Қозғалыс түрін жылдам ауыстырып орындату әдістемесі Бұл әдістеме бұлшық еттердің жұмыс қабілетінің тез ауысуы мен дәл және жылдам орындалуына бағытталады және бұлшық еттердің тез жиырылуы мен екіншісінің тез босауының арасындағы байланысты дамытады. Тәжірибе түрінде шеберлігі жоғары машықтанған балуанның бұлшық еттері, машықтанбаған адамға қарағанда жиырылуы мен бомауы жылдам болатындығы дәлелденген.
Күресшінің жалпы жылдамдық қабілетін арттыру жолдары Уақытты қысқарту әдістемесі Бұл әдістеме мақсаты белдесу уақытын қысқартып алады және қарсылас балуанға бірнеше ұпайды артық беру арқылы күрестіреді. Мақсат-арттық берілген ұпайды теңестіру және 1-2 минут ішінде жеңіске жету.