Байланысты: Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3
Спортшының иілгіштік қасиетін қалыптастыру мен қажеттілігі Иілгіштік қабілет түрлері және қажеттілігі. Иілгіштік қабілетке адамның барлық буындарының қозғалмалық қабілеті аясының қосындысын жатқызуға болады. Ал,бір ғана буынды алатын болсақ, онда сол буынның қозғалмалылық аясы қабілетін айтамыз, мысалы, иық буыны, тізе буыны т.с.с.
Иілгіштік қабілетке қарап әр спорт түрлеріндегі шеберлік деңгеиін анықтауға болады.Егер иілгіштік қабілеті төмен болса, онда жаттығуды үйрету қиындайды, үйрету уақыты ұзарады, жаттығуғакеректі күш көп жұмсалады, жылдамдық азаяды, бұлшық еттердің өзара сәикес жұмыс істеуі төмендеиді.Бұлшық еттермен сіңірлердің созылуы,жыртылуы,үзілуі байқалады, буындардың жұмыс аясы кемиді.
Иілгіштік қабілеттің нашар болуы, созылып тұрған бұлшық еттердің қайта жиырылу кезіндегі жұмсайтын күшін көбейтеді, сөйтіп күшті үнемдеу азаяды, орындалатын жаттығу түрінің дәлдігі азаяды. Әр спорт түрінің өзіндік жарыс ерекшелігіне байланысты орындалатын қозғалыстардың биомеханикалық ерекшелігі болады. Мысалы, қайық ескекшілер үшін арқа, омыртықа, иық, тізе буындарының қозғалмалылық қабілеті, коньки тебушілер мен желаяқтардың жамбас, тізе, тобық буындарының, шаңғышыларға-иық, жамбас, тізе, тобық буындарының; суға жүзушілерге-иық, аяқ буындарының иілгіштік қабілеттері басты жұмыс атқарады.
Иілгіштік қабілеті екі түрге бөлінеді. Өзіндік иілгіштік-оған буындар қозғалысы қызметін атқарушы бұлшық еттердің көмегімен үлкен аяда қозғалыс жасау қабілетін айтады. Мәжбүрлік иілгіштік- бұл иілгіштік қабілет буындардың сыртқы күштер әсерінен үлкен аяда қозғалмалылық қабілетке ие болуын айтады. Мәжбүрлік иілгіштік қабілет өзіндік иілгіштік қабілеттен әрқашанда жоғары болады.
Иілгіштік қабілетке жақсы дамыған спортшыда, жарыс үстінде орындалатын қозғалыстарынан да жоғары иілгіштік қабілеті болуы мүмкін.Мұндай қабілетті артық иілгіштік қабілет деп атайды. Мәжбүрлік иілгіштік қабілет арқылы өзіндік иілгіштік қабілетті арттыруға болады, оған үйрету кезінде берілетін жүктеме мен қозғалыс түрлерін мұқият таңдап алу қажет.
Әр спорт түрінің ерекшелігіне қарай буындардың иілгіштік қабілетін сол спорт түрінде жиі қолданылатын қозғалыстар түріне бейімдеп дамытып отырады. Әр буындардың өз құрылысы ерекшеліктеріне байланысты қозғалыстың шекті мүмкіндігі болады. Кейбір жаттығуларды орындау кезінде буынның анатомиялық мүмкіндігінің 85-95.-нан, жоғары мөлшерінде
Жұмыс жасау, буынның жарақат алуына соқтыруы ықтимал.