Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс сабақтарын



бет44/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс сабақтарын

ұйымдастыру жолдары
Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау. 1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. 2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының ережелерiне және санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық-гигиеналық нормаларға сай болуға тиiс. 4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi [41].
Көпшілік спорттық секцияларда жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру жолдары. Мектептегі спорттық – көпшіліктік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оны табысты дамытуға елеулі үлес қосады. Сабақтан тыс кезде өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі дене тәрбиесі ұжымының секцияларында оқушылармен өткізілетін сабақтар түрінде де және дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптарда немесе мектептің барлық оқушыларымен өткізілетін көпшіліктік шаралар түрінде де ұйымдастырылады. Мектеп осы жұмыстардың арасында дене тәрбиесі мен спорттан жұмыстар жүргізетін және оқушылардың дене тәрбиесін алдағы уақыттарда жақсартуға көмек беруі арқылы танылған мектептен тыс мекемелерді кеңінен пайдаланады. Мұндай мекемелерге бірінші кезекте: жасөспірімдердің спорт мектептерін, оқушылардың қалалық және аудандық үйлері мен сарайларын, қалалық және аудандық балалар парктерін, балалардың спорттық стадиондарын және басқаларды жатқызуға болады.
Мектептен тыс мекемелердің міндеттеріне өсіп келе жатқан жас ұрпақка адамгершілік және жан-жақты тәрбие беру ісі бойынша мектепке кең көлемде көмек беру жұмыстары жатады. Сыныптан тыс көпшіліктік және оқу-спорт жұмыстарының кең көлемде қанат жаюына мектепке демеушілік ететін ұйымдар, бірінші кезекте ерікті спорт қоғамдары үлкен көмек бере алады. Мәселен, Искра, Динамо, Қайрат, Спартак және басқа да осы сияқты спорт қоғамдарының тәжірибелері мектептегі спортты жаппай дамыту мен жақсартуға қамқорлық жасап келе жатқандары толық көрсетіп отыр.
Ең ақыры, оқушылардың тұрмыс тіршілігі мен оқу еңбегіне дене тәрбиесін енгізуге оқушылардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері де үлкен көмек көрсете алады. Дене тәрбиесі ұжымы. Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі ұжымы мектеп директоры мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің (оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы және олардың белсенді көмегі болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы төмендегідей міндеттерді атқарады.
1. Дене тәрбиесі мен спортқа оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент сынамаларын тапсыруға даярлау.

  1. Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру, сабақ үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.

  1. Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.

  1. Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын, спорттың әр түрі бойынша тәрешілерді және өзге де басқарушы белсенділерді даярлау.

  2. Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады:
1) өз секцияларындағы оқу-спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша;
2) мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын кеңінен өрістету бағыты бойынша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет