Қазақтың ұлттық тағамдары.
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін, ұлттық тағамдардың даярлау технологиясының әдіс-тәсіл жолдарын үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық тағамдар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу. Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету кезінде тазалыққа, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қазақы дастарқан кітап, қазақтың дарқан дастарқаны энциклопедия, слайд, буклет
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жарма дәнді дақылдарына не жатады?
2. Жармалар қандай тағамдық заттарға бай?
3. Жармалардың алғашқы өнделуі не үшін қажет?
4. Жармадан қандай тағам түрлерін жасауға болады.
5. Жармаларды сақтау тәсілдерін ата.
6. Макарон өнімдерінің қандай түрлерін білесін?
7. Макаронның шығу тарихы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады», «Ас – адамның арқауы». Осы мақалдар қандай мағына береді. Дұрыс айтасындар олай болса бүгінгі тақырыбымыз: Қазақтың ұлттық тағамдары. Бүгін біз топқа бөліне отырып ұлттық тағамдар туралы, олардың дайындалуы жайлы толық танысатын боламыз. Мен 3 топқа бөлдім. Сол топ бойынша тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
1 топ. Ет тағамдары: қазақша ет, сорпа, қуырдақ, қазы, қарта, жал-жая, шұжық, сүр ет, құйрық-бауыр.
2 топ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, сары май, құрт, кілегей, сүзбе, ірімшік.
3 топ. Ұн тағамдары: бауырсақ, шелпек, құймақ, қаттама т.б.
Тапсырма: Қазір ұлттық тағамдар, жұмбақ, мақал-мәтел туралы кім көп білетінін байқап көрейік.
1. Нан бар жерде ...... (жан бар)
2. Айранды ұйыту тәсілін ата.
3. Шұжық қалай жасалады?
4. Бауырсақтың қандай түрлерін білесің?
5. Ас адамның .... (арқауы)
6. Қазақша етті қалай пісіреді?
7. Еттің соры қуырдақ, ұннын соры .... (бауырсақ)
8. Бауырсақтың жасалу жолын ата.
9. Ас атасы .... (нан)
10. Қатты, әрі тәтті дәмін кім жеп көрген? (Құрт)
11. Қазы-қарта дегеніміз не?
12. Қуырдақтың жасалу жолын ата.
13. Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас. (Таба нан)
14. Шұбат неден жасалады?
15. Қаймақ дегеніміз не?
16. Сылдыр сұйық, су емес, Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? (Сүт)
17. Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген .... (жаяу қалады)
18. Табақ тарту ретін ата.
19. Қаймақтың түрлерін ата.
20. Жылқының етін жесең тісіне кіреді, жемесең .... (түсіне кіреді)
Келесі тапсырмада топ бойынша қағаз бетіне қазақтың бай дастарқанының жобасын салып көрсетесіңдер.
ІҮ. Сабақты пысықтау (рефлексия). INSERT картасы
Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызықты болды?
Сабақтан не үйрендім?
|
Нені білдім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
|
|
|
Бүгінгі сабақта қазақтың ұлттық тағамдарын меңгергендеріңізді байқадым. Барлықтарыңыз сабаққа белсене қатысып отырдыңыздар. Қолдарындағы житондарды санап жіберіңіздер.
ҮІ. Үйге тапсырма. Басқа ұлттардың ұлттық тағамдарына реферат.
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |