Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – 
Қазақстанның тұрақтылығы мен ӛркендеуінің негізі» атты Жолдауында 
«Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу 
орындарына дайындау керек», деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін 
дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын.[10] Сонымен қатар 
ауыл балаларының үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы 
үшін мүмкіндіктер жасау керектігін айтқан еді. Осы негізде, Елбасының 2019 
жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 
55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ 
әлеуметтік жағдайы тӛмен және кӛпбалалы отбасылардан шыққан дарынды 
балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау кӛрсету мен қабілетін 
дамыту бойынша Жол картасы әзірленді.
2019 жылы 27 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев Қазақстанның талантты жастарымен ӛткізген кездесуінде ауыл 
мектептерін қолдау бойынша жоспарланған шараларға тоқталып ӛткен 
болатын. Солардың бірі – «Мың бала» олимпиадасының ӛткізілуі. ҚР Тұңғыш 
Президент қоры қолға алған бұл шара талантты және қабілетті жас 
қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Ел Yмiтi» бастамасы аясында 
жүзеге асырылатын болады. Соның нәтижесінде, ауыл мектептеріндегі 1000 
үздік оқушы талантты балаларға арналған «Дарын» мектептерінде білімін 
жалғастыруға мүмкіндік алады. 
Елбасы бастамасы шеңберінде ӛткізілетін «Мың бала» ұлттық 
зияткерлік олимпиадасының мақсаты - шағын қалалар мен ауылдық 
жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және 
қолдау үшін жағдайлар жасау. Бұл бағытта, дарынды балалар мен жастарды 
қолдау үшін жалпы білім пәндері бойынша халықаралық және республикалық 
олимпиадалардың, орындаушылардың халықаралық және республикалық 
конкурстарының және соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық 
спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мектептегі 


28 
қорытынды аттестаттауды тапсырудан босату және ЖОО-ларда оқу үшін 
оларға білім гранттарын беру туралы ұсыныстар жасалуда. 
Бұдан ӛзге, арнаулы бағдарлама бойынша ауыл мектептері 
жаңғыртылатын болады. 2020 жылы бірінші кезеңде 14 мектеп таңдалады. 
«Бағдарлама аясында осы мектептердің педагогтары республикалық 
интеллектуалдық мектептер мен жетекші халықаралық университеттерде 
оқытудың заманауи әдістерін меңгереді», - деді Елбасы. 
Осы негізде, аталған бастаманы іске асыру бойынша «Ел Үміті» 
жобасын жүзеге асыру аясында қазіргі сәтте еліміздің барлық ӛңірлерінде 
дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары ашылуда. Ол жерлерде 
талантты оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалмақ. Сондай-ақ ауылдық 
елді мекендердегі аса қабілетті балаларды ҚР Тұңғыш Президенті қорына 
тіркеу жоспарланған. Кейін оларға берілетін тапсырмалар онлайн түрде 
жолданып тұратын болады. Мұндай орталықтар сонымен қатар оқушыларды 
түрлі пәндік олимпиадаларға қатысуға да дайындайды.
«Ел Үміті» бастамасымен қатар, Елбасы биыл талантты жастарды 
қабілетті балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» атты жаңа жобаның 
іске асырыла бастайтынын айтқан болатын. 
«Талантты жастарымыз ел ішінде және шетелде білім алуы үшін оларға 
кӛмектесуіміз керек. Бұл – ӛте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы Қордың 
осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек», – деді Қазақстанның Тұңғыш 
Президенті. 
«Ел Үміті» бастамасын іске асыру операторы ретінде «Елбасы 
академиясы» құрылады. Бастама аясында жыл сайын ауылдар мен шағын 
қалалардан кемінде 3 мың дарынды бала анықталатын болады. Осы мақсатта 
таланттарды анықтау және қолдау орталықтары құрылады. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген ауылдық жерлерден, 
әлеуметтік жағдайы тӛмен отбасылар мен кӛпбалалы отбасылардан шыққан 
дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу бойынша Жол картасында 
оқушылардың білімі мен қабілет-қарымын күшейтуге басымдық берілген 
болатын. Оның ішінде басты кӛрсеткіштер барлық санаттағы балалардың 
сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және дарынды жастарды 
қолдау шаралары. Жол картасы аясында ауылдық жердегі, сондай-ақ аз 
қамтылған және кӛп балалы отбасылардағы дарынды балаларды қолдау үшін 
инклюзивті білім беру қағидаты қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, 
қалалық және ауылдық мектептердегі білім беру сапасы арасындағы 
айырмашылық қысқартылады. 
Жобаға сәйкес, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, 
Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында дарынды балалар мен 
талантты жастарды анықтау және қолдау жӛніндегі орталықтар құрылады. 
Сонымен қатар «Дарын» ӛңірлік ғылыми-практикалық орталықтар жанынан 
ауылдық жерлерде тұратын, кӛп балалы және аз қамтылған отбасылардан 
шыққан балаларды оқыту және дамыту бойынша онлайн мектептер ашылады 
және олар үшін материалдық кӛтермелеу жүйесін енгізу қарастырылған. 


29 
Жазғы пәндік ауысымдар ӛткізу, балалар үшін тұлғалық ӛсу бойынша 
тренингтер ұйымдастыру да назардан тыс қалмайды. 
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар 
байқауын ӛткізеді. Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың ӛзіндік 
шығармашылық қызметін дамыту, функционалдық зерттеу дағдыларына 
үйрету, ғылым саласындағы зерттеулерге қызығушылық танытатын дарынды 
таланттарды анықтау және қолдау, оқушылардың дербестігі мен әлеуметтік 
белсенділігін тәрбиелеу. Ӛткен жылы бұл байқауға 20 мыңнан аса оқушы 
қатысып, 49 жоба 60 қатысушы алтын медальмен, 79 жоба бойынша 103 
қатысушы күміс медальмен, 130 жоба бойынша 176 қатысушы қола медальмен 
марапатталды. Ал биылғы оқу жылында конкурстың бірінші кезеңінде online 
режимінде 21 604 оқушы тіркелді, оның ішінде 14 281 оқушы қазақ тілінде 
(66%). Ашықтықты қамтамасыз ету үшін ӛткен жылдан бастап байқауға 
қатысушы оқушылардың жобаларын қорғау онлайн режимде кӛрсетілді. 
Тікелей трансляцияға сілтемелер ҚР Білім және ғылым министрлігі және 
«Дарын» РҒПО аккаунттарында және әлеуметтік желілерінде ұсынылады. 
Оқушылардың қарым-қабілеттері мен таланттарын дамытуда орта білім 
беру ұйымдарындағы кітапханалардың маңызы зор. Қазіргі уақытта еліміздің 
мектептеріндегі 6453 кітапханада оқырмандар саны 2 млн асады. Ал кітап 
қоры 50 млн астам бірлікті құрайды. 
Қазақстандық дарынды оқушылардың қазіргі уақытта кӛптеген 
халықаралық шараларға белсене қатысады. Олардың оның ішінде TIMSS
PIRLS, PISA сынды халықаралық зерттеулерде алдыңғы орындардан кӛрінуі 
кӛңіл қуантады. Қазақстан жаратылыстану-математикалық білім беру сапасын 
зерттеуде (TIMSS) кӛшбасшы елдердің қатарына енді. 8 сынып оқушылары 
әлемнің 39 елінің арасында математика және жаратылыстану ғылымдары 
бойынша 7 және 9 орындарға ие болды, ал 4 сынып оқушылары 49 қатысушы 
елдің арасында 8-ші және 12-ші позицияда. TIMSS (Trends in Mathematics and 
Science Study) халықаралық зерттеуі оқушылардың математика және 
жаратылыстану пәндері бойынша білім деңгейлерін анықтауды мақсат етеді. 
Зерттеуге 4 және 8 сыныпты бітірген оқушылар қатысады. Бұл зерттеуді 
Халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) жүргізеді. 
Қауымдастықтың құрамында білім сапасын бағалау бойынша Білім 
саласындағы тестілеу қызметі (ETS – АҚШ), Канада статистика орталығы 
(Statistics Canada), Бостон колледжі (ISC – International Study Center, Boston 
College, АҚШ) т.б. тәрізді беделді халықаралық ұйымдар бар. 
Осыдан тӛрт жыл бұрын ӛткен TIMSS-2015 шарасына Қазақстан атынан 
179 мектептен 9 579 оқушы (4710 - 4 сынып оқушысы және 4869 - 8 сынып 
оқушысы) қатысты. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан 
орташа баллы - 544 баллды және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша 
550 баллды, 8 сынып оқушыларының орташа баллы сәйкесінше 528 баллды 
және 533 баллды құрады. 
TIMSS-2019 нәтижелері 2020 жылдың желтоқсан айында жарияланады. 


30 
PISA-2018 зерттеуі бойынша қазақстандық оқушылардың білім деңгейі 
математика пәніне 423 баллды және жаратылыстану ғылымдары бойынша 397 
баллды құрады. PISA-2018 зерттеуіне жаңартылған білім беру мазмұнына 
кӛшпеген оқушылар қатысты. Жаңартылған бағдарламалардың тиімділігін 
PISA-2021, PISA-2024 зерттеулерінен байқай аламыз. Ӛйткені, PISA-2024 
тапсыратын білім алушылар жаңартылған білім мазмұн бойынша 7-8 жыл 
оқып үлгереді. Бұл ретте айта кетейік, 12 жылдық білім беруге кӛшу үшін 
бірінші кезекте орта білім беру мазмұны жаңартылды. «Білім туралы» ҚР 
Заңына, барлық деңгейдегі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарына, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына тиісті ӛзгерістер 
енгізілді. Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде дарынды балаларды 
қолдау, әсіресе ауылдық жердегі балаларды қолдау жұмыстары жүргізілуде. 
[21] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет