Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В020500-Филология Қостанай, 2018


Туыстық атаулардың этноментальдық ерекшеліктері



бет12/22
Дата16.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#129362
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Отбасылық лексмка диплом

1.3 Туыстық атаулардың этноментальдық ерекшеліктері

Рухани лексиканың бір тобы – туыстық атаулар. Жалпы туысқандық қатынастар жүйесі қандай да болмасын халықтың рухани мәдени өмір сүру салтымен тікелей байланысты қалыптасқан құндылықтар жүйесі болып табылады.

Қазақ халқының дүниетанымдық моралі бойынша, азаматтың үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үш жұрттың туысқандық қатынас жүйесі былай өрбиді: Жеті ата: 1) әке, 2) ата, 3) әз ата (бұл үшеуі - Аталар) 4) баба, 5) тектін, 6) төркін, 7) тұқиян (бұл төртеуі – Бабалар). Бұл жүйелердің жиынтығынан «ата-баба» макрокомпоненті құрылады. Бұдан үш ағайын 15 ұрпақ тарайды. а) немере ағайын: 1) бала, 2) немере, 3) шөбере, 4) шөпшек, 5) өбере; ә) жамағайын, 6) туажат, 7) жүрежат, 8) жекжат, 9) жұрағат, 10) жамағат; б) қалыс ағайын: 11) өркен, 12) әулет, 13) зәузат, 14) жаран, 15) қалыс.

Ата-бабамыздың этномәдениетінде аралары жеті атаға толып, өсіп-өнген аталар рулы елге ұласу рәсімін атап өтетін дәстүр болған. Ол үшін жеті жұртты куәға тартып, яғни жеті рудан кісі шақыртып, ала арқан керіп, ала жіп аттап, боз бие шалып, аталастығымызды ұмытпайық деп, бармақтарын қанға малып, елдік ұран мен таңба белгілесетін рәміз болған. Мұны өз заманындағы дала заңдылықтарының моральдық кодексі яғни, рулық мәртебе алуы деуімізге болады. Жалпы туыстық жүйедегі өзек ұғым ру сөзі. Ә.Қайдар ру этнонимінің этимологиясын ұр [ur] көне түркілік қабат потомство «ұрпақ», род «тек», «тұқым», семья «ұрық» семаларымен мағыналық өріс шеңберінде түсіндіреді [11, 267].

Кейбір туыстық атаулар туралы ғылыми түсініктемелер берер болсақ: Аға. XV-XVI ғасырларда аға сөзінің осы күнгідей «бірге туғанның не туысқанның ішінде еркек кіндіктің жасы үлкені» деген негізгі мағынасы болған. Бертін келе, XVIII-XIX ғасырларда, бұл сөздің «қолбасшы, әскери басшы» мағынасы солғындап, ол ауыспалы мәнде қолданылған «жасы үлкен, сыйлы, құрметті адам» деген ұғымда жиірек жұмсала бастаған.

Ортағасырлық түркі ескерткіші «Шейбанинамені» зерттеген шығыстанушы И.Березин мынадай пікір келтіреді: «Осман түріктері аға сөзіне «әскері мырза (әмірші), бастық мырза» деген мағынаны берген». Орта ғасырлардағы хан сарайында есік аға (ишик аға) жоғары лауазым да болған: «ишик аға – «сарай есіктерінің» биік табалдырығының бас күзетушісі, кемеңгер, орта ғасырлардағы хан сарайындағы жоғары мәртебелі қызмет иелерінің бірі [Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв.]. Ертеректе қазақ қауымында да аға сөзі басшыға, оның ішінде әскери басшыға қарата айтылатын дәреже, лауазым мағынасын берген. XIX ғ. I жарт. Махамбет ақынның тілінде:



Сон шерулі қол болса,

Батырлар болар ағасы

немесе


Доспамбет жыраудың тілінде:

Азаулының Аймәдет ер Доспамбет ағаның

Хан ұлына несі жоқ?

Би ұлынан несі кем? – деген жолдар бар.

Мұндағы аға сөзі Доспамбет батырдың көркем эпитеті емес, ол қызметті ер сөзі атқарып тұр, бұл жердегі аға – басшы, қол басы деген ұғымда келген атау. Сонымен қатар батырлар жырында:



Жүрмеймісің, құрдасым,

Қол ағалық қыламын, - деген жолдарда қол ағалық тіркесі кездеседі. Мұнда да қол аға«әскери басшы, қолбасшы» деген ұғымда жұмсалған. Түркияда бұрын аға титулы әскери адамдарға, коменданттарға, янычарлардың бастықтарына берілетін атақ болған.

Аға сөзінің белгілі бір әскери топтың (құрамның) басшысы деген атақты білдіргендігін XVI ғасырда қазақтан шыққан тарихшы – шежіреші Қадырғали би Қосымұлының «Жами-ат-тауарих» атты шығармасынан да көреміз. «Уа мүгеті баһадур мың кішінің бегі ерді, йани мың ағасы». Мұнда бек сөзімен аға сөзін синоним етіп ұсынған. Дәлірек айтсақ, аға сөзі парсыша әмір мен түркіше бек сөзідерінің қазақша баламасы етіп жұмсаған.

Аға сөзінің бір кездегі «бас, басшы» деген мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, отағасы (қазірде біріккен сөз) деген тіркестердің бар екендігімен де дәлелдене түседі: ел ағасы – белгілі бір қауымның басшы адамы, отағасы – бір шаңырақтың басты адамы, иесі. Кейін отағасы сөзінің мағынасы жалпыланып, «жасы үлкен ер адам, сыйлы адам» дегенді білдіруге жұмсалып кеткені және көбінесе қаратпа сөз ретінде жұмсалатын болғаны байқалады. Ауыл ағасы, жігіт ағасы деген тіркестер де осы сияқты.

Бәйбіше атауы бәй және біше сөздерінен бірігіп жасалған. Қазақ тілінде бәй сөзі түркі тіліндегі бэг, бий сөздерімен төркіндес келіп үлкен адам мағынасын білдіреді. Ал ұйғыр, қарашай балқар, ноғай, татар тілдерінде «үй бичее», биче, біче түрінде ұшырасып «әйел» деген мағынаны білдіреді. Сонда бәйбіше атауы үлкен әйел деген мағынаны білдіреді.

Қарындас сөзі бүгінге дейін екі мағынада қолданылып келді. Осы күнгі әдеби нормадағы актив мағынасы «ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны» және жалпы ер адамға байланысты айтылғандағы жасы кіші әйелдің атауы. Бұл сөздің түпкі мағынасы, орта ғасырлардағы түркі ескерткіштері тілінде айқын көрінеді: қарундаш (қарындаш) сөзі бір құрсақтан шыққан аға–іні дегенді білдірген. Бұл дәйектемелерге қарағанда, қарындас сөзінің о баста «бір құрсақтан шыққан аға-іні, қарындас, сіңлі» деген нақты мағынаны бергені, оның «жалпы туыс, рулас, елдес, жұрттас» мағынасы ауыспалы екендігінен байқалады. Қадырғалы бидің шежіресінде қарындас сөзін руластар, туыстар мағынасында қолданады да, жасы кіші әйел бала ұғымын қыз қарындаш деп береді: Қутуқут найан(ның) бір ападан екі қыз қарындашы бар еді [12, 175].

Қарындас сөзі жалпы «туысқандар, руластар» деген мағынамен қатар, одан да гөрі жақындау туыстықты – аға-інілікті білдіру үшін де қолданылған. Бұл, әсіресе, көне түркі жазба нұсқаларында «туысқан адам, бір жұрттың адамы, бір қарыннан шыққан адамдар» деп көрсетілген. Қазақ тілінде де бұл сөз бұрын жалпы «туысқандар, руластар, аға–іні» деген ұғымда жиірек қолданылған. Махамбеттің: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет