Дипломдық ЖҰмыс бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі Алматы 2008 Мазмұны



бет1/7
Дата12.04.2023
өлшемі215 Kb.
#174325
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дәстүрлі бағалау түрлері, Модель выпускника ПМНО (1) магистр АГЭУ 1 послед, Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы, Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі

Алматы - 2008
Мазмұны


Кiрiспе

I. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткiзу негiздерi.


1.1. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшелiктерi
1.2. Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргiзу


II. Бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау негiздерi.
2.1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау мiндеттерi
2.2. Тәрбие жұмысы жүргiзу тәжiрбиесi

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі





Кіріспе


Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.


Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. Баланың тiлi қалыптаспай ойын айта алмайтыны түсiнiктi болғанымен, тiл халық жаны бар екендiгiн түсiне беремiз бе. Тiл ана сүтiмен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып жетiледi. Онсыз бала мәңгүрт болып елiн-жерiн сүймейдi. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелi жерге дән тастағанмен өнбейтiн сияқты, жас баланы бiлiммен сусындатып, бағып – күтпесек, көкiрегiн ашып, тәрбие бермесек өспейдi, өнбейдi. Баламен тiл табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн басты тұлға – ұстаз. Ұстазы бiлiмдi болса ғана, осы ұлы мақсатқа-егемендi терезесi тең елге айналуға мойын бұрамыз. Қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесiн алатын орны ерекше. Бiлiм негiзi бастауышы қаланады десек ұрпақ тәрбиесi алдында бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң жауап кершiлiгi орасан зор. Күнде өзгерiс болып жатқан бүгiнгi таңда халқымыздың арғы бергi тарихы мен дәстүрiн, тарихи асыл мұраларымызды бiлiп, қастерлеп, бүгiнiмiзбен келешегiмiздiң нәрлi қайнарына айналдыру әрбiр мұғалiмнiң азаматтық парызы [1].
Бүгiнгi мектеп табалдырығын аттаған әрбiр бүлдiршiн-ол ертеңгi қоғам иесi. Соңдықтан оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беру, халықтық педагогиканы нәрлi қайнармен сусындату үшiн ұстаздар қауымы ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық шеберлiктiң, тәжiрибенiң негзiдерiн дұрыс қолдана бiлуi тиiс.
Жас адамды естi, саналы, сергек етiп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орынарының бiрден бiр парызы. Өйткенi “Ес түзелмей, ел түзелмейдi” олай болса, егемендi елiмiздiң болашағы отбасында тал бесiктен басылып, оқу – тәрбие орындарына естi ұрпақты тәрбиелеу iсiмен шешiлмек.
Оқушыларға жан-жақты бiлiм, тәрбие беру мектеп атаулының басты мiндетi орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелер жүйесiнде бiлiм беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесiн тұтас педаго-гикалық процес немесе оқу тәрбие процесi деп атайды.
Бiлiм беру мен тәрбие мiндеттерiн толық шешу үшiн сабақ үстiнде әрбiр тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестiрiп өткiзу – оқу- тәрбие процесiнiң басты шарты [2].
Тәрбие процесi бұл күрделi диалектикалық процесс. Тәрбие процесi әруақытта динамикалық (қозғалысты) жыл-жымалы болады. Сондықтан педагогикалық ықпал бiр балаға жағымды ал екiншi балаға терiс ықпал етедi. Осыған байланысты тәрбие процесiнде баланың көңiл-күйiн психикалық жағдайын тұрған орнын ескерген еске алған жөн. Қазiргi педагогикалық теорияда тәрбие әдiсi ұғымы әлiде жете зерттелмеген мәселелердiң бiрi. Өйткенi бұл жөнiнде әр түрлi көзқарастардың бар екенi байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдiсне берген анықтамалардың өзi- ақ дәлел бола алады.
Т.Е.Коникованың анықтамасы бойынша бұл педагогикалық жұмыстың тәсiлдерiмен жолдары арқылы тәрбие мақсаты арқылы тәрбие мақсатына жету.
С.И.Марьенконың анықтамасы бойынша тәрбие әдiсi-бұл жеке адамға тiкелей және жанама түрде ықпал жасау.
В.И.Сластенин мектептерде тәрбие әдiсiн тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң iс-әрекетiнiң өзара байланыс тәсiлдерiмен тұжырымдайды.
Тәрбие әдiсi ұғымы туралы мұнан басқа да бiрсыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбiр автор тәрбие әдiсi туралы ұғымды өзiнiң зерттеу жұмысының нәтижесiнесүйенiп түсiндiретiн сияқты Бiрақ әр түрлi анықтамалар бiр мақсаты көздейдi, бұл сананың дамуына баланың мiнез-құлык тәжiрибесiнiң қалыптасуына әдiстiң тәрбиелiк ықпал жасау .
Сонымен әртүрлi авторлардың анықтамаларына сүйенiп мынадай қортынды шығаруға болады. Тәрбие әдiсi-бұл тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара байланыс iс-әрекеттерiнде оқушылардың адамгершiлiк, еңбек және тағы басқа қасиеттерiнiң қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсiлдерi. Қазiргi кездегi көпшiлiк арасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны әр адамға, оның ой-өрiсiне, сезiмiне, мiнез-құлқына ықпал жасауы тиiс. Бұл орайда мектептiң, мұға-лiмнiң рөлi өте зор. Өйткенi олар оқушылардың тәрбиесiне байланысты мiндеттердi шешедi және тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiлдiредi. Бұл мiндеттер мұғалiмнен сауаттылықты, iздемпаздықты өз iсiне асқан шеберлiктi талап етедi .
Тәрбиенiң түрлерi :
1. Адамгершiлiк тәрбиесi – жеке адамды жан-жақты дамытудың жетекшi звеносы.Оқушылардың адамгершiлiк түсiнiгiн қалыптастыру, адамгершiлiк сезiмiн және сенiмiн тәрбиелеу тәрбиешiнiң мақсатқа бағытталған iс-әрекетiне адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.
2. Жыныстық тәрбие-оқушыларды отбасылық өмiрге дайындау. Отбасы- мәдениет ошағы, тәрбие мектебi.
3. Еңбек тәрбиесi –адамның жан-жақты және үйлесiмдi дамуына еңбек шешушi факторлардың бiрi.Еңбек арқылы адамның дене, адамгершiлiк, эстетикалық және ақыл-ой деңгейi дамып жетiледi.
4. Эстетикалық тәрбие-табиғаттағы, өнердегi, еңбектегi, өмiрдегi ең жақсыны қабылдау одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегi әдемiлiк атаулыны бағалай бiлуге үйретедi. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керiсiнше ұсқынсыздыққа жағымсыз көз қарасты қалыптастырады.
5. Дене тәрбиесi-жеке адамды жан-жақты мiндеттерiн iске асыруда дене тәрбиесiнiң маңызы өте зор.
Оқу-тәрбиенi бiр–бiрiнен бөлiп қарауға болмайды олар өзара тығыз байланысты. Тәрбиенi күнделiктi сабақта оқушының бойына сiңiремiз. Оқу мен тәрбие егiз. Ұстаз бастауыш сыныпта әрi мұғалiм, әрi сол сыныптың жетек-шiсi. Бала шыбық, қалай исең солай майысады, оны тәрбиелеп, мiнсiз азамат етiп жеткiзудiң кiлтi бiрiншi – ұстаз, екiншi - ата-ана [3].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет