Жүсіп Баласағұн шығармаларының қоғамдағы орны
«Құтты біліктің» ең басты ерекшелігі-түркі халықтарының әдеби жәдігері болып табылатындығында және түркі жазба әдебиетінің бастауы болуында. Бұған қоса, орта ғасырда түркілердің бір мәдениеттен екінші мәдениетке көшуі, жалғыз Орта Азияда ғана емес, әлемде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық өзгерістердің болып жатқан кезеңде жазылуында. «Құтты білік», «Диуани Лұғат ат-Түрк», «Диуаны хикмет» т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштері түркі мәдениетінің өркендеген шағында туындаған шығармалар болып табылады.
Сонымен «Құтты білік» дастанының даңқы дүниенің әр бұрышына тарап, Шын, Машын, күллі Шығыс елі кітапқа ат қоюмен өз тілдеріне аударады. Дастанның бәйіттерінен «Құтты біліктің» халық тәліміне айналғаны анық байқалады. Дастан авторы:
Ат қойғанмен бұрын әр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне (30-бәйіт)
дейді. Мұндағы «әр ел тілі», «адамзат ділі» сөз тіркестері халық дүниетанымын қалыптастыратын факторлар. Сондықтан қарахандар қоғамына арналған кітапты басқа тілге аударғанда сол халықтың ұлттық ерекшеліктері, әдептері ескеріледі. Мұны «ел рәсіміне бәйім» деген ойы дәлелдеп тұр.
Дастанға берілген атаулар оның кең ауқымын, қоғамдағы мәнін одан әрі жоғарылата түсті. Ұлы түркі ғұламаның еңбегі біздің заманымыздың, әсіресе X-XII ғасырдың әйгілі ғалымдарының назарын аударды: Г.Вамбери, В.Радлов, Р.Арат, К. Каримов, В. Томсен, «Бақыт әкелуші білім», «Бақыт сыйлайтын білім», «Адам бақытты ететін білім», «Бақыт ғылымы», «Бақытты ететін өнер». Ғалым Е.Н. Крымский украин тілінде «Блаженное знание» деп аударады [8.29]. Белгілі ірі ғалым С.Е. Малов 1880-1957 жж. Кітап атаулының екі вариантын ұсынды: «Книга счастья» и «Осчастливливающее управление». Өйткені, оның пікірінше, «бил» деген ұғым екі мағынаны білдіреді-«знать» и «управлять». Сондықтан «билиг» деген атаудың осы екі оймен қолданылғаны айтылады. Бірақ, кейіннен, С. Малов (өкінішке орай, А.Кононовтың айтуынша) дастанның орыс тіліндегі аудармасының дәстүрлі вариантымен келісіп, оны қабылдады [9.96].
«Құтты білік» дастанын аударған Асқар Егеубаев өз пікірін былай жеткізеді: «Ендігі бір керемет-Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Оқыған сайын қарапайым даналығымен таңдандырып, үйіре беретін, халықтың елдігін, өнері мен сезім кереметін ұғындыра түсетін осы ұлы жазудың қасиетті түркі мәдениетінің, оның ішінде қазақ жерінде осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен бабамыздың ұлылығын, даналығын, сана-сезім, салт-дәстүріміздің ата тегін қолмен қойғандай айқын меңзеп беретіндігі» [10.9].
1-кесте
Шығыс елін қызықтырған «Құтты біліктің» түрлі атауларын келесі суреттен көруге болады:
Тұрандықтар:
«Құт білігі»
Ирандықтар:
«Шахнама»
Баласағұн
«Қутадғу билиг»
Шығыста:
«Зейнату үмәра»
Машынлықтар: «Әнису мәлік»
Шынлықтар:
«Әдәбу мүлік»
«Құтты білік» дастанының бізге дейін сақталып келген үш нұсқасы бар. Біріншісі-Вена нұсқасы. Оны ұйғыр әрпімен көшіріп алынғандығына байланысты кейде Герат, Ауғанстан нұсқасы деп те атайды. Осы қолжазба туралы бірінші лебіз білдірген австрия ғалымы А.П.Хаммер-Пург-Шталь (1774-1856) болса, француз ғалымы А.П.Жоберт (1779-1847) [11.67] осы қолжазбамен танысып, «Азиятану» журналында 1825 жылы дастанның кейбір тарауларын француз тіліне аударып, тұңғыш мақала жариялайды. Осы кезең, XIX ғасырдың басы, «Құтты білік» дастанының ғылыми айналымға қосылған уақыты болып есептеледі.
«Құтты білік» дастанын арнайы зерттеген түрколог ғалымдар Г. Вамбери, В.В.Радловтар еді. Венгер ғалымы Г.Вамбери 1870 жылы латын транскрипциясымен дастанды жариялап, ол туралы ғылыми түсініктер, талдаулар, болжамдар айтып, оны түгелге жуық неміс тіліне аударған. Ал, академик В.В.Радлов Вена нұсқасының толық мәтінін қалпына келтіріп, 1891 ж.көшірмесін (факсимилиесін) жариялайды [12], Мұның екіншісі-араб әрпімен көшірілген Каир нұсқасы. Ол 1896 жылы Каир кітапханасынан табылған. Осы нұсқадан көшіріліп алынған қолжазбаның бір данасы Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде сақтаулы тұр. Үшіншісі-ең толығы, 1913 жылы Өзбекстанның Наманған қаласынан табылған. Араб әрпімен көшірілген бұл қолжазба бүгінде Өзбекстан Ғылым академиясының Шығыстану институтында сақталуда. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының бүгінге жеткен тарихи түпнұсқалары 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте
Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының бүгінге жеткен тарихи түпнұсқалары
Нұсқаның сақталған жері
|
Венадаға король кітапханасы
|
Каир кітапханасы
|
Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Шығыстану Институты
|
«Құтты білік» нұсқаларының ғылыми аталуы
|
Вена (Герат)
|
Каир
|
Наманған (Ферғана)
|
Нұсқаның жазылу әрпі
|
Араб әрпі (осы нұсқадан ұйғыр әрпімен көшірілген)
|
Араб әрпі
|
Араб әрпі
|
Нұсқаның кітапханаға тапсырушының аты-жөні
|
Австрия ғалымы Иосиф Фон Хаммер-Пург-Шталь
|
Неміс ғалымы Б.Мориц
|
Өзбек оқымыстысы А.З. Валидов
|
Нұсқаның табылған уақыты
|
1796
|
1896
|
1913
|
Р/с
|
1
|
2
|
3
|
Ресей ғалымдары И.Н.Березин «Түрік хрестоматиясында» (1857), Н.Ильминский өзі құрастырған «Түрік-татар тілі курсына кіріспе оқыту» (1861) кітабында жұртқа насихаттайды. «Құтты білік» дастаны бүгінде біраз тілдерге аударылып, көптеген халықтардың рухани игілігіне айналып отыр. Белгілі түрік зерттеушісі Р.Р.Арат [13] 1947 жылдан бастап белгілі үш қолжазба негізінде дастанның ортақ мәтінін баспадан шығарды. Мәскеудегі «Наука» баспасы 1983 жылы С.М.Ивановтың [14] аударуымен поэманың кейбір тараулары орыс оқырмандарына мәлім болған еді.
Орыс тіліндегі С.Н.Ивановқа дейінгі аудармалардың бәрі сөзбе-сөз тәржіме болып, дастанның эстетикасы мен көркемдік ерекшелігін бере алмады. Кез-келген аудармашының алдында үш міндет тұратыны белгілі: біріншіден түпнұсқаның мазмұнын, поэтикалық ойын дәл беру;екіншіден,түр ерекшеліктерін сақтау; үшіншіден, аударма туған ұлт әдебиетіндегі құбылысқа айналуы керек.Осы міндеттерді С.Н.Иванов аяғына дейін атқарып шыққан.
Бұл поэма 1984 жылы Қытай елінде ұйғыр тіліне аударылып, баспа бетін көрді. Ал, 1986 жылы қазақтың көрнекті ақыны А.Қ.Егеубаев «Құтты білік» дастанының қазақ тіліндегі толық әдеби аудармасын жасап, алғы сөзі мен түсініктерін жазып, «Жазушы» баспасынан жеке кітап етіп шығарды. Араға 900 жылдан астам уақыт салып, ата-бабамыздың төл мұрасы алыс сапардан қайта оралғандай болды. Сөйтіп, ақынның өзі өсиет еткендей бүгінгі ұрпақ үшін де «Құтты біліктің» құтын тұту мүмкіндігі туды. «Құтты білік» дастанының әлем тілдеріне аударылып жариялануы 3-кестеде келтірілген.
3-кесте
«Құтты білік» дастанының әлем тілдеріне аударылып жариялануы
Баспадан шыққан елі
|
Алмания
|
Алмания
|
Түркия
|
Ресей
|
Ресей
|
Өзбекстан
|
Қытай
|
Ресей
|
Қазақстан
|
Кітаптың жазылу тілі
|
Неміс тілі
|
Неміс тілі
|
Түрік тілі
|
Орыс тілі (Наука быть счастливым)
|
Орыс тілі (Наука быть счастливым)
|
Өзбек тілі
|
Ұйғыр тілі
|
Орыс тілі (Благодатное знание)
|
Қазақ тілі
|
Аудармашының аты-жөні
|
Г.Вамбери
|
В.В.Радлов
|
Р.Р.Арат
|
Н.Н.Гребнев
|
Н.Н. Гребнев
|
К.Кәрімов
|
Бір топ аудармашылар
|
С.Н.Иванов
|
А.Егеубаев
|
Кітаптың жариялану уақыты
|
1870
|
1890
|
1947
|
1963
|
1971
|
1972
|
1977
|
1983
|
1986
|
Р/с
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар-мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет-от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарса шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім-даналық, денсаулық және жан толысуы. «Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім-адамның өз блмысын танып білуге, иманын жетілдіруге,өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. [15.14]
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікте» ең алдымен даналық, яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі,таным процесінде ақиқатқа ұмтылу т.б. мәселелерді қарастырады. «Ойлау қызметі- тек адамға ғана тән,жануарларда жоқ қасиет» деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. «Құтты біліктің»негізгі айтар ойы- адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам –өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан.
Жүсіп Баласағұн-түркілік ислам әдебиетіндегі мадақ жанрының негізін қалаушы. Ол өз шығармасында Аллаға иман, пайғамбарға сенім, сахабаларға құрмет, елін ойлаған қағанға ізет көрсетіп, ортағасырлық түркі әдебиетінде мадақ жанрының төрт түрін қалыптастырды. Адамзат қоғамына ең басты керегі-Аллаға иман және оның пайғамбарына сенім, сахабаларына құрмет, әрі Алланың жолын ұстанатын хан-қоғам бақытының іргесі екендігін шегелеп берді. Ойшыл ақын елдің бұл өмірде бақытының бастауы хан екендігін шығармасына таңдаған төрт кейіпкердің бейнелері арқылы ұқтырады. Онда қоғамға қажет әділдік (патша), бақ-дәулет (патша уәзірі), ақыл-парасат (патша уәзірінің баласы), қанағат-ынсап (патша уәзірінің туысы)-бәрінің бастау –қайнары-хан.
«Құтты білік» дастаны энциклопедиялық шығарма болғанымен саяси бағыты өн бойынан байқалып тұрады. Ол Қарахан мемлекетінің саяси-қоғамдық нұсқаушысы болып рөл атқарады. «Құтты білік» түркі тілінде жазылған тұңғыш саяси әдебиет. Өйткені бұл еңбектен кейін саяси-әдеби еңбектер түркі халықтары арасында ғасырлар бойы «үнсіз» қалды. Тек қазақ әдебиеті хандық дәуір мен Алаш әдебиет дәуірінде, одан кейін де әдеби туындыларында халық тағдырын қимылдардан бөле-жара қарамады. [15.14] «Құтты білік» сияқты шоқтығы биік шығарма, тақыр жерге шөп шықпайтындығындай, әдеби дәстүрі жоқ құнарсыз топырақта дүниеге келуі мүмкін емес еді. Бұл дастанның қазақ мәдениетіндегі алар орны ерекше: «Жүсіп Баласағұнсыз қазақ мәдениеті туралы айтудың өзі болмайтын іс» [16.63].
Жүсіп Баласағұнның ғаламдық ғылым мен мәдениетте, соның ішінде мұсылман философиясында алар орны ерекше. Орта ғасырларда ислам діні біріктіруші арна ретінде қалыптасып, әскери және мәдени экспансия қуатты қағанат құруға мүмкіндік берді. Ауыз әдебиетінің шебері саналатын Орта Азия да өз философиясын жоғары деңгейде дамытып, әсіресе, біздің өңіріміздің оңтүстік аймақтары ғылым мен мәдениеттің тоғысқан нүктесіне айналды, Шығыс Ренессансы туының астында дамып, көптеген көрнекті тұлғаларды тудырды.
Ғұлама ислам әлеміне «мейірім», «ақиқат», «сұлулық», «ғылым», «адам» ұғымдарын бірлікте қарастыратын күрделі тұжырымдаманы енгізді. Данышпан ғалымның философиялық мұрасында оқымысты адам этикасы, оның қоғамдағы мінез-құлқы, маңайындағы адамдар тағдырына жауапкершілігі, алауыздықты, қантөгісті және басқа да әлеуметтік қарама-қарсы күштердің немесе мүдделердің қақтығысуын қақпайлау мәселесі негізгі тақырып болып алынады. Оның ойынша, егер кімде кім өнегелі қасиет пен қайырымдылыққа, оған қоса игілікке қабілетті болмаса, ғылымды елеулі жетістікке жете алмайды.
Жалпы, Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік ілімі философия мен этикаға негізделген. Ойшыл өз еңбегінде адамдардың қызметіне мән бере отырып, олардың саналы ұйымдасқан түрде әрекет жасайтындығына қуанады, не болмаса соған жол көрсетеді. Дегенмен, кемеңгер қоғамдағы адамдардың әртүрлілігіне, әсіресе, екі жағдайға- мінез-құлық пен табиғи-жағрапиялық шарттылықтың маңыздылығына ерекше мән береді. Осы екеуін салыстыра отырып, мінез-құлықтық қағидаларды бірінші кезекке шығарады.
Өйткені халықтың мінез-құлық тазалығы мәдениеттің гүлденуі мен саяси тұрақтылыққа жетелейді. Соның нәтижесінде өзара көмек беруге деген ұмтылыс, қайырымсыздықты жоятын сана-сезім пайда болады.[17.35-36]
Түркі дастанын қазақ тіліне бірінші аударған белгілі ғалым Асқар Егеубаев та Жүсіп Баласағұнның шығармашылығындағы халықтық тәрбиесінің көптеген көрінісін айтады: «Халықтық сипаттың, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің қайнар көзі осы дастаннан айқын аңғарылады. Бұл аса күрделі, баяу қалыптасып, баянды боп қалатын қиын процесс. Халықтың ұлттық ерекшелігінің көріністері наным-сенім, сана, салт-дәстүр белгілері... көрініп, бір-біріне ұласа-өріліп отырады.» [18.34]
Халық тәлім-тәрбиесінің «Құтты біліктегі» көріністерін Т. Қоңыратбаев [19.2], М. Фомкин [20.182], өзбек зерттеушілері Б. Тулиев [21.50], З. Содиқовтар [22.24] да қарастырған. М. Фомкин: «Ежелгі шығыс педагогикасының принципі бала тәрбиелеу кезінде негізгі бағыт болып табылып, олардың мәні сан ғасырлар елегінен өткен» [23.16-21] десе, Халық педагогикасына қатысты еңбектердің ішінде С. Қалиевтің, Қ. Жарықбаевтың, Ә.Көшербаеваның, Г. Молотованың, Ж. Амребаеваның зерттеулерін атауға болады. Г. Молотова «Құтты білікте» Жүсіп Баласағұнның халық педагогикасының інжу-маржандарын орынды пайдаланғаны туралы айтса [24.35], Ж.Амребаева «Құтты біліктегі» шығыс салт-дәстүрлері жайында сөз қозғайды. [25.88]
Ал Ә. Көшербаева Жүсіп Балсағұнның дастаны халықтық тәлім-тәрбиенің жиынтығы деп қорытындылайды: «Жүсіп Балсағұнның мұрасында халықтық педагогика идеялары айтарлықтай орын алады... Ойшыл өзінің педагогикалық ой-пікірі жайдан –жай пайда болмай, оның іргетасы алдыңғы әлеуметтік және рухани-адмгершілік тәжірибеге сүйенгендігін бірнеше рет ескертеді».
Ә.Көшербаева «Құтты біліктегі» халық педагогикасының көріністерін іздестіре отырып, «халық ері» деген ұғымына ерекше тоқталады.Сондай-ақ: «Жүсіп Баласағұн шығармасында халық педагогикасының идеялары ерекше орын алады. Ойшыл өзінің педагогикасы өткендердің әлеуметтік және рухани-адамгершілік тәжірибелерінен негіз алатындығын бірнеше рет ескертеді. «Құтты біліктегі» «ақылды жігіт», деп аталатын халық атаған мәнді сөздерге орын берген. Халық сөздерінің тәрбиелік мақсаты өте тереңде жатыр. Даналардың бейнесі әр қырлы, сан алуан: бай жігіт, көп тәжірибелі жігіт, ер, елбасы, ер батыр. Баласағұнның гуманистік көзқарасы ер жігітінің идеалы болып табылған. Егер қазақ халқының педагогикасында жас жігіттің нағыз бейнесі «сегіз қырлы, бір сырлы» формуласында берілсе, Жүсіп оны өмір тәжірибесі бар, ақылды адам бейнесі арқылы береді» [26.23-28]
Халықтық педагогиканы Жүсіп Баласағұнның дүниетанымының рухани бастаулары ретінде қарастырған ізденушілер Т. Ахметов пен Л. Асқар бұл бағыттағы ойларын былай түйіндейді: «Жүсіп Баласағұнидің қаламынан түзілген көптеген мақал-мәтелдер бүгінгі күнге дейін сол күйінде немесе сәл өзгерген түрінде қырғыз, қазақ, өзбек, ұйғыр, түркі тілдес халықтардың ауызекі сөздерінде кеңінен қолданылады. «Құтты білікте» келтірілген ой-орамдарының қазақ халқында мақал күйінде сақталған түрлерінен көптеген мысалдар келтіруге болады: «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді», «Ананың сүтімен сіңбеген қасиет тананың сүтімен сіңбейді», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Не ексең, соны орасың», «Жақсыдан-шарапат, жаманнан -кесапат». Осындай етек-жеңі жинақы,аз сөзбен көп мағынаны аңғартатын мақал-мәтелдерге дастанда сұранып тұрған сөз тіркестерін әрі қарай жалғастыра беруге болады. Зерттеушілер өз ойын жалғастыруда дастанда өлең құрылысының мақал-мәтелдерге ұқсап, етек-жеңі жинақы қос жолдан тұруы да авторға халық ауыз әдебиетінің, оның ішінде тәрбиелік тағлымдарының зор ықпал еткендігін айғақтайды... «Ақынның тәлім-тәрбиелік көзқарастарының бірінші қайнар көзі-түркі халқының педагогикалық ой-пікірлерін, Екіншіден, ақын дастанның өн бойында өз ойларын ғұлама ғалымдар мен білімдар адамдардан қалған асыл сөздермен мағыналы толықтырып отырады» [27.23-28]
Ғұлама ілімінде білім мәселесі қай деңгейде көрініс тапқан?
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде «Адамзат жетістігінің биік шыңы-білімде» дегенді әркез айтып отырады. «Білім қадірін біліктілер біледі. Гауһардың қадірін оны өңдеп, зерлейтін зергерлер білер. Адамның қадірін ақылды ұғар», «Білімді жанға тіл қату үшін де ес керек», «Есті жан білікті сөйлеуге де именер, кешірім өтініп, басын иіп, кішілік күйге енер. Кішілікке кісілік бар», «Есті сөзді есер алмас, есті алар»,-дейді ол.
Білімді адам ғана асқақ,оның аты мәңгілік:
Білім ал.Өзіңе төрден орын дайында,
Білім алсаң жаның кеудеңде берік сақталады.
Білімсіз кеудең мен тілің неге жарайды?
Біліммен таза су сияқты барша халықтың кәдесіне жара!-деп те жазады.
Ғұламаның ойынша,нағыз байлық-жан тазалығы,өйткені рухың таза болса,сен аспандай бересің. Материалдық жетістік,байлыққа құмарлық азып-тозуына жол ашады.Сондықтан да ойшыл опасыз өткінші ғұмырда байлық қумай,білімге ұмтылыңдар деп үндейді.
Мәселен:
Бақсаң,білім-бұл парақтың нарқы дөп.
Мен сөзімді білімдіге арнадым,
Білімсіздің тілін ұға алмадым!
Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің,
Ай,білікті ер,қызметшіңмін мен сенің!
немесе:
Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен,надан,көзің ашылсын!
Жалпы,Жүсіп Баласағұн бәйіттері арқылы «білім мен ақыл-адам болудың нағыз кемел жолы» деген ой түйесіз.[17. 35-36]
1-тарау бойынша тұжырым
«Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегия- сында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып, мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты [1]. «Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жолынан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді», - делінеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуінде. «Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Президент Қазақстанның «Мәңгілік ел» ретіндегі болашағы туралы сөз қозғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде қарастырады.
Осыған орай, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы өткен тарихты қайта жаңғыртуы өзекті мәселе болып отыр. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының аясындағы тарихи ізденіс ретінде Жүсіп Баласағұнның көркем туындысы «Құтты біліктегі адамгершілік идеялары» деп алып отырмыз.Дипломдық жұмысты алудағы екінші мақсатымыз түркі елінің ұмтылмас тұлғасы Жүсіп Баласағұнның биылғы 1000 жылдық мерей тойына тұспа-тұс келді.
«ТҮРІКСОЙ» түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымы 2016 жылды «Жүсіп Баласағұн жылы» деп жариялады.
Жүсіп Баласағұн зергер ақын, ойшыл-ғұлама, мемлекет қайраткері, түркі тілінің патриоты, ұрпақ тәлімгері.Қарахандар мемлекеті-түркі еліндегі бірінші мұсылман мемлекеті. Осы аймақтағы мәдениеттің, өнердің, әдебиеттің биік дәрежеде өркендеуінің негізгі айғағы-түркі тіліндегі тұңғыш шығарма Жүсіп Балсағұнидің «Құтты білік» поэмасының дүниеге келуі. «Құтты білік» дастаны-бүкіл түркітілдес халықтарға ортақ, түркі дүниесін адамзат өркениетінің биік дәрежесіне көтерген теңдесі жоқ төл туынды, тәлім-тәрбиелік дастан, халықтық-педагогика тарихының көне бастауы, рухани құндылықтардың қайнар көзі. «Құтты біліктегі» жетекші педагогикалық идеялар-бүкіладамзаттық рухани құндылықтар негізінде түркі дүниесіндегі тәлім-тәрбиелік дәстүрлер мен ислам діні қағидаларының сабақтастығынан туындаған Жүсіп Балсағұнидің тәрбиелік ғибраттары, поэмадағы жырланған перзенттік парыздар, құқықтық тәрбие, ақылды, білімді адам тәрбиесі, адамгершілік қарым-қатынас құндылығы.
2. Жүсіп Баласағұн шығармаларының мазмұндық сипаты және тәрбиелік мүмкіндіктері
2.1. Жүсіп Баласағұнның “Құтты Білік ” дастанындағы тәрбиелік негіздері
Адам баласының сана-сезімі, рухани дүниетанымы қалыптасқаннан бастап тұлға идеалы тұрғысындағы озық идеялар да пайда бола бастайды. Негізгі жақсы қасиеттер адамның тұла бойында табиғи, тума болғандықтан олардың тек адамгершілікке, ізгілікке бейімделгенінің арқасында мұндай прогрессивті идеялар адамзат тарихында дамып отырған. Сондықтан да тұлға идеалы халық педагогикасының ежелден қарастырған негізгі мәселесі болып келеді. «Жетілген тұлға» атауымен де танымал идея, әр халықта өзінің ерекшелік қырларымен сипатталып, тұлғаның ішкі, сыртқы біртұтас бейнесі қалыптасқан. Мысалы қазақ халқында «сегіз қырлы, бір сырлы» болса, орыс халқы «добрый молодец», «маленький да удаленький» деп адамның жақсы қасиеттерін көрсете білген. Түркі халықтары тұлға идеялының бір көрінісі Жүсіп Баласағұнның «төрт діңгек» тұжырымдамасында негізделген. «Құтты білік» дастанындағы ғұлама ұсынған әділет, дәулет, ақыл, қанағат әлемдегі төрт құндылықтың мәнін ашатын төрт кейіпкердің түркі халықтарының нағыз тұлға идеалы деп айтуға болады. Өйткені Төрт ұғым-адамның төрт қасиеті өзара тығыз бірлікте, шебер үйлесімді, бірінсіз-бірі жоқ. Тұлға бойында осылар негізгі өзек болса, басқа адамгершілік қасиеттер соған телінеді.Халық тәліміндегі тұлға идеалы Баласағұнның тұжырымдамасында, біздің пікірімізше, мынадай формулада беріледі: «Сақи жанды, ақыл-есі бар есті жанды. Түзік жолы сәт-сайын». Бұл идея дастанның әр бәйітінен көрінеді., төрт діңгек арқылы жан-жақты сипатталады.
Халық тәліміне негізделген, бірлікте тұратын Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш дастанда, тәрбие мәселесін бірінше орынға қойып, жетілген тұлға қалыптастыруды, бақытты қоғам орнатуды уағыздайды. Сонымен қатар «Құтты білік» дастанында бұлар бір бағытқа ие болып, өзіндік тәрбие жүйесін құрайды. [28.54]
«Құтты біліктің» негізгі идеясы-төрт тұлғаның өзара диалогы негізінде берілуінде. Олар әділетті орнатушы-Күнтуды патша, бақ-дәулетті әкелуші-Айтолды,ақыл-парасаттың символы ретінде уәзірдің баласы- Өгдүлміш және қанағат-ынсап тұлғасы, уәзірдің туысы-Одғұрмыш тұлғаларымен бейнеленеді. Кейіпкерлерге тән әділдік, ақыл, дәулет, қанағат секілді игі қасиеттер қарахандар қоғамының құндылығы болып табылады. Жалпы, автордың еңбегіндегі бұл тұлғалар идеал адамдар болып табылады.Бірақ сонымен бірге баяндалған оқиғаның негізгі кіндігі- ел билеуші Күнтуды патша. Барлық оқиға соның төңірегінде өрбиді. Ал патшаның ең үлкен ерекшелігі-өзін-өзі сынай білуінде және сынға оң көзбен қарауында. Уақыты келіп, табиғаттың заңдылығымен қартайғанда орнын басатын Айтолдыдай азаматқа орнын беріп, өзі оған ақыл-кеңес айтып, көмекші болуы. Және әрдайым өзінің жасаған ісіне есеп беріп, «Осы менің елім-жұртым үшін жасаған еңбектерім дұрыс па, бұрыс па?» деп төңірегіндегі дана-данышпандармен кеңесе, ақыл-сұрай отыруы оның ел басқарудағы ерекше қасиеті болса керек. Төртеуі-Құттың төрт діңгегі. Төрт «діңгек» өлшемдік қағида «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат дара болып дүниеге тұтқа бола алмайды, адамды бақытты ете алмайды. Төртеуі бірлікке жеткен жағдайда ғана бақытқа кенеледі. Бұл Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тұжырымдамалы идеясы.
«Құтты білік» бас кейіпкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас әңгіме-сұхбат төңірегінде жүреді. Халық тәлімін ашуды мақсат еткен ғұлама бұл мәселені үлкенді-кішілі «Бақытқа, жақсылыққа бастар харакеті мен жаман қылықтары», «Әміршіге ғылым, білімнің ерекшеліктері туралы айтуы» деген сияқты жетпістен аса тараудан тұратын түрлі тақырыптарды ашады.
Жүсіп Баласағұн өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық қатынастарға белсене қатысып, оның даму жолын пайымдап, сол кездегі әлеуметтік шындықты, тарихты айқындап, халық қайғысына мұң-мұқтажына үн қосып, ұлттық мәдениетке халықтық педагогикаға қатысты арқа сүйер бірден-бір мол әрі құнарлы тәрбие қазынасын ұсынады. Оларды халықтық педагогика тұрғысынан мына суреттен көруге болады. (4-кесте)
Достарыңызбен бөлісу: |