Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»



бет56/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Жарысты өткізу.
Жарыс спорттық жетістіктерді көрсететін алаң адамдар жиналатын, көңіл көтеретін, демалатын, қызық көретін, әр түрлі сезімдерде болатын, спортшылар сыналатын, бағаланатын, біреулер жетістікке жетіп қуанатын, біреулер жеңіліп күйінетін жер болғандықтан оның дұрыс қазіргі кездің талабына сай болуына өте көп көңіл бөлінуі керек.
Жарыс өткізілетін жер өте сәнді безендірілуі, ашылу, жабылу салтанаты жақсы ойластырылып өткізілуі қажет. Адамдардағы патриоттық сезімді ояту үшін міндетті түрде ашылу, жабылу салтанаты кезінде мемлекеттің туы көтерілуі, мемлекеттің гимні ойналуы керек. Жарыстың жақсы өтуіне хабарлау, хабарлап отырған адамның дұрыс ойластырылған, нақты, сауатты сөздерінің сөздерінің де маңызы өте зор. Спортшылардың, төрешілердің, көрермендердің отыратын, жүретін, тұратын жерлерінің дұрыс ойластырылуы, алдын ала белгіленуі, оған жауапты адамдардың сол жерлердегі тәртіптілікті қатаң қадағалауы да маңызды мәселелердің біріне жатады. Спорт жарыстарында табыстардың болуы, төрешілердің өз төрелік жұмыстарын нақты орындауы, төрешілік терминдерді, қолмен көрсететін жестерді нақ, шұғыл орындауы, өз жұмыстарына жауапты қарауы да жарыс кезінде көзге көрініп тұрады. Өйткені көрерменннің көзіне спортшының қимыл-әрекетінен бірге төрешінің әрекеті де бірдей жасалынады. Сондықтан спортшының таза, қонымды спорттық формасымен бірге төрешінің де төрешілік киімі сәнді, таза, жақсы, жарыс талабына сай болуы қажет.
Жарыстың ашылу жабылу салтанатында сөз сөйлейтін адамдарды дұрыс белгілеу, олардың жарыс, спорт бағытында, негізгі өткізіліп жатқан спорт түрі жарысы, спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында орынды сөз сөйлеуіне де жауапкершілікпен құраған жөн. Концерттік бағдарламалар, спорт түрлерінен көрсететін көрсетілімдер де тиянақты ойластырылып, адамдар жалығып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Жақсы, салтанатты, мереке түрінде басталған жарыс, салтанатты, өсем, әсерлі түрде аяқталуы жабылуы қажет. Адамдар өткен жарыстан эсте-тикалық қанағат алып, жақсы көңілмен тарқағаны дұрыс болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет