Жұмыстың орындалуы.
Етте нәруыз бар екенін анықтау. Сынауыққа 1 г майдаланған етті салыңдар да, оның үстіне 1/3 бөлігіндей су құйып, бірнеше минут қайнатыңдар. Ерітіндіден 2 мл таза сынауыққа құйып, оның үстіне 2 мл сілті ерітіндісін қосып, 3-4 тамшы мыс (II) сульфатын тамызыңдар. Пайда болған күлгін түс нені көрсетеді?
Тамақ өнімдерінен майды бөлу. Сынауыққа 2 см етіп ұн салыңдар да, оның үстіне 3 мл бензин құйып, 1-2 минут бойы шайқаңдар. Сұйықтықтың бірнеше тамшысын сүзгі қағазға тамызыңдар. Бензин ұшып кеткенше күтіңдер. Сүзгі қағаздың бетінде майлы тамшы қалғанын байқайсыңдар.
Жаңғақтың құрамында май бар екенін анықтау үшін оны кәрлен келіге салып ұнтақтайды. Ұнтақталған жаңғақты қағаздың бетіне салыңдар. Қағаз беті майланады.
Картоп крахмал клейстерінен 2-3мл пробиркаға құйып, оның үстіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін тамызса, крахмал түсі өзгереді. Тағам құракмында крахмалдың бар екенін қалай анықтаймыз.
Ескерту. Бұл көрсетілген тамақ өнімдерінен басқа да тамақ өнімдерін пайдалануға болады. Мысалы, жүзім, қарбыз, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |