Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, үш бӛлімнен, 
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


11 
І БӚЛІМ 
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
1.1
 
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және 
принциптері 
Тұңғыш Елбасымыз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық 
жасауды ӛз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол ӛзінің берген жыл 
сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі 
тапсырмалар беріп, жастар қоғамның бір бӛлігі ретінде мемлекетте маңызды 
рӛл атқаратындығын кӛрсетіп, жастар саясатын жолға қойды.
Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау 
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңында 
белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы 
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және 
осы Заң мен Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтiк-құқықтық 
актiлерiнен тұрады. 
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты- жастардың рухани, мәдени, 
білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер 
қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін 
елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады. 
Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері: 
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ӛміріне 
тарту; 
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту 
болып табылады. 
Мемлекеттік жастар саясаты: 
1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы; 
2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік; 
3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық; 
4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы; 
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға 
жастардың қатысуы; 
6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға 
ғылыми, кешенді және дәйекті кӛзқарас қағидаттарына негізделеді. [3] 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 
мамырдағы № 2 ӛкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген 
тапсырмаларын іске асыру жӛніндегі іс-шаралар жоспарының 16-тармағын 
орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан 2020: 
болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 
жылға дейінгі тұжырымдамасы мақұлданып, Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігі мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік 


12 
органдармен бірлесіп, "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 
тұжырымдамасын іске асыру жӛніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және 
оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін деген тапсрма 
берілген болатын. Осы негізде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 
27 ақпандағы № 191 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан 2020: болашаққа 
жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға 
дейінгі тұжырымдамасы енгізілді. Тұжырымдама мазмұны 3 бӛлімнен 
құрылған: 
1-бӛлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы; 
2-бӛлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен 
жалпы тәсілдері; 
3-бӛлім. "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске 
асыру кӛзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі. [4] 
"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдаманың басты мақсаты- 
жастарды әлеуметтендіру процесі – бұл жастарды қоғамдық-саяси ӛмірге 
қосудың басты тетігі. Объективтілік тұрғысынан, жас ұрпақтың қоғамның 
дамуына қатысу мәселесі ел дамуының сапасы мен қарқынын, сипатын 
кӛрсетеді. Жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси прогрестерге 
толыққанды ықпалдасуы мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және 
бизнес-қоғамдастықтардың ӛзара кеңінен іс-қимыл жасауы негізінде 
қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мемлекет пен қоғам жастарға қолдау 
кӛрсете отырып, жастардың ӛмірдегі ӛз орнын табуға деген ұмтылысын 
тӛмендететін шамадан тыс қамқорлықтан арылуға тиіс. 
Осылайша, 
Тұжырымдаманың 
мақсаты 
жастардың 
ойдағыдай 
әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге 
бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру 
болып табылады. 
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді іске асыруды 
болжайды: 
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету; 
2) салауатты ӛмір салтын қалыптастыру; 
3)құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз 
қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру; 
4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау; 
5) жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; 
6) жастарды мәдени құндылықтарға тарту; 
7) жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін ӛздігінен дамытуын 
ынталандыру; 
8) жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету; 
9) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және 
нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; 


13 
10) жастарды "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыруға тарту. 
Тұжырымдамада Мемлекеттік жастар саясатын дамытуды жүзеге 
асыруды 2 кезең аралығында жоспарлаған. 2013 – 2015 жылдар аралығындағы 
және 2015 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңдер. 
Бұл кезеңдерде межелі мақсатқа қол жеткізу үшін біршама жұмыстар 
мен тапсырмалар қарастырылған болатын. Мәселен,
-Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында орталық мемлекеттік және 
жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының және 
бизнестің құзыретті ӛкілеттілік аймағын нақтылайтын салааралық ӛзара іс-
қимылдың тиімді үлгісі құрылатындығы және кӛрсетілген міндетке қол жеткізу 
мақсатында барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы консультациялық-
кеңесші органдар арқылы мемлекет пен жастардың ӛзара іс-қимыл жасау 
әдістерін жетілдіру қажеттігі бары айқындалып кӛрсетілді. Қазақстан 
Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жӛніндегі кеңес 
жастар саясатын тұрақты негізде жетілдіруге негізделген ұсыныстарды әзірлеу 
мәселесінде үйлестіруші рӛлін арттыруға бағытталған жұмыстар ӛз ісін
жалғастыратын болады;
-Жастар саясатына қатысты бағдарламалар мен жоспарларды іске 
асыруға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, "Атамекен 
Одағы" ұлттық экономикалық палатасы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат 
қоры" және жастар ұйымдары біріктіріліп, жұмыс атқарады; 
- Алдағы кезеңде орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және ӛкілді 
органдардың республикалық және ӛңірлік жастар ұйымдарымен ӛзара іс-қимыл 
жасауының жобалық тәсіл мен әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу қағидаттарына 
негізделген жаңа схемасы жүзеге асырылатындығы, сонымен қатар, орталық 
және жергілікті деңгейлерде жастардың барлық санатын қамтитын орта 
мерзімді болжамды негізде әлеуметтік жобаларды іске асыруға мүмкіндік 
беретін әлеуметтік тапсырысты орналастырудың салалық қағидаты белсенді 
түрде іске асырылады. Бұл тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде 
жастар саясатының алғашқы кезекті іс-шаралары дайындалатын болатындығы 
ашып кӛрсетілген.
- Жастардың жұмыспен қамтылуы, жұмысқа орналасуы, қолжетімді 
тұрғын үйге және перспективалы бизнес-идеяларды тәжірибеде қолдануға 
бағытталған жобаларға қатысу және ӛту шарттары қолға алынатындығы; 
-Тұжырымдаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде жастармен 
тұрғылықты жері, оқуы және жұмысы бойынша мекенжайлық ӛзара іс-қимыл 
жасауға бағытталған біртұтас инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша 
жұмыс басталатын болады; 
-Тұжырымдаманы жүзеге асыру процесінде мемлекеттік жастар 
саясатындағы мониторингінің, талдаудың және реттеудің жаңа құралдары 
әзірленетіндігі; 
-Барлық мүдделі тараптардың күш-жігері жастардың қажеттілігін және 
жастар арасындағы хал-ахуал, беталыстарын ескеретін нысаналы ақпараттық 


14 
сүйемелдеумен қамтамасыз етіледі тұжырымдаманың 2013 – 2015 жылдар 
аралығындағы кезеңде ашып кӛрсетсе,
-Жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қозғайтын барлық бюджеттік 
бағдарламаларды іске асыруды бағалаудың нысаналы индикаторларын енгізу 
маңызы шарт екенін және жастар саясаты саласында мемлекеттік органдар іске 
асырып жатқан іс-шараларға талдау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 
мемлекеттік жастар саясаты саласындағы міндеттерді іске асыру үшін 
нысаналы трансферттер бӛлу мүмкіндігін қарастырылатындығы; 
-Жастардың бастамаларын қолдау және оларға мемлекеттік және 
ақпараттық қызметтердің барлық спектрін кӛрсету орталықтарын құру туралы 
мәселе қарастырылатын болады. Ұлттық еріктілер желісі жаппай 
дамитындығы; 
-Тұжырымдаманы ойдағыдай іске асырудың түйінді шарты білім беру 
жүйесінде жастармен ӛзара іс-қимыл жасау әдістерін қайта қарау болып 
табылатындығы, барлық жоғары оқу орындарында жас отбасыларға ақыл-кеңес 
қызметін ұйымдастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау жӛніндегі 
бағдарламалар, спорт инфрақұрылым, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік 
әріптестік шеңберінде нысаналы бағдарламаларды іске асыру мүмкіндігі 
пысықталатындығы, сонымен қатар барлық оқу орындарының спорт залдарын 
жаңарту, жалпы дене шынықтыруды және спортты ӛткізу стандарттарын қайта 
қарау мәселелерін шешу жоспарға қойылғандығы, студенттік спорттың ұлттық 
лигалары жаппай құрылатындығы; 
-Жастарды кеңінен әлеуметтендіру процесіне жұмыс берушілер 
бірлестіктері және кәсіподақ қозғалыстары тартыладындығы, орта және ірі 
бизнес кәсіпорындарында кадрлық әлеуетті қолдау мен дамытудың ұзақ 
мерзімді бағдарламалары, соның ішінде тұрғын үй, білім беру және сауықтыру 
бағдарламалары іске асырылатындығы, еңбек ұжымдарында жастардың 
әлеуметтік кӛңіл-күйін орнықтыру жӛніндегі бағдарламаларды іске асыратын 
бизнесті әлеуметтік-экономикалық ынталандыру шаралары дәйекті түрде 
қолданылатындығы; 
-Жастармен атаулы ӛзара іс-қимылды қамтамасыз ететін барлық мүдделі 
тараптар ӛкілдерінің біліктілігін арттыру және оқыту бойынша жүйелі 
жұмысты бастау мүмкіндігі зерделенетіндігі, осылайша, жастармен ӛзара іс-
қимыл жасаудың барлық тетіктері тұрақты даму процесінде болады, бұл ретте 
орталық деңгейде де, ӛңірлік деңгейде де мемлекеттік жастар саясатының 
нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру басым бағытқа 
айналадындығы тұжырымдаманың 2015 – 2020 жылдар аралығындағы 
кезеңінде ашып кӛрсетілген.
Олай болса, Жас қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық 
жағдайын жақсарту, жастардың білім алуы және кәсіптік ӛсуі, олардың 
қоғамның әлеуметтік-экономикалық ӛміріне қатысу дәрежесін ұлғайту 
Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру нәтижесіне 
айналуға тиіс болатын.


15 
"Қазақстан – 2050" стратегиясының міндеттері мен мақсаттарын іске 
асыруға белсенді қатысу жаһандық бәсекелестіктің жаңа жағдайларында 
Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етеді – жастардың жетістігі бүкіл 
ел жетістігінің берік кепіліне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет