Дипломдық ЖҰмыс бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі Алматы 2008 Мазмұны



бет5/7
Дата12.04.2023
өлшемі215 Kb.
#174325
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дәстүрлі бағалау түрлері, Модель выпускника ПМНО (1) магистр АГЭУ 1 послед, Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы, Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы
2.2 Тәрбие жұмысын жүргiзу тәжiрибесi.


Адам баласы қоғамда өзiнiң адамгершiлiк қасиетiмен әдептiлiгiмен, қайырымдылығымен адалдығымен, әдептiлiгiмен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептiлiктi бағалай бiлген. Отбасында жастарды кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеудi мақсат етiп қойған. Халқымыз өз ұрпағын.
“Әдептiлiк, ар-ұят
Адамдықтың белгiсi
Тұрпайы мiнез тағы жат-
Надандықтың белгiсi”, немесе
“Әдептi бала арлы бала-
Әдепсiз бала сорлы бала” – деп
әр жастың әдептi, сыпайы, инабатты болуын қалаған мiне, осы әдептiлiк тақырыбына байланысты. Мiне, осы тақырып желiсiнде өткiзген ашық тәрбие сағатын ұсынып отырмын. Тәрбие сағатының тақырыбы: “Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен ”.
Мұғалiм сөзi.


1-оқушы: – Құрметтi ұстаздар мен ата-аналар, бүгiнгi бiз дайындап отырған “Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен” атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етiңiздер.


2-оқушы:-“Тiлiмiздiң бұлағы, тiрлiгiмiздiң жүрегi.” Арманда кеткен асыл ағалар Сәкен Сейфуллин, Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Мiржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрiм Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов сынды ұлы ұстаздарымыздың аруағы алдында бас иемiз (сыныптың бас июi).


3-оқушы (Абай Құнанбаев)
Кемдi күн, қызық дәурен тату өткiз,
Жетпесе, бiрiңдiкiн бiрiң жеткiз.
Күншiлдiксiз тату бол шын көңiлмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткiз
Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып,
Бiрiңнiң бiрiң сөйле сөзiн тосып.
Бiрiңдi бiрiң қадiр, құрмет етiс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.


4-оқушы:
Әр адамда өз анасынан басқа болу керек құдiреттi төрт ана.
Туған жерi-түп қазығы, айбыны,
Туған тiлi-сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт-санасы тiрегi,
Тағдырына шуақ шашар үнемi.
Оқушының орындауында “Елiм менiң”өлеңi.


Көрiнiс: “Байлық пен ақыл”.


5-оқушы:
Мен жолымды берейiн өт, қарағым,
Несiн күттiң, несiне көп қарадың.
Анасының бергенiн саған берген,
Аруағынан айналдым тектi ананың.


6-оқушы:
Жалған-ай, жарасымды-ау iзет деген,
Иiлген сiз өтпенен, бiз өтпенен
Қасиетiн халқының сйыламайды
Атасының дәстүрiн күзетпеген.
7-оқушы:
Десек те жаңа өмiр, жаңа заман,
Жақсы ғой бiрiн-бiрi бағалаған.
Түйсiксiз тайлақтардан сақта, құдай.
Тайраңдап, алды-артына қарамаған.


8-оқушы:
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтiптi бiр-бiрiнiң жолын бағып.
Өсиетiн бабаңның орындай сал,
Одан ешкiм кетпейдi тоныңды алып.


9-оқушы:
Батаменен ел көгерер,
Жауынменен жер көгерер
Бата беру рәсiмiнен көрiнiс:
Өнерлерi өрге жүзiп, бiздiң сыныптың екi оқушысы өнер сайысына жол жүрмек. Бата сұраймыз (сынып түгел)
Бата берушi:
Ай-тәңiрiң iркiлмесiн,
Күн-тәңiрiң күрсiнбесiн,
От –тәңiрiң көз iлмесiн,
Су-тәңiрiң безiнбесiн.
Қатерде Қызыр серiгiң болсын,
Сапарда дүлдүл серiгiң болсын,
Абылайдың барағын берсiн
Бауыржан батырдың айбарын берсiн.
Әумин!


10-оқушы: (Қ.Мырзалиев)
Домбыра, мұнда шешен болдың неге,
Күй толған көкiрегiң шежiре ме.
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелсiң,
Саусағым тиiп кетсе iшегiңе.
Оқушының орындауында “тойбастар”.


11-оқушы:
Атам менiң әманда
Әдептi жан бол деген
Ата сөзi санамда,
Жасы үлкенге жол берем
Кесiп етпей көлденең
Iзетiмен кiшiнiң,
Сәлемдесәп қол берем.


12-оқушы: “Арна”
Анам маған – үлкендi сыйлы – деген,
Сол сөз маған iзгiлiк құйған ерен
Үлкендерден ауысқан кiшiлiктi,
Үлкендердiң өзiне сыйға берем.


13-оқушы:
Атам менiң әманда
Кiшiпейiл бол деген,
Ата сөз санамда,
Мақтанбауды жөн көрем
Өзгелерден өзiмдi санамаймын жоғары,
Желпiнгенiм жоқ әлi.
Оқушының орындауында ән “Туған жер”


Сөз көркi - мақал.

  1. “Тiлiңмен жүгiрме”

  2. “Қына тасқа бiтедi”

  3. “Баланың бiлегi ауырса, ананың жүрегi ауырады.”

  4. “Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей”

  5. “Көп бiл, аз сөйле”

  6. “Жерi байдың,елi бай”

  7. “Ақылды қария, ағып жатқан дария”

  8. “Жалқаудың жаны тәттi, еңбектiң наны тәттi.”

  9. “Кiшiпейiлдiлiктен кiшiреймессiң”

  10. “Жақсылыққа жақсылық әр адамның iсi ғой”

Жамандыққа жақсылық ер адамның iсi ғой.


14-оқушы: Кейiнгi уақытта ұмтыла бастаған халқымыздың тағлым тәрбиесi мол ұғымдарының бiрi тыйым сөздер.

  1. Үйде ысқырма.

  2. Босағаға сүйенбе.

  3. Босағаны керме.

  4. Нанды баспа, бiр қолыңмен үзбе.

  5. Қолыңды төбеңе қойма.

  6. Тiзеңдi құшақтама.

  7. Үйге қарай жүгiрме.

  8. Табалдырықты баспа.

  9. Көк шөптi жұлма.

  10. Анаңа ауыр сөз айтпа.

  11. Бүйiрiңдi таянба.

  12. Түнде тырнағыңды алма.



Адамгершiлiк-асыл қасиет
Мақсаты:

  1. Оқушыларға асыл қасиет тек адам бойында болатынын түсiндiру.

  2. Жақсы қасиетке үйретiп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершiлiк сезiмдерiн дамыту.

  3. Оқушыларды кiшiпейiлдiлiкке, үлкендi сыйлауға, кiшiлерге көмек көрсете бiлуге тәрбиелеу.

Көрнекiлiктер: суреттер, буклет және тағы басқалары.
Тәрбие сағатының барысы:
Бүгiнгi заман адамы сегiз қырлы, бiр сырлы болып өсу керек. Оның ең бастысы адамгершiлiк. Ата-ананың тiлегi-сенiң жақсы адам, азамат болуың, сенiң еңбек сүйгiштiгiң, оқу мен еңбектегi табыстарың ата-ана үшiн шексiз бақыт.
Ұстаздың, ата-ананың алдында шыншыл бол.
Үлкендердiң ақыл-кеңесiн тында.
Бойында осындай қасиеттерi бар баланы бiз қандай бала деймiз?
Оқушылар: Тәртiптi,әдептi бала деймiз.
Тәртiптiлiк, адамгершiлiк ең алдымен мектеп ережесiн сақтаудан басталады.
Егер сен бала күнiңнен тәртiптi, әдептi, адамгершiлiгi мол бала болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз отаныңның мақтанышы боласың.
Дұрыс сәлемдесе бiлу мәдениеттiлiк, адамгершiлiктiң белгiсi. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кiсiлер, мұғалiмдер кездессе не деу керек?
Барлығы: “Сәлеметсiз бе?”-деу керек.
Үлкен кiсi қолындағы нәрсенi көтере алмай келе жатса, оған не деу керек?
Барлығы: “Көмектесейiк”-деу кере.
Байқаусызда бiреумен қақтығысып қалғанда не деу керек?
Барлығы: “Кешiрiңiз”-деу керек.
Апаң сенiң базардан
Алма сатып әкелдi.
Ең үлкенiн, жақсысын
Саған таңдап әпердi.
Не деп барып жеу керек?
“Рахмет апа”-деу керек.
Адам болам десеңiз.
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрседен асық бол
Адам болам дасеңiз.
Тiлеуiң өмiрiң алдында
Оған қайғы жесеңiз
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ
Ерiншек, бекер мпл шашпақ-
Бес дұшпаның бiлсеңiз. [28]
Талап, еңбек, терең ой.
Қанағат,рахым ойлап қой-
Бес асыл iс көнсеңiз
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бiр ғалымды көрсеңiз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңiз.
Сiзге ғылым кiм берер,
Жанбай жатып сөнсеңiз?
Дүние де өзi, мал да өзi,
Ғылымға көңiл бөлсеңiз.
Өзiң үшiн үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл
Бiреу үшiн үйренсең.
Бiреу бiлмес, сен бiлсең,
Бiлгенiңнiң бәрi – тұл.
Сөзiне қарай кiсiнi ал,
Кiсiге қарап сөз алма.
Тез үйренiп, тез жойма,
Жас уақытта көңiл гүл.
Әдептiлiк, ар-ұят –
Адамдықтың белгiсi.
Тұрпайы мiнез, тағы жат –
Надандықтың белгiсi.
Ал құрметтi, қонақтар, тәрбие сағатымыз адамгершiлiкке байланысты болғандықтан, оқушылар сiздерге “Дастарқан басындағы дәстүрлер” туралы қысқаша түсiнiк берiп өтсiн.

  1. Халық ұрпағын тәрбиелеуге, көбiнесе дастарқан басында отбасы мүшелерiнiң бас қосуын пайдаланады.

  2. Дастарқан-берекенiң белгiсi, ризашылық сезiмнiң ошағы, молшылдық пен тойымшылдық көзi деп қарайды халық.

  3. Қазақ халқы дастарқанды “Бөлiнбеген еншiмiз” деп, ортақ ризашылдықтың тағдар берген несiбенiң белгiсi деп қарайды.

  4. “Қуыс үйден, құры шықпа” деп кез келген адам есiк ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю – халықтың қалыптасқан қасиеттi дәстүрi. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөлiскен.

  5. Өсиет айту, бата беру, мәжiлiс құрып, мәмлеге келу, серттесу, достасу бәрi де дастарқан басында шешiледi.

  6. Өйткенi дастарқан дәмi – киелi, оны татып, татуласқан адам “келiсiм бұзса, астың киесi” деп, дастарқан иесi оның дастарқан үстiндегi сертiне сенiммен қараған.

  7. Дастарқан басындағы сертiн бұзғандарды халық “ас дәмi ұрсын”, “нан ұрсын” деп қарғайды.

  8. Күнделiктi отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында: асты ең алдымен ата-анаға, жасы үлкенге ұсыну, асты ретiмен қойып, тазалық сақтау рәсiмдерi орындалады.

  9. Халық ас iшiп болған соң, ас қайыру, асқа бата қылу, қол жуу рәсiмдерi орындалады.

Мұғалiм: Сыпайылылық, әдептiлiк адамда жас кезiнен қалыптасады. Осы айтқан жақсы қасиеттердi тек сендердiң бойларыңда көремiз деп үмiттенемiз.
Мұғалiм: Үлкенге сый көрсет, кiшiге жол көрсет – дегендi қалай түсiнесiңдер. Ол үлкендi сыйлай бiлу, кiшiлерге үлгi-өнеге болу деген ұғымды бiлдiредi.
Үлкендерге сый-құрмет дегенде кiшiпейiл, әдептi,сыпайы болушылық деген ұғым бар.
Адам баласы жолдастарымен,туыстарымен қарым-қатынас жасағанда,оның таныс, таныс еместiгiне, қызмет дәрежесiнде қарамай кiшiпейiл, әдептi болу керек. Бұл адамгершiлiк борыш, адамдар бiр-бiрiн бiлу керек. Сонда басқалар оны сыйлайды.
Адамдар байқағыш, сезiмтал, көпшiл болуы керек. Егер бiз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиетiмiзде тастай алмайтын болсақ, бұл әдет бiздi бiрте-бiрте дөрекi мiнездiлiкке,бiрiн-бiрi сыйлай бiлмеушiлiкке әкеп соғады [29].
Бұдан шығатын қорытынды: мәдениеттi болудың алғашқы қадамы басқыны- сыйлай бiлу. Ал балалар, адамгершiлiк туралы қандай мақал-мәтелдер бiлемiз?
“Сыйлай бiлсең сыйланарсың”.
“Атаңның баласы болма, адамның баласы бол”.
“Адамның күнi адаммен.”
Осындай тәрбие сағаттары оқушыларды жас кезiнен бастап адамгершiлiк тәрбиесiнiң берерi мол екенiн үйретедi, Мұндай тәрбие сағаттары олардың бүкiл өмiрiнде баға жетпес қолдау қөрсетiп, жеке жұбаныш әкелетiн болады. Бiздiң ойларымыз қандай болса, өмiрiмiздiң де сондай болатынын түсiне бiлу керек. Бiз өзiмiздiң қалауымыздың бәрiне егер бiздiң тiлегiмiз iзгi және шынайы болса ғана қол жеткiземiз.
“Iзденiңдер, табасыңдар. Сұраңдар, бәрi де сендерге ашылады”, – дейдi Адамдық ұлы. Сол себептi бiздiң өзiмiзге және жақындарымызға шын жүректен бақыт пен денсаулық тiлеуiмiздi жоғары. Ақылдың есiгiн қағу деп атауға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет