Орындаған Уразимбетов А.Б.
Ғылыми жетекшісі
техн.ғ.к., доцент Жунусова Л.Х.
Алматы 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ Ошибка! Закладка не определена.
БӨЛІМ 1 Электронды анықтамалықтардың (ЭА) жобалануы мен
жасалуының теориялық негіздері. 8
1.1.ЭА жобалау: Электронды анықтамалықтардың мәні, кезеңдері, мазмұны,
құрылымы. 8
1.2 Электронды анықтамалықтарға қойылатын техникалық талаптар. 19
БӨЛІМ 2. Электронды анықтамалықтардың жобалудың техникалық
құрылымы.. 2Ошибка! Закладка не определена.
2.1 Нысандық аймаққа талдау жасау 2Ошибка! Закладка не определена.
2.2 Электронды анықтамалықтарды жасау программалары 29
Қорытынды 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
КІРІСІПЕ
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқу материалын жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде ЖОО білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілуде. Электронды оқу материалы – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар оқытушыға көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Өйткені біздің электронды бағдарламалар – бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі. Сондай-ақ, оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.
Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыктарды" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АҚТ) меңгеру және жапай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АҚТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АҚТ құралдарының негізгі түрінің бірі элетрондық басылымдар болып табылады.
Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардьң өлшем
бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім
араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Білім саласында электрондық оқулықтарды дайындауда педагогикалық
мәселелері мен бағдарламалық құралдарды жасау мәселелері Г.К.Нұрғалиева, Ш.Т.Абишева, Б.Ахметова, А.С.Кадырова, Г.Кудебаева, А.Х.Накпаева, Н.М.Сагитова, А.И.Тажигулова, Н.Даумов, Ш.Х.Курмалина әр қырынан зерттелген.
Студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға
әдістемелік Е.Бидайбеков, Б.Бөрібаев, Е.Балапанов, Ш.Шекербекова еңбектерінде қарастырылған.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы еңбек нарығындағы кәсіби қызметті әр салалары үшін болашақ кәсіби мамандар даярлау процесі аспектілерін ашу бойынша бірқатар ғылыми зерттеу еңбектері бар. Ақпараттық қоғамдағы орын алған өзгерістер маңыздылығына өз еңбектерін арнаған ғалымдар: Т.Галиев, И.Куроносов, А.Ракитов, Д.Джусубалиева, К.Зуев және т.б. кәсіби даярлықты ақпараттандырудың ғылыми-теориялық және қолданбалы мәселерін Ш.Абдраман, Р.Бектұрғанова, Л.Шкутина, Я.Ваграменко еңбектерінен көруге болады. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолданылуы жайындағы ғылыми еңбектер арасынан Е.Балапанов, И.Высоцский, А.Коротков, Д.Матрос, М.Мәлібекова, И.Роберт, Г.Тәжіғұлова, М.Көккоз, А.Беляева еңбектерін бөліп қарауға болады. Білім саласында компьютерлерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктерін қарастырған ғылыми жұмыстар арасынан
А.Жолдасбеков, Л.Нефедова, Е.Полат, В.Рубцов, Ю.Астратов, И.Дробышеваның еңбектерін атауға болады. Бағдарламау тілдерін жоғары оқу орындарында оқытуға В.Криворучко, Н.Антонова және т.б. зерттеу жұмыстары арналған.
Жаңа ақпараттық технологияны білім беруде қолдану мен студенттердің жаңа ақпараттық технологияны қолдануға дайындығы, сондай-ақ студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселелері И.Богданова, С.Хузина, Н.Астафьева, И.Овчинникова, И.Марусева,
А.Смирнов, Г.Кручинина, С.Кариев, Б.Баймұханов, Т.Балықбаев, Д.Джусубалиева, К.Абдиев, С.Кеңесбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану В.Буцик, М.Огурцов, Н.Ладыженская, И.Мылова,
И.Богданова, Ю.Иванов, Т.Добудько, Т.Сергеева, Г.Брусницына, Т.Смыковская, В.Федорова, С.Хузина, В.Варченко, И.Ивакино, В.Пугач, Т.Ильина, С.Зайцева, И.Левченко және т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу
жұмыстары, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен, компьютердің бағдарламаланылуы динамикалық бейімделумен үйлесіп, оның тұтастығын сақтай отырып, оқу процесін жекелендіруге әсер етеді.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты интерактивті электронды анықтамалықтарды жасаудың программалы-құралдырын қолдануды үйрену және онымен жұмыс істеп дағдылану
Достарыңызбен бөлісу: |