Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт»


Сұраныс және оны беру уақыты



бет61/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#87340
түріДиплом
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3

Сұраныс және оны беру уақыты. Бұл бөлімде сұраныс қандай түрде, жарыс басталардан неш күн бұрын берілуі керек екені жазылады. Төменде сұраныс беру түрі көрсетілген. №4 бағанада күрес түрлеріндегі салмақ дәрежелері көрсетілді, ал жеңіл атлетика жарысы сұранысы болса жарыс жаттығулары түрлері, 100 м., ұзындыққа секіру, граната лақтыру – деп, көрсетіледі.
Жаттығу принциптері. Күреске үйреткен кезде жаттықтырушы саналылық, белсенділік, ұдайылық, көрнектілік, түсініктілік, білімді терең меңгеру сияқты дидактикалық принциптерді пайдаланады.
Саналылық. Күресті оқыту жемісті болу үшін онымен айналысам деушілер оған міндетті түрде қызығуы керек. Сондықтан жаттықтырушы жаттығу процесінде әрбір спортшы саналы түрде әрі белсенді қатысатындай етіп өткізуі тиіс. Бұл үшін олардың алдына міндет қойып, оны орындағанда не нәрсеге қол жететіндігін түсіндіру керек. Әдістерді үйреткенде оның қашан және қандай жағдайда орындалуы мүмкін екендігін, оны орындағанда қандай нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтуы қажет. Сонымен қатар спортшының алдына қойылған міндетті қайткенде орындап шыға алатындығын көрсетіп беруі керек.
Белсенділік. Палуанның белсенділік көрсетуі үшін әуелі ұзақ уақыт әрі көп күш жұмсауды қажет етпейтіндей қарапайым тапсырмалар беріп, содан кейін барып, оны бірте-бірте күрделендіре түсу керек. Ұстаз шәкіртінің тапсырманы орындауын ұдайы тексеру жолымен оның белсенділігін артыруы тиіс. Тапсырманы орындаған кезде ұстаз палуандардың өз бетімен еңбектенуіне және творчестволық іскерлік көрсетуіне көңіл аударады. Осылайша айқастың белгілі эпизодын жасап, оқытушы сол жағдайдан шығу жолын табуға ұсыныс жасайды. Егер балуандар дұрыс амалын тапса, олар жеткілікті дәрежеде белсенділік көрсетті деп есептеуге болады.
Көрнекілік. Үйреніп жатқан әрекеттерді үлгі ретінде көрсету сол әдіс жөнінде дұрыс түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл кезде ең бастысна көңіл аудару қажет. Ол үшін оқытушы әдісті көрсете тұрып, ең бастысы деп есептеген жеріне жаттығушылардың көңілін аударады. Әдістерді дәл көрсету керек. Әдіс қалай болса солай көрсетілетін болса, онда ол мұны жақсы меңгерген спортшының немесе фотосуреттерді, пленканы, т.б. пайдаланады. Палуанның қатесін көрсету үшін де осыларды пайдалану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет