32
иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын
жастарды әлеуметтiк қалпына келтiру, оңалту;
Жетінші: жастардың жұмысқа орналасу, бiлiм беру және кәсіптік
даярлау, құқықтық насихат жүргізу, бос уақытын тиімді ӛткiзу шаралары,
туризм және спорт салаларындағы құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы
оларды хабардар ету;
Сегізінші: жастардың тұрғылықты жерi бойынша жасӛспiрiмдер мен
жастардың аула клубтарын ашу, бос уақытын мазмұнды ӛткiзуiн ұйымдастыру
барысында жастарға қолдау кӛрсету және жастарға кӛмек беру жӛніндегi
басқа да функциялар;
Тоғызыншы: жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен
қамтылуына кӛмек кӛрсету.
Осы аталғандардың барлығы Мемлекеттік жастар саясатының
әлеуметтік басты бағыт-бағдарлары болып табылады. Осы бағыттарды жүзеге
асыруда мемлекет тарапынан қыруар қаржы бӛлініп, еліміздегі жастардың аз
қорғалған осал тұстарына ерекше мән беріп, олардың барша адамзатпен тең
ӛмір сүрулеріне ерекше қамқорлықпен жағдай жасалған. Бұл шаралар
Республика бойынша балабақшадан бастап қолға алынып, Қазақстандық әр
азаматтың бақытты, бақуатты ӛмір сүруіне бағытталып жүзеге асырылуда.
Ал
жастарға
арналған
әлеуметтiк
қызметтер
жұмыстарын
қаржыландыру мәселесі мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін
кӛзделген мемлекеттiк бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында тыйым салынбаған ӛзге де кӛздердiң есебiнен
жүзеге асырылады және бұл мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын әлеуметтiк қызмет кӛpceтулеpi жастар үшін тегiн
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: