Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет11/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Курстың міндеттері: - оқушыларды Отанымыздың географиялық орнын, саяси идеологиясын түсінуге баулу; - оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту; - Отанымыздың табиғатын, байлығын, жер-су аттарының құндылығын қастерлеуге үйрету. Ұсынылған бағдарламада арнаулы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар сағаттарының жоспары, үлгі сабақ мазмұндары көрініс тапқан. Оқушыларға білім беру арнайы дәріс формасында өту ұсынылады, олар «Отантану» курсының мақсат-міндеттеріне орай ата-бабаларымыздың ерлік, батырлық істері, ұлттық өнеге, ұлттық таным, ұлттық рух, қаһармандық қасиет, туған жерді сүю туралы теориялық білім беруді көздеді.

«Отантану» арнаулы курсы 10-сынып оқушыларына арналған (34 сағат, аптасына 1 рет)



Тақырыптар мазмұны

Сағат




Кіріспе

2

1

Менің Отаным – Қазақстан

2

2

Қазақстан Республикасының рәміздері

3

3

Сүйікті қалам – Астана

2

4

Қазақстанның қасиетті жерлері

4

5

Қазақстан қорықтары

2

6

Аталар өсиеті – ақылдың көзі

2

7

Үш кемеңгер (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

2

8

Қазақтың жыраулары

2

9

Қазақтың ертедегі батырлары

3

10

Шежіремізді білейік

3

11

Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары

2

12

Қазақстанның қазіргі кездегі қаһармандары

3




Қорытынды

2




Барлығы

34

Қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру негізінде жасалған арнайы курсты меңгеруде оқушылар халықтық тәрбие талаптарын саналы түрде ұғынып, патриотизм, елдік, ерлік, қаһармандық туралы халықтық педагогика түсініктерін ой елегінен өткізе отырып, ұлттық рухани мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін туған жер туралы танымдарын кеңейтеді. Осы орайда курсты меңгертуде отансүйгіштік тәрбие берудегі шешуші факторлары – ұлттық отансүйгіштік тәлім-тәрбие тәжірибесі негізінде жеке тұлғаның дамуын дұрыс жолға қойылған ортаны ұйымдастыра білу, яғни халықтық тәрбие әдістерін оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен арадағы терең моральдық қарым-қатынасты орнатуда маңызды екендігі анықталды. Біздің ұсынып отырған арнаулы курсымыз жаратылыстану, гуманитарлық пәндер мазмұнымен тығыз байланысты, әрі қазақ халқының тәлім-тәрбиесіне негізделген қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің кешенді бағыттарын қарастырады. Арнаулы курстың бағдарламасын жасауда орта мектептің стандартты бағдарламасы мен көптеген ғылыми еңбектер, оқу бағдарламалары («Қазақ әдебиеті» пәнінің орта мектепке арналған бағдарламасы, авторлары: С.Қирабаев, Ә.Дайырова, т.б.; «Тарих» пәнінің орта мектепке арналған бағдарламасы, авторлары: М.Қозыбаев, Т.Абраев, т.б.; «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің орта мектепке арналған бағдарламасы және ғылыми еңбектерден Д.Құсайынованың «Ерліктің қос қанаты» атты бағдарламасы, т.б.) негізге алынды. Арнайы курс мазмұнында қазақ батырларының ерлік дәстүрі аясындағы оқушыларға отансүйгіштік тәрбие берудегі мүмкіндігі мол материалдар алдын-ала жан-жақты іріктеліп, жеке тақырыптар ретінде меңгертуде пайдалану қажеттілігі ескерілді. Сондай-ақ «Отантану» арнайы курсының мазмұны аймақтық ерекшелікке құрылғандығы да бұл арнайы курс бағдарламасының басқа оқу пәндерінен өзіндік мазмұндық ерекшелігін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет