Дипломдық ЖҰмыс 5В011600 «География»



бет2/3
Дата28.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#115469
түріДиплом
1   2   3
Бәсекеге қабілеттіліктің жалпы индексі

























Өмір сүру сапасының индексі




Өнімділік индексі




Инновациялық даму индексі




Индустриялық даму индексі








4 сурет. Бәсекеге қабілеттіліктің жалпы индексінің құраушылары

Ескерту – әдебиет негізінде автормен құрылған: [9]

2. Аймақтың өнімділігі индексі – еңбек өнімділігі субиндексі (labor productivity), аймақтың инвестициялық белсенділік индексі, аймақтағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп кәсіпорындарын үлестіру субиндексі (business density), адам капиталының болу индексі (human resources);

3. Инновациялық индекс. – ғылыми зерттеулер мен зерттемелерге кеткен жалпы шығындар (жалпы шығындардағы % үлес), технологиялық инновацияға кеткен шығын, ақпараттық технологияға кеткен шығын (жалпы шығындардағы % үлес), жоғары деңгейлі ІТ мамандарының саны (жалпы жұмыспен қамтылғандар үлесіндегі %-ы), бизнес құрылымдардың ғылыми зерттеулер мен зерттемелерге жұмсайтын шығындары, технология мен құрал-жабдық импортының көлемі, өнеркәсіп шығарылымындағы жетілдірілген өнім көлемі, экспорттағы жоғары технологиялық өнімнің үлесі;

Атап өтетін мәселе бұл инновациялық индекстің компоненттері 2007 жылдың өзінде 2005 жылғы деректермен есептелгенде жарты көрсеткіш бойынша мәлімет тапшылығына кез болған. Нәтижесінде, инновациялық субиндекс тиімділігін түпнұсқадағы модельмен салыстырғанда тиімділігін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан инновациялық субиндекс статистика комитетінің өзекті көрсеткіштерімен ауыстыру ұсынылады.

4. Аймақтың инфрақұрылымдық даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіш (индекс) – аймақтың кәсіпорынларында негізгі қорлардың болуы; құрылысқа тартылған инвестициялық көрсеткіш (субиндекс); орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші (субиндекс); қатты жабынды автокөлік жолдарының тығыздығы, темір жол тығыздығы.

Атап өтетін мәселе инфрақұрылымдық даму индексі ҮИИДМБ мақсатты параметрлеріне сәйкес (өнеркәсіптік өнім (тауар, қызмет) өндірісінің көлемі, оның өсімі, өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлемдегі өңірлердің үлес салмағы, оның республикалық өнімдегі үлесі, ЖАӨ-дегі үлесі, өңдеу өнеркәсібі өнімі, оның өсімі, оның республикалық өнімдегі үлесі, ЖАӨ-дегі үлесі, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігімен толықтырылды (зерттеудің жаңалығы). Бұл көрсеткіштер индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде индустриялық құраушының мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес таңдалды. Нәтижесінде инфрақұрылымдық индекс индустриялық индекске кеңейтілді де индустриялық даму индексі деп атау ұсынылды (3-кесте) [10].



3-кесте

Инновациялық даму индексін есептеу үшін қолданылатын көрсеткіштердің қолданыстағы және ұсынылатын нұсқасы

Қолданыстағы модельдегі инновациялық индексті құраушы көрсеткіштер

Инновациялық индекс (жаңартылған модель)

Ғылыми зерттеулер мен зерттемелерге кеткен жалпы шығындар (жалпы шығындардағы % үлес)

Ғылыми зерттеулер мен конструкторлық әзірлемелерге кеткен ішкі шығындар

Технологиялық инновацияға кеткен шығын

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер орындаған ұйымдар

Ақпараттық технологияға кеткен шығын (жалпы шығындардағы % үлес)

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелермен айналысушы персонал

Жоғары деңгейлі ІТ мамандарының саны (жалпы жұмыспен қамтылғандар үлесіндегі %-ы)

Инновация саласындағы белсенділік

Бизнес құрылымдардың ғылыми зерттеулер мен зерттемелерге жұмсайтын шығындары

Инновациялық өнім көлемі

Технология мен құрал-жабдық импортының көлемі

Өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар

Өнеркәсіп шығарылымындағы жетілдірілген өнім көлемі

Өндірілген инновациялық өнім көлемі

Экспорттағы жоғары технологиялық өнімнің үлесі

Өткізілген инновациялық өнім көлемі

-

Жаңа немесе едәуір жетілдірілген тауар мен қызмет енгізген кәсіпорындар саны

-

Құрылған және пайдаланылған жаңа технологиялардың және техника объектілерінің саны

-

Жаңа технологиялар мен техника объектілерін құрған және пайдаланған кәсіпорындар саны

Ескерту – автормен құрастырылған

Қайнар көзде саналған есептеулерде «Қазақстан аймақтары» статистикалық жинағының, мәліметтері қолданылды. Алайда «Қазақстан аймақтары» жинағының шығарылым периодтылығы сондай – ол бір жылға кешіктіріліп әзірленеді. Қол жеткізілген ең соңғы статистикалық деректер есептеледі. Ағымдағы жағдай бойынша Статистика комитетінің әзірлейтін ресми деректері, оларды әзірлеу әдістемесі өзгергенін атау қажет. Бұл өз кезегінде мәліметтерді жинақтауда қиындықтарға әкелді(4-кесте).



4 - кесте - Индустриялық даму индексін есептеу үшін қолданылатын көрсеткіштердің қолданыстағы және ұсынылатын нұсқасы

Инфрақұрылымдық индекс (базалық модель)

Индустриялық индекс (ұсынылатын модель)

Аймақтың кәсіпорынларында негізгі қорлардың болуы

Аймақтың кәсіпорынларында негізгі қорлардың болуы

Құрылысқа тартылған инвестициялық көрсеткіш

Құрылысқа тартылған инвестициялық көрсеткіш

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші (субиндекс)

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші (субиндекс)

Қатты жабынды автокөлік жолдарының тығыздығы

Қатты жабынды автокөлік жолдарының тығыздығы

Темір жол тығыздығы

Темір жол тығыздығы

-

Өнеркәсіптік өнім (тауар, қызмет) өндірісінің көлемі

-

Өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлемдегі өңірлердің үлесі

-

Өнеркәсіптік өндірісінің нақты көлемінің индексі

-

Өңдеу өнеркәсібінің республикалық көлемдегі өңірлердің үлесі

-

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің ЖАӨ-дегі үлесі

-

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі

-

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемінің индексі

-

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

Ескерту – автормен құрастырылған

Аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің рейтингісін құрайтын көрсеткіштерді жеке-жеке талдасақ, халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын индекс базалық модельге сәйкес келесі көрсеткіштерден тұрады(5-сурет):



5-сурет - Халықтың өмір сүру деңгейі индексін құраушылар Ескерту – әдебиет негізінде автормен құрастырылған: [11]

Өмір сүру индексін есептеу үшін қолданылған статистикалық мәліметтер 6-суретте келтірілген.

6- сурет - Халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштері бойынша мәліметтер Ескерту – автормен құрастырылған.



4-кесте мәліметтері бойынша халықтың төмен өмір сүру сапасы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында байқалады. Бұл халықтың жоғары тығыздығы мен инфрақұрылымының сәйкессіздігімен түсіндіріледі (сәйкесінше индустриялық даму индексінде есептелді) (5-кесте).

5 -кесте



Аймақ бойынша халықтың өмір деңгейінің көрсеткіштері

Облыс

Ж.б.ш. ЖАӨ индек-сі

Халық-тың сатып алу қабілет-тілігі индексі

Жұмыс-сыздық деңгейі индексі

Кедейшілік көрсеткіші (индексі)

Халықтың тұрғын-үймен орташа қамсыз-дану индексі

Халықтың дәрігерлер мен аурухана төсек-орнымен қамтылу индексі

Өмір сүру деңге-йінің жиын-тық индек-сі

Ақмола

0,03

0,46

0,57

0,37

0,48

0,52

0,41

Ақтөбе

0,19

0,75

1,00

0,72

0,37

0,45

0,58

Алматы

0,16

0,64

1,00

0,72

0,12

0,00

0,44

Атырау

0,50

0,24

0,86

0,48

0,36

0,35

0,46

БҚ

0,19

0,37

0,71

0,41

0,29

0,54

0,42

Жамбыл

0,02

0,22

0,57

0,46

0,00

0,28

0,26

Қарағанды

0,34

0,89

0,86

0,72

0,56

0,64

0,67

Қостанай

0,10

0,52

0,57

0,61

0,49

0,33

0,44

Қызылорда

0,11

0,36

0,57

0,43

0,32

0,53

0,39

Маңғыстау

0,20

0,17

0,14

0,61

0,37

0,30

0,30

ОҚ

0,23

0,00

0,14

0,00

0,42

0,15

0,16

Павлодар

0,14

0,64

0,86

0,81

0,58

0,66

0,62

СҚ

0,00

0,49

0,71

0,20

0,42

0,59

0,40

ШҚ

0,23

0,53

0,71

0,65

0,31

0,62

0,51

Астана қ.

0,44

0,57

0,14

1,00

1,00

1,00

0,69

Алматы қ.

1,00

1,00

0,00

0,98

0,99

0,88

0,81

Ескерту – автормен құрастырылған

Көшбасшы орында Алматы қаласы, ол шағын және орта кәсіпкерліктің ошағы болып табылады. Сәйкесінше өңдеуші саласы жақсы дамыған. Өнеркәсіп (өңдеу) көрсеткіштері толығырақ индустриялық даму индексінде қарастырылды.

7 -сурет - Халықтың өмір сүру индексі (ескерту – автормен құрастырылған)



7-суретте аймақтар бойынша есептелген өмір сүру индексінің нәтижелері келтірілді. Халықтың өмір сүру деңгейі Алматыда жоғары деңгейде (0,80 баллға жетті). Мұнда барлық құраушы элементтер бойынша жоғары көрсеткіштер есептелді.

Алматы қаласынан кейін Астана қаласында (0,69) жоғары өмір сапасы есептелді. Бірақ мұнда ж.б.ш. ЖАӨ төменірек, жұмыссыздық жоғарырақ, халықтың сатып алу қабілеттілігі төменірек [12].

Өмір сүру сапасының ең төмен деңгейі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Оған сатып алу қабілеттілігінің ең төмен деңгейі мен кедейшіліктің жоғары деңгейі әсер етті(8-сурет).

8-сурет - Аймақ өнімділігінің бәсекеге қабілеттілігі индексі Ескерту – әдебиет негізінде автормен құрылған.



9-cурет - Аймақтың өнімділігі бойынша мәліметтер



Аймақтардың өнімділігі бойынша республика бойынша максималды көрсеткіштердің өзі орташа деңгейде екенін тұжырымдауға болады. Дегенмен алдыңғы орындарды Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары алады. Мұнда аймақ өнімділігінің жекелеген құраушылары, сонымен қатар инвестициялық белсенділік, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кәсіпорындарын үлестіру (Солтүстік Қазақстан) және адам капиталы көрсеткіштері (Оңтүстік Қазақстан) ең жоғары мәнге ие болып отыр. Алматы облысында өнімділік индексінің жоғары болу себебі ауыл шаруашылық және өнеркәсіп кәсіпорындарының көптігімен, сонымен бірге экономикалық белсенді халықтың болуымен (бұл көрсеткіш адам капиталы көрсеткішіне кіреді) түсіндіріледі [13].

2. Қызылорда облысы халқының қазіргі жағдайын бағалау мәселелері

2.1 Қызылорда облысы халқының өмір сүру сапасын зерттеу

Қазақстан Республикасында әлеуметтік және экономикалық жағдайдың қалыптасу барысының, халықтың өмір сүру деңгейін зерттеудің өзінше даму тарихы бар. Елімізде алғаш болып әлеуметтік сала проблемаларын зерттеп, ғылыми еңбектер жазған экономист-ғалым, профессорлар Т.А. Абдразакова, С.Б. Баишев, Я.А. Аубакиров, А.К. Закумбаевалар болса, ал өмір сүру деңгейі

мен адам факторының дамуын мемлекеттік деңгейде жетілдіруге өз зерттеулерін арнаған ғалымдар қатарына А.Қ. Қошанов, О.Б.Баймұратов, Ж.О. Ихданов, М.Б. Кенжегузин, С.Х. Берешев, М.К. Мельдеханова, Х.Н.Сансызбаева, Р.З. Жалелова, Ю.К. Шокаманов С.Н. Гайсин, Б.Л. Татибеков, К.С. Мухтарова, Т.М. Рогачена, П.Б.Исахова және тағы басқаларды атауға болады.

Өмір сапасы, кең мағынасында алғанда - өмір ағымындағы адам қызметі мен жағдайларының алғышарттары болып табылатын биологиялық қажеттіліктері мен рухани мүдделерінің бірлігінен тұратын жүйелі ұғым десе де болады. Тар мағынасында алғанда, салыстырмалы түрде ұсынылатын заманауи талаптардың қойылған шарттарының тікелей өмір сүруге қатысты деңгейлері.

Себебі, «сапаның» өзі біріншіден, заман ағымына байланысты өзгеріп отырады, екіншіден, ол бәрібір басқа мемлекеттердегі жағдайлармен барып салыстырылғанда ғана толық ашыла түседі. Әлемдік өркениет ілгерілеген сайын өмір сапасына қойылатын талаптар да күшейе түседі, заманауи техника мен ғылымның жетістіктерінің адамзатқа қызмет етуі тиістілігі жән қаншалықты деңгейде қызмет етіп отырғандығы өмір сапасын жаңа белестерге ұмтылдырады. Бұл әрбір мемлекеттегі дамудың деңгейімен де байланысты болып келеді.

Сондықтан, өмір сапасының өзі дамушы мемлекеттердегі саяси- экономикалық жағдайлар мен дамыған елдердегі осындай жағдайларға да тікелей қатысты, осыдан, тұрмыс қалпының сапалы деңгейін өркениетті мемлекеттер өзгелер үшін идеалға айналдырады.

Бірақ осы тұста өмір сапасының идеалдандырылуы мен ұмтылатын басты

құндылық деп есептелуі және оған қарсы көзқарастар бар екендігін атап өткіміз келеді. Өмір сапасын жақсарту және оған деген шексіз ұмтылыс адамзаттың гедонистік мүдделерінен туындайды, яғни, адамның тәндік және рухани ләззат алуы, биологиялық, психологиялық, рухани қажеттіліктерінің табиғи мөлшерлерін қанағаттандырып қою ғана емес, адамзат өзі тудырған жаңа талаптарды да қоса қамтып отыруды көздейді. Сондықтан да ол ұмтылыс шексіз және заманға байланысты салыстырмалы болып келеді. Мысалы, ол техника жетістіктерін пайдалануда анық байқалады: бос уақытты көбейтуге ұмтылуда, физиологиялық жағынан күш шығындамауда, тіпті есте сақтауға салмақ түсірмейтін компьютерлік жүйелерді пайдалануда т.б. тұрмыстың сапалылық өлшемі болып белгіленеді.

Ал бұған қарсы бағыт ұстанушылар, өмір сапасын арттыруды тежеуді қолдаушылардың өзі бірнеше дүниетанымдық бағдарлар арқылы жіктеле береді: діни, антисциентистік, антитехницистік, экологияшылдар, жасылдар козғалысы т.б. Мысалы, көптеген діндерге ортақ аскеттік өмір кешу идеалын

ұстанатындар: исламдағы сопылар, буддизмдегі, христиандықтағы монахтар,

дәруіштер т.б. өмір сапасы мен тұрмыс деңгейінің ең төменгі шарттарымен қанағаттануды қолдайды және өздері де оны талап етпей өмір сүру шарттарын ұстанады. Немесе, 1970 жылдары Рим клубының өкілдері ұсынған «Өсудің шегі», «Нольдік өсім» сияқты теорияларда.

Жер планетасындағы табиғи ресурстардың шектеулілігіне, осыншама адам санын планетамыздың асырай алмауы қаупіне байланысты адамзат өзінің экономикалық-өркениеттілік өсуін саналы түрде шектеу қажеттігі, сол сәтте адамның тұтыну мөлшері де азаятындығы туралы пікірлер айтылады. Міне, осы тұста, адам өмірінің сапасының шексіз емес, белгілі бір дамудың көрсеткіштерінде шектелуі тиіс екендігі туралы тұжырым өздігінен туындайды.

Дегенмен, қазіргі адамзат өркениеті мен мемлекеттер ұстанып отырған әлеуметтік саясат өмір сапасы мен халықтың күн көріс деңгейін арттыра түсуді,

тіпті, оның бәсекелестік жағдайында болуын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері баршаға қолжетімді болуын қалап отыр және соған ұмтылу үстінде. Сонымен қатар, тұрмыс сапасына күннен-күнге жаңа талаптар мен бұрынғы таалптардың жаңа деңгейлері келіп қосылып жатыр десе де болады.

Бірақ белгілі бір қалыптасқан өлшемдер жүйесі бар екендігін де атап өтуіміз керек. Сонымен қазіргі заманғы өмір сапасына қандай белгілер кіреді және оны қалай топтастырып түсінуге болады деген сауал қойылады.

Кейбір зерттеушілер өмір сапасын анықтаудың екі түрлі идикаторларын ұсынады: обьективті және субьективті. Обьективті индикаторының өзін екі бөліп қарастырады: табиғи және әлеуметтік. Субьективті индикаторларды когнитивтік (өмірге жалпы қанағаттанушылықты бағалау және өмірдегі әр түрлі саладағы қанағаттанушылық) және сезімдік.

Сондай-ақ, оны жалпы белгілері бойынша топтастырып көрсететін көзқарастар да бар. Макрокөрсеткіштер: халықтың номиналды және реалды

жалақылары, демографиялық көрсеткіштер, жұмыс аптасының ұзақтығы, бос

уақыт, инфляцияның деңгейі, ішкі жалпы өнім т.б. Микрокөрсеткіштер: жанұя мен жеке адамды қанағаттандыруды білдіретін негізгі қажеттіліктер.

Өмір сүру деңгейі категориясының мәнінің бейнеленуін сипаттауы бойынша: тікелей - өмір сапасына тікелей қатысты нәрселердің өлшемі, мысалы, негізгі азық-түлік өнімдерінің тұтыну деңгейі т.б.; жанама – тікелей әсер етпейтін жағдайлар мен шарттар, мысалы, демографиялық жағдай.

Қажеттіліктер бойынша қойылған жіктеулер былайша басшылыққа алынады, оның ішінде үшеуі негізгі нысанға қойылады: физикалық қажеттіліктер, рухани (интеллектуалдық қажеттіліктер, әлеуметтік қажеттіліктер. Сондай-ақ, бұларды іргелі жеті топқа жіктеп барып түсіндіретін пікірлерді де мысалға алуымызға болады:

1. Халықтың сапасы; репродуктивті жағдайларға байланысты - туу мен өлім саны, ауру мен мүгедектік, күтілетін өмір ұзақтығы; жанұяны құру мен сақтау - неке мен ажырасу көрсеткіштері; білім беру мен мамандану деңгейі - қол жетімді білім деңгейі, ондағы адамдардың үлес салмағы т.б.

2. Әл-ауқат. Әл-ауқаттың материалдық жағы кірістерді, тұтыну мен халықтық жинақтар, оның көлемі, ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар және мүлік пен басқа да материалдық құндылықтардың қордалануы, макроэкономикалық жағдайлар, тұтынушылық құнының индексі, жұмысыздық пен кедейшілдік т.б.

3. Халықтың өмір сүру шарттары. Ол тұрғын үй, денсаулық сақтаумен қамтамсыз етудің мығымдылығы, білім беру мен мәдениет, бос уақыттың тиімді пайдаланылу жағдайлары, әлеуметтік және географиялық мобильділік т.б.

4. Ақпараттарға қол жетімділік. Ақпараттық инфраструктура мен телекоммуникацияларға деген мүмкіндіктердің болуы (ақпараттық ресурстар, интернет-технологиялар, ұялы байланыстар т.б.)

5. Әлеуметтік қауіпсіздік. Еңбек шарты, әлеуметтік қамсыздандырылу мен әлеуметтік қорғалулар, физикалық және мүліктік қауіпсіздік т.б.

6. Қоршаған ортаның сапасы. Ауа кеңістігінің бүлінуі, су қорының ластануы, топырақ сапасының қалыпты еместігі т.б. жергілікті халыққа тікелей қатысты жағдайлар.

7. Табиғи-климаттық жағдайлар. Форс-Мажорлық ахуалдарға сәйкес келетін өзіндік ерекшеліктер (су тасуы, жер сілкінісі, дауылдар мен басқа да табиғи апатты құбылыстар)


2.2 Қызылорда облысындағы халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштерін талдау

Халықтың өмір сүру сапасы негізінен демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерден тұрады. Демография - халықтың санын, құрамын (жыныс, жас шамасы) және халықтың ұдайы өсуі мен оның даму заңдылығын зерттейтін ғылым.

Зерттеліп отырған аймақтың демографиялық жағдайы осы аймақтағы халық саны, туу коэффициенті, өлім - жітім коэффициенті, табиғи өсім, халықтың көші - қоны сияқты көрсеткіштермен анықталады.

Халық саны әр он жыл сайын жүргізіліп отыратын халық санағы арқылы анықталады. Санақ арасындағы жылдарда халық санын ағымдағы бағалау халық санағының қорытындылары негізінде, оған жыл сайын туғандар саны мен осы аумаққа келгендердің санын қосып және өлгендер мен осы аумақтардан кеткендердің санын шығарып жүргізіледі.

Туу, өлім, неке және ажырасу туралы мәліметтер азаматтық хал актілерін жазу органдары толтыратын туу, өлім, некеге отыру және бұзу туралы актілердегі жыл сайынғы статистикалық деректер негізінде әзірленеді. Туғандар санына тек қана тірі туғандар енгізіледі. Табиғи өсім бір жылда туғандар мен өлгендер санының айырымына тең(6-кесте).

6-кесте.

Қазақстан Республикасының халық саны 2011-2017 жж.(мың адам) [14].



Жылдар

Барлық халық, мың адам

Соның ішінде

Барлық халыққа пайызбен (пайыз)

Қала халқы

Ауыл халқы

Қала халқы

Ауыл халқы

2013

16451,7

9404,0

7047,7

57,2

42,8

2014

16426,5

9343,2

7083,3

56,9

43,1

2015

16334,9

9162,6

7127,3

56,1

43,9

2016

15956,7

8884,4

7072,3

55,7

44,3

2017

15675,8

8730,3

6945,5

55,7

44,3

2011

15780,6

8635,2

6845,5

55,8

44,2

2012

15188,2

8499,4

6688,8

56,0

44,0

2013

14955,4

8414,5

6540,6

56,3

43,7

2014

14901,6

8397,5

6504,1

56,4

43,6

2015

14856,6

8413,4

6452,2

56,6

43,4

2016

14851,1

8429,4

6421,7

56,8

43,2

2017

14866,8

8457,1

6409,7

56,9

43,1

2011

14951,2

8518,2

6433,0

57,0

43,0

2012

15074,8

8614,7

6460,1

57,1

42,9

2013

15219,3

8696,5

6522,8

57,1

42,9

2014

15396,9

8833,3

6563,6

57,4

42,6

2015

15571,5

8265,9

7305,6

53,1

46,9

2016

15776,5

8395,1

7381,4

53,2

46,8

2017

16036,1

8607,5

7428,6

53,7

46,3

Халықты қалалық және ауылдық деп бөлу тұрған жері бойынша жүргізіледі, мұның өзінде қалалық қоныс болып, заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық санатқа жатқызылған елді мекендер (қалалар, қала типтегі кенттер, жұмысшы және курорт кенттері) есептеледі. Қалған барлық елді мекендер ауылдық болып табылады.

Халықтың жалпы саны туралы, сондай-ақ жас-жыныс құрамын сипаттайтын деректер тұрақты халық бойынша келтіріледі, оған санақ кезінде уақытша жоқ болғандарды қоса, осы аумақта тұрақты тұратын адамдар жатады.

Халық санағы барысында ұлты сауал сұралғандардың сөзінен жазылды, балаларының ұлты ата-аналар арқылы анықталды.

7- кестеде 2014 ж. республика халқының саны 15219,3 мың болса, оның ішінде облыста туылғандар саны 16156 адамды құраған, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1080 адамға (7,2%-ға) көбейген жалпы туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 24,25-тен 25,71-ге дейін құрап, өсті. 2016 ж. 346173 мыңға көбейген, ал ерлер арасында 2014 ж. 314903 мыңға жетіп, 2016 ж. 343576 мыңды құрап, әйелдерге қарағанда көрсеткіш жоғарылаған. 2015 жыл басы бойынша қызылордалықтардың жалпы саны алдын-ала деректер бойынша - 631,8 мың адамды құрады, оның ішінде 223,2 мың қалалық және 408,6 мың адам ауылдық. Қалалық тұрғындар үлесі 35,3%, ауылдықтар үлесі 64,6%-ы тиесілі. 2016 жылғы санақ бойынша республика халқы 15776,5 мың адам санын көрсетсе, оның ішінде Қызылорда облысы саны 641563 мыңды құраса, ауыл халқы тағы өсіп 419,3 мың адамды құраса, қала халқы – 227 мың адамға шығып, ауыл халқы - 414 мыңды құраған.

7-кесте.

Қызылорда облысының аудандар бойынша халық саны, мың адам (2009-2018 жж)




Қызылорда облысындағы халық саны 2018 жылғы 1 қыркүйекте 790,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 350,3 мың (44,3%), ауылдықтар - 440,2 мың адамды (55,7%) құрады. 2017 жылғы | қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 11,0 мың адамға немесе 1,4% өсті.

Туу дегеніміз - белгілі-бір аймақтағы бір жыл ішінде туғандар саны. Туудың жас коэффициенттері әрбір жас топтарындағы әйелдердің бала тууының бір жылдағы орташа деңгейін сипаттайды. Қазақстан Республикасы мен Қызылорда облысында халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау 2015-2016 жж. (айына орташа жан басына шаққанда,теңге)[15]. Олар осы жас топтарындағы әйелдердің бір жылда босанғандар санын ағымдағы бағалау нәтижелері бойынша алынған осы жастағы әйелдердің орташа жылдық санына бөлу арқылы есептелген. 20 жасқа дейінгі жас топтарының коэффициентін есептеген кезде бөлгіш ретінде 15-19 жастағы әйелдер саны алынады. 15-49 жастағы жас топтарының коэффициентін есептеу кезінде алымында, 15 жасқа дейінгі, сонымен бірге 50 жастағы және одан асқан аналардан туғандардың барлығы есепке алынады 2- сурет. Қазақстан Республикасы мен Қызылорда облысында халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау 2015-2016 жж. (айына орташа жан басына шаққанда,теңге) [16].

10-сурет. Соңғы 10 жылдық бойынша Қызылорда облысындағы халық санының динамикасы (2018 жылдың басына Қызылорда облысындағы халық саны)

10-суретте көрсетілгендей Қызылорда облысында халықтың ұдайы өсуі байқалады. Дегенмен аймақтағы халық саны соңғы он жылда 105мың адамға ғана өскен. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауымен түсіндіріледі.


8-кесте.


Қызылорда облысының аудандары бойынша халықтың туу көрсеткіштері,адам (2009-2018жж.)


АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-тамызында туылғандар саны 12578 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамызына қарағанда 0,1% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,96 туылғандарды құрады[17] (11-сурет).

11-сурет. Қызылорда облысындағы туылғандар саны, адам (2009-2017жж) [5]


Аймақтағы туудың көрсеткішінде соңғы бес жылда кему байқалады. Оған

себеп аймақтағы экологиялық жағдайдан туындаған әр түрлі аурулардың көбею((11-сурет).

Өлім - жітім дегеніміз - белгілі-бір аймақтағы бір жыл ішінде өлгендер саны. Өлім-жітімнің жас коэффициенттері әрбір жас топтарындағы өлімнің орташа деңгейін сипаттайды. Олар бір жылда осы жаста өлгендер санын ағымдағы бағалау нәтижелері бойынша алынған осы жастағы адамдардың орташа жылдық санына бөлуден жеке ретінде есептеледі. Өлім – жітім коэффициенті - белгілі-бір аймақтағы 1000 адамға шаққанда бір жыл ішінде өлгендер саны.
9-кесте.

Қызылорда облысының аудандары бойынша халықтың өлім-жітім көрсеткіштері, адам (2009-2018жж.)




Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2072 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымына қарағанда 7,1% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,30 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-маусымында облыста 1 жасқа дейінгі 74 нәресте өлімі тіркелді.

2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 6,3% азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 7,97% кұрады[18] (12-сурет).



12-сурет. Қызылорда облысындағы өлім-жітім көрсеткіштері (2009- 2017жж.)
Табиғи өсім - бір жылда туғандар саны мен өлгендер санының айырымына тең.

2018 жылғы қаңтар-маусымындағы облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 243 адамға немесе 3,5% артты, 7209тадамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,43 адамды құрады[19].

Соңғы он жылда Қызылорда облысындағы халықтың табиғи өсімі шамамен 13000 мен 15000 аралығында ауытқыды. 13 суретте көріп отырғандай аймақтағы халықтың табиғи өсімі 2009 жылдан 2014 жылға дейін өскенімен, 2015жылдан бер қарай табиғи өсім теріс мәнге ие.

13-сурет . Қызылорда облысындағы табиғи өсім көрсеткіштері (2009-

2017 жж.)
Көші-қон - адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де косуға болады[20].

Көшіп-қонушылардың түрған орны бойынша тіркеу ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы органдарына жүктелген.Халықтың көші- қоны туралы деректер Қазакстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелерінен келіп түсетін статистикалық есептің келу және кету талондары негізінде қалыптастырылады.

Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар- маусымындағы көші-кон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 17941 адам кетіп, облысқа 16349 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 4,1% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 1,0% азайған[21].

Алыс және жақын шет елдерге 20 адам (2017 жылғы қаңтар-маусымында - 9 адам), республиканың басқа облыстарынан 4046 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4509 адам келген болатын.

Облыстан 5631 адам немесе жалпы көлемнің 31,4% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-маусымында тиісінше 6875 адам немесе 38,0% кеткен болатын).

Алыс және жақын шет елдерге 27 адам, ал 2017 жылдың қаңтар- маусымында 22 адам көшті. Сырткы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-маусымында 1592 адамға, 2017 жылғы қаңтар-маусымында 2379 адамға кему қалыптасқан. Облыстың 12283 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-маусымында 1181 адам). Жалпы, облыста көші - қон айырымы теріс мәнге ие. Және бұл үдеріс жыл сайын артып келеді(10-кесте).

10-кесте.

Соңғы бес жыл бойынша Қызылорда облысындағы көші-қон көрсеткіштері, адам (2013-2017жж)



Көрсеткіштер

2013

2014

2015

2016

2017

Келгендер

10609

13083

15311

21650

30282

Кеткендер

12792

15620

18590

28321

34936

Көші-қон айырмасы

-2183

-2537

-3279

-6671

-4654

Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 27080 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 25184-і ТМД елдерінен, ал 1896-сы

алыс шетелдерден. Әкімшілік жолмен республика аумағынан 212 шетелдік шығарылды. Салынған әкімшілік айыппұл көлемі 9 млн 168 мың теңгені құрап, оның 8 млн 423 мың теңгесі, яғни 91,8% - ы өндірілді. Жыл басынан 10 мың 391 шетелдік азаматтың еңбегі заңдастырылды(14-сурет).

14-сурет. Қызылорда облысындағы көші - кон айырымы (2013-2017 жж.) 2018 жылғы 1 наурызға облыстағы халық саны 785,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 347,2 мың (44,2%), ауылдықтар - 437,9 мың адамды (55,8%) құрады. 2017 жылғы 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 11,4 мың адамға немесе 1,5% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 3141 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,8% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 24,62 туылғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда облысы халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 192 адамға немесе 8,6% артты, 2418 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,95 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 723 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 6,1% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,67 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда облысында 1 жасқа дейінгі 29 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,5% көбейды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,23% құрады.

2018 жылғы қаңтар-ақпандағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 6357 адам кетіп, облысқа 5953 адам келді. 2017 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 16,5%, ал облыстан кеткендер саны 27,2% азайған.

Алыс және жақын шет елдерге 9 адам (2017 жылғы қаңтар-ақпанда – 4 адам), республиканың басқа облыстарынан 1357 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1843 адам келген болатын.

Облыстан 1759 адам немесе жалпы көлемнің 27,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-ақпанда тиісінше 3439 адам немесе 39,4% кеткен болатын).

Алыс және жақын шет елдерге 11 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-ақпанда 7 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар- ақпанда 404 адамға, 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 1599 адамға кему қалыптасқан.

Облыстың 4587 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-ақпанда - 5284 адам) [22] (11-кесте).

11-кесте.

Экономикалық белсенді және белсенді емес халық (15 жастағылар және одан жоғары), мың адам.




2010 ж

2011 ж

2017 ж

2017ж экономиялық белсенділік деңгейі

70,5

71,9

70,2

Еңбекпен қамтылғандар

94,1

94,5

94,7

Жұмыссыздық деңгейі

5,9

5,5

5,3

Экономиялық белсенділіксіздіктің деңгейі

29,5

28,1

29,8

2.3 Қызылорда облысындағы халықтың өмір сүру сапасына экологияның әсерін талдау.

Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратын халықтың денсаулық жағдайындағы жайсыз беталыстардың өсуі тіршілік ету ортасының адам денсаулығының жағдайына теріс әсер ететінін көрсетеді. Жалпыға мәлім болғандай, халықтың денсаулығы қоршаған орта сапасының негізгі экологиялық өлшемі болып табылады, ал популяцияның денсаулық деңгейі әлеуметтік-экологиялық, медициналық-демографиялық және тағы басқа факторлардың күрделі кешенінің әсер етуімен айқындалады. Қызылорда облысында қалыптасқан күрделі экологиялық ахуал халықтың денсаулығына, оның ішінде демографиялық үдеріске де айтарлықтай әсер етіп отыр.

Қазіргі кезде Қызылорда облысының қоршаған орта жағдайына әсерететін мынадай экстремалды факторларды атауға болады:

1) климаттың құрғауы және судың аздығы;

2) ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі;

3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;

4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтарымен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы.

Ластанудың негізгі көзі болып, жер асты сулары мен топырақтың тұздануы, топырақ құнарлылығының нашарлауы салдарынан жыл сайын суармалы жерлердің 10-15 пайызы егіс айналымынан шығуда. 10875,5 мыңгектар ауыл шаруашылығы жерінің 4989,9 гектары тұзданған. Арал аймағының оңтүстік бөлігінің шөлді мекенге айналуына байланысты жайылым жерлердің 20-25 пайызы жарамсыз болып қалды.

Қазіргі таңда 172,2 мың гектар инженерлік тегістелген жерлердің 66,9 мың гектары қанағаттанғысыз жағдайда, оның ішінде 61, 12 мың гектары -жердің тұздануына, батпақтануына және басқа да себептерге, ал 0,8 мың гектары коллекторлық-дренаждық желінің ақауларына байланысты.

Негізгі су көзі - Сырдария өзені ең жоғарғы деңгейде ластануымен ерекшеленуде. Өндірістік, тұрмыстық-шаруашылық және коллекторлық-дренаждардың сулары осы ластаудың негізгі көзі болып отыр.

Облыс аумағына дейін Сырдария өзеніне 140 коллектрден лас су тасталады. Судың ластану индексіне сәйкес Сырдария өзені облыс көлемінде орташа дәрежеде ластанған су объектісіне жатады (3 класты сапа). Облыстың радиациялық фоны орташа есеппен 7-12 мкр/сағатты құрайды. Осындай ластанудың негізгі көздерінен осы өңірде өмір сүріп жатқан халықтың денсаулығын төмендетіп, ауру түрлерін ушықтырып отыр.

Демографиялық жағынан сөз қозғайтын болсақ, Қызылорда облысы республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда, халық санының көп болуымен, және соған орай ондағы экологияның тұрғындар денсаулығына әсер етуімен ерекшеленеді. Қызылорда облысында халық денсаулығына басым әсер етуші факторлардың әсерінен халық зардап шегуде. Яғни экологиялық жағдайдың шектен тыс ушығып, халықтың өмір сүру сапасын төмендетіп, кері әсер етуінде болып отыр.

Келесі зерттеудің өзектілігі халық денсаулығына әсер ететін факторларды шешуге бағытталған. Адам мен табиғаттың арасындағы қатынастардың эволюциясын зерттеген Сербия ғаымы Данило Маркович адамзаттың қоғамында табиғатқа деген қатынасты бірнеше кезеңге бөледі:

Бірінші кезеңде - адам табиғатты өзгертеді, сөйтіп «жаңа табиғат» жасайды, бірақ бірнеше ғасырлар бойы табиғатқа тәуелді биологиялық қауымдастықтың өкілі болып қала береді.

Екінші кезеңде - адамдардың табиғатқа әсерінің молдылығынан «жаңа табиғат» көлемі арта түседі. Адам табиғатқа араласу кезінде батыр қимылдаржасап, оның қожайыны болып сезіне бастайды. Адам үш ғасыр ішінде табиғатты өзгертуде жойқын күшке айналады.

Үшінші кезеңде - адам табиғатты өзгертіп, оның қоршаған ортамен ара қатынасының өзгеруі соншалықты, тіпті адам баласының өмір сүруіне қауіп төнеді. Бұл кезеңде адам және қоғам алғашқы рет экологиялық тап болады, ал табиғат өзінің экологиялық тепе - теңдігінен айырыла бастайды[23].

Жоғарыда келтірілген кезеңдер қазіргі жағдайда түбегейлі толықтыруды қажет етеді. Егер адам мен табиғат арасында қарым - қатынастың үш кезеңдерінде адамның қоршаған ортаға үстемдігі арта түсіп, экологиялық апатқа ұшырағанымен тоқтауы жеткіліксіз. Сондықтан адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа ең жауапты кезең бар екендігін айтуымыз керек.

Кейінгі төртінші кезеңде - экологиялық апатқа ұшыраған апатты аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарын тыңғылықты жүргізу барысында, экологиялық аймақтың тұрақты дамуын қамтамассыз ету арқылы, басқа аймақтарға зардабын тигізбеу болып табылады, яғни алдын-ала болдырмаудың жолдарын ұсыну болып табылады.

Экологиялық жағдайы жүдеу аудандар мен ауыл аумақтары негізінен еліміздің халық саны аз және сирек қоныстанған шөл және шөлейт аймақтарды алып жатыр.

Олар облыс орталықтары, өндіріс ошақтары баршылық қалалармен іріленген темір жол тораптарынан алыс жерлерде орналасқан. Қазіргі кезде еліміздің барлық аумағында мұндай 4 аймақ бар [24].

Олар Каспий теңізінің солтүстік жағалауы (I), Балқаш көлінің маңайы (II),Семей полигоны (III) және Арал өңірі (IV).Осы аталған аймақтарда экологияның әсерінен, халық жұтаңданып, өмір сүру ұзақтығына, тұрмыс тіршілігіне, халықтың әлеуметтік жағдайына, өз әсерін тигізуде.

Осы аталған экологиясы жүдеу аудандар ішіндегі Арал аумағы экологиялық дағдарыстың алдында тұрған (I), экологиялық жағдайы қатерлі (II)және дағдарысты (III) аумағы деген 3 аймаққа бөлінеді. I - ші аймаққа Ақтөбе облысының Мұғалжар, Темір, Баиганин, Ырғыз аудандары, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Шардара және Созақ аудандары, Қарағанды облысының Ұлытау ауданы кіреді. II -ші аймаққа Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жатқызылған. III-ші аймаққа Қызылорда облысының қалған, яғни Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандары кірген.

Қазіргі кезде экологиялық хал-ахуалы күрделі өңірді қоныстанып отырған халықтың саны 408,5 мың. адам оның ішінде Ақтөбе облысына тиесілі 94,5 мың (23,1%), Оңтүстік Қазақстан облысында - 108,0 % (26,4% ), ең көбі - 192,9 мың,яғни 48,0%-ы осы зерттеудің негізгі объектісі Қызылорда облысының үлесінде.

Экологиялық күйзеліске қарағанда табиғи апат күтпеген жерден пайда болады, көп көлемді территорияны қамтиды, тұрғын үйлер мен таза су көздерін жойып адам өміріне мейлінше қауіп төндіреді. Қазіргі таңда Қызылорда облысының экологиялық жағдайына себепкер болып отырған - Арал теңізі.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі ағысында суармалы алқаптар күрт ұлғайтылды. Осының салдарынан Арал теңізіне бұған дейін құйылып тұрған өзен суының көлемі алты есе кеміді.

Теңіздің тартылуынан сол өңірдегі күллі жан - жануар, тіршілік, табиғат, адам қатты зардап шекті. Экологиялық жүйе бұзылды. Төрттен үш бөлігі құрғап қалған теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң сонау алыстағы Скандинавия елдеріне дейін жетті. Сорланған топырақтың құнары кеміді, дақылдардың өнімділігі төмендеді. Ауыз судың сапасы мүлдем нашарлап кетті. Осының салдарынан адамның, әсіресе, әйелдер мен нәрестелердің денсаулығы күрт нашарлады. Әлеуметтік- экономикалық тұрақтандыру мен өсу әлеуетінің басым бағыттарының бірі экологиялық қауіпсіздік.

Экологиялық хал-ахуалдың нашарлауы өз кезегінде халықтың еңбек және интеллектуальды әлеуетіне тікелей әсер етеді, оны төмендетеді. Табиғатты ортаның ластануы ең алдымен тұрғындардың арасында түрлі аурулардың таралуына қолайлы ықпал жасайды. Міне осылардың бәріне қарамастан, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс пен келіссіз адам әрекетінің әсерінен Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ел экономикасының дамуына елеулі кедергі келтіретін экологиялық проблемалар қалыптасқан.

Статистикалық мәліметтерден сәбилер мен аналар өлім-жітімі және жалпы өлім-жітім, сондай-ақ бала туу, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы сияқты денсаулық көрсеткіштерінің қоршаған ортаның ластану сипаты мен деңгейіне тәуелділігі байқалады. Соңғы жылдары Арал өңірінде халықтың бала туу деңгейі 27,21-ден (2009 жыл) 27,96-ге дейін (2013 жыл) өскендігі, ал өлім-жітім көрсеткіштерінің 6,05-ке дейін (2009 жыл - 7,24) төмендегені, халықтың табиғи өсім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,97- ден (2009 ж.) 21,91-ге дейін (2013 ж.) көтерілгендігі белгілі. Соның өзіндесәбилер өлімінің көрсеткіші республика бойынша жоғары деңгейде тұр.Дегенмен, сәбилердің өлім көрсеткіші соңғы 5 жыл көлемінде 7,02 % төмендеген. 2013 жылдың 9 ай қорытындысымен облыста сәбилердің шетінеу көрсеткіші 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда - 13,7 %, Республика бойынша көрсеткіш 2013 жылы - 11,31 % құраған.

Перинатальдық көрсеткіш 1000 тірі және өлі туылған нәрестелерге шаққанда 19,3 % болған, бұл өңірдің республика бойынша 5 орында тұрғанын көрсетеді. Сәбилердің шетінеу себептерін қарастырғанда: I-орында перинаталды кезеңдегі жағдайлар 63,7 % (ҚР-61,1 %), екінші орында – туа біткен аномалиялар, 17,6 %, (ҚР - 19,1 %), сонан соң тыныс жолының аурулары- 5,1 % (ҚР - 4,9 %). Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге төмендегенін білдіреді. Шетінегендердін 74,1 % шала туылғандар, өте төмен (500-999 грамм)салмақпен туылып шетінеген балдардың үлесі 1,7 есеге өсіп, шетінегендер арасында 31,0 % құрайды. Ерте неонатальды өлімінің құрылымында салмақтары 1500 граммнан жоғары туылғандар арасында шетінегендер саны азайған.

Облыс бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда соңғы 5 жылда 67,8 % төмендеген. Ана өлімінің негізгі себептері акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, жасанды түсікжасау мен аурушаңдық (жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар, қаназдық) деңгейі жоғарылығы болып отыр. Бұл ахуал медициналық қызметтердің жеткіліксіздігімен және білікті мамандардың, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеушілігімен тереңдей түсуде. Салмағы аз және шала туылған балалар арасындағы өлім-жітім 60,3 % құрады.

Сәби өлімінің негізгі себебі мыналар: перинаталды патология (66,3 %),екінші орынды туабітті даму кемшілігі (14,4 %), үшінші орынды тыныс алу органдарының аурулары алады (7,6 %). Неонатолог дәрігерлердің тапшылығы, босанатын әйелдерге медициналық жәрдем беретін мекемелердің заманауи стандарттарға сай еместігі, нәрестелерге арналған тыныс алу аппараттарының және қажетті дәрі-дәрмектердің (куросурф) жетіспеушілігі сәби өлім-жітімінің себебі болып отыр.

Арал аймағында бала туу деңгейі төмен, өлім-жітім деңгейі жоғары, халық денсаулығының индексі төмен, экологиялық ахуал қолайсыз және әлеуметтік-маңызды аурулар өмір сүру жасының ұзақтығын төмендетеді, оныңдеңгейі 2013 жылы 70 жасты құрайды (ҚР - 70,3, 2013 жыл). Қан айналу жүйелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулез және ВИЧ/СПИД, жарақаталу барынша маңызға ие. Жалпы өлім-жітім құрылымында ең көп үлес салмақты (54,9 %) қан айналу жүйесінің аурулары (ҚЖА) алады. ҚЖА-нан болатын өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы жасалды, оның шеңберінде облыста кардиохирургиялық көмек беру қызметінің жұмысы жолға қойылды.

Арал және Қазалы аудандарындағы 2009-2013 жылдардағы өлім-жітімді зерттеген кезде, Арал ауданында 2009 жылы 1000 адамға шаққанда 5,3 болғандығы анықталды, және адамдардың ең көп саны қан айналысы жүйесініңауруларынан өлген; екінші орында қатерлі ісіктер, ал үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары. 2012 жылы бұл көрсеткіш 7,06 % құрады.

Қазалы ауданындағы осыған ұқсас зерттеу көрсеткендей, 2009 жылы - 6,5%, олардың ең көбі қан айналысы жүйелерінің сырқаттарынан; екінші орында тыныс алу органдарының сырқаттары және үшінші орында - басқа да сырқаттар болды. 2012 жылы Қазалы ауданы бойынша өлім-жітім көрсеткіші 6,40 % болды. Әрі қарай, зерттеліп отырған аудандардағы 2009-2012 ж.ж. сәбилер өлім-жітімінің өзгеру қарқыны зерттелді. 2009 жылы Арал ауданында да, Қазалы ауданында да сәбилер өлім-жітімі облыстық орташа мәннен (1000 халыққа 22,1 %) жоғары болып, сәйкесінше 26,1 % және 26,9 % құрады. 2012 жылы Арал ауданында, зерттеліп отырған көрсеткіш облыстық мәннен төмен (22,3 %), ал Қазалы ауданында - жоғары (25,2 %) болды. Бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда, зерттеліп отырған көрсеткіш екі ауданда да төмендеді (сәйкесінше 14,6 % мен 6,3 %-ға).

Қазалы ауданындағы сәбилер өлім-жітімінің негізгі себептері анықталды,атап айтқанда тыныс алу органдарының сырқаттары, нәрестелердің асфиксиясыжәне іштегі нәрестенің гипоксиясы (барлық өлім-жітімдердің 50,5 %); себептер құрылымында екінші қатарлық орынды туабітті даму кемшіліктері алады (43,7%); үшінші орында - босану кезіндегі жарақаттану (12,5 %). Арал ауданында барлық себептер ішінде бірінші қатардағы орынды тыныс алу органдарының сырқаттары (50,0 % дейін); екінші орынды - жаңа туылған нәрестелердің сырқаттары (24,3 %); үшіншіні – туа бітті ауытқулар - (16,3 %) және төртінші орынды - қайғылы жағдайлар (6,2 %) алды.

Зерттеулер көрсеткендей, Қазалы ауданында соңғы 10 жылда жаңа туылған нәрестелер арасындағы туабітті ауытқулардың жиілігі 2,5 есе өскен,олардың ішінде негізгі үлесті Дауна синдромы, жүректің көптеген ақаулары, нәрестелердің гемолитикалық сырқаттары құрайды. Сонымен бірдей, Қазалы ауданында сәбилердің өлідей туылуы 4,7 %-дан 10,4 %-ға дейін өскен, яғни 2,21 есе; Арал ауданында - 4,6 %-дан 13,7 дейін, яғни 3 есе дерлік. Нәрестелердің өлідей туылуының негізгі себептері іштегі нәрестенің жатыр ішілік гипоксиясы, кіндіктің оралып қалуы, туа бітті даму ақаулары (Дауна синдромы, анэнцефалия, туа бітті жүрек ақаулары) болып табылады. Осылайша, бақыланып отырған аудандардың халықтарының демографиялық көрсеткіштеріне жасалған талдау аналар өлімінің деңгейі жоғары екендігін дәлелдейді, бұл алаңдаушылық туғызатын белгілер әрі емдеу мекемелерімен барынша жауапты алдын алу шараларын қабылдану қажеттігін табанды түрде талап етеді.

3. Қызылорда облысы халқының демографиялық жағдайы мен сапасын жақсарту жолдары

3.1 Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартудың негізгі

бағыттары мен шаралары

Адам өзінің демографиялық үрдісіне әсер етуші факторлардың әсерінтүзетіп отырады. Адам баласы энергияны қолдана отырып, тамақтанудың түрлі жолдарын тауып, сапасын өсіру нәтижесінде, сонымен қатар түрлі құрал жабдықтарды өз қолымен жасау негізінде және қоғамдық өмірге үйрене жүріп, өзін және өзінің ұрпағын сырттан келетін түрлі келеңсіз жағдайлардан, жыртқыш аңдар шабуылынан, климаттың кері әсерлерінен, түрлі аурулардан сақтану жолдарын тапты. Осыдан кейін ғана жер бетіндегі тұрғылықты халықтың саны өсіп, өмір сүру ұзақтығы артты және өлуге қарағанда (әсіресе, балалар арасындағы) туудың өсуіне байланысты халық саны да өсе бастады.

Адам санының өсуін дәлелдейтін мына фактілерді қарастырайық: 1830 жылдар айналасында адамзат баласы өздерінің ең алғашқы миллиард санын белгіледі, ал екінші миллиардты - 100 жылдан кейін (1939 ж.), үшіншісін – 20 жылдан кейін (1960 ж.), төртіншісін - 15 жылдан соң (1975 ж.), бесіншісін – 12 жылдан кейін (1989 ж.) атап өтті. 1994 жылы жер бетінде 5,5 млрд. адам тұрады деп саналған. 2000 жылы олардың саны -6 млрд. адамға жетті. Тек саналы және сауатты түрдегі демографиялық саясат қана жер бетіндегі адамдар қонысын реттеу проблемаларын шеше алады.

Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен қатар ауыру деңгейі де әсер етеді. ДДҰ (Дүниежүзілік Денсаулық сақтауҰйымы) денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген: Денсаулық - бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тәнемес 4 млн астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғниадам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру менөлімнің артуына әкелетінін көруге болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ал химиялық заттардың ішінде адам денсаулығы үшін зиянды заттар органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Оның ішіндеәсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдарияөзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтапқалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер астысуларын пайдалану, 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда.

Сонымен қатар "Байқоңыр" ғарыш айлағынан келетін зардаптарды жою үшін мынадай шараларды орындау қажет:

- куатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

-егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

-токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;

-аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарынаұқыпты қарауға міндетті" - делінген. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті[25].

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.

Аталған тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқар ужүйесі құрылды.

Бұл экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы "Қазақстан - 2050" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио - де - Жанейро декларациясының қағидаттарын,сондай - ақ Йоханнесбургте өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленген. Қоршаған ортаның жай - күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең - кезеңімен іске асыруды көздейді[25].

Бірінші кезең (2004-2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс - қимыл жоспарын әзірлеу.

Екінші кезең (2008-2010 жылдар)-қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғатты пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.

Үшінші кезең (2011-2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

3.2 Облыстағы экологиялық жағдайдын алдын-алу шаралары

Облыстың кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы байқалуда. Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнініңазаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн га. Жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га. қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүреді.

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.).

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млнт.-ға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оныңжағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасыбұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұлөзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 м. -ге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтарымен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.

Теңіздің апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км.2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақтыжұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осыаймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдариябойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты.Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажетететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізініңдеңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін кусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіпжіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемдіпайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргіэкологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауыткушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық мәселелері.

XX ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі - адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12-де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы - Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың стартты қөрнегіне айналды.1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта екі рет(1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлімамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, В.Мәжіғұлов, Т. Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, C. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, Қ.Нұрмұқанов, Р.Құлмырзаев, М. Мұқанов тағы басқа болды.

Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды, Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиянкелтіреді.

Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты - басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.

Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.

Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық - түлік, су, киім - кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.

Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай - талай естідік. Демек, олжердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, нет ындырып жатыр деген сұраққа жауап алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп,әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз.Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін, әлбетте, осы әскери ғарыш зымырандары.

Төртіншісі: байланыс - жер серіктері. Біздің түрлі - түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзі қарақты адамға артық.

Бесіншісі: Планета аралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз.Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай - ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз - жылма -жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясынабелгілі дәрежедекері әсерін тигізетіндігі. Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретініде ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Қазақстан ғарышты игеруге мүдделі. Ғарыштық мемлекет мәртебесіне ие болған ел өзі қалаға алып отырған баз бір бағдарламаның маңызы мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант - су ішіп дәлелдеп жатпай - ақ (мысалы, иран секілді) алаңсыз жұмыс істей бере алады. 2006 жылдың 18 - маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдегі М. В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми - зерттеу орталығының мамандары жасаған «Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы біздің ел орталықтан шалғай орналасқан ауылдық жерлерге отандық қана емес, тіпті, спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады. Сонымен қатар «Kazsat» сенімді телефон жүйесін қамтамасыз етеді. Спутник Оралдың арғы жағында жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді Ресей облыстарын да қамтиды. Егер Ресей жағы біздің техникамызды аз мөлшерде болса да жалдайтын болса, онда олар да Сібір мен Орал өңіріндегі өзеннің байланыс мәселелерін оң шешетін болды Ресей Федерациясының Президенті В. Путин: «Kazsat» спутнигін ұшыру, әлбетте, теңдесі жоқ оқиға. Қазақстанның ғарыштық держава ретінде қалыптасу жолындағы қызметінің жаңа кезеңі. Біз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен үлкен бағдарламасына жол салудамыз» - дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде ғарыштық державаға айналған еліміздегі бұл тараптағы келешегінің кемел болатынына зор сенім білдірді. Бұл идея Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға қойып отырған мақсатын орындауына дәлме - дәл келеді.

Байқоңырдың болашағы туралы сөз қозғалғанда, сол қалада тұратын жерлестеріміздің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мен құқығын қорғау мәселесін шешуді де назарда ұстаған жөн болмақ.

Жалпы, экологиялық жағдайдың демографияға әсері ең алдымен зерттеліп отырған аймақтағы халықтың денсаулығымен байланысты болып табылады. Яғни аймақтағы халықтың денсаулық жағдайын талдай отырып оның демографияға әсерін бағалауға болады.

Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратынхалықтың денсаулық жағдайындағы жайсыз беталыстардың өсуі тіршілік етуортасының адам денсаулығының жағдайына теріс әсер ететінінкөрсетеді[26]. Жалпыға белгілі, халықтың денсаулығы қоршаған орта сапасының негізгі экологиялық өлшемі болып табылады, ал популяцияның денсаулық деңгейі әлеуметтік-экологиялық, медициналық-демографиялық және тағы басқа факторлардың күрделі кешенінің әсер етуімен айқындалады. Қызылорда облысында қалыптасқан күрделі экологиялық ахуал халықтың денсаулығына, оның ішінде демографиялық үдеріске де айтарлықтай әсер етіп отыр[27].

Статистикалық мәліметтерден сәбилер мен аналар өлім-жітіміжәне жалпы өлім-жітім, сондай-ақ бала туу, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы сияқты денсаулық көрсеткіштерінің қоршаған ортаның ластанусипаты мен деңгейіне тәуелділігі байқалады. Соңғы жылдары Арал өңірінде халықтың бала туу деңгейі 27,21-ден (2009 жыл) 27,96-ге дейін (2013 жыл) өскендігі, ал өлім-жітім көрсеткіштерінің 6,05-ке дейін (2009 жыл - 7,24)төмендегені, халықтың табиғи өсім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,97- ден (2009 ж.) 21,91-ге дейін (2013 ж.) көтерілгендігі белгілі. Соның өзін де сәбилер өлімінің көрсеткіші республика бойынша жоғары деңгейде тұр. Дегенмен, сәбилердің өлім көрсеткіші соңғы 5 жыл көлемінде 7,02 % төмендеген. 2013 жылдың 9 ай қорытындысымен облыста сәбилердің шетінеу көрсеткіші 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда - 13,7 %, Республика бойынша көрсеткіш 2013 жылы - 11,31 % құраған[28].

Перинатальдық көрсеткіш 1000 тірі және өлі туылған нәрестелерге шаққанда 19,3 % болған, бұл өңірдің республика бойынша 5 орында тұрғанын көрсетеді. Сәбилердің шетінеу себептерін қарастырғанда: I-орында перинаталды кезеңдегі жағдайлар 63,7 % (ҚР-61,1 %), екінші орында – туа біткен аномалиялар, 17,6 %, (ҚР - 19,1 %), сонан соң тыныс жолының аурулары- 5,1 % (ҚР - 4,9 %). Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге төмендегенін білдіреді. Шетінегендердін 74,1 % шала туылғандар, өте төмен (500-999 грамм) салмақпен туылып шетінеген балдардың үлесі 1,7 есеге өсіп, шетінегендер арасында 31,0 % құрайды. Ерте неонатальды өлімінің құрылымында салмақтары 1500 граммнан жоғары туылғандар арасында шетінегендер саны азайған.

Облыс бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда соңғы 5 жылда 67,8 % төмендеген. Ана өлімінің негізгі себептері акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, жасанды түсікжасау мен аурушаңдық (жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар, қаназдық)деңгейі жоғарылығы болып отыр. Бұл ахуал медициналық қызметтердің жеткіліксіздігімен және білікті мамандардың, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеушілігімен тереңдей түсуде. Салмағы аз және шала туылған балалар арасындағы өлім-жітім 60,3 % құрады[29].

Сәби өлімінің негізгі себебі мыналар: перинаталды патология (66,3 %), екінші орынды туабітті даму кемшілігі (14,4 %), үшінші орынды тыныс алу органдарының аурулары алады (7,6 %). Неонатолог дәрігерлердің тапшылығы, босанатын әйелдерге медициналық жәрдем беретін мекемелердің заманауи стандарттарға сай еместігі, нәрестелерге арналған тыныс алу аппараттарының және қажетті дәрі-дәрмектердің (куросурф) жетіспеушілігі сәби өлім-жітімінің себебі болып отыр.

Арал аймағында бала туу деңгейі төмен, өлім-жітім деңгейі жоғары, халық денсаулығының индексі төмен, экологиялық ахуал қолайсыз және әлеуметтік-маңызды аурулар өмір сүру жасының ұзақтығын төмендетеді, оның деңгейі 2013 жылы 70 жасты құрайды (ҚР - 70,3, 2013 жыл). Қан айналу жүйелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулез және ЖИТС, жарақат алубарынша маңызға ие. Жалпы өлім-жітім құрылымында ең көп үлес салмақты(54,9 %) қан айналу жүйесінің аурулары (ҚЖА) алады[30]. ҚЖА-нан болатын өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы жасалды, оның шеңберінде облыста кардиохирургиялық көмекберу қызметінің жұмысы жолға қойылды.

Арал және Қазалы аудандарындағы 2009-2013 жылдардағы өлім-5,3 жітімді зерттеген кезде, Арал ауданында 2009 жылы 1000 адамға шаққанда 5,3 болғандығы анықталды, және адамдардың ең көп саны қан айналысы жүйесінің ауруларынан өлген; екінші орында қатерлі ісіктер, ал үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары. 2012 жылы бұл көрсеткіш 7,06 % құрады[31]. Қазалы ауданындағы осыған ұқсас зерттеу көрсеткендей, 2009 жылы - 6,5%, олардың ең көбі қан айналысы күйелерінің сырқаттарынан; екінші орында тыныс алу органдарының сырқаттары және үшінші орында - басқа да сырқаттар болды. 2012 жылы Қазалы ауданы бойынша өлім-жітім көрсеткіші 6,40 % болды. Әрі қарай, зерттеліп отырған аудандардағы 2009-2012 ж.ж. сәбилер өлім-жітімінің өзгеру қарқыны зерттелді. 2009 жылы Арал ауданында да, Қазалы ауданында да сәбилер өлім-жітімі облыстық орташа мәннен (1000 халыққа 22,1 %) жоғары болып, сәйкесінше 26,1 % және 26,9 % құрады. 2012 жылы Арал ауданында, зерттеліп отырған көрсеткіш облыстық мәннен төмен(22,3 %), ал Қазалы ауданында - жоғары (25,2 %) болды. Бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда, зерттеліп отырған көрсеткіш екі ауданда да төмендеді(сәйкесінше 14,6 % мен 6,3 %-ға) [32].

Қазалы ауданындағы сәбилер өлім-жітімінің негізгі себептері анықталды, атап айтқанда тыныс алу органдарының сырқаттары, нәрестелердің асфиксиясы және іштегі нәрестенің гипоксиясы (барлық өлім-жітімдердің 50,5 %); себептер құрылымында екінші қатарлық орынды туабітті даму кемшіліктері алады (43,7%); үшінші орында - босану кезіндегі жарақаттану (12,5 %)[33]. Арал ауданында барлық себептер ішінде бірінші қатардағы орынды тыныс алу органдарының сырқаттары (50,0 % дейін); екінші орынды - жаңа туылған нәрестелердің сырқаттары (24,3 %); үшіншіні – туа бітті ауытқулар - (16,3 %) және төртінш іорынды - қайғылы жағдайлар (6,2 %) алды.

Зерттеулер көрсеткендей, Қазалы ауданында соңғы 10 жылда жаңа туылған нәрестелер арасындағы туабітті ауытқулардың жиілігі 2,5 есе өскен, олардың ішінде негізгі үлесті Дауна синдромы, жүректің көптеген ақаулары, нәрестелердің гемолитикалық сырқаттары құрайды. Сонымен бірдей, Қазалы ауданында сәбилердің өлідей туылуы 4,7 %-дан 10,4 %-ға дейін өскен, яғни 2,21 есе; Арал ауданында - 4,6 %-дан 13,7 дейін, яғни 3 есе дерлік. Нәрестелердің өлідей туылуының негізгі себептері іштегі нәрестенің жатыр ішілік гипоксиясы, кіндіктің оралып қалуы, туабітті даму ақаулары(Дауна синдромы, анэнцефалия, туа бітті жүрек ақаулары) болып табылады. Осылайша, бақыланып отырған аудандардың халықтарының демографиялық көрсеткіштеріне жасалған талдау аналар өлімінің деңгейі жоғары екендігін дәлелдейді, бұл алаңдаушылық туғызатын белгілер әрі емдеу мекемелерімен барынша жауапты алдын алу шараларын қабылдану қажеттігін табанды түрде талап етеді[34].

Қызылорда облысында сүт безінің қатерлі ісігі Арал өңірінде жылына 1 миллионнан артық әйелдерде жаңа жағдайлар тіркеледі, өлім саны 100000 тұрғынға шаққанда 18,1 пайызды құрайды, жалпы республикалық деңгейден 6,1 пайыз артық[35].

Қазіргі кезде, әйел репродуктивтілігінің төмендеуі алаңдатады. Жүкті әйелдер арасында сырқаттанушылықтың жоғарылауы, қалыпты нәресте туылу санының төмендеуі, сәбилердің гипоксиялық жағдайды, бойдың өсу кешеуілдеуі және тамақтанудың жеткіліксіздігі байқалады.

Арал өңірінде жүкті әйелдердің жартысынан астамы экстрагениталды аурулардан зардап шегеді, түсіктер саны көбейген. Экстрагениталды патология құрылымында қан аздық (анемия) 1-ші орында тұр. Арал қаласында тексеруден өткен 700 әйелдердің бәрінде дерлік (98,4%) қан аздығы анықталды. Тексеруден өткен әйелдер ішінде мерзімінен ерте босану (31%) пайызды көрсетті. Зерттеу нәтижелері Арал өңірі экологиялық факторларының соматикалық, гинекологиялық аурушаңдық көрсеткіштерінің, мерзімінен ерте босану экологиясы мен құрылымының келеңсіз жерін растайды. Сонымен қатар, Арал өңірінде тұратын жүкті әйелдерге ауыр металдар мен пестицидтердің нақты химиялық жүктемесін зерттеу, қанда қорғасынның, кадмийдің, ДДТ және жинақталуы жүкті әйелдерде темір тапшылықты, анемия пайда болу қауіп факторы болып табылатынын анықтады. Даму аномалиясының жиілеуі және қатерлі ісіктің жиі анықталуы байқалды[36].

Қызылорда облысы бойынша тұтастай созылмалы эзофагит аурушаңдығын зерттеу 100 000 тұрғынға 94,73,8-ден 161,55,1 ақиқат жоғарылауын анықтады (1,7 есе, 0<0,01 бес жылда аурудың өсу қарқыны70,5%-ға тең). Созылмалы эзофагитпен аурушаңдық деңгейін болжау және динамикасын талдау Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы және Арал ауданы тұрғындарында көрсеткіштің жоғарылау тенденциясын көрсеткен, 5 жылда өсу қарқыны Жаңақорған ауданында - 107,9%, Жалағаш - 119,6%, Қазалы -265,3%, Аралда - 228,6 пайызды (%) құраған. Қызылорда облысы бойынша созылмалы эзофагитпен аурушаңдық өсімі Арал теңізі бағытымен жүріп келеді[37].

Арал өңірі экологиялық факторларының әсерінен тұрғындар денсаулықтарының функционалдық өзгерістері айқындалды. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері және олардың диагностика қағидаларына әртүрлі этиологиялық факторлардың әсеріне негізделген. Өндірісі жақсы дамыған елдерде сырқаттанушылықтың 80% адам ағзасына қоршаған ортаның әсерінен дамиды. Өндіріс орындары таяу қалалардың ауасы аурушаңдықтың негізгі факторы болып табылады. Аурушаңдықтың соның ішінде Арал өңірінің экологиялық қолайсыз аймақ тұрғындарында ас қорыту органдары ауруларының ұлғаюына себеп болып табылады.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы ас қорыту органдары аурулары бойынша үшінші орында тұр. Экологиялық мәселелерді өзара байланыстыра отырып екі факторға бөлуге болады: климаттық өзгеріс және қоршаған ортаның ластануы. Барлық атмосфералық ауаны ластайтын заттар адам ағзасына көбінесе тыныс алу жүйесі арқылы өтеді. Тыныс алу жүйесі арқылы күкірт сутегі, азот оксиды мендиоксиді, фенол, формальдегид, фторид, хлорид және көміртектің оксидтері секілді химиялық қосындылар ең үлкен қауіп-қатер тудырады. Тыныс алу жүйесі мүшелерінен өлу себебі Арал өңіріндегі шаңды-тұзды борандардың тікелей әсерінен болуы мүмкін, өйткені ауыз су құрамында магний, темір,мырыш, сынап, қорғасын мен кадмийдің бірнеше есе артық болуы ағзаны уландырып, нәтижесінде жүрек-тамыр жүйесінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Тұрғындардың тыныс алу жүйесі ауруларынан, инфекциялық паразиттік аурулардан өлуі Арал өңірінің тұрғындарында соматикалық аурулардың ішіндеең жиі кездесетіні: асқазан-ішек жолдары, қан жүйесінің аурулары, көбіне уытты гемолиздік анемия, зәр шығару жүйесі аурулары, сүт безінің қатерлі ісігіосы өңірдің экологиясының ауыр металдармен ластануына тікелей байланысы және экологиялық дағдарыс аймағы екендігінің дәлелі де болуы мүмкін.

Арал өңіріндегі экологиялық ахуал бойынша Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданып [38], ол бойынша экологиялық қасірет аумағына Қызылорда облысының бүкіл аймағы енетіні, ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, Заң қабылданғаннан бастап обылысымызда халық саны 111 мың 400 адамға, яғни 15 пайызға және халықарасындағы демографиялық өсімнің орта есеппен 8-12 пайызға өскені, бұл көрсеткіш экологиялық ахуалдың жақсаруынан емес, бала туылу көрсеткішінің есебінен көбейіп отырғаны атап өтілді. Ал халық өлімінің саны 1993 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін сол деңгейде қалып отыр. Экологиялық ахуал бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың мөлшері тиісті нормативтен 2,8 есеге асқан. Судың сапасы «орташа», 3-ші класс болып табылады, сульфаттар мен мыстың концентрациясы тиісті нормативтен 5,4 есе, нитриттер мен магний 2,2 есеге көбейген. Аталған мәліметтер облыс бойынша табиғи ортадағы ластаушы заттардың шоғырлану көлемі нормативтік деңгейден жоғары екендігін көрсетіп отыр[39].

Халықтың аурушаңдық деңгейіде жылдан жылға өсіп келеді. Арал аймағының негізгі мәселелері: шөлейттену, суда, топырақта мұнай өнімдері мен ауыр металдар тұзының жиналуы болып табылады. Шөлейттенген Арал теңізінің түбінен тұзды шаң қалдықтарынан көтерілусалдарынан топырақтың белсенді тұздану процесі басталып, жер асты сулары деңгейінің ирригациялық жүйеден тыс төмендеуі мен көлденең су алмасудың жоқтығы шөлейттену процесінің дамуына септігін тигізді. Қарқынды шөлейттену және табиғи қоршаған ортаның орнықты қайтымсыз құлдырау процесі, өмір сүру жағдайының нашарлауы, аурушаңдықтың өсуі тұрғындарды қорғау шараларын шешуді және реттеуді қажет ететін, жаңа экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тудырады. Арал өңірінің тұрғындарына тұз тозаңының, дербес жағдайда сульфаттың, карбонаттың, ауыр металдардың және мұнай өнімдерінің адам ағзаларына басқада жүйелерге кері әсерінтигізеді. Қызылорда облысында қазіргі кезде қоршаған орта мен жер қойнауын пайдаланушыларды, оның ішінде мұнай өндіруші компаниялардың көптеп ашылуыда, өндірістік қалдықтар мен ластаушы заттардың ауаға таралуы әсерінен экологиялық аймақ болып табылады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұздышаң, әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы хабарлар, қатерлі де қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымымен басқада мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан.

3.3 Қызылорда облысының әлеуметтік демографиялық дамуындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы

Заманның талабына сәйкес демографиялық проблемалар алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің басты проблемасына айнала бастады. Адами ресурстар(еңбек, көші-қоны), туылым көрсеткіштері мен өлім деңгейі қазіргі мемлекеттердің дамуына ықпал етуде. Мемлекеттің демографиялық үдерістерді реттеудегі рөлі күшейді. Ендігі ретте мемлекеттің әлеуметтік функциясының көлеңкесінде қалған демографиялық мәселелерді жеке мемлекеттің функциясы етіп қарастыратын кез келді. Біздің ойымызша, халық саны процесін басқару және тиімді демографиялық саясат жасау мемлекеттің міндеті.

Мемлекеттің бұл функциясы елдің демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар мемлекет демографиялық сараптамалар жүргізу арқылы туылымды, өлімді, көші-қонды қатаң бақылауға алуы қажет, сонымен бірге аталған функция неке мен отбасы, ана мен баланың жағдайын көтермелеуге бағытталған қызметтерді қамтуы тиіс.

Аталған мәселе елімізде мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында бұрын соңды болмаған демографиялық қауіпсіздік ұғымын енгізуге мүмкіншілік жасайды.

Жалпылама анықтамаларға сәйкес демографиялық қауіпсіздік деп сыртқы факторлардың әсерінсіз халықтың ұдайы өсуімен мемлекеттік геосаясаттық мүдделерін адами ресурстармен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын демографиялық үдерістердің жағдайын айтамыз. Демографиялық қауіпсіздік -ол жастық жыныстық, этникалық көрсеткіштеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сай келетін мемлекеттің біртұтастығын, тәуелсіздігін, егемендігін сақтауды қамтамасыз ететін популяциялық қызмет етуі мен дамуы болып табылады[40].

Демографиялық қауіпсіздіктің ішкі жағы өмір сүруге ұмтылыс, қырылып өліп қалу, өзінөзі сақтау, жеткілікті түрде халықтың өсіпөнуі, демографиялық дамуы, демографиялық дағдарыс, депопуляция сияқты және т.б. анықтамалардан көрініс табады. Бұл жерде ең негізгі қауіптісі созылмалы және терең депопуляция нәтижесіндегі қырылып өлу шығар. Ал көші-қонүдерісі болса, популяцияның сақталуына емес, этносоциалды түрде өзгеруіне әкеліп соғады, Мұндай жағдайда белгілі бір уақыттан кейін елдің халқы этникалық және генетикалық тұрғыдан түбегейлі өзгере бастайды.

Демографиялық қауіпсіздіктің сыртқы жағы мемлекеттің аумағының халықпен қамтылуы, оның шекарасының қорғалуы, қауіпсіздік ыңғайымен қолдау, экономиканы жеке өзінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жәнет.б. сияқты адами (көшіп-қону, еңбек) ресурстардың жиынтықтарын қ алыптастырудан тұрады. Сондықтан да ұлттық қауіпсіздікті барлық оның бағыттары бойынша қамтамасыз ету үшін демографиялық фактор бар жағынан жеткілікті болуы қажет.

Сонымен, демографиялық қауіпсіздіктің мәні мен халықтың ұдайы өсуі бұзылатын және ұлттық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілмейтін демографиялық даму көрсеткіштерінің өзгеруінен көрініс табатын ішкі және сыртқы қауіпке қарсы тұрудан тұрады. Демографиялық үдерістердің мемлекет қауіпсіздігіне әсері өте күшті. XXI ғасырда Қазақстанның мемлекеттілігін сақтап қалу үшін демографиялық фактор шешуші болып отыр.

Оның маңыздылығының үш бағыты бар:

- Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- елдің аумақтық біртұтастығын және егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау;

- Қазақстан Республикасының геосаясатын нығайту.

- демография саласындағы мемлекеттің функциясы келесідей қызметтердің атқарылуын қамтуы қажет:

- елде әрбір он жыл сайын халық санағы өтеді. Ол. Мемлекеттің барлық қызметтерін атқаруда негізгі мәселе болып табылады;

- мемлекет өзінің демографиялық мәселелерін реттеуде алдыңғы өткен тарихи демографиялық үдерістерді реттеудің нәтижелерін қазіргі таңдағы демографиялық үдерістерді мемлекеттік құқықтық реттеу әдістерін салыстыруы қажет, соның нәтижесінде қандай құқықтық олқылықтар менқандай құқықтық жетістіктерге жеткендігін саралауы тиіс;

- халық санының өсіп-өнуі мемлекетіміздің заңнамаларының жетілдірілуі арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекет әлеуметтік, демографиялық үдерістерді реттейтін заңдарды жинақтауы қажет. Мысалы, демографиялық сараптама жүргізу туралы заңнамалар қабылдануы тиіс. Мемлекетіміз әлемдікстандарттарға сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалуы туралы әртүрлі бағдарламаларды қабылдау қажет. Аталған бағдарламалар ұзақ уақытты қамтуы керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 4- бабына сәйкес адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттарды да негізге алу қажет;

- мемлекет өзінің әлеуметтік-демографиялық үдерістерді реттеуде нақты функцияларын анықтауы қажет. Соның нәтижесінде нақты демографиялық үдерістерді жүзеге асыруда мемлекеттік билік органдарының құрылымдары мен қызметтерін жетілдіруі керек. Мемлекеттік билік органдарында еліміздің демографиялық мәселелерімен айналысатын білікті мамандар кадрларын жетілдіру керек.

Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үдерістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, әлеуметтік жақтары өзгереді[41].

Демографиялық үдерістерді біртекті қарастыру тек ғылыми қызығушылықты ғана қамтымай, ол сонымен қатар тиімді демографиялық саясат шараларының жүйесін жасау үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін келесі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық үдерістердің өсу динамикасы маңызды болып келеді. Туылым және өлім деңгейі, жыныстық жастық құрылымы, еңбекке қабілетті жастағы халықтың білімі және кәсіптік-біліктілік деңгейі, еңбекке қабілетті жастағы халықтың салмағы мен оның еңбекпен қамтылу дәрежесі, аумақтық көші-қоны және халықтың орналасуы және т.б.

Елдің экономикасы қалай дамиды, әлеуметтік салада соған қарап қалыптасады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің демографиялық даму проблемаларына үлкен назар аударыла бастады. ХХ ғасырдың аяғында мемлекеттік билік органдары мен басқару жүйесінде демографиялық жағдайға және оның дамуына бақылау жасау, демографиялық саясат шаралары кешенін өңдеу және жүзеге асыру жауаптылығы жүктеле бастады.

Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің әлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар әлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін және басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.

Халықтың туылым мен өлім көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруіне, көші-қон мәселелерін шешуде мемлекет функциясының рөлі зор. Демографиялық үдерістер адамның еркінен пайда болмайды. Мемлекет пен құқықтың өзара әрекет етуі өте күрделі үдеріс. Демографиялық үдерістерді жүйелі және жанжақты талдау үшін мемлекеттік билік қажет. Мемлекеттің әлеуметтік және басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрын соңды болмаған функциялар қалыптасуда.

Қазіргі дүниежүзі жаһандану кезеңін бастан кешіріп, экономикалық дағдарыстың тұғырында тұрған қоғам үшін, әлеуметтік үдерістерді оның ішінде демографиялық үдерістерді реттеуде мемлекетпен оның функциясының рөлін күшейту талап етіліп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан әртүрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Нарықтық заманға көше бастағанда мемлекеттің ең негізгі экономикалық мақсаты еңбек өндірісін нығайту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру болған. Қазақстан Республикасы халқының тіршілігін жақсарту үшін экономиканы тұрақтандыру, бәсекелестікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуды белгілейтін еңбек және ақша нарықтарын жасауды көздеген. Жалақының көтерілуін қамтамасыз ету кедейшілікпен күресу және әлеуметтік қорғанудың бірден-бір амалы ретінде көрсетілген. Бұл мәселелердің барлығы жүзеге асырылған жоқ.

Жаһандану кезеңіне мемлекеттің әлеуметтік функциясы, нарықтық экономиканың талаптарына сай келмейді. Халықты әлеуметтік қорғауда әртүрлі мекемелердің қызметін жақсарту қажет. Олардың басты мақсаты халықты жұмыспен қамту болу керек.

Бұл аталған мемлекеттің алдына қойған міндеттердің бір ғана бөлігі.

Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес.

Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үдерістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, әлеуметтік жақтары өзгереді.

Демографиялық үдерістерді құқықтық және саяси құралдар арқылы басқаруға болады. Мемлекеттің демографиялық үдерістерін елдегі туылым, өлім және көші-қон мәселелері құрайды.

Қазіргі Қазақстан жағдайында заңи тұрғыда аталған демографиялық үдерістерді нақты түрде реттеу қажет. Туылым, өлім, көші-қон мәселелері бүгінгі таңда көлемі жағынан да, дәрежесі жағынан да үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Заманның ағымы осы мәселелерді құқықтық реттеуді талап етті. Соның нәтижесінде осы үдерістерді реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан үшін бұрын соңды құқықтық реттеу аясынан тыс болған қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі байқалып отыр.

Білім беру «Қазақстан - 2030" ұзақ ерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономикамен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар: макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;

Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың - азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігіжоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі - қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған еліміздің одан әрі дамуы және 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдері мен Қазақстанның дамуы арасындағы алшақтықтарды жою қажет.

Алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті нығайтылды, нарықтық тетіктер элементтері енгізілді және қазіргі заманғы медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды[42].

Осы Бағдарлама қол жеткізілген нәтижелерді бекіту мен дамытуға және денсаулық сақтау мәселесіндегі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталады, сондай-ақ саланың 2050 жылға дейінгі жоспарлы дамуы үшін негіз болады.

Бағдарламаны іске асыру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) «Денсаулық-2020» саясатының түйінді қағидаттарына сәйкес халықты жаппай қамту, әлеуметтік әділеттілік, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және денсаулық үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып, әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы мен серпінді дамуына ықпал ететін болады.

Мемлекетіміз демографиялық үдерістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тәжірибесін пайдаланса жақсы болар еді.


Қорытынды.

Демографиялық жағдайдың ушығуы және халық саны саласындағы мәселенің болуы, жақсы ғылыми негізделген демографиялық саясатты бекітетін, оның жүзеге асырылуын мақсат еткен құқықтық актінің қабылдануын талап етеді. Демографиялық саясаттың басты бағыттары мен мақсаттары бойынша, мұндай актіні жасау мен қабылдауда демографтардың, экономистердің, әлеуметтанушылардың, медицина қызметкерлерінің, психологтардың нақты ұсыныстары жоқ екендігі байқалды. Бұл мәселені шешуге, ең біріншіден, солар атсалысуы қажет. Ал заңгерлер олардың шешімдеріне құқықтық нысан беріп, оның тиімділігін арттыратын заңы кепілдіктерді жасау қажет.

Жалпы айтқанда, еліміздің демографиялық саясаты бар, бірқатар демографиялық үдерістерді реттейтін заңнамаларымыз да бар, енді қалып тұрғаны оны жүзеге асыру.

Мәселен, Қызылорда облысы еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан орналасқан жері, жер көлемі бойынша республикада 4-ші орын, халық саны 783156 адамнан тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік.

Ғылыми-техникалық және инновациялық дамуға және жекелеген салаларды, аймақтарды, өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге салынған инвестициялардың тиімділігі басқару жүйесінің рационалдылығынан тәуелді болады. Тиімді басқару жүйесін құруды анықтаушы факторлардың үйлесімін міндетті түрде келесідей жүзеге асыру керек: факторлар үйлесімі басқарудың инновациялық технологияларын енгізу мен бәсекелік ресурстарды қолданудың тиімділігін көтеруге бағытталған өндірісті ұйымдастыру арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін құруға себепші болуы тиіс.

Жалпы, Қызылорда облысы еліміздегі экологиялық ахуалдың шиеленіскен жағдайында тұрбір сала. Облыс халқының саны өсу типімен сипатталады. Дегенмен соңғы бесбір жылда туу көрсеткіші төмендейді. Бұл жағдайға экологиялық жағдай әр түрлі аурулар әсер етеді. Соңғы он жылдағы өлім-жітім көрсеткіші 4000-нан 5000-ға дейін. Экологиялық жағдай демографиямен тығыз байланысты. Яғни экологиялық факторлар және олардың салдары демографиялық көрсеткіштерге әсер етеді тікелей әсер етеді. Мысалы, егер белгілі бір аймақтағы халық саны көбейсе, ол аймақтың экологиясы да бұзылады, немесе, керісінше, белгілі-бір аймақ егер экологиялық жағдай нашарласа, халық саны да азаяды. Тіпті халықтың орналасуы экологиялық жағдайға да әсер етеді. Белгілі-бір жерде халық неғұрлым көп болса, соғұрлым экологиялық мемлекет тез нашарлайды. Зерттелетін аймақтағы экологиялық жағдайдың ушығуы, яғни, Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының салдарыбарлығы аймақтың демографиясына теріс әсер етеді. Бұл сұрақтар шешу мақсатында қазіргі уақытта түрлі іс-шаралар өткізілуде. ДДҰ деректері адам денсаулығының 50% - ы өмір салтына байланысты, көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулар (жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, қант адамның дамуына, сондай-ақ адамның өмір салтына тәуелділік байланыс. Осыған байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қоғамдық Денсаулық сақтау мәселелер десек тор аралық және ведомство аралық әріптестік тетігі жолға қойылмаған, бұл мемлекеттік болып табылады. Денсаулық сақтау органдарының, мемлекеттік және жеке секторлардың өз міндеттерін жеткіліксіз түсіну, жауапкершілікті нақты бөлу Денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдау әлсізге байланысты. Сондай-ақ, халық денсаулығының төмен деңгейінің себептері салауатты өмір салты және аурулардың алдын алу, қолайсыз жағдайларды сақтау, су пайдалану және тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз хабардарлығы, сауаттылығы және сенімділігі, су тұтынудың және тамақтанудың жеткіліксіздігі, әлеуметтік осал халық әлеуметтік-экономикалық қолайсыздықтың санаттары. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау жүйесінің төмен профилактикалық белсенділігі яғни,аурулардың алдын алуға емес, оларды емдеуге баса назар аударылады.

Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы " Қазақстан халықтың әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" өте маңызды болды. Ол халық арасында "әлеуметтік жолдау"деген атқа ие болды. Өйткені, құжатта 2007 жылға қарай 2012 жылға қарай зейнетақының орташа мөлшері көрсетілген 2,5 есе, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есе, жәрдемақы сондай-ақ, олардың бірнеше есе өсетіні көрсетілді. Атап айтқанда, зейнетақы мен жалақы 2009 жылы - 25 пайыз, 2010 жылы-25 пайыз, 2011 жылы-30 пайыз, мемлекеттік жәрдемақы жыл сайын орта есеппен 9 пайызға артады. 2019 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыс арқылы жаңарту және дамыту", онда күрес жаһандық дағдарысқа шаралар, елді осы ауыртпалықтан шығарудың негізгі бағыттары дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің жаңа міндеттері белгілеген.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауыткушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал аймағында бала туу деңгейі төмен, өлім-жітім деңгейі жоғары, халық денсаулығының индексі төмен, экологиялық ахуал қолайсыз және әлеуметтік-маңызды аурулар өмір сүру жасының ұзақтығын төмендетеді, оның деңгейі 2013 жылы 70 жасты құрайды (ҚР - 70,3, 2013 жыл). Қан айналу жүйелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулез және ЖИТС, жарақат алубарынша маңызға ие. Жалпы өлім-жітім құрылымында ең көп үлес салмақты(54,9 %) қан айналу жүйесінің аурулары (ҚЖА) алады. ҚЖА-нан болатын өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы жасалды, оның шеңберінде облыста кардиохирургиялық көмек беру қызметінің жұмысы жолға қойылды.

Осыған орай мемлекет ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасымен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ЭЫДҮ елдерінің стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Әлеуметтік саясатта, ең алдымен, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселесі бәрінен маңызды. Білім беру жүйесі мен құрылымы мыналардан тұрады алдағы уақытта жетілдірілетін болады. Мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу бағытында жұмыс жалғасуда, білім берудің мемлекеттік емес құрылымы дамытылады. Сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар отбасыларды жаппай оқытумен қамту қорын құру есебінен көмек көрсету жұмыстың негізгі бағыты. Тереңдетіп оқытатын мектептер жүйесі дамытылады. Әсіресе олардың саны ауылдық жерлерде өсуде.

Зерттелетін аймақтағы экологиялық жағдайдың ушығуы, яғни, Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының салдары барлығы аймақ халқының өмір сапасына теріс әсер етеді. Бұл проблемаларды шешу мақсатында қазіргі уақытта түрлі іс-шаралар өткізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет