Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В020500-Филология Қостанай, 2018


Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет3/22
Дата16.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#129362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Отбасылық лексмка диплом

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әр халықтың қайталанбайтын ұлттық ерекшеліктерін, өзіне тән өзгешеліктерін құрайтын әдет-ғұрып лексикасы бар. Ол рухани дүниені де, материалдық дүниені де түгел қамтиды. Солардың ішінде өзінің ғасырлар қойнауына кететін терең тарихымен, жүйелі құрылымымен, мәдениетаралық коммуникация үшін ерекше маңызды танымдық құндылықтарымен ерекшеленетін сөздер тобы – туыстық атаулар. Қазақ тілін түркі тілдерінің ішінде туыстық атауларға ең бай тіл ретінде атауға болады. Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы сөз байлығы мол тілдердің көпшілігі бұл мәселеде қазақ тіліне тең келе алмайды.

Сөздік тіл мен мәдениет арасындағы өзара қарым-қатынасты, байланысты бейнелеудің ең тиімді формаларының бірі ретінде, мәдениет пен лексикография арасындағы диалогті көрсетудің формасы ретінде көрінеді. Мәдени, рухани мәнділік пен құндылыққа ие сөздік бірліктерді қазақ этносының ішкі және айнала қоршаған болмысы жайлы ғасырдан ғасырға ұласқан білім тәжірибелерінің жинақталған қоры ретінде арнайы зерттеу аса қажет деп білеміз. Когнитивті лингвистика мен лингвомәдениеттаным арналарында қарастырылған атаулық бірліктер ұлттық рухани әлемді суреттейтін, терең мағыналы этномәдени мазмұнға ие мәдениет кеңістігінің ерекше құрылымы екені аян.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет