3.2.2 Музыка мектебінде білім мен тәрбие беру
Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал баланы шығармашылықка баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сейтіп жасөспірімдердің өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз ету мектептен тыс мекемелердің тікелей міндетіне жатады. Алайда, жа-сыратыны жоқ, еліміз тәуелсіздік алған алғашкя қиын-қыстау жылдарындағы оңтайландыру ісінің теріс ықпал-салдарынан ондай ұйымдардын. көпшілігі қолды болып кұрдымға кеткені рас. Сондай кезенде оқьпушы педагогтардың табандылығының арқасында жабылмай калған білім ошақгарының бірі — Атырау каласывдағы М. Қойшыбаев атындағы музыка мектебі. Бірақ, соңғы жылдары төрбиелік мәні бар сол мектептен тыс мекемелерге деген көзкарас күрт жақсарып, жүмыс жандандырылып келеді. Өткен жыддың авдіан айының соңында өткен еліміздің мектептен тыс ұйымдары директорларының республикалық үйлестірушілік кездесу семинары осы башпағы жұмыстарды жүйелеуге арналып, онда республикадағы балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беруді дамыту бағдарламалары, мектептен тыс мекемелерінде жүзеге асырылуға тиіс тәрбие беру жүйесінің үлгілері мен тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды.
Шынында да қосымша білім оқыту ғана емес, тәлім - тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектепте білімін дамытып терендете түседі, бос уақыттың өнімді өрі тиімді пайдалануга үйретеді, өзінде бар шығармашылық кабілетін жетілдіреді.
Білім беруді дамьпудьщ 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми — педагогиялық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. "Мектептегі оқу - тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің көңіл толарлықгай болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында.
Окушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықгың ұлттық, мәдени мұрасымен, яғни халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Есбай т.б. классикалық күйлерімен байланыстыра отырып жақсарту көзделген. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған жерінің табиғатын, оның сол аймақга мәдени ортаны калыптастырушы ретіндегі маңызды қызметін жүзеге асыру керектігін бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру керек.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақгы ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есіту, ырғақ, есте сақгау) қалыптастырумен катар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатга кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар оқушыларды ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыкқа, ынтымақка жетелейді.Бәрімізге белгілі біздін, республикамызда үш кезенді баспалдақган тұратын музыкалық білім беру жүйесі (балалар музыка мектебі, колледж, консерватория) калыптасқан. Соның ішінде музыка мектебінде калауынша белгілі бір музыка аспабын оқып меңгеремін деген балаға жағдай жасалған. Музыкалық мектепте болашақга кәсіби музыкант болам деген де жөне әуесқой өнерпаздар да өнердің калаған саласывда оқи алады.
Осылардың соңғылары көптеп саналады. Сондықтан да мектептің оқыту өдісгемелікжөнетөрбие жұмыстарының негізгі бөлігі еуесқойлардың музыкалық сауаттарын ашып, таланттардың өсуіне бағытгалып кұрылған.
Сөйтіп алғашқы музыкалық білім беруді дамыту екі бағытта жүреді: біріншісі "терендетілген", яғни болашақ музыка колледжінің оқушыларын, лауреаттарды, мықты кәсіби музыканттарды тәрбиелеу; екіншіден жалпылама, кең көлемде казақ халқының ұлттық дәстүрдегі өнер түрлерін камтитын музыка жанрларына тәрбиелеу.
Барлық өнердің шыққан түпкі тамыры бір болғандықтан, балалардың көркемөнер шығармашылықгарының бірнеше түрін өзара байланыстыра отырып, бір шаңырақтың астында дамытуға казіргі кезде мо-лынан мүмкіншілік бар. Ол, әрине өнер мектептері. Оку орындарының бүвдай типтегі түрлері өткен ғасырдың 80-ші - 90-шы жылдарында Ресейде кеңінен тарай бастады.
Өткен жылы ашылғанына 40 жыл толған М. Қой-шыбаев атындағы балалар музыка мектебінде өткен ғасырдың 2001 жылдарнан бастап, әр жылдарда негізгі музыка мамандыкгарынан баска хореография, бейне-леу, дәстүрлі әншілік (халық әні), ән айту (вокал), бас қобыз, скрипка кластары ашыла бастады.
Қазіргі уақытга мектепте 5 бөлім жұмыс істейді: фортепиано, қобыз — сырнай, домбыра, музыка теориясы және хореография. Ал, оларда тербиеленушілер 9 мамандық бойынша білім алады. Мектепте оқушы-лар саны 550-ге жетіп, жылдан - жылға өсіп келді, оларга 45 мұғалім дәріс береді.
Мектептің көптеген окушылары қатарынан қос мамандықга бірнеше бөлімде оқиды. Бұл балалардың уақытын үнемдейді. Егерде, ол мамандықгарға окута-тын оқу орны өр жерде болса, балаларға тиімсіз болған болар еді.
Екінші жағынан өнердің аралас түріне катысты оқушылардың ойлау кабілеті, дүние танымы кеңейіп, музыкалық шығарманы жақсы түсініп орындауға септігін тигізеді.
Соңғы кезде окушылардың ішінде ән салуға "Вокал" класына түскісі келетін талапкерлер көп. Оларға кәсіби педагог — вокалистер сабақ беріп, дауыстарын қоюда жөне ол өз нәтижесін беріп те келеді.
Сонымен кдтар балалардын арасында Ісазір эстрадалық өн айту модаға айналды. Бұл уақыт талабы. Казіргі "Жас қанат", "Суперстар КZ" конкурсында ән салу мәдениетінің каншалықгы деңгейде екенін өзіміз көріп отырмыз. Егерде сол қатысушылар бала кезден эстрадалық вокалмен айналыскан болса, олардың ырғақгы сезініп, интонацияны таза алуда көп қиындықгар көрмеген болар еді.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы жөне оқу-әдістемесі мазмүнының өзгеруі оқытушылардың кәсіби шеберліктерін жаңартуын; шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік өдістемелік қызметгі жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Осы бағыттағы жүмыстар музыка мектебінін, әдістемелік кеңесіне және белім меңгерушілеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Біздің мектептегі оқу - тәрбие жоспарының бір саласы осы тақырыпқа бағытталған. Әдістемелік жұмыстар мектебіміздің "Окушылардың білім, білік дағдыларын калыптастыра отырып шығармашылыкқа баулу" тақырыбына негізделген.
Мектептің әдістемелік құрамына 5 бөлімше меңгерушілері және 6 филиал меңгерушілері кіреді. Барлық әдістемелік жұмыстарды мекгептің әдістемелік кеңесі басқарады.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу бағытында өдістемелік кеңес қалалық әдістемелік кабинетімен, Құрманғазы атындағы облыстық балалар музыка мектебімен, Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясымен, Дина атындағы музыка колледжімен, облыстық Білім Департаментімен , ОКБА институтымен жөне Х.Досмүхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Музыкалық білім беру" кафедрасымен тығыз байланыста.
2004 жылдан бері мектеп әкімшілігі ОКБА институтымен бірлескен облыстық семинар, курстар өткізіп, мұғалімдер: Қ.Кицңев, АЕскалиева, С.Кабие-ва, З.Күмашева, Ш.Мұқанбетқалиевалардың іс –тәжірибелері облыс көлемінде таратылды.
Соңғы мезгілде жоғары оқу орнымен іс — тәжірибе алмасу, оркестр репертуарын байыту мақсатында Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Музыкалық білім беру" кафедрасын сыртгай оқып бітірушілері "Оркестрді дирижерлау" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды мектептің мүғалімдерінен құрылған М. Қойшыбаев атындағы қазақ ұлт — аспаптар оркестрімен тапсырып келеді.
Білім сапасы мұғалімдер жұмысының нәтижесі. Әрине, бұл мектепте өткізіліп тұратын академиялық концерттерде конкурстар мен байқауларда, түрлі мәдени — көпшілік шараларда көрініс табуда. Мүғалімдердің еңбегінін нәтижесінде оқушылар "Жас музыканттар" байкауларымен баска да түрлі конкурстарда калалық, облыстық және республикалық деңгейде жеңімпаз атанып жүр.
Окушылар мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, мектепте окушылардың екі ұлт — аспаптар оркестрі, қобызшылар ансамблі, екі балалар хоры, бишілер тобы, мүғалімдерден құрылған
М. Қойшыбаев атындағы қазақ ұлт - аспаптар оркестрі және оқутушылардьщ концертгік тобы жұмыс жасайды. Жылдан - жылға мектепті үздік бітірген окушылар саны көбейіп, өз мамандықгарын жалғастыруға музыка колледжіне түсушілер саны артып келеді.
Келешекте Қазақстанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы — ертеңгі азамат болғандықтан, оқу - тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру - ұстаздың басты мақсаты және міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |