Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет46/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Синекдоха


«Бір заттың орнына екінші затты, не бөлшегін, не көпше, жекешесін айтса да, ең керектісін айтқандықтан, сол заттың бүтін кескінің суреттеуден артық түспесе, кем түспейді... Бұларды шеберлікпен тауып қолданса, сөйлем тым ширақ, өткір болып келеді», - деп тұжырымдайды Қ. Жұмалиев.
Орыс әдебиетінің теоретиктері де Б. Томашевский, Л.И. Тимофеев, Г.Н. Поспелов синекдоханы метонимия ның бір түрі деп қарайды.
Б. Томашевский «Метонимияның ерекше бір тобы - синекдоха» десе, Л.И. Тимофеев «Дағдыда синекдоха метонимияның ерекше бір түрі деп танылады, бірақ мазмұнына қарағанда, метонимия мен синекдоханың арасында үлкен айырма бар деп айта қоюға болар ма екен». Ал Г.Н. Поспелов метонимия мен синекдоханың айырмашылық және бірліктерін айта келіп, қорытындысында: «Демек, синекдоха – метонимияның біп түрі ғана», - дейді.
Синекдоха – метонимия тәрізді ауызекі тіл ыңғайына бейім құбылыс. Осы бейімділігіне, ойды әсерлі жеткізу қызметіне байланысты әйел – ақындар поэзиясында бұл да жиі көрініп тұрады [3.84б].
Шығармада кездесетін метонимия қолданысы:

  1. Қара құрым қалың қол бірін-бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап, кері итеріп баққан қызыл желді ұстап ілбіген де отырған («Аңыздың ақыры»,142- бет).

  2. Әр жер – әр жерде жыбыр-жыбыр қыбырлап кішкене-кішкене қарайғандар жүр («Аңыздың ақыры»,149- бет).

  3. Бұл баққа хан үй-ішінен басқа сарай адамдарынан ешкім жіберілмейді («Аңыздың ақыры»,150- бет).

  4. Жарық күн мен ояу жанарлар көзден таса қалтарыс-қалтарысқа қуып тыққан ыбылыс ластықтың мың-мың құрты қайтадан бас көтеріп, қараңғыны жамылып, қаптап өріп шыға келетін шақ («Аңыздың ақыры»,181- бет).

  5. Қызылға талпынған аш бүркіттей, адуын ойды тежеп, әлгі саулға жауапты байыппен іздей бастады («Аңыздың ақыры»,183- бет).

Шығармада кездесетін синекдохалардың қолданысы:

  1. Мың-сан тұяқтың саздауыт жерді шегелеп басқан қуатты дүсірі мен дабылдан байтақ шаһардың барша көк күмбездері мен көк мұнаралары да байлаудағы тұлпардай арқасы қозып жер тартып тұрғандай, күллі дүние тітіреп кетті («Аңыздың ақыры»,150- бет).

  2. Алмас хан ортадағы үшкіл сақалдына таныды – баяғы өзін қашырған бек екен («Аңыздың ақыры»,30- бет).

  3. Сарай ішінде әлдебір қалтарыстардан енді қайтер екен, енді қайтер екен деп тағаттары таусылып аңдып тұрған мыңдаған тіміскі көздер мен қазір қаймығып, дымдары ішінде боп, жұмулы тұрған талай-талай жымысқы еріндер, ол қазір кіші ханша жатқан бөлменің табалдырығынан аттауы-ақ мұң, бәрі бірдей жабыла табалай жөнелгелі тұрғандай («Аңыздың ақыры»,177- бет).



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет