Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi
шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар (бұдан әрi - мектепке дейiнгi шағын орталықтар) қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейiнгi шағын орталықтар 1 жастан 6 (7) жасқа дейiнгi балаларды жан-жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтiк бейiмдеуде олардың ата-аналарына әдiстемелiк-кеңес берудi қолдау мақсатында құрылады.
3. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың негiзгi мiндеттерi:
1) балаларды ерте жастан әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;
2) әрбiр баланың жеке ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн есепке ала отырып, балалардың ақыл-ой, адамгершiлiк, дене бiтiмi, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабiлеттерiн дамыту;
3) балалардың денсаулығын сақтау;
4) балаларды күтудi, қарауды ұйымдастыру;
5) балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзеу;
6) ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру болып табылады.
4. Мектепке дейiнгi шағын орталықтар мемлекеттiк немесе жеке меншiк болуы мүмкiн.
5. Мектепке дейiнгi шағын орталықтар мектепке дейiнгi, мектептен тыс және арнаулы бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ орта бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерi ретiнде құрылуы мүмкiн.
Мектепке дейiнгi шағын орталықтағы балалардың контингентi бiлiм беру ұйымының тiзiмдiк құрамына жеке жолмен енгiзiледi.
6. Мектепке дейiнгi шағын орталықтарға балаларды қабылдау және олардан шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1353 қаулысымен бекiтiлген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгiлiк ережесiнiң (бұдан әрi - Үлгiлiк ереже) негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Мектепке дейiнгi шағын орталықтар мен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынас шартпен реттеледi.
8. Мектепке дейiнгi шағын орталықтар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Заңдарын, Үлгiлiк ереженi, осы Ереженi, сондай-ақ басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
2. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың түрлерi және оларды
ұйымдаcтырудың шарттары
9. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың мынадай түрлерiн құруға болады:
1) бейiмдеушi - 1 жастан 5 жасқа дейiнгi балаларға және олардың ата-аналарына арналған;
2) дамытушы - 3 жастан 6 (7) жасқа дейiнгi балаларға арналған;
3) келу уақыты бойынша: күндiзгi, кешкi, түнгi, жексенбi және мереке күндерi жұмыс iстейтiн - 1 жастан 6 (7) жасқа дейiнгi балаларға арналған;
4) үйде қарау, күту және дамыту бойынша - 1 жастан 6 (7) жасқа дейiнгi балаларға арналған;
5) арнайы әлеуметтiк, медициналық және түзеу-педагогикалық жағдайларын қатаң сақтауды ескере отырып, 1 жастан 6 (7) жасқа дейiнгi мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған.
10. Мектепке дейiнгi шағын орталықтар ыңғайлы режим бойынша аптасына 2 күннен 7-i күнге дейiн, таңертең, сондай-ақ түстен кейiн 2 сағаттан 10 сағатқа дейiн жұмыс iстей алады. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың топтары жинақталуына қарай оқу жылының iшiнде ашылады.
11. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың жұмыс iстеу тәртiбi және балалардың оған келу уақытының ұзақтығы Iшкi тәртiп ережесiмен айқындалады.
12. Мектепке дейiнгi шағын орталықтарды санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiне жауап беретiн 2-3 қабаттан биiк емес үй-жайларда ашуға рұқсат етiледi. Бiлiм беру ұйымының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылған мектепке дейiнгi шағын орталықтардың бiр тобы үшiн ауданы бiр балаға арналған 2 шаршы метрден кем емес, ойын түрiнде жабдықталған және безендiрiлген бөлмелерi, шешiнетiн және тамақтанатын зоналары бар үй-жайлар бөлiнедi.
13. Тиiстi кадрлық, санитарлық-гигиеналық, материалдық-техникалық жағдайлары болғанда мектепке дейiнгi шағын орталықтар бiлiм беру ұйымның филиалы құқығында пәтерлерде, немесе басқа тұрғын үйлерде құрылуы мүмкiн.
Мектепке дейiнгi шағын орталықтарды үйде ұйымдастыру үшiн:
5 бала үшiн 1 бөлмелi пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 30 шаршы метрден кем болмауы керек);
10 бала үшiн 2 бөлмелi пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 50 шаршы метрден кем болмауы керек);
20 бала үшiн 3 бөлмелi пәтер немесе тұрғын үй (пайдалы ауданы 80 шаршы метрден кем болмауы керек) пайдаланылады.
Бұл пәтерлердiң немесе тұрғын үйлердiң санитарлық торабы әр 10 балаға 1 унитаз бен 1 қолжуғыштан қарастырылып жабдықталуы тиiс.
14. Мектепке дейiнгi шағын орталықтарда жастары шамалас мынадай топтарды толықтыру белгiленедi:
бiр жастан екi жасқа дейiн - 10 тәрбиеленушiден артық емес;
екi жастан үш жасқа дейiн - 15 тәрбиеленушiден артық емес;
үш жастан жоғары және олардан жасы үлкен - 25 тәрбиеленушiден артық емес.
15. Мектепке дейiнгi шағын орталықтарда жас шамалары әртүрлi топтарда жас шамалары үш түрлi (3 жастан 7 жасқа дейiн) балалар болған жағдайда топтың толықтығы 8 тәрбиеленушiнi; жас шамалары екi түрлi топтарда - кемiнде 15 тәрбиеленушiнi құрайды.
16. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған мектепке дейiнгi шағын орталықтарға:
1) ата-аналары үйде тәрбиелегiсi келетiн мүмкiндiгi шектеулi балалар;
2) туғаннан үш жасқа дейiнгi дамуында бұзушылықтары бар балалар;
3) көру, есту, сөйлеу бұзушылықтары бар;
4) ақыл-ойында кемiстiгi (интеллектуалдық бұзушылықтары) бар;
5) тiрек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар;
6) күрделi кемiстiктерi бар балалар қабылданады.
17. Мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн мектепке дейiнгi шағын орталықтарда топтарды толықтыру балалардың категориясына және олардың жасына (3 жасқа дейiн және 3 жастан жоғары) байланысты белгiленедi және тиiсiнше:
сөйлеу қабiлетi күрделi бұзылған балалар үшiн - 10-нан 12-ге дейiнгi балаларды;
сөйлеу тiлiнде фонетика-фонематикалық бұзушылықтары бар балалар үшiн үш жастан жоғары - 15 балаға дейiн;
саңырау балалар үшiн - екi топтың балалары үшiн - 8 балаға дейiн;
нашар еститiн балалар үшiн - 10-нан 12-ге дейiнгi балаларды;
көзi көрмейтiн балалар үшiн - екi топтың балалары үшiн 10 балаға дейiн;
нашар көретiн, көру қабiлетi төмендеген, көздерi қыли балалар үшiн - 10-нан 15-ке дейiнгi балаларды;
тiрек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшiн - 10-нан 12-ге дейiнгi балаларды;
ақыл-ойында бұзушылықтары бар балалар үшiн - 6-дан 10-ға дейiнгi балаларды;
психикалық дамуында кiдiрiс бар балалар үшiн - 6-дан 10-ға дейiн;
ақыл-ойының күрделi кемiстiктерi бар балалар үшiн үш жастан жоғары - 8 балаға дейiн;
күрделi кемiстiктерi (2 және одан да көп) бар балалар үшiн - екi топтың балалары үшiн 8 балаға дейiн;
дамуында басқа да ауытқулары бар балалар үшiн - 15-тен 20-ға дейiнгi балаларды құрайды.
18. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың инклюзивтiк бiлiм беру топтарын толықтыру мүмкiндiгi шектеулi бiр балаға тиiсiнше денi сау үш баламен айқындалады.
19. Мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн мектепке дейiнгi шағын орталықтарда балалардың болу мерзiмi кемiстiктiң күрделiлiгiне, оқыту процесiндегi баланың қозғалысына және ата-аналарының қалауына байланысты белгiленедi.
20. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың қаржы-шаруашылық, педагогикалық және медициналық қызметiне басшылық етудi және бақылауды осы ұйымның базасында ашылған сол бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
21. Мемлекеттiк мектепке дейiнгi шағын орталықтар мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру және кадрлық қамтамасыз етудiң тиiстi нормативтерi бойынша қаржыландырылады және кадрмен қамтамасыз етiледi.
22. Мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiпте мектепке дейiнгi шағын орталықтар қажеттi мүкәммалдармен, ойыншықтармен, оқу құралдарымен және жабдықтармен жарақтандырылады.
23. Мектепке дейiнгi ұйымдардың базасында ұйымдастырылған мемлекеттiк мектепке дейiнгi шағын орталықтарда баланы ұстауға ақы алудың тәртiбi Үлгiлiк ереженiң 16, 17, 18-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
24. Орта бiлiм беру базасында ұйымдастырылған мектепке дейiнгi шағын орталықтарда балалардан (бiлiм беру, дамыту, сауықтыру) үшiн ақы алынбайды. Баланы тамақтандыру ата-аналардың қаражаты есебiнен ұйымдастырылады. Осыған байланысты жергiлiктi атқарушы билiктiң шешiмi бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары тамақтандыруға ақы алудан босатылуы мүмкiн. Мектептен тыс ұйымдардың мектепке дейiнгi шағын орталықтардағы ата-аналардың ақы төлеу тәртiбi мектептен тыс ұйымдар үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған мектепке дейiнгi шағын орталықтарда бiлiм беру, дамыту, сауықтыру, тамақтандыру және басқа қызмет көрсетулер үшiн ата-аналардан ақы алынбайды.
25. Жеке меншiк мектепке дейiнгi шағын орталықтардың бiлiм беру және өзге де қызметтер көрсеткенi үшiн, оның iшiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары шеңберiнде ақы алуға құқығы бар.
3. Мектепке дейiнгi шағын орталықтың бiлiм беру процесiнiң
мазмұны
26. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардағы бiлiм беру процесiн ұйымдастыру мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес әзiрленетiн және бекiтiлетiн балаларды дамытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларымен айқындалады және регламенттеледi.
27. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардағы оқу-тәрбие процесi балалар үшiн ерекше болып табылатын қызметтiң түрлерiн ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсендiлiгi, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың жастық және психологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың әртүрлi кiшi топтарымен жұмыс жасау мүмкiндiгiн көздейдi.
28. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған мектепке дейiнгi шағын орталықтардағы бiлiм беру процесiнiң мазмұны балалардың ерекшелiктерiн (жастық, кемiстiк құрылымын, психофизикалық және эмоционалдық дамуы) ескере отырып жасалған жеке-дамыту бағдарламаларымен айқындалады.
29. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған мектепке дейiнгi шағын орталықтардағы жұмыстың негiзгi ұйымдастыру нысаны балалармен жеке жүргiзiлетiн сабақтар және кiшi топтардағы сабақтар (2-3 баладан) болып табылады. Баламен жүргiзiлетiн сабақтардың ұтымды ұзақтығы баланың жасына ғана емес, сондай-ақ жеке мүмкiндiктерiне де (жұмысқа қабiлеттiлiгi, тұрақтылығы, зеректiгi, болдыруына және т.б.) байланысты және оны оқыту процесiнде педагогтар айқындайды.
Сабақтың жалпы ұзақтығын анықтау кезiнде ата-аналарға консультация беруге уақыт қоса жоспарланады: жалпы алғанда сабақтың ұзақтығы 35 минуттан 45 минутқа дейiн созылады.
Әрбiр оқу жылының соңында мұғалiм-дефектолог және қысқа мерзiмде болу тобының тәжiрибе жүзiндегi психологы әрбiр баланы одан әрi дамытудың жолдары мен нысандары туралы мәселенi шешетiн психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға барлық балаларды жiбередi.
30. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардағы оқу-тәрбие және ұйымдық-әдiстемелiк жұмыстарды аға тәрбиешi, тәрбиешi, педагог-дефектолог, педагог-психолог, музыка жетекшiсi, дене шынықтыру жөнiндегi инструктор, сурдопедагог, дәрiгер-отоларинголог-аудиолог, дәрiгер-окулист, медициналық мейiрбике жүргiзедi.
31. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың штаттық саны, оның iшiнде мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерi ретiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысымен бекiтiлген мектепке дейiнгi ұйымдардың және "мектеп - балабақша" кешенi қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарымен белгiленедi.
32. Балалар мен қызметкерлерге медициналық көмек көрсетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi N 571 , N 570 бұйрықтарымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық мемлекеттiк кесiмде N 2464 және N 2478 тiркелген "Мектепке дейiнгi ұйымдарды ұстауға және құрылғысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" санитарлық ережелерi мен нормаларының 9-тарауына , сондай-ақ бiрге "Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердi және интернаттарды ұстауға және құрылғысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" санитарлық ережелерi мен нормаларының 11-тарауына сәйкес белгiленедi.
33. Мектепке дейiнгi шағын орталықтарда балалардың қанша мезгiл тамақпен қамтамасыз етiлуi орталықтың күн тәртiбiне байланысты ұйымдастырылады. Балаларға арналған тамақ мектепке дейiнгi шағын орталықтардың арнайы қызметкерлерiмен дайындалуы мүмкiн немесе келiсiм бойынша жақын орналасқан мектепке дейiнгi ұйымдардан немесе жалпы бiлiм беретiн мектептен жеткiзiлуi мүмкiн.
34. Балалардың төсек орнын тазалау мектепке дейiнгi шағын орталықтың өзiнде және ол бекiтiлген бiлiм беру ұйымында немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi N 571 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық мемлекеттiк кесiмде N 2478 тiркелген "Мектепке дейiнгi ұйымдарды ұстауға және құрылғысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың" санитарлық ережелерi мен нормаларына сәйкес арнайы кiр жуатын орындарда тазалануы мүмкiн.
35. Мектепке дейiнгi шағын орталықтардың қызметкерлерi мектепке дейiнгi шағын орталықтардың оқу-тәрбие процесi кезiнде балалардың денсаулықтарын және өмiрiн қорғауды қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |