Зерттеудің объектісі- Жүсіп Баласағұнның тәлім –тәрбиелік мұрасы.
Зерттеудің пәні- «Құтты Білік» дастанындағы тәлімдік идеялар жүйесі.
Зерттеудің мақсаты- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы көрініс тапқан адамгершілік тәрбие идеяларды жүйеге келтіру және оларды жоғарғы сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекеттерінде пайдалануға байланысты ұсыныстар жасау.
Зерттеудің міндеттері: 1.Жүсіп Баласағұнның тұлғалық қалыптасуына ықпал еткен факторларды анықтау.
2. Жүсіп Баласағұн шығармаларының қоғамда алатын орнын айқындау.
3. «Құтты Білік» дастанындағы адами құндылықтардың қазіргі педагогикамен үндестігін анықтау.
4. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау және қазіргі оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты ұсыныстар жасау.