Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В020500-Филология Қостанай, 2018



бет20/22
Дата16.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#129362
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Отбасылық лексмка диплом

М.Әуезов шығармаларындағы отбасылық құндылық көріністері.

Адамға ең жақын адам – ана. Ананың орны бөлек екені де рас. Ана мейірімі, ана алақаны, ана құшағы бала үшін әрқашан ыстық. Бала әрқашан анасын сағынады. Осындай сағынышты Абайдан да көреміз.



Барлық үлкеннің құшағына кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен.

- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер қалдырмады, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.

Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымы салқындық, шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ, бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған, аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы! [40, 1-том, 13].

Романда әке сыйлауды үйреткен шеше тәрбиесін мына тұстан байқауға болады.



Қаладан оқудан келген Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре бергенде шешесі анадай жерде тұрып:

- Әй, шырағым, балам, әуелі аржағыңда әкең тұр, сәлем бер – дейді [40, 1-том, 6].

Мына тұстан үлкендер ісіне араласпауды, үлкенді сыйлауды үйреткен ана жүрегін сезесің.



Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы дуанға – Қарқаралығы бармақшы болады. Құнанбай Абайды да ерте жүреді. Жолға шыққалы тұрған Абайды Ұлжан тоқтатып:

- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген кезде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол. Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма? – дейді [40, 2- том, 111].

Ертеректе ағайын арасындағы араздықты жаны ашыр жақындары, туыс-тумалары ақыл айтып, жөнге салу арқылы татуластырып отырған. Осындай әрекетті Құнанбай мен Бөжейді татуластырмақ болған Алшынбайдан көруге болады.



Құнанбайдың ертеден досына айналған, әрі құда болмаққа ниеттеніп жүрген Алшынбай Құнанбай мен Бөжей арасындағы дауға нүкте қою үшін, бұл араздықты шешу үшін Құнанбайға:

- Бүгін мына мешіт бітіп, абыройың асып отыр. Атағың көпке кетіп жатыр. Соны күндейтін де кісі көп. Алдымен анау көрпіс, мына жаңағы Майыр күндейді. Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі» жұмыс үстінде кірбіңнен арылам дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме! Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы! – дейді.

Ал, ағайын арасындағы жақындықты, туыстықты, бауырмалдықты мына тұстан байқауға болады.



Абай Мұқыр еліне болыс болып тұрғанда кандидат болған Уандықтың немере ағасы Жанатай деген кісі өз ағасы Қаратай Құнанбаймен жау болып жүргеніне қарамай, өз басы Құнанбаймен дос, тілеулес болған екен. Жанатайдың бес баласы болады, бірақ бәрі құйқа-бөрік жаман екен де, кіші әйелінен туған Көкбай деген баласы жасынан пысық, сөзшең болады. Домбыра шертіп, ән салып, аздап өз жанынан өлең шығарып айтатын болады. Жанатай осы Көкбайым өнерлі болар деп дәм етіп, оған үлгі-өнеге боларлық адам ойлағанда тапқаны Абай болып, Көкбайды ертіп келіп:

- Шырағым, Абай, мен сенің әкеңмен өмірлік дос едім, балаларым ержеткенмен көңілім дауаламай жүр еді. Мына бір қара балама тақылдап тұр. Оқуға да жақсы деседі. Ыңылдап өлең де айтады. Осыны саған әкелдім. Жақсы болса – ұл, жаман болса – құл ет, - дейді.

Абай, жарайды, мен ие болайын деп 16 жасар Көкбайды алып қалады. [40, 3-том, 126].

Бұяқтағы ел де Абайдың елі. Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып табамыз. Жүр енді! – деп, Қағаштар жатқан Әбсәметтің үйіне әкелген.

Сол сағатында өзінің астындағы осы, «бір жесірдің құнындай» дейтін атын сыйлаған. Бар атырапқа атағы шыққан «Дәттің Торжорғасы» дейтін сәйгүліктің ер-тоқымын алып, Мағаштың қолына ноқтасымен ұсынған болатын.

- Еліңе де ала барғын. Абай ағаға: «Ұлы жүздің бір баласы сәлемдемеге жіберген тайы еді» деп алып кеткін! – деген-ді [41, 2-том, 191].

Өмірде адамның ең жақын адамдары ата-анасы мен бауырлары деп білеміз. Сол бауырлар бірін-бірі ренжітпей, тату өмір сүргені абзал. Сондай татулықты, сыйластықты Абайдың екі ұлы Мағаш пен Әбіш арасындағы сезімнен байқауға болады.



Енді қасына келген Мағашқа, жіп-жіңішке ұзынша қастарын көтеріп, ақырын ғана Мағыш хатын нұсқап сөз қатты.

- Мынау бір сары, бір қызыл қағазды қарашы... Мағаш жазыпты: «мен сағыныш пен санадан сарғайдым... Кішкене нәрестең Рахила болса жүре бастады. Ол қызғалдақтай қызықты жақсы өсіп келеді» депті. Міні бірі сары, бірі қызыл екі қағаз менің Мағашым мен Рахилам ғой! - деді де, көзі жасаурап, жіп-жіңішке қастары тез шытынып, танаулары дірілдей түсіп, бұрылып кетті. Денесі емес, бетін бұрды. Біраз үнсіз жатып бойын жиып сәл ғана сыбырлап: - Сарғайып жүдеген Мағыш та, қызарып гүлдеп келе жатқан Рахила ғой! - деп айтты. Мағаш бұндай шақта Әбіштің көңілі қатты бұзылатынын және ұзақ уақыт ауыр ой шырмауынан шыға алмай қалатынын ойлады (М.Әуезов, «Абай жолы» алтыншы том, «Жазушы» баспасы, А., 1980, 196 б).

Ал, інінің аға алдындағы адалдығын, сыйластығын мына тұстан байқауға болады.



Дәрмен осылардың ортасында, Әйгерімнің жаңағы дауысы айтылып жатқан шақта, өз ішінен Абай қабіріне қарап, үздіксіз бір ант айтып отырғандай болды.

- Сақтармын, қойнымдағы алтынымдай сақтармын сіз қалдырған дәндерді ... асыл ұрықтарыңды... - деген ой келгенде, Дәрменнің есіне Абайдың ең соңғы терең бір арман шері келді.

- Абай аға, қадірлім! Ол дәндерің өлген жоқ, жойылған жоқ. Рас бұл күнде бір араға біткен дүм тоғай болмасын. Үлкен бақ боп тұрмасын... Бірақ, ен дала, мол сахарааның бар бойында ол дәндерің өсіп келеді... Көп өсіп, көктей өсіп келеді... Өсе бермек күн санап та, жыл санап... Сол үшін де өз өмірімде, өле-өлгенше асыл сөзіңді сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын, ағажан! – дей берді.

Адал жар жоқтауымен Абай жаңа жолға өтті. Ол өлмеске қадам басты. [41, 6-том, 445].

Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілденеді. Демек, шығармаға ауадай керек нәрсе - парасат (интеллект) десек, «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет