ҚОРЫТЫНДЫ
Халық тағылымы арқылы музыкалық өнер – балаларды тәрбиелеу құралы. Халық музыкасы сезімді, көңіл-күйді оятады, ал көңіл-күй психологиялық күйді тұрақтатады. Психологиялық күй адам санасында өмірге деген белгілі дәрежелі қатынасты бекітеді. Музыка өмір қозғалысында даму динамикасында шындықты бейнелейді. Музыканың мазмұны сезім, эмоцияға көңіл-күй болып табылады. Бүкіл өмірінде сақталынып қалатындай музыканың адамдарға әсері ерте жастан қалыптасуы тиіс. Музыкалық іс-әрекеттің барлық нысандары ол балалардың музыкалық тәжірибесі белсенді түрде музыканы қабылдауы, олардың шығармашылық қабілеттерін білімдері мен дағдылары – осылардың барлығы да оқушының музыкалық мәдениетінің байуындағы алғы шарттар. Кең мағынада халықтық педагогика, халықтық тәрбие, халықтық музыка арқылы музыкалық қабілетті дамыту, бұл адамның бойында рухани қажеттіліктерді, оның адамгершілік түсініктерін, зерделілігін, идеялық-эмоцияналдық тәрбиені дамыту және тіршілік құбылыстарының эстетикалық бағасын қалыптастыру. Осы тұрғыдағы халық музыкасын дамыту ол – адамды тәрбиелеу дегенмен пара-пар. Тар мағынада музыкалық тәрбие беру – бұл музыканы қабылдауда қабілеттілікті дамыту, ол әр түрлі формадағы музыкалық іс-әрекет арқылы жүзеге асады, осыдан адам бойында музыкалық мәдениеттілік қалыптасады. Рухани дүниетанымын дамыту және пән әдістемесін үйрету дегеніміз ол балалармен музыкалық тұрғыдан жұмыс жасайтын, мақсат-міндеттерден, мазмұны, нысандары мен әдіс-тәсілдерді үйрететін пән. Ол музыканың өмірі мен байланысын ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін, әдебиет пен халық ауыз әдебиетін, бейнелеу өнері мен тарихтың байланысын сол аймақтың, халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрінің байланысын оқып үйрететін пән.
Әдістеме – дидактикалық қағидалар негізінде әдіс-тәсілдер, мақсаттар мен міндеттер оқу-тәрбие үрдісін құратын педагогиканың бір саласы болып табылады.
Халық музыкасы, халық әуені мен әуезі – тұлғаны оның сана-сезімін, құндылық қондырғысын, мінез-құлқын, адамгершілік қабілетін қалыптастырудағы ең күшті құрал. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті – ұлттық ерекшелік болып саналады. XX ғасырдың музыка – тануында бүкіл дүниежүзінің музыкалық мәдениеті дамуы жағынан алуан түрлі екендігі бәрімізге мәлім, әрбір мәдениеттің музыка феномені әр түрлі болады да, тарихи жағында да әр түрлі болды. Мысалы, Еуропада ортағасырлық кезеңде тек шіркеулік музыканы қаласа, жаңа дәуірде шіркеулік музыкамен қатар театрлық музыка таныла бастады. Жаңа дәуірде фольклорлық мәдениетті әзәзіл қуғыннан басталды. XV-XIX ғасырда фольклордың композиторлық шығармашылығы зор болды. Алайда, фольклор бағалы әрі ерікті сала ретінде тек XX ғасырда тыңдармандардың ықыласын жаулап ерекше музыкалық құндылыққа айналды. Бұл өзгерістер жаңа, бұрын-сонды болмаған мәдениеттің бір түрі – көпшілікке музыканың дамуына үлкен әсер тигізді.
Шығыс музыкалық мәдениетінің Еуропалық мәдениетінен ерекше айырмашылығы бар. Біріншіден, музыканың әлеуметтік орны жағынан Еуропалық жүйеден өзгеше: көптеген шығыс мәдениеттерінде соның ішінде қазақ мәдениетіндегі музыкалық арнайы концерттік формасы қалыптасқан жоқ. Бірақ оның үні басқа формалармен араласып кеткен. Мысалы, исламдағы музыка немесе дін салтының бір бөлігі- құран, азан әуендері немесе музыкалық- ақындық поэтикалық түрінде, қонақ-жайлы дәстүрінде, той-думандар да кездеседі.
Екіншіден, музыкаға ерекше жанр жүйесіне тән. Міне, осылай, ислам дүниесінде театрлық музыка, опера, балет тағы басқа болған жоқ. Еуропадағыдай ең күрделі жанр симфония емес, моком болды. Бірақ ол симфония сияқты дүниежүзінің құрамына, тәртібіне, жоғарғы рухани құндылықтарға сипаттама береді.
Қазақ музыкасы – ислам дүниесіне жақын болғандықтан, оның концептуалдық жанры-күй, жыр және айтыс.
Жалпы қорыта келе айтқанда оқушыларда музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың үлкен маңызы бар. Ал балалардың қаншалықты музыканы қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Оқушылар музыканы қоршаған ортаны, өмір мен адамның сезімін бейнелейтін құралы ретінде түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |