Ұжым кеңесі. Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерішң жалпы жиналысы 5 -9 адамнан ұжым кеңесін сайлайды. Кеңес бір жылға сайланып, ұжымның барлық жұмысына басшылық етеді. Дене тәрбиесінің мұғалімі кеңестің құрамына шешуші дауыспен енеді. Кеңес өз жұмысына мектептің ұстаздары мен жетекшілерін тартады. Кеңес өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Кенестің әрбір мүшесіне кеңес жұмысының қайсы бір саласына, мысалы, оқу-спорттық, үгіт-насихат, шаруашылық, көпшіліктік т. б. жұмыстардың біріне басшылық жасау тапсырылады. Кеңес мүшелері бұдан басқа сыныптардағы көпшіліктік жұмыстарды ұйымдастыруға бөлінеді.
Кеңес өзінің отырыстарына топтардың жетекшілерін, команда капитандарын, дене тәрбиесі белсенділерін шақыра отырып, үнемі жиналып тұрады. Кеңес мектеп директоры мен ұжым мүшелерінің жалпы жиналысының алдында жылына кемінде екі рет өз жұмысы туралы есеп береді. Кеңестін есепті баяндамасы жылына бір рет педагогикалық кеңесте тыңдалады. Кеңес бір жыл бұрын өз жұмысы туралы алдағы жылға жоспар жасайды. Жоспар мектептің жылдық жоспарымен байланыста жасалады және оның жеке бір бөлімі ретінде енеді.
Секция — дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды бөлімі. Дене тәрбиесі ұжымының барлық оқу-спорттық жұмысы спорттың жеке түрлері бойынша түзілген секцияларда құрылады. Секция белсенділері мүғалімнің және мектеп кеңесінің (оқушылардың) көмегімен және басшылығымен спорттың сол түрінен көпшіліктік жұмыстар жүргізеді.
Оқушылардың секциялардағы спорттың қай түріне қызығшылығы болуы негізінде оқу және тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Секция дене тәрбиесі оқу сабақтары бағдарламасының материалдарын оқушылардың жақсы және тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Секцияларда дене тәрбиесінің мұғаліміне көмектесе алатын дене тәрбиесі белсенділері даярланады. Сондай-ақ Президенттік сынамалар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Секция мектеп дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды ұйымдастырушысы және оқытып-үйрету буыны болып табылады.
Дене тәрбиесі ұжымында қандай секциялар ұйымдастырылады? Мектеп дене тәрбиесі ұжымында бірінші кезекте қандай секцияларды ұйымдастыруға болады? Мектептер тәрбиесіне сүйенсек, жеңіл атлетика, гимнастика, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, велосипед спорты, коньки, шаңғы тебу, ату спорты, жүзу, өлкетану бойынша секциялар жетекші орында болуы керек. Гимнастикалық залы жоқ ауыл-селолық мектептерде шаңғы спортының, жеңіл атлетиканың, спорттық ойындардың, жүзудің, коньки тебудің және велосипед спортының дамуына ерекше мән беру керек.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жүзеге әлі толық аспай келе жатқан маңызды кұралы өлкетану жұмыстары болып табылады. Осы айтылғандардан қандай секцияларды ұйымдастыруға болады деген мәселені әр мектеп өз мүмкіндік жағдайына қарай шешеді.
Секцияны ұйымдастырғанда мектепте оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасалынған ба, жоқ па, осыны анықтап алу керек. Мұндай қажетті жағдайларға жататындар: спорттың сол түріне қызығатын оқушылардың жеткілікті тобының болуы, сабақ өткізілетін орынның және қажетті спорт жабдықтардың болуы, сабақтардың әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етілуі. Секциялар мектеп орналасқан жердің климаттық және географиялық жағдайын еске ала отырып ұйымдастырылады.
Спортты меңгерген оқушы өз жолдастарынан көш ілгері озып кетсе және мектеп секциясы оның одан әрі өсуін қамтамасыз ете алмаса, онда оны мүмкіндігіне қарай жас-өспірімдердің спорт мектебіне жіберген тиімді. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде де оқушы өз мектебінен байланысын үзбей, оның атынан жарыстарға қатысып, қоғамдық-нұсқаушы міндетін атқарып, ұжым кеңесінің жұмысына көмектесе отырып, мектептің дене тәрбиесі ұжымымен және жалпы мектеппен байланыста болуға тиіс.
Дайындық жұмыстары және секцияны ұйымдастыру. Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).
Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |