетін жерлерді жетілдіру, спорттық жаңа құрал- жабдықтарды өндеу мен енгізу жатады. Спорттық құрал- жабдықтардың даму жолдарын болжау, жарыс жағдайының өзгеруі және осыған байланысты дайындық жүйесін тез арада жарысқа бұрудың жоғары жетістіктерге жету жолындағы маңызды жағдайлар екендігін тәжірибе дәлелдеп отыр.
Қазіргі заманғы спорттық дайындықта спортшы шеберлігін жетілдіруге бағытталған арнайы машықтандырушы қондырғылар кең қолдануда. Олар өзінің ішіндегі төмендегідей топтарға бөлінеді .
озып шығуды жеңілдету принципі бойынша жұмыс істейтін қондырғылар;
спортшыдан талап етілетін қимыл- қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ететін, қимыл- қозғалыс ырғағы мен қарқынды ұтымды жақтарын қалыптастыруға қалыптасқан;
дене қасиеттерінің даму жүйесін тәсілдік жетілдірулермен ұштастығына мүмкіндік беретін қондырғылар;
күштілік және жылдамдық-күштілік қасиеттерін дамыту жүйесін қамтамасыз ететін қоңдырғылар;
бір мезгілде күштілік пен ептілікті дамытуға жағдай туғызатын қондырғылар.
Машықтану және жарыс әрекеті барысында спортшы жай-күйі басқаруды объективтендіру машықтану жүйесінің ең негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі. Бүгінгі күндерді спортшылар дайындығы тәжірибесінде шапшаң мәлімет беру амалдарының көптеген түрлері енгізілген.
Тәжірибеге ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарлы жетістіктері енгізілмей, қазіргі заманғы спорттық нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Машықтану жүйесін ғылыми қамтамасыз ету жүйесіне мынандай бағыттар бар: дайындық ұйымдық материалдық- техникалық жағынан жетілдіру; машықтану жүйесінің әртүрлі құрылымдық бөліктерін жоспарларды ұтымды ету,спорттық жетістіктерді болжау; дайындық және жарыс әрекеттерінің үлгісін жасау және оған диагноз қою; машықтану жүйесін түзету және жеке бағыттап отыру бойынша ұсыныстар жасау; жарыс әрекетін жоспарлауды ұтымды ету [23, 89 б].
Спортгық жаттығудың негізгі бөлімдерінің мазмұны іс жүзінде белгіленбеген. Олардың қалай тұтас байланысатының ажыратпай тұрып, жаттығу жүйесінің мәнін түсіну және оның практиклық құрылымы тәсілдерін меңгеру мүмкін емес. Жаттығу жүйесінің тұтастығы оның табандылықпен бірігетін тәртіп белгілері /бөлімдері, қырлары және буындары/, олардың бір-бірімен заңды қатынасы және жалғастығы туралы түсінік белгілі құрылым негізінде қамтамасыз етілді, яғни, спортгық жаттығу құрылымы төмендегіше сипатталады:
- спортшының әр түрлі дайындық қырларының өзара байланысын мақсатқа сәйкес жүзеге асыру тәртібімен /жалпы белгілерімен және арнайы дене дайындығымен, бұлшық етті жетілдіру және тәсілдік дайындықпен т.б./;
- жаттығу жүктемелерінің /оның көлемі мен үдемелі есімталдық мөлшері/, соңдай-ақ жаттығушылық және жарыстық жүктемелердің қажетті жүптасқан қарым-қатынаспен;
- жаттығу жүйесінің уақытқа сай өзгеру заңдылықтарын білдіретін белгілі бір кезеңдері, немесе сатылары болып табылатын әртүрлі буындарының /диклдер, мезгілдср, кезевдер, жекелеген сабақтар және олардың бөлімдері/ белгілі жалғастарымсн.
Жаттығу жүйесінің құрылымы оның жалпы құрылымының объективті заңдылықтары бойынша жасалады. Бұл бағытта жаттығу құрылымының нақты бөлшектеріне спорттық әрекеттің негізгі шарттарының барлық жиынтығы әсер етеді. Спорт сабақтарына бөлінген спортшы өмірінің жалпы режимі, уақыт бюджеті, анықталған жарыстар жүйесі және т.б. жаттығу жүйесінің сатылы заңдылықтарына сәйкес онын құрылымының үш денгейі ажыратылған:
1) көп уақыт ішінде орындалатын іскер құрылымы /макроқұрылым/ жарты жылға, жыл бойына және көп жылға төрт жылдық олимпиадалык циклге арналған үлкен жаттығу циклдері құрылымы;
2) орташа мерзімде орындалатын жаттығу циклдері /мезоқұрылым/ аяқталған бірнеше аз мерзімде "орындалатын жаттығу циклдерін қамтитын жаттығудың орташа циклдері /мезоциклдер/ құрылымы;
3) аз мерзімде орындалатын жаттығу циклдері құрылымы /микроқұрылым/ жаттығудың бірнеше сабақтан және жекелеген жаттығудан тұратын аз циклдер /микроциклдер/ құрылымы.Жаттығу жүйесін өрістету кезінде оның құрылымы төмеңдегінше күрделіне түседі.
Жарты жылдық, жылдық, не көл айлық циклдердегі жаттығу үш кезеңге бөлінеді: дайындық /іргелі дайындық/, жарыстық' /негізгі жарыс қарсаңындағы/ және өтпелі. Жаттығудың ауыспалы циклдік кезеңдерін қажет ететін себептер мыналар:
1) спорттық баптық даму заңдылығы;
2) спорттық жарыстар күн тізбегі;
3) маусымдық-климаттық шарттар.
Спорттық бап - көп уақыт ішіңде орындалатын әр жаттығудың белгілі жағдайында ие болған спортшының жетістіктерге жетудегі орнықты /ең жақсы/ дайындығы. Ол спортшының жетістікке жетуіндегі орнықты дайындығының барлық қырын/компоненттерін/: бұлшық етті жетілдірушілік, тәсілдік-тактикалық, психикалык үйлесімді бірлігін білдірсді. Спортгық бапты бағалау үшін физиологиялық, медициналык, психикалық және кешенді /комплекеті/ өлшемдер қолданылады. Дегенмен, спортшы дайындығының барлық қырының айқындалатын негізгі интегралды көрсеткішін спортшы жетістіктері болып табылады. Сонымен бірге. спорттық бап туралы спортшының жеткен жетістіктері бойынша пікір айту тек оның салыстырмалы жағдайларда тұрақты, объективті нәтижелер көрсетуіне байланысты. Егер спортшы бұрынғы көрсеткішіне жақын /2-3 пайыз аралығында/ немесе одан азырақ нәтиже таныса, онда оны спорттық бабында деуге болады.
Спорттық бапты жетілдіру жүйесі кезеңдік сипатқа ие. Атап айтсақ, ол жалғаса түскен үш кезеңнен тұрады: иемдену, сақтау /салыстырмалы тұрақтылық/ және уақытша жоғалту [23, 112 б].
Бірінші кезең - бұл спорттық баптың қалыптасу және жетілу, сондай-ақ тұтас компоненгтер жүйесі ретіндегі алғашкы көріну кезеңі. Мұнда ағза мүмкіндігі қызметтерінің жалпы деңгейін,бұлшық еттерді және психикалық қасиетгерді жан-жақты жетілдіру, қозғаушы күш-ептілік пен дағдыларды қалыптастыру және қайта құру камтамасыз етіледі. Осы негізде спорттық баптың алғашқы түрі қалыптасады. Оның нақты параметрлері бәрінен бұрын негізінде сіңірілген еңбекке байланысты болуы табиғи нәрсе.
Екінші кезең - көп мерзімді орындалған істер жиынтығы макроциклдер /аумағында. жетістіктерге жетудегі спортшы дайындығының орнықтылығын қамтамасыз ететін компоненттер жүйесінің тұтастығы ретіндегі спорттық баптын біршама тұрақтылығымен сипатталады. Компоненттерді бұл кезеңде түбірімен қайта құру мақсат емес, олай ету спорттық бапты жоғалтумен бірдей. Сондай-ақ сақтау қарсаңында спорттық жетістіктер өзіне тікелей тәуелді оны белгілі бір деңгейде әрі қарай дамыту жүзеге асырылады. Сондыктан көрсеткіштер жақсарады, бірақ олар қол жеткен спорттық бапты сақтау заңдылықтары шеңберінде жақсарады.
Үшінші кезең бұрын иеленген спорттық бапты тұрақтандыратың бейімделу жүйелері бағытын өзгертумен ағзаның қызмет режимін аяқталған деңгейге жеткізумен, байланыстарды әлсірету мен жарым-жартылай қиратумен ерекшеленеді. Бірақ бұл ағзаның өмірлік қызметін бұзу болып табылмайды. Өмірдін жалпы режимі мен жаттығу режимін ұтымды ұйымдастырған жағдайда спорттық баптын уақытша қалыпты өмірге зиян келтіріместей етеді. Спорттық бапты уақытша жоғалту - оның даму жүйесінің алдыңғы кезеңдеріндей заңды кезең болып саналады. Спорттық бапты иелену және сақтау экзогендік сипаттың елеулі қиыншылықтармен: жоғарғы спортгық нәтижелерге, психикалық ширығуға және т.б. жету үшін спорттық жүктемелерді өсуімен, әлденеше есе шсгіне жеткізе өзін-өзі жұмылдыруына байланысты болады. Бұл қиындықтар спорттық бапты өте ұзақ сақтауды көздеген жағдайда шектен тыс және теріс зардапқа ұрындыруы мүмкін. Жетілдірудің бұл не басқа сатысында қол жеткен спорттық бап тек сол сатыға ғана үйлесімді ахуал болып табылады. Сондықтан бір кезенде жеткен спорттық бапты тұрақты сақтау бір орында тұрып қалумен бірдей.
Әр түрлі әрекет-мамандардағы бастапқы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтары /мезоциклдер/ барлық нүсқаулардың негізгі элементтері меншік-жаттығулар болып табылады. Әрі бұл нұсқауларға бастапкы цикл жоғарыдағы кейбір аз мерзімте орындалатын істер жиынтықтарының /микроциклдердін/ тек әртүрлігінен құралады, басқаларында қосымша қалпына келтіру аз мерзімде орындалатын істер жиынтығы /макроцикл/ енгізіледі. Бастапқы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарының /мезоциклдердің/ жалпы саны спортшының іргелі дайындығы, сондай-ақ жаттыққандықтың жекелік ерекшеліктерін дамыту және басқалары үшін қажетті уақытқа байланысты [23, 118 б].
Бақылау дайындығының орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы /мезоцикл/ жаттығудың орташа циклдердің бұл түрі бейне -бастапқы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарының /мезоциклдердің/ жарыстық түрге өткен түрі тәрізді. Меншікті-жаттығу жұмысы бақылау жаттыққаңдық мәні бар жарыстарға қатысумен бірігеді. Бұл орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарының /мезоциклдерден/ және жарыстық түріндегі екі аз мерзімде орындалатын істер жиынтығынан /микроциклден/ /стартқа арнайы әзірлемей/ құралуы мүмкін.
«Жыл бойына» арналған жаттығу жүйесіндегі бұл кезең дайындық және жарыстық кезеңдерден көп жағдайда құрт ерекшеленеді. Оның бұл ерекшеленуінің артық жаттыққандықтын көп уакытқа созылған тиімділігі шамадан тыс болуына жол бермеу, ағзаның бейімделгіш мүмкіндіктерінің таусылуын ескерту, олардың белсенді демалыс көмегімеи қалпына келтіру міндеттеріне байланысты. Сонымен- бірге бұл жаттығудағы үзіліс емес. Мұнда жаттыққандық белгілі деңгейін сақау үшін жағдай жасалуы тиіс және сол бойынша аяқталған жаттығулар аралығын жалғастыруға, кезекті көп мерзімде орындалатын істер жиынтығын /макроцикл/ сақтауға кепіл болу керек. Белсенді демалыс жағдайында жаттыққандықтын мол деңгсйін сақтау мүмкін еместігі табиғи, бірақ оны сақтап, бұрынғыға қарағанда барынша биік тұжырымды позициядан көп мерзімдс орындалатын істердің жаңа жиынтығын /макроцикл/ бастауға болады.
Бұл кезеңдегі сабақтардың негізгі мазмұнын белсенді демалыс режимінде өтілетін жалпы дене дайындығын құрайды. Сондай-ақ спортшының жетістіктерге жетудегі орнықты дайындығының кейбір компонснттері кезекті жарыстардың жағдайларына сәйкестену кезінде айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін, бірақ бұл кезеңде түбір қайта құруды іске асыру орынсыз [24, 18 б].
Бастапқы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы /мезоцикл/. Бұл жаттығудың дайындық кезеңі орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарының /мезоциклдердін/ басты түрі.
Жатыққандық дамуының жалпы жүрісіне және бақылау старттары арқылы анықталған кемшіліктерге байланысты мұндай орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы /мезоцикл/ жаттығу сабақтары әртүрлі мазмұнға ие болуы мүмкін. Осылай бір жағдайларда арнайы дайындық жатгығуларын күшейту немесе жүктемелер деңгейін тіпті азайту қажет. Бақылау стандарттарында тәсілдік немесе тактикалық ақаулар аңықталса, онда оларды осы,
не кейінгі орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығында /мезоциклде/ жою маңызды міндеттердің бірінен саналады.
3.3 Жоғарғы сынып оқушыларының әдістік және тәсілдік дайындық арқылы дене қуаты қасиеттерін жетілдіру әдістемесі
Спорттық дайындыққа қойылатын гигиеналық талаптар оқу-жаттығу процесін дұрыс ұйымдастыруға ғана емес сонымен қатар спортшының ұтымды күн тәртібін ұдайы мұқият орындап отыруына да тығыз байланысты.
Егер жас спортшы мезгілімен тамақтанбаса, ұйықтамаса, онда оның жаттығуынан күткендей нәтиже шықпайды. Оны былай қойғанда күн тәртібі бұзылған жағдайда жеткіншектің жүйкесі (әбден титықтағандықтан) немесе асқзан-ішек жолы (дұрыс тамақтанбағанда) ауруға ұшырауы ықтимал.
Алғашқы сабақтың өзінде жаттығудан күнделікті ертеңгі жаттығулар комплексін орындап (дұрысы –таза ауда)жүруді талап ету қажет. Бұл жерде оған ұйқыдан тұрған соң дене қимылының аса қажет болатындығын түсіндіру керек. Сонымен қатар жасөспірімдерге ертеңгісін қатты зорланудың зиянды екнінде ескеріп отырған жөн. Егер жаттықтырушы әрбір спортшының өзінің ерекшеліктеріне орай жеке комплекс белгілеп, оны ауық-ауық жаңартып отырса өте дұрыс болады. Ертеңгілік жаттығуларды аяқтаған соң міндетті түрде жақсылап жуыну керек. Мұның тек гигиеналық маңызы ғана болып қоймайды, ол сонымен қатар спортшы ағзасының шынығуына да ықпалын тигізеді.
Жасөспірімдерді жаттығатын сағаттары олардың күн тәртібінің ең қолайлы кезіне келуі тиіс. Жеткіншектерге олар тамақтанған соң 1,5-2 сағаттан кейін ғана жаттығуға кірісуге рұқсат етіледі. Кешкі асты да ұйқыға жатуға екі сағат қалғанда ішу қажет. Жоғары сыныптарда оқитын жас спортшылар жақсы желдетілген бөлмеде кемінде 8-9 сағат ұйықтаулары тиіс.
Күндіз жұмыс істеп, кешкі мектепте оқыған жағдайда әрбір спортшыға дәрігермен және ата-анасымен келісе отырып, оның толық және жақсы демалуын қамтамасыз ететіндей күн тәртібін жасау керек.
Оқу-жаттығу сабақтарын таза ауада өткізген өте жақсы. Ең дұрысы –апталық циклда бір күнді түгел таза ауада ойын ойнап және дене шынықтыру жаттығуларын жасап өткізу.
Жаттығу гигиенасы спортшыға түсетін күшті тек бірте-бірте ғана арттырып, отыру қажет екендігін талап етеді. Апталық, айлық және жылдық жаттығу циклі кезінде палуанға түсетін күшті бір көбейтіп, бір азайтып отырған дұрыс [24, 35 б].
Апталық циклдің соңында буы бар моншада болып, массаж алған дұрыс. Бұл гигиеналық жағынан ғана пайдалы емес, жұмыс қабілетін тез қалпына келтірудің де аса маңызды жолы.
Жас спортшылар жеке басының гигиенасын бұлжытпай орындаулары тиіс. Ол ережелер күнделікті әдетке айналуы керек. Дене жаттығуларын жасап болған соң жылы душқа түсіп, соңынан денені әбден құрғатып сүрткен жөн. Жылына екі рет тіс дәрігеріне көріну керек.
Спорт киімдері әрқашан таза олуы тиіс, дайындыққа киетін киімдерін бір- бірімен ауыстырып киуге болмайды. Бұл спортшыларды тәртіпке ғана үйретіп қоймай тері ауруларының таралуынан да сақтайды. 2-3 рет сабақта болған соң триконы, бандажды, шұлығын жуып алғаны жөн.
Температурасын бірте-бірте төмендете отырып суға шомылуды ұдайы пайдалану- шынығудың негізгі жолы. Алдымен температурасы 25-30 градус суға сүлгі салып сүртінген пайдалы. Содан соң температурасы сондай сумен жуынуға және душқа түсуге болады. Бірте-бірте судың температурасы 15-20 градусқа дейін төмендетіледі. Жаздыкүндері судың температурасын 2-3 күн сайын 2 градус төмендетуге болады, ал қыста суды баяу салқындатады. Аяқты салқын сумен жуу да шынығудың жақсы жолдарының бірі болып табылады. Бұл сонымен қатар тершеңдіктің алдын алу үшін де пайдалы. Қатты терлеп башпайлардың арасын терінің гриб ауруы зақымдайтын болса, дәрігерге көріну қажет.
Температурасы қалыптағыдан 1-3 градус төмен бөлмеде болу да ағзаңды шынықтырады. Жеңіл киініп жүрген де пайдалы.
Ауаның температурасы 15-18 градус (Цельсий бойынша) болғанда 3-5 минут бойына ауа ваннасын қабылдай бастап, содан соң ауаның температурасы 10 градуста ауа ваннасын қабылдау ұзақтығын бірте-бірте 1-2 сағатқа дейін жеткізуге болады. Күн радиациясы ағзаға едәуір әсер етеді. Ал күн көзінде ұзақ уақыт болса, ағзаға күн тиіп, тіпті терісі күйіп кетуі де мүмкін. Жаттығуды жиі әрі ұзақ жасап жүрген кезде күн көзінде аз ғана болған дұрыс. Егер күн көзіне қыздырынғаннан кейін жүрек соғуы 30 пайыздан астам жиілеп, ал дененің температурасы 1 градустанастам көтеріліп кететін болса, бұл ағзаның шамадан тыс қызып кететіндігінің белгісі.
Спортшыға өзінің шамасынан артық күш түскен жағдайда бірсыпыра уақыт оның ағзасының ауруға қарсы тұру қабілеті нашарлайтындығы белгілі. Ал мұның үстінде спортшының ағзасын ауру жайлап әлсірететін болса, оған аз салмақ түскеннің өзінде де көтере алмауы табиғи нәрсе. Кілемнің бірқатар атақты шеберлерінің өзі созылмалы тонзиллит (жұтқыншақ безі ісетін ауру) яки тіс ауруы салдарынан жаттығудың жасалған жоспарын бұзуға мәжбүр болып немесе тіпті негізгі жарыстарға қатыса алмай қалып отырған. Спортшыларға бұл аталған аурулар ғана қауіпті емес. Бұған құлақтың, асқазанның, ішектің, т.б. органдардың созылмалы ауруын қосуға болады.
Спорт секциясында қабылданған жағдай ұжым мүшелерінің бірдей болуын көздеу қажет. Олардың арасында денсаулығына байланысты жеке күн тәртібі бойынша жаттықтыруды қажет ететін жеткіншектер болмауы тиіс. Мұндай жағдай жаттықтырушының жұмысын қиындатады. Екінші жағынан бұл жас спортшының өзіне де пайдасыз, өйткені ол денсаулығымен санаспастан қатарынан қалғысы келмей ілгері ұмтылады да күн тәртібін бұзады [24,53 б].
Жаттығу барысында ауырып қалуына немесе басқа себептерге байланысты белгілі бір мезгілде спортшының жеке күн тәртібімен жаттығуына ұсыныс жасап рұқсат етуіне болады. Мұны дәрігер жаттықтырушымен бірлесе отырып, палуанды қайта қарап шыққаннан кейін және оның жаттыққанын көріп барып шешеді.
Дәрігермен жаттықтырушы күн сайын бірлесе отырып қызмет істегенде ғана спортшыға жаттығу кезінде түсетін күшті дұрыс мөлшерлеуге болады. Дәрігер қарап шығып берген объективті деректермен бақылау нормативтерін, жарыс және жаттығу кезіндегі бақылау нәтижелерін ұдайы салыстыру жеткіншектер мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселесін шешуге мүмкіндік жасап қоймай ұйымдағы тәрбие жұмысын жүргізуге де көп пайда береді.
Тактикалық даярлықтың мазмұны. Спортшының тактикалық даярлығы спорттық тактиканың ілімдік негіздерін меңгеруді, бәсекелестің деректердің зерттеуді, тактикалық тәсілдерді, олардың комбинациялары мен өзгермелі нұсқаларын /жетілдірілген тактикалық іскерлік пен дағдыларды иеленуге дейін/ іс жүзінде меңгеруді, тактикалық дүниетануды және басқа тактикалық шеберлікті анықтайтын қабілеттіліктерді ұйғарады. Ілімдік даярлық спорттық машықтандыру негізінде оның практикалық мазмұны болып саналады. Тактикалық даярлықтың көзқарасы төменгі сабақтардың тиісті формаларын: ілімдік сабақтар, тактикаларды макептерде модельдеуді және т.б. пайдалануды ұсынады. Тактикалық даярлық спортшыны даярлаудың барлық басқа жақтарын даярлау сияқты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
Арнаулы тактикалық даярлық спорттың тандаулы түрінің тактикаларын меңгеріп, жетілдіруге бағытталған. Бұған спорттың шектес түрлерінің тактикасы меңгеру нәтижесінде игеретін тактикалық іскерліктер мен дағдыларды тасымалдау септігін тигізеді, спортшының жалпы тактикалық даярлығының косалқы мәні міне осылай құралады. Сонымен бірге жалпы тактикалық даярлық тактикалық дүниетануды, спорттағы үйлесімді және басқа маңызды қабілеттерді тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Спорттық тактика - бұл спорттық дайындық жүргізу шеберлігі. Жалпы ұғым спорттық мақсатқа жетуде белгілі ниет және жоспарға бағынатын спорт командасымен /командалық тактика/, спортшымен /жеке бас тактикасы/ бәсеке жүргізудін барлық мақсатқа сай әдістерін камтиды. Тактиканың мәні бәсеке жүргізуге өзінін дене, психикалық және тәсілдік мүмкіндіктерін ең көп нәтижеде іске асыра алатын, қарсыласының қарсылығын ең аз шығынмен жеңе алатын әдістерді пайдаланумен айқындалады.
Спорттық тактиканың басты жалпы тактикалық ниет - бәсеке жүргізуші негізгі, ол әдетте әрекеттердің, өзара әсердің және мақсатқа жету жолында бәсекелестің қарсылық жоюдын негізгі саласы ретінде әдетте бәсекеге дейін қалыптасады. Оның ниеті бір ізді міндеттердің тізімі ретінде ұсынылатың тактикалық жоспарда және соларды шешу әдістерінің ұйғарымына айқындалады [24,53 б].
Спорттық тактиканың іс жүзіндегі құрамдас бөлігі көбінесе мыналар болып табылады:
- бәсеке кисыны себепші болатын жарыс әрекеттерін -қайта құру және үйлесімділіктің мақсатқа сай әдістері;
- жарыс жаттығуларының барысы бойынша және олардың бәсеке үстінде көшірілмеген кезде тиімді тарату әдістері;
- бәсекелеске психологиялық әсер ету тәсілдері және ниеттің жасыру.
Осы кезендегі арнайы дайындық арнайы жаттығудың кейбір компоненттерінің дамуын, таңдап алынған спорт түрінің тәcілі мен тактика құрамына енетін ептілік пен дағдыларды игеруін, не қайта қамтамасыз. етіп, спорттық баптың ерекше алғы шарттарын жасайды.
Таңдап, бағытталған арнайы дайындық жаттығулары негізгі құралдар болып табылады. Жарыстық жаттығулардың тұтас түрлерін жарыстық әрекеттерді үлгілеу түріне жарыстық қызметтерді пайдаланады. Жаттығудың көп мерзімде орындалатын істер жиынтығында /макроцикддс/ бұдан бұрын игерілген жарыстық әрекеттерді сол күйде жиі ескс түсіру мақсаты арқылы спорттық шеберлікті жаңа деңгейге кетеру мүмкіндігін шектейді.
Бұл кезеңдегі жаттығулар жүктемелері динамикасының жалпы мақсаты оның көлемін және өсімталдығын біртіндеп ұлғайтумен айрықша сипат алады. Бұл кезеңде көлемі жағынан спорттық баптық іргетасын қалайтын негізгі дайындық жұмысы орындалады.
Жүктеме қарқындылық жиынтығы ұлғая түскенмен, ол жаттығудың келесі кезеңі басталғанға дейін дайындық жұмысының жалпы көлемін соншама ұлғайту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жүктемелердің мұндай данамикасы бұл арада заңды, себебі ол кейде жаттыққандықтың уақытша тез өсуін жоққа шығармаса да, олардың жалпы қарқындылығын жеделдете арттыратын спорттық баптың беріктігіне кепіл бола алмайды, себебі оның тұрақтылығы, бірінше кезекте, дайындық жұмысының жалпы көлемін және оның өз бойында орындалатын кезең ұзақтығына байланысты.
Жүктемелер динамикасының бұл белгілері жаттығулар түрлері мен олардың атқаратын міндеттеріне байланысты әр түрлі болады.Жұмыс қабілеті деңгейін жалпы көтеруге жеткізетін көп еңбек сіңіруді тілейтін қайта құруды қамтамасыз етуге арналған дайындық жаттығуларында жүктемелер көлемі барынша өседі. Алда тұрған жарыстық қызметті үлгілейтін жаттығулар жүктемелерінің көлемі біршама анықталған деңгейде артады. Олардың қарқындылығы спорттық нәтижелерді жоспарлау деңгейіне тепе-тең болуға тиіс."
Бұл жаттығуларды осы кезендегі сабақ мазмұнына енгізе отырып, жүктемелердің біртіндеп өсуінің және сонымен бірге таңдап алынған спорт түрі жұмыс қабілеті ерекшеліктеріне күні бұрын әсер етудің жалпы бағытын бұзбау маңызды.
Бұл кезеңде орташа мерзімді орыңдалатын істер жиынтығының /мезоциклді/ типтік түрлері тартушы және бастапқы болады. Соңғылар кейінгі кезеңдерге қарағанда елеулі ұзындыққа жиі ие болады. Мұндай орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы /мезоцикл/ саны спортшылар дайындығының күні бұрыңғы деңгейіне, дайындық кезеңі жалпы созылмалылығына және басқаларға байланысты.
Тактикалық жағынан әзірлегендіктің кезенді бақылауы жекелеген спортшылардың және тұтастай командалардын шеберліктің қалыптастырудың негізгі ерекшеліктерін пайдаланып отыруға көмектеседі. Ал ағымдағы бақылауда спортшылар мен командалардың жарыстардағы, жекелеген ойындардағы, сайыстардағы түрлі бәсекелестермен көп күндік жарыстағы, турнирдегі жағдайда тактикасына баға беріледі. Оперативтік бакылау жекелеген спортшылар мен командалардың жаттығу сабақтары мен жарыстардағы, шеберлік тактикасына баға беруіне бағытталған [25,45 б].
Мінез-құлық жағынан әзірлегендікті бақылау кезіндегі баға беруге мыналар жатады:
- жарыстарда /озуға үмтылу, жеңіске жетудін дәлелдері, қажетгі кезде өзінің бар күшін шоғырландыра білуі, жоғары жүктемеге тозу қабілеті: қызбалық сезімге төзушілік, өзін-өзі бақылай білу қабілеті т.б./ спорттық жоғары жетістіктерге жетуді қамтамасыз ететін жеке басынын моральдік-ерік сапасы;
- жарыста жоғары маман бәсекелеспен бірге өнер көрсетудегі тұрақтылық, басты жарыстарда жақсы нәтиже көрсете білуі;
- спорт түрлерінін ерекшелігін және түрліше жарыс жағдайында өзінің ынта-жігерін топтастыра білуінің көлемі;
- жарыс үстінде және одан бұрын /қызбалық сәтке төзімділік/ тікелей ерекпелікке сәйкес өзін үстай білу кабілеті;
- түрліше сезім жағдайына сәйкес шындаулы дәрежесі /сырттай байқау/ қозғалыс жүйелері, бұлшық ет әрекеттерді мінез-құлық сезімінің жайы, хабарды ұғынуды, қорыта білуі;
«Спорттық тәсіл» туралы айтқанда бұл терминнің екі мәнін ажырата білу керек. Біріншіден, іс жүзіндегі тәжірибе немесе ілім негізінде жасалған жарыс әркеттерінің тамаша «үлгісі». Екіншіден, спортшыда шынайы қалыптасқан жарыс әрекеттерін орындау әдісі, жарыс әрекеттері спортшының өз мүмкіндіктерін қандай дәрежеде болсада тиімді пайдаланумен сипатталады.
Спорттық тәсіл тиімділігінің жалпы белгілері нақтылы спор тнәтижесі мен есептеу нәтижесі арасындағы айырмамен анықталады. Іс жүзінде тәсіл тиімділігінің жеке көрсеткіштері жиі пайдаланылады.
Спорттық – тәсілдік шеберліктің критерийлері сенімділік, техникалық тәсілдерді меңгерудің мөлшері мен әлтүрлігінің көрсеткіштері де болып табылады.
Спорттық- тәсілдік даярлықтағы негізгі міндеті- спортшының бәсекелерде мүмкіндігін аса тиімділікпен пайдаланып, спортпен көп жылдар шұғылдану барысында тәсілдік шеберлігін ұдайы жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жарыс әрекеттерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Бұдан бірқатар жеке міндеттер келіп шығады, олар:
- спорттык тәсілдің ілімдік негізін тандау;
- козғалыс тосілінің дербес формаларын үлгілеу;
- ағымдаш бәсекелерге ойдағыдай қатысуға кджетті қозғалыс істей білу мен дағдыларын калыптастыру;
- тәсіл формаларын кезегімен қйта өзгертіп, жанарту, спорттық тәсілдің жаңа өзгермелі нүскаларын жасау және т.б.
Спорттың тандаулы түрінде тәсілдік дағдылардын калыптасуынын алғышарттары болып табылатын, қозғалысты істей білу және дагдылар корын толыктырумен түжырымдалатын жалпы тәсілдік берілген міндетті іске асырудьщ кажетті алғышарттарьш камтамасыз етеді. Мұнда дағдыларды дүрыс тасымалдау тиімділігін кеңінен пайдаланылады.
Дене даярлығынын косымша қүралдары ретінде тандап алынған жаттығулар тәсілі де жалпы тәсілдік даярлыкка енгізіледі. Бүл даярлықгың боліміндегі мацызды жагы үйлесімді кабілеттілікке тәрбиелеу болуы кажет, спорттык-тәсілдік жетшдіру дәрежесі шешімді түрде осыған байланысты.
Спорттың әр алуан түрінде тәсілдік даярлық міндеттерінің қойылу және іске асырылудағы негізгі ерекшеліктері жаттыға білу және қажетті дағдылар құрылысынан, олардын қасиеттеріне қойылатын арнаулы талаптардын өзгешілігінен және тәсілдік дайындықтын спортшы дайындығының баска жақтарына қатысынан келіп шығады [25,58б].
Бастапқыда жарыс әрекеттерін тәсілдік орындаудың қалыптасқан әдістері жоғары тұрақтылықпен ерекшеленбейді. Осыған байланысты тәсілдік даярлықтың ІІ-кезеніндегі басты міндеттер қимыл үйлесімділігінің жаңадан пайда болған және кайтадан түзілген формаларын тұрақтаңдыру болып табылады. Мұнда стаңдартты-қайталау жаттығуларының әдістері негізгі болып табылады. Қозғалыс дағдыларын тұрақтандырудың мақсатка сай әдістемелік ережесі мына қағидалармен анықталады.
1. Әрекетті қайталай орындау үстінде оны орнықтырушы ерекшеліктердің көшірмесі неғұрлым стандартты болса, дағдылары тұрақтану соғұрлым оңай өтеді.
2. Дағдыларды тұрақтандыруға ,бағыттауға тырысу әрекеті кезінде қателіктер болса, мәнін жояды. Басқаша айтқанда, тұрақтандырудың жағымды сипатын қамтамасыз ету керек.
3. Жарыс әрекетінің дағдыларын оларға қажетті тұрақтылық беретін, бірақ тым сірескен стереотипке айналып кетпейтін шамадан бекіту керек. Спорттың сан-алуан түрінде дағдылар мен оларың құрамдас бөліктерінің біркелкі дәрежеде тұрақтандырылуы талап етілмейді.
4. Жарыс әрекеттерінің қалыптасқан дағдыларын бекіту барысында түрақтандыруды қамтамасыз ететін жаттығулардың
барлық көрсеткіштері бағытына біртіндеп жуықтау керек /қарқыңдылықты аймақ бойынша меңгеру "жолы бойынша"/.
Спортгық тәсілдік сенімділік қалыптасқан дағдыларды бәсекелердің өзгерістегі шарттарына сәйкес өзгерту мүмкіндігіне де демек бағыттардың өзгермелі нұсқалар өрісіне де байланысты. Жарыс әрекеті техникасының мақсатқа сай өзгермелі нұсқаны дәлелденген өзгергіспен сипатталады, ол жарыс шарттарына бара-бар. Өзгермелі нұсқалық жеке сипаттардың, фазалардың және жаттығулар формаларының, сондай-ақ олардың орындалуының сыртқы жағдайларының да бағытталған өзгермелі нұсқалары жолымен табыска жетеді. Жарыстардағы спортшы әрекетінің сенімділігі - ішкі және сыртқы бөгелулердің пайда болуына қарамастан, әрекеттің жоғары нәтижелілігіне кепілдік беретін қабілеттіліктер мен спортшы дағдыларының жетілдірілген жиынтық нәтижесі. Бөгелу тұрақтылығын арттырудың негізгі жолдары мен шарттары мыналар болып табылады:
1) мамандандыру кезінде дене сапасының шектеулі көрініс беру жағдайларында дағдылардың үйрену;
2) психикалық шиеленіскен жағдайларды модельдеу және қосымша қиындықтар енгізу;
3) жарыс тәжірибесі;
Жұмыс қабілетін калпына келтіру, ширату щараларын жоспарлауда жаттығу орындауда тұрған накты міндеттермен қатаң ұштастыру керек. Аталған тәсілдерді шартты түрде үш деңгейге кезендік, агымдық және оперативтік деи бөліге болады [25,69 б].
Болжау басқарумен тығыз байланысты. Ол спортты ұйымдастыру саласында да, спорттық әзірлік жарыс қызметі саласында да басқару тұрғысында шешімдерді қабылдау үшін негізделген алғы шарттарды қамтамасыз етеді.
Спортта алуан түрлі жүйелер мен құбылыстар болжанады. Бұл қоғамдық құбылыс ретіндегі спорттың даму мүмкіндігі, спорттың жекелеген түрлерінің даму болашағы, спорттық әзірлік пен жарыстардың, спорттық жеке түрінің тактикасы мен техникасы. Жарыстарға әзірлік пен қатысу жүйесінде айрықша роль спорттық рекордтардын өсуін, халықаралық және республикалық ауқымда күштердіц ара салмағын, жекелеген спортшылар мен командалардың техникалық-тактикалык іс-қимыл мүмкіндіктерін,жекелеген жарыстарда спорттық күрестің дамуын болжауға аударылады.
Болжау құбылыстың нендей бір бөлігіндегі өзгерістің басқа бір бөлігіндегі әсерін байқаудан алынған қорытындыларды таратуды пайымдайтын экстрполяциялық әдісті пайдалануға негізделген. Спорт жағдайында экстрполяциялык әдіс өткен жылдардағы дүниежүзілік рекордстардың өсуін тиісті заңдылықтар бойынша зерттеу негізінде болжау арқылы жүзеге асуына көмектеседі. Осындай жолмен жекелеген спортшылар мсн командалардын спрттық шебсрлігінің өсуін болжауға болады. Экстраполяция жүйесінде болжанатың көрсеткіштердің ауытқуының мүмкіндігің, сол өзгерістердің жалпы мүмкіндігін сипаттау қажет.
Экстраполяцияны үлгі жасау және спортшылық тұрғыдан бағалау әдісі мен бір кешенде пайдалану ұтымды. Мұнда ғылыми-техникалық прогрестің жстістіктерін пайдалануға, жаттығудың жаңа бірегей әдістерін енгізуге негізделген осы заманға спорттың даму мүмкіндіктерін ескеру қажет. Сонда басты назар болжаудың дәлділігі неғұрлым жоғары болса, кезең де сонша қысқа, сол бойынша болжау үшін пайдаланатын ауқымды әрі шынайы ақпарат құрылады.
Спортта пайдаланалатын үлгілер негізінен екі топка бөлінеді.
Бірінші топка жататындары:
1) жарыс қызметінің құрылымын сипаттайтын үлгілері;
2) спортшы әзірлігінің түрліше жағын сипаттайтын үлгілер;
3) ағзаның морфологиялық ерекшелігін және жекелеген функционалды жүйелердің мүмкіндіктерін, спорттық шеберліктің тиісті деңгейіне жетуді қамтамасыз ететің морфофункционалды үлгілер.
Үлгілердін екінші тобы:
1) спорттық шеберліктің қалыптасуының үзақтығы мен серпінің, көпжылғы ауқымдағы әзірленгендікті, сондай-ак макроциклдер шептерін білдіретін үлгілер;
2) жаттығу жүйесінің /әзірліктің көпжылғы сатылары макроциклдер кезендер/ ірі құрылымын жасаудың үлгілері;
3) кезендер аралық макроциклдегі жаттығу үлгілсрі;
4) жаттығу сабақтары мен олардын бөліктерінің үлгілсрі;
5) жекелеген жаттығу, олардың кешеңдерінің үлгілері жатады.
Үлгілер жасауда мыналар қажет:
- қолданатын үлгілер оперативтік, кезснді бақылау мен басқарудың міндеттерін, жаттығу жүйесінің түрлінше құрылымдарын жасауды құрумен байланыстыру;
- үлгілерді нақтылау дәрежесін анықтау, яғни, үлгілі енгізілетін жүйлердің саны, жекелеген жүйелер арасындағы байланыстың сипаты;
- қолданылатын үлгілердіц әрекет жасау уақытын анықтау, олардың пайдалану шекарасын нақтылаудың тәртібі, жстілдіру, алмастыру.
Жаттығу сабақтары - микроцикл құрылымының буындары. Жаттығу жүйесінің сан-алуан буынының тұтастай жүйесінің бастапқы буыны жаттығудың жекелеген буындары болып табылады. Дене шынықтыру сабақтарын тиімді ұйымдастырудың қандай да болсын құрылымына тән спорттық сабақтардың іс жүзіндегі жекелеген сабақтары мен жаттығу түрлерінің бәріне бірдей ортақ ерекшеліктері бар. Айталық, әрбір жеке сабақтың үш бөлімі бар, бұлар: дайындалу /спорт тұрғысында бой жазу/, негізгі және қорытынды бөліктері. Бұларды белгілердің жалпы әдістемелік, ережесі спорт саласында да әділеттік сипатын" жоймайды [25,73 б].
Сабақтардың іс-жүзіндегі құрылымының ерекшеліктері ең алдымен, спорттаң таңдап алынған түріне сәйкес келетін жаттығудың тиімділігіне барынша үтымды қол жеткізудің бағыт бағдарынан туындайды... Дегенмен де сабақтардың мазмұны жаттығулар кезеңдерінің кешенді жәнс шағын бағдарлы сиапттылыққа байланысты болуы мүмкін. Соның өзінде де бұлардың көпшілігі үшін сан алуан міндеттерді орындауы қажет емес. Спорттық жетілдірудің күллі міндеттерінің жиынтығын шешуге жаттығу сабақтарының жалпы санын үлғайту арқылы қол жетеді. Бұл үшін бір күн ішіңде бірнеше, ал жоғары маман спортшы бір жылда 500-ге дейін жаттығу жасауы қажет. Әдетте, жаттығу сабағының негізгі мазмұны қозғалыс қызметінің небәрі бір ғана түрі болуы мүмкін. Мазмұнның біртектілігі сабаққа айрықша тұтастылық сипат береді: дәлірек айтқанда, сабақтың дайындық және қорытынды бөліктері онын негізгі бөлігіне қатынасына қарай орындаушылық сипатын бейнелейді. Мұның өзі сабақтың мазмұны мен жүйесіне, соның ішіндс өткізілу мерзіміне бағынқы болады. Сабақ мазмұнының анағұрлым алуандығы жағдайында оның құрылымы, тиісінше, әсіресе, негізгі бөлігіндс күрделене түседі. Мұның өзі, сол сияқты түрліше жаттығулардың үштастырылуына, үстама мен демалудын кезектесуіне катысты болады. Бұл жаттығу тиімділігін дәлме-дәл басқаруды қиындатады. Ал, кешенді сабақтардың өзіндік қасиеті бар: үстаманың біркелкілігін жою жеңілдейді, екінші бір қимылға ауысуға жақсы пайдаланылады. Жаттығу барысында сабақтардың кешенді және біртектігінің деңгейі көбінесе спорттық мамандандырудың ерекшелігіне байланысты. Сөйтсе де жаттығу сабағының кұрылымы спорт саласында әдеттегідей дене тәрбиесінің басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым бір тұтастылық сипатта болады.
Спорттық жаттығу сабақтары үшін тұтастай жоғары моторлық сипат тән. Ол атап айтканда, айналма жаттығудың түрліше үлгілерін кеңінен пайдалану негізінде камтамасыз етіледі.Микроцикл құрылымының элементі ретіндегі жаттығулар әрбір жеке дара сабақ алдында, сонан кейінгі сабақтармен тікелей байланысты. Сабақтың мазмұны мен жүйесі микроциклде сабақтардың жалпы санына онда үстеменің жалпы мөлшеріне, аталған микроцикл үшін түрліге бағдардағы сабақтарды алмасу сәтімен кезектердің жалпы тәртібіне байланысты болады. Мұның өзі микроцикл қамтитын күнделікті және күні бойы бірнеше мәрте жүргізілетін жаттығу сабақтарынан айқын көрініс табады. Мысалы, егер бір күн ішінде үш сабақ өткізілген болса, онда алғашқы сабақтың соңғы тиімділігі; екінші сабақтың дайындық бөлігіне, ондағы үстеме -мөлшеріне тікелей әсер етеді; үшінші сабақты жүйелеу бірінші жәнс екінші сабақтардың жалпы тиімділігіне қарай қалыптасады.
4 ӘР ТҮРЛІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
4.1 Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі
Кез- келген қоғамның өсіп – өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуы оның білім денгейіне де байланысты. Сол себепті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жарияланған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынға жолдауында ұлт денсаулығына айрықша көңіл бөлу мақсатында мектептерде денешынықтыру сабағын үш сағатқа ұзартты.
Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек десе өзінің кезекті жолдауында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады».
Келешек ұрпақ салауатты да дені сау болсын десек, балалардың спортқа деген қабілетін, қызығушылығын арттыра отырып, ауылдарда спорт нысандарының бой көтеруіне, мектептердегі спорттық құрал жабдықтардың стандартқа сай болуына сіз мен біз боп ат салысу басты міндеттердің бірі болып отыр.
Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын санды оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан жерінде ондай мектептердің пайда болуы Ы.Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Яғни XVIII ғасырдың 60-жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің өзіндік мәселесі күн тәртібінен түспей келеді.
Ауыл мектептерінің материалдық жағдайын жақсартып, спорттық құрал жабдықтарды толықтырып қойғанның өзінде мұғалім шебер, білім деңгейі жоғары, ақыл-ойы, парасаты биік болмаса, алдағы ойлаған мақсаттың орындалмасы анық. Себебі кей шағын кешенді ауыл мектептерінде дене тәрбиесі пәнінен арнайы маман емес мұғалімдер жүргізуде. Бұл деген ауыл мектептерінде жүргізілетін дене тәрбиесі сабағына басқа пәндермен салыстырғанда әлі де мән бермеушілік деген сөз [26,19 б].
Шағын кешенді мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда өте ауыр, әрі қиын екендігі белгілі. Сол себептен мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса шеберлікті ұажет етеді. Соңғы кездердегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген зерттеулеріне сүйенсек шағын жинақталған мектептердегі бір мезгілде қатарынан оқытылатын әр денгейдегі сынып оқушыларының білім сапасы жалаң оқыған оқушыларға қарағанда терең екендігі байқалады. Олар мұғалімнің басшылығымен әртүрлі өздігімен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады. Алайда сынып оқушыларының біріктіріліп оқытылуы дене тәрбиесі сабағының тығыздығына, жүктемесіне кері әсер ететіндігі белгілі.
Дене тәрбиесі сабақтарының өз дәрежесінде жүргізілуін жолға қою үшін ең алдымен мектептердің материалдық, кадрлық мәселелерін шешу қажет.
Сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы, бағдарламада шағын кешенді мектеп сабақтарын ескеру;
Бірнеше сынып материалдарының бір тақырыптық жүйеге ыңғайластырылуы жүйеленбеген;
Көрнекі дидактикалық құралдар және спорттық құрал-жабдықтар алдын-ала дайындалуы, қамтамасыз етілуі толық шешілуге тиіс.
Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер кездеседі. Олар бір мезгілде бірнеше сыныппен жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің осы күнге дейін жасалмауы, өздігінше жұмыс істеу әдісі кең таралмағандығы; шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылған әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы, жоқтығы.
Шағын кешенді мектептерде мұғалім бір мезгілде екі-үш сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі, оқу үрдісі бір мезгілде үш сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни мұғалім бір сыныпқа жаңа материалды түсіндіріп жатқан кезде, басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді.
Осы тұрғыдан алып қарағанда шағын кешенді мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізіп, ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеп тұжырымдау, тіпті арнайы бағдарлама жасалуы керек.
Түптеп келгенде, дене тәрбиесі мен спорт өнері мектеп өмірінде тәрбие құралы ретінде қарастырылады. Ол мектеп жасындағы оқушылардың жалпы дене әзірлігін күнделікті өмірде аса қажет болатын дене сапаларын қалыптастырып, дамытуға бағытталған әлеуметтік, шынығушылық, сауықтырушылық міндеттерін шешеді.
Ауыл мектептерінде қазіргі кезде бала саны азайып кеткеніне байланысты аз комплектілі мектептер көбейіп кетті. Бала саны азаюын ауылдық жерлерде бір отбасының өзінде бала санының азайып екі-үш баладан ғана болуы және ауыл адамдарының нарық экономикасына байланысты аудан орталықтарына, қалаға көшулері деп түсіндіруге болады. Шағын жинақты мектептер дегеніміз - сыныптардағы бала саны толмауы, аз болуы. Сондықтан мектеп басшылары сыныптарды екі-екіден, кейде үш-үштен қосып оқытады. Олар бір кешенді, екі кешенді деп аталады. Бір кешенді кезінде бір мұғалім үш сынып оқушыларын, екі кешенді кезінде екі мұғалім үш сынын оқушыларын қосып оқытады.
Дене тәрбиесі сабағына байланысты ерекшеліктері:
1 Спортзал болмауы мүмкін, онда сабақтар көбіне таза ауада мектеп ауласында өткізіледі.
2 Сабақтарды ұйымдастыру күрделілігінде.
Шағын жинақты мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Сабақтар аралас түрлерде, көбінесе ойын түрінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру кездерінде бұрыннан қолданып келген әдістер, көбінесе шеңберлі, топтық, жеке дербес тапсырма беру әдістері қолданылады. Мысалы: дене қуаты деңгейіне байланысты бөліп жаттықтырғанда, кіші шеңберде әлсіз оқушылар, үлкен шеңберде күшті, мықты оқушылар жаттығады. Сапта оң жақ қатарда үлкен сынып, одан кейін төменгі сынып оқушылары тұрғызылады. Кіріспе бөлімінде жалпы бой қыздыру жаттығулары бірге жүргізеді. Негізгі бөлімде сыныптар бойынша топтарға бөлініп, оларға мектеп бағдарламасындағы материалдар бойынша спорт түрлері жаттығулары беріледі. Мұғалім барлық топтарға барып қателерін түзеп, әдістемелік нұсқаулар беріп отырады [26,25 б].
Сабақтан тыс уақыттарда сынып, мектеп спорт белсенділерін, мұғалім көмекшілерін дайындауға күш салу керек. Дене тәрбиесі үйірмесінің сабақтары жетісіне 2-3 рет бір сағаттан өткізіледі. Үйірме сабақтарында оқушылар оқу бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын жетілдіру, дене қуаты дайындығының деңгейін жоғарылату және сынақ жаттығуларын орындауға дайындалады. Басқа барлық жұмыстар дене тәрбиесі мұғалімінің тапкырлығымен, білімділігімен, біліктілігімен, ұйымдастыру белсенділігі және шеберлігімен үлкен мектептердегі жұмыстарға ұқсас жүргізіле береді.
4.2 Шағын жинақты мектеп, оның сипаттамамсы мен біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ауыл мектебінің мәселелесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Ауыл мектебінде – қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата-ана, халық арманын арқалаған жас жеткіншек – ұрпағы оқып, тәрбиеленіп, өсіп жатыр.
Жер бетін мекен еткен адамзаттың бір бұтағы – бір халықтың қандай дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнемен көрінуі – сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек” деген.
Бүгін таңда республикадағы ауыл мектебіне тән ерекшелік оның шағын комплектілі болуы. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қала халқының күрт өсуі, миграция, балалардың өмірге келуінің азаюы шағын комплектілі мектептердің санының өсуіне әкелді.
Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетіледі.
Республикада шағын жинақты мектептің үш типі бар:
1) бастауыш шағын жинақты мектеп;
2) негізгі сатылы шағын жинақты мектеп;
3) жоғары сатылы шағын жинақты мектеп.
Олардың бәріне тән қасиеттер:
- тек біріктіріліген сынып-комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын комплектілі мектепте басым);
- тек біріктірілген сынып-комплектінің және бала саны аз жеке сыныптардың болуы;
- тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта шағын комплектілі мектепте басым).
Шағын жинақты мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін, мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін де естен шығармауымыз керек. Олар: -ауыл мектептерінде оқушының жеке басыны психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй жағдайы, ата-анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді:
Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туады;
Оқу материалын толық меңгеру оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді пайдалануға болады;
Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте ұстау керек. Үй тапсырмасын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін ескере отырып даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн;
Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу материалын, білім сапасын, дағды біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті;
Практикалық-лабораториялық және экскурсия сабақтарында оқушыларды түгелдей қамтып жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың аздығы қолайлы жағдай туғызады;
Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады;
Шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларының бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек, шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру – маңызды әлеуметтік экономикалық және педагогикалық проблема. Шағын комплектілі мектепке тән ерекшеліктер. Шағын комплектілі мектеп жағдайы мен негізгі проблемаларын зерттеу осы мектепке тән ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Олар:
мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;
біріктірілген сынып комплектісінің болуы;
бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі сынып оқушларымен бір мезгілде сабақ өтуі;
педагогикалық ұжым мүшелерінің аздығы;
негізгі және орта мектептегі білім берудегі көппәнділік.
Қазіргі заманның талабы білім беруде гуманизациялау мен гуманитаризациялау мәселелеріне үлкен мән беру болып отыр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу [26,32 б].
Оқушыларды даралап, саралап оқыту арқылы дамыта оқыту басты назарымызда тұр. Оқыту мазмұнын, технология түрлерін жаңартуға міндеттіміз.
Шағын кешенді мектептерінің өз ерекшелігі бар. Мұнда, параллель сыныптары жоқ, оқушы саны аз болғандықтан кешенді сыныптар болып біріктіріліп оқытылады. Жалпы білім беретін мектептердегідей шағын кешенді мектептерде де құжаттар мен талап бірдей қойылады. Сондықтан да бұл мектептердегі мұғалімдерінің жүктемесі ауыр. Бірнеше пәннен біріктірілген сабақтар беруге, мысалыға 1-3, 2-4 сыныптарда 4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім оқытады. Бұл жерде бастауыш сынып мұғалімдеріне байланыстықиындықтар көп кездеседі. Бірінші сынып оқушысын болмағанда екі тоқсан жеке оқыту керек. Сол сияқты мектеп бітіруші сыныптарды да жеке оқыту ережесін ескеруге тиіспіз. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты музыка, дене тәрбиесі сабақтарын кіріктіріп оқытуда келелі мәселелер жоқ емес, бұл жағдайда кіріктіріліп оқытуға болмайтын мәселелер де кездеседі. Дәлірек айтсақ оқу бағдарламасына лайықты жеке жаттығу жасатумен бірге, оқушыға өзіндік дайындық кезінде мұғалім баламен бірге болу талабы назарда ұсталынады. Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары оқушыны дамыта оқытуға, өзіндік іздене білуіне арналып жасалынған. Пән мұғалімдері жоғары оқу орындарында дамыта, деңгейлеп оқыту технологияларын толық игермегендіктен кәсіби білімін толықтырып отыруы керек. Ал курстарға барып білімін жетілдіруге екі сыныпқа бір мұғалім болғандықтан тағы бара алмайды.Ал жаңа буын оқулығын меңгеріп кету үшін оқулық толық жеткілікті болумен бірге,оқулыққа қоса мұғалімдер әдістемелік оқу құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Бүгінгі ауыл тұрғындарының жұмыссыздығына байланысты ата-аналардың баласына оқулық алып беруге де жағдайы келе бермейді, оқулық бағасы өте қымбат. Бұл мәселеде де ойланатын жағдайлар көп. Осы тұрғыда мұғалімнің ізденуі, мәдениетін арттыруы, баланың еркін ойлауына ықпал етілетін әдіс-тәсілдерге жетік болуы талап етіледі. Олардың эстетикалық, патриоттық тыныс алатын орындары қазіргі таңда өз мектебі болып отыр. Осы тұрғыда тәрбие сағаттарының мазмұнын қызықты өткізу, сабақты түрлендіріп отыру, оқушы бойына патриоттық, мейірімділік, өжеттілік сезімдерді қалыптастырумен бірге, салтымызды тіл мәйегін тамызып еркін сөйлейтін – ұрпақ тәрбиелеу қажет.
Жаңа оқу жылына бір апта қалғанда, бала саны анықталып, сынып комплект құрылып, оқу-тәрбие үдерісінің жылдық жоспары, денешынықтырудан жылдық күнтізбелік жоспар және оқу кестесі жасалады. Сабақтың жақсы өтуі үшін оған жан-жақты дайындық және оны шеберлікпен өткізу қажет. Сабаққа дайындалмас бұрын мұғалім өтілетін материалды жан-жақты меңгеріп, оны өткізу әдістемесімен таныс болуы тиіс. Мұғалім қатар жүргізілетін сыныптардағы сабақтың барысын алдын-ала ойластырып, өз жұмысының әрбір деталін жоспарлауы тиіс, әсіресе, оқушылардың өздік іс-әрекеті ойластырылуы тиіс. Содан соң сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды, яғни көрнекі құралдар, мәтіндер, жаттығуға арналған сұрақтар мен мысалдар, дидактикалық материалдарды дайындап алып, содан кейін ғана сабақ жоспарын жасауға кірісуі керек. Кейінірек сабақтағы әр түрлі жұмыстар қандай ретпен өтілетіндігін анықтайды. Соңынан жазылған сабақ жоспарын тексеріп алу қажет [26,57 б].
Сабақты жоспарлау кезінде сабақты қай сыныптан бастау керектігі анықталуы тиіс. Ал сабақты өткізу кезінде жазылған жоспардың орындалуы қадағаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын мұғалімнің тікелей басшылығымен жасалатын жұмыс түрлерімен алмастырып отыру керек.
Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
Сабақ төменгі сыныптарда мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстан және жоғары сыныптарда балалардың өздігінен істелетін жұмысынан басталады. Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, екінші бір сыныпта өткенді пысықтау, қайталау немесе балалардың білімін есепке алудан басталатын сабақтың бұл түрі, әдетте көп кездеседі. Егер өткен сабақты пысықтау немесе қайталау жүргізетін сынып өткен сабақта өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алған болса немесе балалар осы сабақта үйде орындалған тапсырманы әрі қарай орындайтын болса ғана мұғалім екінші бір сыныпта сабақты балалармен тікелей жұмыс істеуден бастай алады. Осыған байланысты әрбір сыныптағы балалардың сабақта өздігінен істейтін жұмыстарын бөлу де өзгереді. Дегенмен, мұғалім көбінесе мына тәртіпті басшылыққа алуы керек: бұл тәрізді сабақтарды өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін жазба жұмыстары арқылы тексеру, белгіленген сыныптарға тапсырма беруден бастау керек. Бұл мұғалімге келесі сыныпқа жаңа материалды түсіндіруге уақытты молырақ қалдыруға мүмкіншілік береді. Дегенмен өткенді пысықтау немесе қайталау болатын сыныпта, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарынан кейін, мұғалімнің басшылығымен істейтін жұмыстар үшін 10-15 минут шамасында уақыт қалдыру қажет екендігін естен шығармау керек. Осылай жасағанда ғана өткен материалды пысықтау және қайталау ойдағыдай болады.
4.3 Мектеп-интернаттағы дене тәрбиесі
Мектеп-интернаттарда оқушылар интернат жатақханасында тұрып оқу оқиды, үйлеріне, ата-аналарына демалыс кездерінде ғана барады. Қалалық интернаттарда оқитын оқушылар апта бойы жатақханада тұрып, оқу оқып, сенбі күні түстен кейін дүйсенбіге дейін үйлеріне ата-аналарына қайтарылады. Осындай интернат жағдайларындағы оқушылар оқу сабақтары кезінде, сабаққа дайындық, дайындықтан бос уақыттарында күні бойы мұғалім мен тәрбиешілердің бақылауында болады.
Дене тәрбиесі сабағы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша, жалпы білім беретін мектептеріндегідей өткізіледі. Сыныптан тыс жұмыстарда, спорт түрлерінен секцияларда, жалпы дене қуаты дайындығы топтарында мүмкіншілік болғанынша барлық оқушылар түгелдей қатысуы тиіс. Бұл шаралардан тек қана дене тәрбиесі сабағынан босатылған және арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылар ғана босатылады.
Мектеп-интернаттарда күн тәртібі өте қатаң орындалады. Күн тәртібінде міндетгі түрде таңғы гигиеналық гимнастика, сергектік сәттері, денсаулық сағаттары, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен дене тәрбиесі жаттығулары және спорт түрлерінен секциядағы жаттықтырулар орындалу қажет. Спортты насихаттау үшін дәрістер, әңгімелер, сынып сағаттары, диспуттар, спорт мерекелері, спорт кештері өткізіліп тұру керек [26,76 б].
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен осы дипломдық жұмысымды аяқтай отырып, мынадай қорытындыға келдім. Менің бұл жұмысымда бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесін, сыныптардағы балалардың дене шынықтыруы және дене қимылдарының түрлері, оларды үйрету жолдары жайлы сөз етілді. Дене шынықтыру оқушылардың ағзасының жұмысына жағымды әсер етеді және ақыл-ой қызметін жақсартады, денсаулықты нығайтуға жәрдемдеседі. Баланы жастайынан спорт түрлері арқылы шынықтыру бала денсаулығына тиімді әсерін тигізеді.
Жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден – ақ халық арманы. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін өз қолына алған егеменді еліміздің-Қазақстан мектептерінің алдында қояр басты талаптары да осы болмақ.
Баланың организмін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы денсаулығының нығаюы жұмыс қабілетінің артуы дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру арқылы болады. Оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күнделікті ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Ол үшін әрбір мектепте қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін яғни еңбек демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Күнделікті өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, жүру, секіру, жүзу, лақтыру, жаттығу т.б.
Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдасын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасайды. Әрине ол дене тәрбиесінің құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктерін, ал оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
Мұғалім өтілетін тақырыпқа сай ойын түрлерін дұрыс таңдап болуы қажет. Оқушы ойынның тәртібін дұрыс меңгерген болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады.
Қорытып айтсақ, төменгі, орта және жоғарғы буындардағы дене тәрбиесі пәнін оқыту барысында ұлттық ойындарды қолданудың нәтижелілігі айқын және бұл тақырыптың егеменді ел болып тұрғандағы өзектілігі ғылыми құндылығын арттыра түспек
Мектеп ұлтқа тән қасиеттерді өз түлектерінің бойына сіңіре білгенде ғана адам баласына ортақ мәселерді анық сезінетін, адамгершілігі мол, нағыз интернационалист ұрпақты тәрбиелеу ұрпақты тәрбиелей алады. Мақсатымыз жан-жақты дамыған дара тұлғаларды тәрбиелеу болғандықтан, жалпыға тән үздік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес. Олай болса еліміздің мектептері жастарға ендігі жерде өз халқының ғасырлар бойы жинаған рухани мұраларын, бүгінгі ғылыми жетістіктер тұлғасынан саралай отырып, сабақтың барысында жоспарлы түрде оқу-тәрбие жұмыстарында дидактикалық құрал ретінде пайдалану қажеттігін ұсынады. Менің алға қойып отырған басты мақсатым, бұл жұмыстың көкейкестілігі де осыған келіп сияды. Өйткені ұлт ойындарының бойына ел мен елді, халық пен халықты бір-біріне ұштастыратын жасампаз күш жинақталған. Олай болатыны, өмірде бір-бірімен байланыссыз, оқшау тұрған еш құбылыс жоқ.
Осы жұмысымды жазып дайындау барысында төменгі, орта және жоғарғы сыныптарда өткізілетін спорт түрлерін қарастыра отырып диплом жазу мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
|
Теория спорта. Под ред. В.Н. Платонова. Киев: Высшая школа, 1987.
|
2
|
Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. М.: ФиС, 1977.
|
3
|
Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. М.: ФиС. 1991
|
4
|
Ақпаев Т, А., Адамбеков М. I., Тастанов Ә. Ж, Оқушылардың дене
тәрбиесін қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері. Алматы, 2002.
|
5
|
Волков Л.В. Физические способности детей и подростков. -Киев:
Здоровья, 1981.
|
6
|
Верхошанский Ю.В. Основы специальной физической подготовки
спортсменов. - М.: Физкультура и спорт, 1988.
|
7
|
Горанько М. И., Құлназаров А.К., Қанағатов Е.Б. Президенттік сынамалар Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының негіздері. Алматы, 1997.
|
8
|
Аманбаев P.P., Асарбаев Л.К. Дене тәрбиелеу мәденнеті ілімін оқып үйрену жөніндегі әдістік нұсқаулар. Алматы, 1992.
|
9
|
Каражанов Б.К., Аманбаев P.P., Қалдыбаев М.К. Дене тәрбиелеу
мәдениеті және спорт ілімі мен методикасынын түсініктері. Алматы1992.
|
10
|
Аманбаев P.P., Моргина И.А. Методические указания по изучению
теории физической культуры. Алма-Ата: КазИФК, 1985.
|
11
|
Легкая атлетика /Под общ.ред. Макарова А.Н.- М.: Просвещение, 1987.
|
12
|
Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. -М.: Физкультура и спорт, 1991.
|
13
|
Селуянов В.Н. Научно - методические основы подготовки бегунов на средние дистанции высшей квалификации: Методические рекомендации. - М.:ГЦОЛИФК, 1983.
|
14
|
Дене тәрбиесі оқулықтарының жаңа буыны, С. Қасымбекова
|
15
|
Суслов Ф.П., Гилязова В.Б. Методика силовой подготовки в
цикпических видах спорта, требующих преимущественного проявления выносливости: Методические рекомендации. - ГКФКТ, ВНИИФҚ ЦНИС, 1990.
|
16
|
Суслов Ф.П., Попов Ю.А., Кулаков В.Н,, Тихонов С.А.. Бег на средние и длинные дистанции. - М.: Физкультура и спорт, 1982.
|
17
|
Аманбаев P.P. Общие основы теории и методики спорта. Алматы 2003.
|
18
|
Теория и методика физического воспитания. Под ред. Л.П.
|
19
|
Иванов Г Д, Кульназаров А.К. Оздоровительный бег. Алматы, 2001.
|
20
|
Лесгафт П.Ф. Руководство по физическому воспитанию детей
школьного возраста // Избранные труды / Сост. И.Н. Решетень. - М.: Физкультура и спорт, 1987. -С.
|
21
|
Е. Уаңбаев «Дене тәрбиесінің негіздері» Алматы- Атамұра 2000.
|
22
|
Филин В.П Теория и методика юношеского спорта. - М.: Физкультура и спорт, 1987.
|
23
|
Дене тәрбиесінің әдістемесі, Төтентайдың Базарбегі, Алматы, 2001
|
24
|
Төтенаев Б. Дене тәрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1988.
|
25
|
Аманбаев Р.Р., Асарбаев А.Қ. Дене мәдениеті ілімін оқып үйрену
жөніндегі әдістік нұсқаулар. - Алматы: Каз ДТМИ, 1991.
|
МАЗМҰНЫ
|
|
|
|
КІРІСПЕ
|
3
|
|
|
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ.............
|
5
|
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен дене дамуының ерекшеліктері..........................................................................
|
5
|
1.2 Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.................................................................................
|
7
|
|
|
2 ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ..........................
|
12
|
2.1 Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен дене дамуының ерекшеліктері..................................................................................
|
12
|
2.2 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері...............................................
|
15
|
|
|
3 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ.................
|
27
|
3.1 Жоғарғы сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері дене дамуының ерекшеліктері...................................................................................
|
27
|
3.2 Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері..............................................
|
29
|
3.3 Жоғарғы сынып оқушыларының әдістік және тәсілдік дайындық арқылы дене қуаты қасиеттерін жетілдіру әдістемесі....................................
|
43
|
|
|
4 ӘР ТҮРЛІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ......................................
|
53
|
4.1 Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі.............................
|
53
|
4.2 Шағын жинақты мектеп, оның сипаттамамсы мен біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктері.............................
|
55
|
4.3 Мектеп-интернаттағы дене тәрбиесі........................................................
|
60
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................
|
61
|
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................
|
63
|
Достарыңызбен бөлісу: |