Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В020500-Филология Қостанай, 2018


Зерттеудің практикалық мәні



бет9/22
Дата16.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#129362
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Отбасылық лексмка диплом

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары қазақ тілінің лексикологиясы, көркем мәтінді лингвистикалық талдау, қазақ тілінің стилистикасы, тіл мәдинетінің негіздері, қазақ ономастикасы пәндері бойынша дәріс оқу үшін, сондай-ақ оқу құралдарын дайындауда септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиет тізімі берілген.

1 Қазақ тіл біліміндегі отбасылық лексиканың зерттелуі
1.1 «Отбасы» лексикасы және оны зерттеуші ғалымдар

«Отбасы» феномені көпаспектілігі және көпмағыналығымен сипатталады, бұл жайт оны зерттейтін ғылыми пәндердің диапазонының кеңдігімен-ақ дәлелденеді: әлеуметтану, әлеуметтік психология, психология, әлеуметтік антропология, лингвис­тика – сөзсіз бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады.

«Отбасы» құбылысы гуманитарлық ғылымдардың объектісі бола тұрып, бинарлы феномен болып табылады, ол оны қарастырудың екі тәсілінің барлығынан көруге болады. Кең мағынада түсінетін болсақ, отбасы – күрделі ішкі құрылымы бар әлеуметтік институт болып келетін макроорганизм ретінде зерттеледі. Кең емес мағанада түсінетін болсақ, отбасы – туыстық, некелік немесе ата-аналық қарым-қатынастардың негізінде құрылатын кіші топ ретінде зерттеледі. Екі жағдайда да отбасының өзіндік өзгеше атқарымдары бар. Солай бола тұра микроаспектілер мен макроаспектілердің бір-біріне деген әсерін атап өтсек болады. Отбасы қоғамның құрылуындағы ең бірінші әлеуметтік институт болып табылады.

Әртүлі аталатын социумдарда қалыптасқан отбасы үлгісінің өзгеше идиоэтни­калық (гректің идио – «өзіндік», «ерекше» және этнос – «тайпа», «халық» сөздерінің бірігуінен жасалған, «ұлттық ерекшелік» дегенді айқындайды) сипаттамалары барын атап өткен жөн, біржағынан тарихы және экономикалық өзгерістер әсеріне түскіш (В.И. Добреньков, А.И. Кравченко), бір жағынан жанама болса да мемлекет саясатына ықпал ете алады.

Жоғарыда айтылып кеткендей отбасын зерттейтін ғылымдардың кеңдігіне қарай отбасының кешегісі мен бүгінгісі жан-жақты әр түрлі аспектіде зерттеліп келеді.

«Отбасы» концептісі: біріншіден, тақырыптамалық тұрғысынан отбасы концептісі эмоционалдық десек болады, ол махаббат, бақыт, бақытсыздық деген сияқты басқа да эмоциональдық концептілерді тудырады. Отбасылық әдебиет дегеніміз мәтіндік концепт болып табылады. Студент концептісін білуге көмектесетін біліми концепт деп те айта аламыз. Екіншіден, тасымалдаушылар тұрғысынан отбасы концептісі микротоптық, жалпы адамдық десек болады. Үшіншіден, әлеуметтік лингвистикалық типтегі дискурстардың (саяси, іскерлік, бұқаралық-ақпараттық, жарнамалық, ғылыми, педагогикалық, діни, спорттық, медициналық) барлығында дерлік қызмет атқарады. Қолданыс саласындағы белгілеріне қарай метакәсіби болып келеді. Адамдық санасындағы ұғымдық аппараттың арқаулы элементі бола тұрып, концепт күрделі әмбебаптық құбылыс болып табылады. Бір-бірімен өте тығыз бай­ланысқан, ұғымдық аялары өзара қиылысып, бірін-бірі анықтап және толықтырып оты­ратын концепттілердің бар болуы ешқандай күмән тудырмайды. Туыстық компо­нент­тер мен тығыз ассоциативтік және дифференциалдық арақатынастарының себептерінен, осындай күрделі құбылыстарды гиперконцепттер деп атаған жөн. Осы тәріздес құбы­лыстар зерттеушінің қызығушылығын тудырады, себебі ұғымдық аппараттың терең әмбебаптығын ашуға мол келешек береді.

«Қазақ отбасы» дегенде ең алдымен ойымызға тарихшы ғалым Х.Арғынбаев тарихи этнографиялық бағыттағы 1973, 1996 жылдары заман талабына қарай екі мәрте басылып шыққан «Қазақ халқындағы семья мен неке», «Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайында» атты еңбектері келеді. Бұл еңбектерден жалпы қазақ отбасының даму тарихы мен отбасылық өмір циклдеріне байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ескіргені мен әлікүнге дейінгі өзекті түрлерімен танысуға болады. Сонымен қатар автордың басқа да авторлармен қосылып 2000 жылы шығарған «Қазақ шежіресі хақында» атты еңбегі де бар.

Қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясы жөніндегі тағы бір маңызды еңбек ретінде С.Кенжеахметұлының 2000 жылғы «Жеті қазына» атты кітабын атасақ болады. Бұл еңбекте қазақ халқының тәрбиелік дәстүрлері, ырымдары мен тыйым сөздері, ұлағатты ұлттық ұғымдар және т.б. туралы мәліметтер бар. Тура осы тақырыптар жайында жазылған 1994 жылғы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кітаптың да алар орны ерекше.

Қазақ халқының некелесу дәстүрлері, той тойлау дәстүрлері және т.б. туралы «Наурыз: жаңғырған салт-дәстүрлер» (А., 1991), «Қазақы неке» (А., 1994) атты еңбектер де бар.

Қазақ отбасы жөнінде лингвистикалық зерттеулер қатарындағы К.Ісләмжанұлының «Қазақтың отбасы фольклоры» (-А., 2007) атты монографиясында қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры ауқымды да терең түрде зерттеліп жазылған. Сонымен қатар диссертациялық жұмыстар мынандай тақырыптарда болды: К.М.Төлеубаева «Қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу)»; А.А.Айтмұқашева «Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика»; А.М.Байғұтова «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты»; Р.К.Диуанова «Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет