Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В020500-Филология Қостанай, 2018



бет21/22
Дата16.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#129362
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Отбасылық лексмка диплом

Қорытынды

Туыстық атаулардың ұғымы өзінше бір зерттеуді қажет ететін дүние. Туыстық – тарихи-этникалық ұғым. Оның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір этностың өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, әдеп-ғұрып, сал-санасымен байланысты. Ғалымдар адамдар арасында қалыптасқан қатынастарды екі топқа бөліп (туыстық қатынастар және жақындық қатынастар) қарыстыра отырып, туыстықтың өзін ұрпақтың өсіп-өнуіне байланысты екі бағытта - «тік бағытта» (ата ұрпағының өсуі – ата жұрт) және «жазық бағытта» (ана ұрпағының өсіп-өнуі – нағашы жұт) таратады. Яғни туыстыққа байланысты барша атаулар мен тіркестерді (ата өрісі» мен «ана өрісі» шеңберінде топтайды да, оған қайын жұртқа қатысты (құда-аңдалық өрісті» қосып, осы үш негізден таратады.

Зерттеуде қазақ туыстық атауларының семантикасына қатысты лингвистикадан тыс факторлар, объективті шындық пен қазақ этносының дүниетанымдық менталитеті жүйелі түрде анықталды. Жалпы мәдениеттанымдық аспектінің қазіргі мәдениетаралық коммуникациядағы маңызы тұрғысынан зерделенбеуі осы жұмыстың қажеттігін байқатып отыр. Тіл мен мәдениет арасындағы өзара қарым-қатынасты, байланысты бейнелеудің ең тиімді формаларының бірі ретінде туыстық атаулар танылды.

Қазақ тіліндегі туыстық атауларды жүйелеп, жіктей отырып қарастырылды. Туыстық атаулардың қазіргі және бұрынғы түркі тілдеріндегі, көне түркі ескерткіштеріндегі жайын салыстыра отырып, мағыналық, соның ішінде көп мағыналық ерекшеліктері анықталды.

Қорыта айтқанда, зерттеудің теориялық маңызы тіл-сөздік-мәдениет феномені мен коммуникация мәселелерін кешенді түрде зерттеуден көрінеді. Тіл мен коммуникациядағы мәдениеттанымдық фактордың рөлін өз дәрежесінде бағаламаушылықтың нәтижесінде тілдегі идиоэтникалық бірліктердің мәдени семантикасының отандық сөздіктерде қажетті деңгейде бейнеленбеуі орын алды. Туыстық атаулар тәрізді әдет, ғұрыпқа байланысты сөздердің мағынасындағы мәдени компонентті ашу арқылы халықтың мінез-құлқын, менталитетін білуге болады. Қоғамның ұзақ жылдарды қамтитын жады, ұлттың тілдік саулығы мен тарихи жадының негізі, тілдік ақпараттық кеңістікті таптаурын ететін, шегендейтін қабілеті бар ұлттық байлық, игілік  ретінде ұғынылатын болғандықтан, ондағы туыстық атаулардың құрамы мен құрылымының жүйелі түрде қамтылуы аса маңызды мәселелердің бірінен саналады. 

Туыстық атаулардың тақырыптық тобы мынадай бірліктерді құрайды: ата әже, ағайын, апа, ана, әке, бала, бәйбіше, бажа, балдыз, бөле, жеңге, жезде, жиен, жиеншар, жиен сіңлі, жегжат, жұрағат, ер, ене, келін, күйеу, қарындас, әйелі, құда, құда бала, құдағи, құдаша, қыз, қайын ата, қайын ене, қайын сіңлі, қайын аға, нағашы аға, нағашы әже, нағашы ата, немере, немере аға, өгей бала, өгей әке, өгей қыз, өгей ата, тоқал, ұл, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежат, іні, сіңлі т.б.

Сонымен қатар туыстық атауларға қатысты лексикалық бірліктер түзуге болады. Мысалы, отбасы сөзіне байланысты мынадай лексикалық бірліктер бар: отбасы, отағасы, отанасы, күйеу жігіт, қалыңдық, үйлену, тұрмысқа шығу, неке, неке куәлігі, қыз ұзату, қыз жолдас, т.б. Нағашы сөзінен тарайтын бірліктер: нағашы ата, нағашы әже, нағашы, нағашы аға, нағашы жеңге, нағашы апа, нағашы жезде, бөле (туған бөле, немере бөле), нағашы іні, нағашы келін, немере нағашы, т.б.

Жас ұрпақты тіл өнері мен сөз мәдениетіне баулу, бай да шұрайлы тілімізді қадір-қасиет тұтуға тәрбиелеу отбасы, ошақ қасынан басталмақ. Сәбидің алғаш көз ашқаннан көретіні – ата-анасының мейірім шуағымен нұрланған ақ дидары, еститіні – оның ер жетіп, елге қадірлі азамат болуын тілеген бесік жыры. Жарық дүниеге келген нәрестенің тілі дыбысталуы жеңіл туыстық атаулармен шығып, «апа», «ата»-лап сөйлей бастауы ата-анасының жанын жадыратып, әсерлі сезімге бөлері анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет