Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университеті
Ақиқат Сауле
“Орта мекте химиялық өндірісті оқу әдістемесі”
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01507 - «Химия-биология» мамандығы
Өскемен қ., 2022 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университеті
«Қорғауға жіберілді»
___________________
IT және жаратылыстану
жоғары мектебі деканы
_________С.Адиканова
«___»__________ 20__ж.
«Орта мектепте химиялық өндірісті оқу әдістемесі»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01507- «Химия-биология» мамандығы
Орындаған:Ақиқат Сауле
Ғылыми жетекші: Шаихова Б.К.
Өскемен, 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе……………………………………………………………….
|
3
|
1
|
Оқушылардың химиялық өндірісті оқу теориялық тәсілдері мен зерттеулері………………………………………………………….:
|
4
|
1.1
|
Оқытудың теориясы мен практикасындағы химиялық өндірісті оқу проблемасының жай-күйі……………………………………
|
8
|
1.2
|
Химиялық өндірісті оқу әдістемесінің танымдық белсенділікті дамыту факторы ретінде қарастыру………………………………
|
13
|
1.3
|
Оқушылардың химиялық өндірісті оқу әдістемесінің түрлерін жіктеу……………………………………………………………….
|
22
|
2
|
Орта мектептегі химия оқыту процесінде химиялық өндірісті оқу тиімділігінің практикалық ұсыныстары…………………………..
|
30
|
2.1
|
Орта мектепте химия сабақтарында химиялық өндірісті оқу ұйымдастыру әдістемесінің теориялық моделі……………………
|
50
|
2.2
|
Химия сабақтарында оқушылардың химиялық өндірісті оқу әдістемесі……………………………………………………………..
|
53
|
2.3
|
Химия сабақтарында оқушылардың химиялық өндірісті оқу ұйымдастыру бойынша педагогикалық эксперименттің нәтижелері……………………………………………………………
|
55
|
|
Қорытынды…………………………………………………………..
|
61
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..
|
63
|
|
Қосымшалар………………………………………………………….
|
65
|
КІРІСПЕ
Білімді жастар – мемлекеттің болашағы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім, тәрбие және еңбек өте тығыз байланысты. Еліміздегі заманауи білім беру жүйесі - білім алушыларға сапалы білім берып, білікті маман даярлаудың бірден бір жолы - теориялык бiлiм оку шеберханаларында өтетiн тәжiрибелік жұмыстармен және де өндiрiстiк оқыту кезiнде бекiтiлуі керек.
Қазіргі мектептегі білім беруде оқушылардың орта мектепе химиялық өндірісті оқытуды қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде, ол кәсіпорындардың экономикалық өндірістік ерекшеліктерінің талаптарына, қазіргі қоғамның өндірістік ортасына негізделген дамуға байланысты. Бұл мәселені шешу көп жағдайда технологиялық білім берудің іргелі негізі ретінде қолданбалы сипаттағы практикалық дағдыларды қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Сондай-ақ оқушыларды іргелі заңдар мен заңдылықтарды, өндірістік ортада жүзеге асырылатын заманауи технологиялардың негіздерімен таныстыру қажет. Бұл бағытта химияны оқытуда қазіргі қоғамның мәселелерін шешу үшін химиялық өндірістің негіздерін ашатын мазмұнды компонент ретінде химиялық-технологиялық процестермен танысу маңызды рөл атқарады. Химиялық тәжірибені орындауда және химиялық есептерді шығаруда химиялық білімді қолдану әдістерін меңгеру жоспарлау және модельдеу дағдыларын, химиялық шамалардың өзара байланысы негізінде математикалық операцияларды қолдана отырып есептеулер жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Химияны зерттеу адамзат қоғамының прогрессивті және тұрақты дамуына ықпал ететін технологияларды жетілдірудегі жаратылыстану ғылымдарының рөлін ашады. Химиялық өндірісті зерттеу материалды саналы түрде қабылдауға ықпал ететін химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы білім негізінде жүргізілуі керек: теорияны білу және іс-жүзінде қолдана біліу. Сонымен қатар әдіскерлер мектеп бағдарламасында химиялық өндірісінің жүйелі түрде зерттелмегенін, соның салдарынан мектеп оқушыларының химияның ғылым ретіндегі және оның ғылымдағы рөлін анықтай алмауын атап өтеді.
Орта мектепте химиялық өндірісті және оны оқыту әдістемесін жетілдіру үшін көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жасалынды. Атап айтатын болсақ, Д.И.Менделеева, А.А.Горский, В.В.Сорокин, О.С.Зайцев, Н.Е.Кузнецова, Г.М. Чернобельская, Н.Ф. Талызына, С.Г. Шаповаленко, Д.А. Эпштейн, Л.А. Цветков, Сарманова К.А, К.Окас, У.М.Маканов, Б.К.Шаихова, З.С.Даутова.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білімді жастар – мемлекеттің болашағы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім, тәрбие және еңбек өте тығыз байланысты. Еліміздегі заманауи білім беру жүйесі - білім алушыларға сапалы білім берып, білікті маман даярлаудың бірден бір жолы - теориялык бiлiм оку шеберханаларында өтетiн тәжiрибелік жұмыстармен және де өндiрiстiк оқыту кезiнде бекiтiлуі керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы мектепте химия өндірісті оқыту әдістемелік құралын әзірлеу, оқушылардың білім деңгейін жоғарылату, дүниетанымдарын кеңейту және функциолдақ сауаттылығын арттырыу .
Зерттеу нысаны: 10-сыныпта химия пәнін оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Мектепте химия өндірісті оқыту әдістемелік құралын әзірлеу.
Зерттеу болжамы: Егерде біз Мектепте химия өндірісті оқыту әдістемелік құралын әзірлеп, оқушының табиғи қабiлеттерiн ашып, олардың қызығушылығын, дарынын дамытып, химиялық өндірісті оқыту арқылы жүйелі білім қалыптастырып функционалдық сауаттылығын арттырамыз.
Зерттеудің міндеттері:
Мектепте химиялық өндірісті оқу әдістемесі туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау;
Мектепте химия өндірісті оқыту тиімді пайдалану үшін теориялық моделін құру;
Мектепте химия өндірісті оқыту әдістемелік құралын ұсыну;
Осы әдістемелер бойынша 10-сыныпта эксперименттік сабақтар жүргізу;
Алынған эксперимент нәтижесін өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |