Ұлт –азаттықтың жаршысына айналған тарихи тұлға Есеркенова Айжан Тарихшы



Дата02.07.2018
өлшемі21,93 Kb.
#45763
Ұлт –азаттықтың жаршысына айналған тарихи тұлға

Есеркенова Айжан

Тарихшы

ХХ ғасыр қазақ тарихында сан қырлы тарихи оқиғаларға толы ғасыр болды. Бодандықтың азабы мен ауырпалығын сол дәуірде өмір сүрген элиталардың өмірбаянын оқып білуде аңғарылады. Мемлекеттің саяси өмірінде, қоғам дамуының тарихи кезеңінде оның дамуына қажет идеяны қалыптастырып, халық мүддесіне қызмет етіп отыратын құңдылықтарды зерделеп, жарыққа шығаратын ұлттық интеллигенция өкілдері. Сол дәуірдегі қазақ зиялыларының рухани қызметтерінің барлығы ел мүддесіне сай жасалынды. Ұлт –азаттық көтерілістің жаршысына айналған, алаш зиялыларының бірі, "Манап Шамиль" деп аталған лақап атымен өзінің алашордашылар заманында белгілі болған тарихи тұлға –Сәкен Сейфуллин.

Қазақтың ел болуына, бостандығын аңсаған, бодандықтың шырмауынан босансуға, азаттықты көксеген, қазақтың тұңғышы мен ұйытқысы болған –Алаш партиясы, Алашорда. Тәуелсіздіктің туы жебіреген сәттен бастап Алаш партиясы тақырыбы төңірегінде талай рет қалам тартылып, өз мерейін үстем етті. Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш автономиясы мен алашорда үкіметінің құрылуы мен олардың Кеңес өкіметімен арақатынасы хақындағы алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919-1920 жылдардан –ақ жариялана бастады. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көш басында Алаш пен Алашорданың белгілі басшыларының бірі Ахмет Байтұрсынов пен қазақ зиялылары қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі –Сәкен Сейфуллин тұрды. [1.,6 –б] Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің іс –әрекеттеріне коммунистік идеология мен таптық тұрғыдан баға берген С.Сейфуллин өз ойларын былай деп тұжырымдайды: «Октябрь төңкерісінен кейін солшылдар (большевиктер жағындағы топ) біртіндеп бұрынғыдан әрі солшылдана және революцияшылдана бастаса, оңшылдар (Алаш қозғалысына қатысушылар) оңшылдана және реакцияшылдана берді». 1917 жылы Алаш партиясының құрылуы және бірінші жалпықазақ съезд құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылып оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынған 81 адамның тізімін бекітті. Солардың ішінде Ақмола облысынан Сәкен Сейфуллинда бар еді. [3., 118 –б]

Өз тағдырын, сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм мен коммунизм идеяларымен тығыз байланыстырған С.Сейфуллин бұл мақаласында Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысы жалпы алғанда қазақ халқының мақсат –мүдесіне жат құбылыс еді деген ойдың ұшын аңғартады. Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи –революциялық тақырыпқа барған тұңғыш тарихи роман –эссе –«Тар жол, тайғақ кешу» жазылған туынды 1916 -1919 жылдардың оқиғаларды қамтылды. Әрине, таптық ұстанымға сүйенген Сәкен Сейфуллиннің Алашорда арыстары жайындағы қайсы бір пікірлері бүгінгі көзқарасқа көп ретте қайшы келеді, бірақ тарихи, әдеби, сол қоғамның нақты қалыпты күйінде жасалған факт. Бұл ойларын С.Сейфуллин «Қызыл Қазақстан» журналында 1922 жылдан жариялай бастап, 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталатын тарихи –публицстикалық еңбегінде тереңдете, нақтыландыра түседі. «Тар жол, тайғақ кешудің» беташарында С.Сейфуллин былай деп жазады: «Азын –аулақ қазақтан шыққан, ұлы өзгеріске қатысқандардың ұстазы Ресей большевик партиясы болып, революцияның жалпы жауларына қарсы шығысқан да, күрескен дұшпандарының бірі «Алаш» еді... «Алаш» деген, «Алашорда» деген болды. Оның октябрь төңкерісіне қарсылық еткенін жұрт өзі де қазір тегіс көріп отыр. [2., 9 -10 –б] «Тар жол, тайғақ жол кешу» атты еңбектің жазылуына түрткі де, себеп болған 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының 19 -45 жас аралығындағы ер азаматтарды қаршадай бораған соғыстың ортасында, қара жұмыстың күші ретінде алудағы жарлығы қазақ даласын дүр сілкіндіріп, ұлт –азаттық қозғалыстың басталуына себеп болған еді. Сол ұлт –азаттық көтерілістің бұлқынысы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін жаңа мазмұнмен толықтырып, оның халықтық –демократиялық сипатын байытты. [3.,717 –б] Ұлт –азаттық көтерілістің нәтиежесінің ісептесі ретінде 1917 жылғы 27 ақпандағы ІІ Николайдың тақтан тайдырылуын қазақ қауымы «бостандық» деген сөзді ауыздарына ала бастады. «Қазақ елінің патшаға «қадірі» жүрген азаматсымақтарының басқаның бәрі –ақ, -деп жазды Сәкен Сейфуллин, –патшаны түскеніне жалпы қуанды. Патшаны қазақ елі «жерімізді алды, өзімізді қорлады, солдат алатын болды, дінімізді жояйын деп жүр...» деп жек көретіндігі айқын еді. Оның үстіне 1916 жыл қазақ жүрегіне қан қатырып, тарқалмас кек болып еді» [2., 54 –б]

Ахмет Байтұрсыновтың «Жизнь национальностей» жұрналынын 1920 жылы қарашаның 25 –дегі санында Сәкен Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеншілік атпен «Қазақ интеллигенциясы туралы» атты мақаласы жарық көрді. Демек, Манап Шамильдің осы мақалаларында 1905 жылдан бастап, әсіресе 1912 жылдан кейін, қазақ зиялыларының арасында ұлттық теңдік пен азаттық иедялары таратыла бастағанын айта кетіп, жас қазақ интеллигенциясының дем беруші басшылары Ә.Бөкейханов, А.Батұрсынов және М.Дулатов болғандығын айтады. «Олар, –дейді одан әрі С.Сейфуллин, –өздері ұйымдастырған «Қазақ» газетінің төңірегіне халықтың зиялы өкілдерін топтастырып ұлттық саяси ұйым құру жолдарын іздестіреді. Осыдан кейін ұлттық интеллигенция екі лагерьге бөлініп, басым көпшілігі –кадеттер мен оңшыл әсерлерді жақтаушы «қазақ революционерлері» жалпы ұлттық партия құрылып, оған «қулықпен ... Алаш» деген ат берді», екінші лагердегі интеллигенцияның азшылық тобы большивиктерге ниеттес болып, солардың соңынан ерді. С.Сейфуллиннің Алашорда Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында ұлтшылдық позицияда болып, контрреволюциялық роль атқарды деген тұжырымын 1923жылы жариялаған көлемді мақаласында Ә.Әйтеиев жақтады. Сәкен өз заманының сан қырлы элтиасына айналды. ХХ ғасырда қазақ әдеби –тарихында жаңа демократиялық бағыттың негізін қалай отырып, революцияшыл, қазақ жастарын жігерлендіруші,

Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанның 20 –ға жуық қалалары мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының ұйымдары пайда болды. Олардың көпшілігі 1917 жылдың көктем –жаз айларында құрыла бастады. Айтап айтар болсақ, Омбы қаласында құрылған «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік» ұйымы, Ақмолада ұйымдасқан «Жас қазақ» тағы да басқа осындай жер –жерлерде құрыла бастады. [4., 111–б] «Жас Қазақ» деген жастар ұйымын ашқанбыз.Ұйымның мақсаты –халық арасында заң, білім тарату және саясат істеріне қатысу. Төрағасы –Сәкен Сейфуллин, мүшелері: Әділұлы, Айбасұлы, Асылбекұлы, Серікбайұлы, Нұркеұлы. «Жас қазақ» Россияның ең дұрыс жобалы төңкерісшіл партиясымен майданға шықты. [2., 47 –б] Сондай –ақ 1917 жылы Ақмолада С.Сейфуллин, Б.Серікбаевтың тікелей басшылығымен құрылған «Жас қазақ» ұйымы өзінің «Тіршілік» атты газетті шығарды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарына, бай –феодалдарға, алашшылдарға қарсы күрес жүргізді.

Адамға адамгершілік, парасаттылық, зиялылық –әке қанымен дарығанын, әкесі Сейфолланың серілігі бар дамбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі болған екен. Шешесі Жамал әңгіме, аңыз –ертегі көпбілетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болған, сол қабілет Сәкенге ананың ақ сүтімен, тәрбиемен бірге келеді. Қазақ даласының астан –кестеңін шығарған 1916 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс, әлемді дүр сілкіндірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкенге қатты әсер етті. Сонымен қатар, Сәкен түрлі қызметтерді атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дінбасыларды ауыздықтау, әкімшілік –билік иелерін тізгіндеу, сан алуан саяси шараларды жүзеге асырды. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» қазақ ұлты бастан кешкен ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғаның талғап оқитын көркем шежіресі болды. Халықтың ұлттық ділінде ойлауы тарихтың тағылымымен өзінің рухын сақтайды, ал ұрпақтың тарихи зердесі сол тарих өрісіндегі тұлғалар қызметінің ақиқаты негізінде қалыптасып отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. –Алматы: «Ататек», 1995. -256 бет.

2.Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. Үшінші рет басылымы. Алматы. 1960. -456 бет.



3.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІІ –том.- Алматы: «Атамұра», 2010. -768 бет.

4. Сонда...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет