Күш қабілеті. Балуандық өнерінде үнемі жеңіс тұғырынан көрінуі оның қандай дәрежеде күш-қуатын өз бетінше дайындағандығында болады. Қара күшпен, белдесу шеберлігі бір арнаға тоғысып келген кезінде ғана күрестің эстетикалық ажары көрермен назарына ілігіп жекпе-жек шығармашлық дәрежеге дейін көтеріледі. Сондықтан – күрес техниксы мен тактикасы, әдістемесі балуанға тән қасиеттер жиынтығы деуге толық дәлел бар. Бұл қасиеттерге жеке-жеке тоқталып өтсек, ең алдымен күш-қуатқа мән берген орынды.
Сіздерге бұрынғы тараулардан белгілі күш тек әдіс тәсілді қолдану кезеңінде ғана емес қорғану мен қарсы шбуыл, үдемелі, мезгілдік шабул тактикасындағы да негізгі балуан құралы. Сондықтан да мүшеміздегі бұлшық еттердің әрбір тобын жетілдіру ниеті мен арнайы спорттық жаттығуларды пайдалану және оларға анатомиялық тұрғыдан талдау жасау жатттығулары мен бапкерлер жұмысындағы теориялық сабақтың негізі болғаны дұрыс бағыт болмақ. Мұндай жаттығулар тобын спортта «атлеттер гимнастикасы» деп атайды. Балуандар жекпе-жектігіндегі шешуші роль атқаратын күш-қуат көзі бұлшық еттер қызыметі болып саналады, себебі, бұлшық еттер-тірек-қимыл аппаратының негізгі бөлігі. Мысалы, бұлшық еттің жекпе-жек белдесу кезіндегі бір сәттегі жиырылғыштық қасиеті арқылы қарсыласын кілемнен көтеріп кетуге, ол оның сіресу кезінде төрт тағандап кілемге жербауырлап қалу сәтінен байқау қиын емес. Сөйтіп күш-қуат көзі – бұлшық еттің негізгі атқаратын қызыметі миханиалық, егер бұлшық ет жиырлу кезінде дене бір орыннан екінші орныға ауысса динамикалық, ал бір сәт бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса статистикалық жұмыс деп аталады. көріп отырғандарыңыздай –бұлшық еттердің жоғарыдағы балуанның басты тірегі болатын факторлар. Олай болса бұлшық еттердің «жиырылғыштық» және «сіресу» қызыметін арнайы жаттығу мен күрделілендірмей күрес шешімдері болуда мүмкін емес. Адамның денесінің 600-ден астам қимыл-қозғалысты қамтамасыз ететін бұлшық еттер бар. Олардың негізгі күш-қуаттқа тікелей қарастылары сүйектерге жабысып тұрады, оның екі ұшы негізінде тарамас сіңір арқылы сүйеке бекиді. Спорт өнерінің жеке түрлеріне байланысты адам денесіндегі бұлшық еттердің орналасуына қарай жаттығу кезеңінде арнайы дене жаттығулары сұрыпталынуы керек. Мысалы, балуандық өнеріне машықтанушылар үшін негізгі бұлшық ет жаттығу қолдың, аяқтың бұлшық еттерін шынықтыруға арналады.
Шымыр болу үшін шыңдалуды қажетсінетін қолдың бұлшық еттерді иық белдеуінің тарамдары немесе дельта тәрізді, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырын асы, тоқпан жілік, білектің, шыбық жілік бұлшық еттері, аяқтың бұлшық еттері –мықым-бел, жамбастың, бөкскнің үлкен, санның, балтырдың бұлшық еттері. Күрес барысындағы күрделі дене қимылдарын биохимиялық түсінен арқылы жаттығу барысында талдау шәкірттердің дене күшінің, ептілік,шыдамдылық, ширақтық және жекпе-жек кезіндегі нерв жүйесі қызыметінің қалыптасу жолдарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Мысалы, қарсыласын қапсыра құшақтап көтеріп алған сәтте дене ауырлығы және қарсыласының салмақ ауырлығы әсерінен арқаның төрендігі бұлшық еттері, жамбас сан бұлшық еттері, бөксенің үлкен бұлшық еті, санның артқы топ бұлшық еттері, әсіресе үш басты бұлшық еттер қатайып жиырылады. Қарсыласын көтеріп алып кілем ортасына бет алған кезде аяқ бұлшық еттерінің жұмысы өзгереді де, ол динамикалық сипатқа ие болады. Балуан тұлғасы мен қол бұлшық еттерінің статистикалық жұмыс күші осы сәтте жайбарақат уақыттатғыдан 10-даған есе күші арта түседі. Жас адамдарға шамасына қарай ауырлықты кеудеге дейін, бастан асыра көтерудің ешқандай зияны жоқ.
Қол бұлшық еттері жақсы ширланған балуандардағы сәті шабулға іліп лақтыру, үйрену, жамбастан асыра тастың, кеудеден асыра шалқалай лақтыру әдістерін орындау өте сәтті шығады. Жаттығушы шәкірттердің тірек-қимыл аппаратындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін биохимиялық заңдылықтрды негізге ала отырып жаттығу барысында жүйелі талдау, балуан денесі мүшелері мен бөліктерінің бір-біріне өзара әсері мен қатынасының дұрыс қалыптасуының тәжрибелегі мән-маңызы мен пайдасын ашады. Күрес өнерін меңгерушілерге тән күш-қуат пен оның өзіне тән тұлғасы мен сымбаты яғни жекпе-жекте күнделікті жүріс-тұрыста белгілі бір күй болатыны анық. Бапкер-тәрбиесі мақсаты тек жарыста өз шәкіртінің алдынғы орынды иеленуімен шектелмесе керек. Олар тек кілем үстінде жұлқыласып, арпалысуды ғана білмей-омыртқа бағанасының, кеуде қуысы пішінің аяқ-қол сүйектерінің және жалпы бұлшық еттер қызыметінің жетілуіне байланысты, әрбір күрес өнерімен машықтанушылардың жеке басын сипаттайтын дене құрылысы-сымбаттылыққа тән екендігін шығармауы керек. Мысалы, күш-қуатты асыруды ғана мақсат етіп, дене тәрбиеесіне көңіл бөлмеген шәкірттерде нашар сымбат қалыптасады, жүріс-тұрысы дене қозғалысымен жараспайтын кезеңге душар болуы мүмкін. спорт тек қана жеңіс емес өте дұрыс сымбат, сымға тартқандай түзулік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет басшысы мен үкімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың денсаулығына, дене мәдениетінің қалыптасуына, дене сапаларының үнемі дамытуға дене мәдениетінен білім алуды одан әрі жетілдіруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу арқылы көңіл бөле бастады. Соған орай мемлекетте дене мәдениеті және спортты дамытуға және жетілдіруге байланысты бірнеше Қаулылар, Жарлықтар, Заңдар, нұсқаулар қабылданды. Соның бір айғағы ретінде Президенттік тест нормативтерін атап көрсетуге болады.
Президенттік тест нормативтері кешенінде республика халқының дене сапаларының әзірлігін көтеруде, дене мәдениетін қалыптастырып одан әрі жетілдіруде, дене тәрбиесінің рөлі мен маңызына айрықша мән беріледі, оларды мектеп өміріне еңгізудің негізгі шаралары көрсетіледі, оқушылар арасында дене мєдениетін одан әрі дамытудың айқын жолдарын белгілейді.
Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі
ұжьмы мектеп директоры мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің (оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы және олардың белсенді көмегі болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы төмендегідей міндеттерді
атқарады.
1. Дене тәрбиесі мен спортқа оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент сынамаларын тапсыруға даярлау.
Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру,
сабақ үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.
Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.
Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын, спорттың әр түрі бойынша төрешілерді және өзге де басқарушы белсенділерді даярлау.
Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады:
1) өз секцияларындағы оқу-спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша;
2) мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын кеңінен өрістету бағыты бойынша.
Біріншіден, күрес спорт түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Жаттығу барысында спортшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функуионалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Екіншіден, спорттық күрестің тактикасы- қарсыласының техникалық, дене-күш жігерлік ерекшеліктерін есепке алып, бар мүмкіншіліктерін шебер пайдалануға мүмкіншілік береді.
Үшіншіден, жаттықтырушылар мен спортшылардың іскерлік қызметі арқасында спорттық күрес тактикасы үздіксіз дамып және байытылып келеді.
Төртіншіден, тактикалық шеберлерін техникалық, дене-күш және жігерлік дайындықпен тығыз байланысты.Балуанның техникалық шеберлігі жоғары және әртүрлі бейнелі болса ол өзінің сүиікті әдістерін орындауға бейімді, шабуылдау үшін жайдарлы сәтті іріктеуге жеңіл және оның шығармашылық мүмкіншілігі кең және тактикасы әртүрлі болады.
Бесіншіден, балуанның тактикалық мүмкіншілігі көбінесе оның дене - күш қабілеттілігімен анықталады. Жылдамдықты, күшті, ептілікті, шыдамдылықты, дамытудың жоғарғы деңгейі- осының барлығы спортшыға әрдайым жеңіске жетуге пайдалы жолдарын қарастырады. Кімнің ептілігі және жылдамдығы жақсы дамыса, күресті тұрақты шиеленістіруге, қарсыласын жиі шабуылдауға, сериялық техника және тактикалық әрекеттерден тұратын, кеңінен бақылаумен пайдалануға мүмкіншілігі болады. қозмалылық мөлшері буынның құрылысы ерекшелігіне, бұлшық ет пен сіңірлердің созылмалық ерекшелігіне байланысты.
Адамдардың буын құрылыстарының ерекшелігі бір- біріне өте ұқсас болып келеді. Баланың буын қозғалысы мүмкіндігі үлкен кісілерге қарағанда жақсы дамыған. Бала кезден бастап жаттығу арқылы буындардың қозғалу амплитудасын үлкейтіп отырса, онда иілгіштік қабілет үлкен жасқа кенлгенде де жақсы сақталады, себебі сүйек басындағы сіңір аумағы көлемді болып өседі. Иілгіштік қабілетті арттыруүшін бұлшық еттерді үнеиі созу арқылы буынның қозғалмалалық мүмкіндігін арттырады. Бұлшық етке созу жаттығуларын бермес бұрын оны қозғалыс жаттығулары арқылы жақсы қыздыру керек, олай болмаған жағдайда,бұлшық еттердің үзіліп немесе жыртылып кету қауіпі туады. Қыздырыну жаттығуын адамнан тер шыққанға дейінжүргізген абзал. Бұлшық еттің созылмалылығын ыстық температура, монша, массаж т.б.арттырады. Бұлшық еттерді созу жаттығуларын жүктемені біртіндеп арттыру арқылы орындатады. Иілгіштің өзіндік және мәжбүрлік екі түрі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |