Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын 
ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу 
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк 
жастар 
саясатын 
ақпараттық 
қамтамасыз 
етуге 
және 
Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы басқа да 
құқықтарды iске асыру туралы жастарды хабардар етуге бағытталған 
жұмыстарды. Яғни жастардың денсаулығын сақтауға, бiлім алуға, әлеуметтiк 
қызметке, кәсiптiк бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтiк 
оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске асыру мүмкiндiктерi 
туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары жӛнiндегi 
қызметтерді жүзеге асырады.
Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының ӛкiлдерiмен 
ынтымақтастық орната отырып, жастарға арналған ақпараттық жүйелердi, 
ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет кӛрсетудi 
кеңейту үшiн жағдайлар қамтамасыз етiледi..
Жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жӛніндегі 
жоспарланатын және жүзеге асырылатын iс-шаралар туралы Мемлекеттік 


33 
органдар жастарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге 
мiндеттi болып табылады. 
Қазақстан Peспубликасындағы мемлекеттік жастар саясатының 
проблемалары бойынша мемлекеттiк органдар ӛз құзыретiне сәйкес ғылыми 
зерттеулер ұйымдастырады және зерттеулер ұзақ мерзiмдік негiзде жүзеге 
асырылып отырады. Осы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы 
зерттеулердің нәтижелерi негiзiнде жыл сайын Қазақстан Республикасындағы 
жастардың жағдайы туралы баяндама әзiрленіп, Қазақстан Республикасының 
Yкiметiне табыс етіледі және оны бұқаралық ақпарат құралдарында 
жариялайды. Жастардың жағдайы туралы бұл баяндаманы орталық және 
жергiлiктi мемлекеттiк органдар ӛз құзыретi шегiнде тиiстi шешiмдер 
қабылдау үшiн пайдаланады. 
Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым 
Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiн мемлекеттiк 
органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құруды және осы 
заңға сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. 
Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң арнаулы 
мақсатын ӛзгерту туралы, тарату туралы шешiмдердi қабылдау тәртiбi 
жастардың тiршiлiгiн, бiлiм алуы мен тәрбиесiн, дене тәрбиесiн, рухани және 
имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшiн жасалатын шешiмдердi 
қабылдаудың салдарын тиiстi мемлекеттiк органның немесе органдардың 
арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жӛнiндегi iс-шаралары 
жүзеге асырады.
Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс 
iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлiк (соның iшiнде жер 
учаскелерi, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық) мемлекеттiк меншiк 
мүлкi болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы 
аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкiн.
Сондай-ақ, 
аталған 
мүлiктi 
жастарға 
арналған 
әлеуметтiк 
инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында 
пайдалану мүмкiн болмаса, оны ӛзге мақсаттарда пайдалану туралы шешiмдi 
тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жастарға арналған әлеуметтiк 
инфрақұрылым объектiсiнiң шығынын ӛтеуге бағытталған шараларды алдын 
ала қолдану шартымен қабылдайды. 
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен 
жастар ұйымдарына ғимараттарды, үйлердi сонымен қатар олардың жарғылық 
мақсаттарын жүзеге асыру үшiн қажеттi ӛзге де мүлiктi мемлекеттiк органдар 
ӛтеусiз пайдалануға беруге құқылы. 
Жастарға арналған мемлекеттiң меншiгiндегi әлеуметтiк инфрақұрылым 
объектiлерiнiң жұмыс iстеу тәртiбi мен материалдық және қаржылай қолдау 
кӛрсету шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 
Кеңес дәуіріндегі жастар саясатының эволюциясына зер салу арқыл біз 
еліміздің тарихындағы жастар саясатын неғұрлым толық және объективті 


34 
зерттеуге мүмкіндік аламыз. Оны іске асырудағы кемшіліктер мен қателіктер 
туралы хабардар болу және талдау - маңызды.
Кеңес дәуіріндегі жастар саясатының маңызды нәтижелерінің бірі - 
жастардың болашаққа деген сенімі. Бұл наным кеңес ажастарын біріктіретін 
мемлекеттік идеяға - эксплуатация мен этникалық араздықсыз жаңа қоғам 
құру идеясына негізделді. Сонымен бірге кеңестік шындық, еңбек пен еңбек 
адамы, ұжымшылдық принциптері мен батырлық қағидасы «Отаныңды, содан 
кейін ӛзіңді ойла» деген тұжырымға негізделді. Жастар алғашқы мемлекеттік 
маңызды құрылыс алаңдарының басты кейіпкерлері, жаңа идеялардың 
бастамашылары болды және елдің жаңа Қарулы Күштерінің негізін қалады.
Жастар саясатының маңызды нәтижелерінің бірі аймақтағы озық 
ӛндірістердің құрылуы, ӛндірістік жұмысшылар мен инженерлік кадрлардың 
отряды және мемлекеттік шекараның нығаюы болды. Ӛмірдің барлық 
саласында жастар белсенді қатысушы болды. Ел экономикасының жедел 
дамуы жағдайында ақыл-ой, мінез, жұмысқа қабілеттілік, жастарды айқындау 
талап етілді, олар елде болып жатқан ауқымды істерге араласу мен қадірлеу 
сезмін қалыптастырды. 
Әрине, ӛткен тәжірибеге сыни тұрғыдан қарау керек. Бір партиялық 
жүйенің және идеологиялық біртұтастықты ескере отырып, жас ұрпақты 
тәрбиелеуде бәрі де сәтті болған жоқ. Кеңес кезеңіндегі құжаттарда 
декларативті нормалар, қағидалар кӛп. 
Алайда, патриотизмді, интернационализмді, жастардың еңбексүйгіштік 
қасиеттерін дамыту үшін жасалынған істердің кӛпшілігі елге қиын кезеңдерде 
септігін тигізіп, ел экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Сондай 
ақ, кеңес жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру - мемлекеттік жастар 
саясатының сәтті жүзеге асырылған бағыттарының бірі болды. 
Кеңес дәуіріндегі жастардың қоғамдағы рӛлін, оның саясатпен 
байланысын, сол кездегі жастар ұйымдарының қызметін, әсіресе ӛзгеріс 
дәуіріндегі жағдайды ескере отырып, кеңес тәжірибесінің кейбір тұстарын 
теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да ақтауымызға болады. 
Ӛйткені «Заманына қарай - адамы» демекші, әр дәуір ӛз қағидасын қалыпқа 
құйып, ӛз заңдылығын сіңіреді. Кеңес кезеңінің жастары да, ӛз заманының 
патриоттары болды. Елдің ісіне қарқында күш –жігерін арнаған жастар 
ӛздерін эконамиканың әр саласынан кӛрсете білді. Жастар отряды, жастар 
бригадасы, жастар тобы, жастар клубы сияқты ұйымдар осы кезеңдерде 
қалыптасып, олар жастардың ӛз кӛзқарастарын білдіріп, елдің дамуына ӛз 
үлестерін беретін, ӛз үндерін қосатын ашық алаңдарға айналды. Бұл кезең 
біздің Қазақстандық жастардың да шыңдалған, тәжірибе жинаған алғашқы 
алаңы, ел ісіне үн қосқан алғашқы мінбері болатын. 
Жоғарыда атап ӛткеніміздей, былтыр 5 қазанда мемлекет басшысы 
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен 
тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп 
жариялауды ұсынды. Ал 14 қарашада Президент Жастар жылын жариялау 


35 
туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметіне жастар жылын 
ӛткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.[23] 
Елбасы ӛз сӛзінде "Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау 
мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық 
санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының 
ауқымды платформасын қалыптастыру керек", — деген болатын.
Жастар – кез келген қоғамның қозғаушы күші, мемлекеттің ең белсенді 
бӛлігі. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін естен шығармаған абзал. 
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында 
жастардың атқаратын рӛлі зор. 
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастар саясатының мақсаты 
– жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, 
шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және 
олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені 
кӛрсетілген.
Мемлекеттік жастар саясаты жастарды рухани-мәдени құндылықтарды
дәріптеуге, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, 
отбасылық тәрбиенің басымдығына бейімдей тәрбиелеуге негізделген. 
Қазақстан жастарына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау кӛрсетіліп,
олардың әлеуметтенуіне барынша жағдай жасалуда. 
Соның басым бӛлігі жастарға білім мен ғылым жолында барынша 
қолдау кӛрсету, яғни сатылап білім адлудың мүмкіндіктерін ашу, жаңа 
инновациялық технологияларды меңгеруге жағдай жасау, дамыған 
мемлекеттердің білім беру жүйесінің тиімді тұстарын Қазақстандық білім беру 
жүйесіне еңгізу, т.т
Бүгінде білім саласында үлкен реформалар жасалып, жастардың білім 
алуларына толық мүмкіндіктер беріліп отыр Соның біріқатары ӛзінің жемісін 
беріп отырғанын да айта кетуіміз керек. Олар - жас мамандарды ауылға 
тартуды кӛздейтін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, шетелде білім алуға 
мүмкіндік беретін "Болашақ" халықаралық стипендиясы, "Серпін" 
бағдарламасы.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы негізінде кӛптеген жастарымыз 
мемлекет тарапынан үймен, кӛтерме сыйақымен қамтамасыз етілді. Бұл 
бағдарлама шалғай ауылдардағы мамандардың тапшылығын жойып, білікті 
жас мамандарымыздың ауылдарда тұрақтап қалуына септігін тигізді. 
Ал 2014 жылы іске қосылған "Серпін" бағдарламасының мақсаты – 
еліміздің оңтүстігіндегі жастарды кадр тапшылығын кӛріп отырған солтүстік, 
шығыс, орталық ӛңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру болатын. Бұл 
біріншіден халық тығыз орналасқан аймақтардың жастарын тегін оқумен 
қамтамасыз ету, кӛпбалалы қазақи ӛңірлердің балаларына жағдай жасау, 
оңтүстік ӛңір жастарының арасындағы жұмыссыздықтың азаюын қамтамасыз 
етуге септігін тигізеді.
Сондай-ақ "Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" 
бағдарламалары бар. Ал "StartapBolashak" бизнес-жобалар байқауы ғылым мен 


36 
технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына 
мүмкіндік береді.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының мақсаты – ӛңірлік 
бизнесті қолдау, бар жұмыс орындарын сақтау, жаға жұмыс орындарын құру. 
Бұл бағдарлама аясында да жаңа жұмыс кӛздері ашылып, жастарды 
жұмыспен қамту, тұрақты жұмысқа орналастыру, ӛз кәсіптерін ашуға 
мүмкіндік жасау сияқты мәселелер кеңінен шешімін тапқан. Бүгінде
"Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламалары 
негізінде жастарымыз ӛз кәсіптерімен айналысуға толық мүмкіндік алып отыр. 
Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше кӛзге түскен 
талантты жастарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалған. 
Байқау шарттары әдебиет, театр және кино, журналистика, эстрада, 
классикалық музыка, халық шығармашылығы, және қоғамдық қызмет, спорт, 
дизайн және бейнелеу ӛнері, ғылым салаларындағы үздіктерді анықтуға 
бағытталған. «Ел іші-ӛнер кеніші» демекші еліміздің дарынды жастарына 
ӛзінің шеберлігін шыңдап, дарынын дәлелдейтін бұл байқау, келешекке 
ашылған есік, биікке баспалдақ екені анық. 
Елімізде жастарды баспранамен қамтамасыз ету мәселесі алдыңғы 
қатарға қойылған мәселелердің бірі. Бұл мәселе мемлекет тарапынан үлкен 
қолдау табуда Соның бірі - Президенттің тапсырмасымен қабылданған "7-20-
25" бағдарламасы. Бұл бағдарлама әр жасқа ыңғайлы шарттармен баспана 
алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастар үшін жоғары білімнің 
қолжетімділігін арттырып, студенттердің жағдайын жақсарту үшін 75 мың 
орындық жатақхана салу ісі жүзеге асырылуда.
"Жастар кадрлық резерві" жобасы, "Жастар практикасы" бағдарламасы 
да қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған игі бастамалар. Мұның 
дәлелі - соңғы жылдары елімізде жастар ұйымдарының санының әжептәуір 
артуы. Жастар ұйымдарының дені қоғамдық бірлестік ретінде тіркелгіп, ӛз 
міндеттеріне қарай жұмыс атқаруда.
Жастар ұйымдары дегенде, ең алдымен, "Нұр Отан" партиясы 
жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты ойға оралады. Содан кейін 2013 жылы 
құрылған "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы да ерекше мәртебеге ие. 
Орталық жыл сайын жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, 
"Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын, жастар саясаты институттарына 
арналған әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлейді.
Бүкіл ел бойынша мыңдаған студенттің басын біріктіретін "Қазақстан 
студенттері альянсы" республикалық студенттер қозғалысын да атап ӛтуге 
болады. Сондай-ақ, Қазақстанның әр ӛңірінде жастар мәслихаты жұмыс 
істейді. 
Елімізді кӛгалдандыру мен оның экологиялық тұрғыдан таза болуын 
қамтамасыз етіп жүрген "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының да орны 
бӛлек. "Жасыл ел" жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің патриоттық 
рухын кӛтеруге де үлкен үлес қосып келеді. 


37 
Мемлекет ӛз тарапынан жастарға осындай қолдау кӛрсетуде, ал 
мемлекеттік жастар саясатының қазіргі таңда іске асу деңгейі қандай? деген 
сұрақ еріксіз ойға оралады.
Дипломдық жұмыс барысында елімізде жастар саясатын іске арсыу 
мақсатында құрылған түрлі бағдарламалар мен жобалардың орындалу 
деңгейін саралап кӛрдім. Тоқтала кетсек; 
Ӛзіміз білетіндей «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар 
саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жӛніндегі іс-
шаралар жоспары екі кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда тұжырымдаманың екінші 
кезеңі іске асуда.(екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар). Олардың орындалу 
кӛрсеткіштері тӛмендегідей жүзеге асырылуда. 
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша әкімдіктер мемлекеттік-
жеке серіктестік тетігін белсенді енгізе отырып, қалалар мен ауылдардағы бос 
уақыт инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында Жастардың бос уақытын 
ұйымдастыру бойынша 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 
бекітілді. Бұл жоспар Жастар саясаты тұжырымдамасында белгіленген барлық
бағыттарды қамтиды. [24] 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2019 жылды - Жастар жылы деп 
жариялау бастамасын орындау үшін Министрлік Жастар жылын ӛткізу 
бойынша жол картасын әзірлеп, бекітті. Жол картасы 89 тармақтан тұрады. 4 
блок (тірек іс-шаралар, жаңа бастамалар, ҮЕҰ гранттық қолдау, мемлекеттік 
органдардың іс-шаралары) және бес бағыт (жастарды тұрғын үймен 
қамтамасыз ету; жастарды жұмыспен қамту; білім беруді және волонтерлікті 
дамыту; жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту; жас отбасын, 
денсаулықты және әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау) кӛзделген. [25] 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған ӛз 
Жолдауы негізінде 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат 
– ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді 
ӛмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады. [26] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет