Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Іші күйгендердің сірке суын ішсе де



бет14/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Іші күйгендердің сірке суын ішсе де, еркі, Аткелтірді, яғни Атекеңді мен карта ойнап ұтып алғаным жоқ (Ж. Сабыржанұлы, 327 б.).

Іші күйген сірке суын ішсін жеке қолданысы «ішің күйсе, тұз жала» сияқты қалыпты тіркесінен сөзді құбылтып, ойнату арқылы мынадай тәсілдерімен ұтымды жасаған: 1) күйсе дегендегі етістіктің шартты райының жұрнағы «-се» есімшенің «-ген» жұрнағымен ауыстырылған; 2) тұз жалау – сірке суын ішу ФТ-ның екінші компоненті толығымен өзгерген; 3) тілдің қалыпты фразеологиялық қатарын толықтыруыға мүмкіндігі бар.

Осылайша, ФТ-ның узуалды және окказионалды өзектіленуінің ара-жігі қиындықтарын жою арқылы өзектілену тәсілдерін саралауға болады.

Өзектіліктің бірнеше әдістерінің болуы тек осы тұлғаның ғана емес, барлық контекстің де прагматикалық, эмотивтік және комикалық әсерін едәуір арттырады.

Қара көрпесін ысырып тастап, аспанның да ұйқысы шайдай ашылды (Жас Алаш, 30.01.07).

Осы мысалдағы ұйқысы шайдай ашылу тіркесі [44, 542 б.] тікелей субъектіге қатысты қолданылатын ФТ өз формасын сақтағанымен, мағынасын өзгертіп, яғни таң атты деген мағынаны білдіре отырып, объектіге қатысты айтылып тұр.

Осының бәрі мәтіндегі УФТ рөлінің артуына әкеледі де, оның прагматикалық және эмоциялық әсерін күшейтеді.

Фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектіленуін біз фразеологизмдердің трансформацияға ұшыраған түрлері ретінде түсінеміз. Олар жанама немесе сөзжасамдық белгіні көрсететін семантикалық және құрылымдық-семантикалық өзгерістерге әкеледі.

Мысалы: - Хо-ош, мейман! Атаң қазақ «абыройлы болар жігіттің алғашқы ұрлығы ашылсын» деген екен... Олай болмай, бұл қу кәсіп сенің сүйегіңе сіңіп, буыныңды қапқан көрінеді. (Ж. Ахмади, 47 б.). Осындағы «сүйегіне сіңу» узуал фразеологиялық тіркесіне (табиғаты соған дағдыланып әдетіне айналған; бойына сіңген деген мағынада) [44, 476 б.] буынын қабу жеке тіркесін қосу арқылы автор УФТ-ның мағынасына мағына қосып, окказионал тіркестің өзектілігін одан да арттыру арқылы, сүйегіне сіңіп, буынын қабу секілді ұтымды тіркес жасап, құрылымдық-семантикалық толықтырулар енгізіп отыр.

Барлық зерттеушілердің пікірлері ұқсас, нәтижесінде ФТ окказионалды өзектілігін екі топқа бөлуге болады: фразеологизм құрылымы белгілерінің өзгерісі бойынша құрылымдық-семантикалық және окказионалды семантиканың жасалуы. ФТ окказионалды семантикасының жасалуы барысында бұл белгі жойылады, өзгеріс ФТ лексикалық құрылымына тимейді (құрам, сан, компоненттердің жалғану тәртібі), ФТ тұрақтылығы тек семантикалық деңгейде ғана өзгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет