Дир. ОІО 9
"Бекітемін" __________
Сабақ № 85-86
Топ № "_27__" __10-04-2020ж
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС№9
Тақырыбы: «Сірке қышқылынан күрделі эфир алу»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларға сірке қышқылы мен этил спиртінен күрделі эфир түзілуі кезіндегі этирификация реакциясының іс жүзінде жүруін дәлелдеткізу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: концентрлі сірке қышқылы, этанол, концентрлі күкірт қышқылы, натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісі, су спиртшам, салқындатқыш түтігі бар сынауық.
Ұйымдастыру кезеңі:Мұғалім төмендегідей нұсқау береді: Сынауыққа 1 мл этил спиртін 1 мл сірке қышқылын және 0,5-1 мл күкірт қышқылын құйып, араластырады. Штативтегі сынауықты ауасалқындатқыш түтігі бар тығынмен бекітіп, су сеңгілінде 6-10 минут қыздыру керек.
Мұғалім тәжірибе нәтижесі дұрыс шығуы үшін төмендегідей алгоритм ұсынады:
-
Құралды құрастыру.
-
Қоспаны дайындап, су сеңгілінде қыздырғанда сақ болу.
-
Су сеңгілінде 6-10 минут қыздыр.
-
Қоспаның қайнап кетпеуін бақыла.
-
Сұйықтық суығаннан кейін су немесе ас тұзының ерітіндісін қосып араластыр.
-
Иісіне көңіл бөл.
-
Әрбір сұйықтықтың құралдың қай бөлігіне жиналғанын бақыла.
-
Реакция теңдеуін жаз.
Мұғалім сабақ барысында оқушыларға төмендегі біліктердің қалыптасуына көңіл бөлгені жөн: берілген көлемдегі қоспаның даярлау құралды дұрыс құрастыра білу, қауіпсіздік ережесін сақтау, реакция теңдеуін жаза білу.
Достарыңызбен бөлісу: |