Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет22/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Жусан

Шренк жусан
Биіктігі 70 см-ге жететін, денесін қою түк басқан көпжылдық. Вегетация соңында сүрткен жағдайда түктері түйдектеліп түседі. Тамыры жуан, сүректелген, төмен қарай тік өседі және одан жапырақтары молқысқарған көптеген жеміссіз және аз ғана жемістіөркендер өсіп шығады. Олар борпылдақ шымды түзеді. Жемісті сабақтары тік өседі не төменгі жағынан жоғары қарай бағыттала өседі және төбесінде бұтақталады.

Сабақтың төменгі жапырақтары мен жемісіз өркен жапырақтары ұзын сағақты, қалғандары қондырмалы, пішіні жалпақ-жүмыртқа пішіндес, үш сирек екі рет қауырсынды тілімделген, ұзындығы 3-6 см-ге дейін, ені 2,5 см-ге дейін,тақтасының асты-үстін ақшыл түк басқан. Жапырағының шеткі бөліктері таспа не жіңішке таспа пішіндес, ұзындығы 2-6 мм, ені 1,5 мм. Табанында қауырсынды тілімделген құлақшалары болады.

Сыпыртқыгүлі жалпақ не жіңішке, онда себетгүлдер топтасып отырады. Себетгүлдері қондырмалы не қысқа түбірлі,сопақ жұмыртқа пішіндес, көп әрі ұсақ, ұзындығы 2,5-3 мм, жоғары қарай шошайып өседі. Гүл орамы жапырақшалары ақшыл қою түкті әрі нүктелі бездеуіт түкті, сыртқы қатарындағылары эллипсті жұмыртқа пішіндес, ішкілері – сопақ таспа пішіндес, жиектері жарғақты.

Гүлдері қос жынысты, 4-5, түтікшелі сары не ақшыл сиякөк күлтесі бар.

Тамыз – қыркүйек айларында гүлдейді.

Аймақта сортаң және сор шалғындарында, өзен террасалыры мен сайларда, тоған жағалауында өседі.

Жаз бойы қой сүйсініп жейтін жем-шөптік өсімдік.

4.8 Фитоценоздық алуантүрлілігі


Зерттеліп отырған аймақ Н.И.Рубцовтың (1952) геоботаникалық аудандастыру схемасы бойынша 4 геоботаникалық округтан тұрады: Ұлытау-Жоғарғы Сарысу, Қарсақпай, шығыс Бетпақдала Батыс Бетпақдала және Шығыс-Аралмаңы.

Жарық көрген бірқатар жұмыстарды қорытындылай келе (Левина, 1938; Кубанская,1956, 1980; Карамышева, Рачковская, 1965; Калибернова, 1984) және біздің зерттеулеріміздің нәтижелерін талдай отырып, Сарысу өзенінің жүйесінің үйлесімді өсімдіктер бірлестіктері келесі типтерден түзілгендігі жайлы айтуға болады: ағашты-бұталы бірлестіктер, шалғынды бірлестіктер, су, су маңы бірлестіктері, далалық бірлестіктер және шөлдік бірлестіктер.

Ағашты – бұталы үйлесімді өсімдіктер типі. Ценоз құрайтын ағаштар – қотыр қайың (Betula pendula), үшкіржеміс жиде (Elaeagnus oxycarpa), көктерек (Populus tremula).Бұталардан – талдар (Salix triandra, S.cinerea, S.rosmarinifolia), ішдәрі қаражеміс (Rhamnus cathartica), сынғақ итшомыр (Frangula alnus), татар ұшқаты (Lonicera tatarica), қотыр раушан (Rosa laxa) және қара қарақат (Ribes nigrum).Олар Сарысу өзені аңғарларының терең сайларында, әсіресе, оның ең ірі саласы Қаракеңгірдің ортаңғы ағысының шалғынды топырақтарында түрлі шөпті және астықты шөптесін жамылғысы бар бұталы-ағаш әртүрлі бірлестіктерін құрайды.

Биіктігі 5-10 м-ге жететін бірінші ярусты қотыр қайың, үшкіржеміс жиде құрайды. Екінші, бұталы ярус талдармен, ішдәрі қаражеміспен, қотыр раушанмен және қарақатпен түзілген. Үшінші және төртінші ярусты астықтар (Phragmites australis, Calamagrostis epigeios, Bromopsis inermis ) және түрлі шөптер (Licopus excelsus, Ranunculus lingua, Sanquisorba officinalis, Lathyrrus pratensis, Inula britannica) өкілдерінен құралған шөптесін жамылғысы түзеді.

Келтіріліп отырған түрлішөпті-астықтық шөптесін жабындылы бұталы- ағаш үйлесімді бірлестігінің сипаттамасыносы ағашты- бұталы бірлестігінің түр құрамының байлығын көруге болады (1 кесте).

Өзен жайылмасының өсімдіктер жамылғысында бұталардың алар орны ерекше. Олар негізінен талдардан (Salix cinerea, S. rosmarinifolia S. triandra) кейде татар ұшқаты және раушаннан құралған.

Сарысу өзенінің аңғарларындағы сайлардың шалғанды-сортаң топырақтарында, құрғақ жылғалардың жағалауларында, сайларда жыңғылды-ажырақ (Aeluropus littoralis, Tamarix ramosissima) бірлестіктері орналасқан. Сорларда тікентүкті жыңғылдан (T. hispisa ) алған ценоздар кездеседі (Кубанская, 1956). Осы автор Сарысу маңындағы құмдарда жүзгеннен (Calligonum aphyllum, C. caput-medusae) құралған бірлестіктерді көрсеткен. Олар малдың шамадан тыс көп жайылғандығы салдарынан шөптесін өсімдік бірлестіктерінің жойылуы нәтижесінде пайда болған деп есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет