Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В020500-Филология Қостанай, 2018


А.Құнанбаевтың отбасы және «Абай жолы» романындағы отбасылық



бет19/22
Дата16.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#129362
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Отбасылық лексмка диплом

2.4 А.Құнанбаевтың отбасы және «Абай жолы» романындағы отбасылық құндылық көріністері

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай еді.

А.Құнанбаевтың әжесі – Зере. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай Қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. Бұл туралы М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында шынайы суреттелген.

А.Құнанбаевтың екесі Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген. Жас күндегі өмірі елдің ол кездегі дағдысы бойынша батырлық, жорықшылдық сияқты істерге көбірек ауған. Өзі құрбы жас жігіттердің ішінде мықты найзагер болып та саналған. Құнанбай кесек мінезді, қатты адам болған. Ел билеп, іс басқаруға келгенде Құнанбай әкесінен айлалы болған. Ол екі жыл қатарынан аға-сұлтан болды. Өз тұсындағы билеушілердің көбінен қатал, салмақты болады. Ақыл-ой да, қажыр-қайрат та, әмір, билік батылдығы да және халыққа батқан қатты, кесек іс-қимылдары бұның атын көпке мәлім еткен. Дін жолын бекем ұстауды үлгі етемін деп, Құнанбай аға-сұлтан болып тұрған күнінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырған. Кейін 70 жас шамасында, әмір-биліктен тоқтатылып, Меккеге барады. Сонда, Меккеге қазақ адамдары түсіп жүрсін деп, өсиет етіп, өз пұлына «Тәкия» деген жатын үй салдырып кетеді. Бертін келе әр рудан Меккеге барушы қазақ көбейген уақытта көбі Құнанбайдың «Тақиясына» түсіп, сол жақтан Құнанбай атына қанық боп қайтады. Осының өзі де кейін Құнанбай дүниеден озған соң, оның атағын даңқты етуге себеп болған.

Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен әйелі – Күңке. Бұдан туған баласы Құдайберді (Шәкәрімнің әкесі). Екінші әйелі – Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі – Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. «Атадан – алтау, анадан- төртеу» дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Төртінші әйелі – Нұрғанымнан баласы болмаған.

Абайдың шешесі Ұлжан Қаракесек ішінде Бертіс тұқымы болады. Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай қалжыңмен даңқы шыққан, белгілі мысқылшыл, тапқыр күлдіргілер. Осы Тонтайдың інісі Тұрпаннан туған әйел баласы – Ұлжан сабырлы, кең мінезді кісі болған. Ұлжанда тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы әбден болған. Анда-санда әлдеқалай айтып қалған сөздері қалжың болып, ел есінде ұмытылмай сақталады. Кесек қалжың, әжуаға да Ұлжан тапқыр болған.

Абай кішкентай кезінде сырт мінез жағынан аңқау, нанғыш және тентек бала болса керек. Бірақ, сол кішкене күнінде өзге балалардан ерекше жері-үйге қонған қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін құлай тыңдайды. Жай өмірде пысық, ширақ емес болғандықтан, ауылдағы үлкендер Құнанбайдың бұл баласынан көп дәме қылмайды.

Абай үш рет неке қидырған. Ең үлкен бәйбішесі Ділдәға он алты жасында үйленген. Ол қазақтың аңызға айналған биі Қаз дауысты Қазыбектің тұқымы, Алшынбайдың Жүсіп деген баласының қызы. Ділдә Абайдан екі жас үлкен болатын. 1924 жылы дүниеден қайтты. Абайдың Ділдәға үйленген кезі 1860 жылдар. Ділдә жай сөйлейтін, өте сабырлы, түсі аққұба, қыр мұрынды, көзі үлкен, сұлу өңді болған. Үйінде жұмыс істеп жүрген адамдарды ренжітпейтін, өте бауырмал болған. Ділдәдан Ақылбай (1861-1904) , Әкімбай (1866-1874), Әбдірахман (1869-1895), Мағауия (1870-1904), Гүлбадан (1863-1932), Райхан (1871-1896) төрт ұлы мен екі қызы болды.

Абайдың үлкен баласы Ақылбай жасынан үлкен әке-шешесінің қарауында болып жат бауыр болып өсті. Ол ауырмай-сырқамай кенеттен қайтыс болды. Оның сүйегін өз қыстауы Тышқанбұлағы деген жерге жерледі. Екінші ұлы Ғабдырахманды жасынан орыс школына жіберіп оқытып, ғылым жолына салды. Мағауия – Абайдың балаларының ішіндегі ең жақсы көретіні. Ол көптен әлсіретіп жүрген құрт аурудан төсек тартып, жатып қалады. Мағауия әке ұғымынша да және өз ортасының бағалауынша да Абайдың барлық баласының ең жақсысы, ең ірісі деп саналған. Бұл ақындығының үстіне ерекше кісі болған. Жасынан денсаулығы нашар болғандықтан, қаладан толық тәрбие алмаса да, әкесінің үнемі өз қасында ұстап, шын жақсылап, тәрбиелеп шығардым деген баласы осы болатын. Елде отырып Еуропа тәрбиесін алған адамдардай ақыл, мінез адамшылығы түгелімен мәдениетті кісінің халінде болған. Бұ да әкесі сияқтанып, қырда отырып, көп оқып, өзінен-өзі қарастырумен көп білім алған адам еді. Ол жұмсақ мінезді адам болып, ел көпшілігіне аса сүйікті болған.

Ал екінші әйелі – өзі ұнатып қосылған Айгерімнен Тұрағұл (1875-1934), Мекаил (1884-1931), Ізқаил (1895-1929), Кенже (қыз, 1901-1932) есімді төрт бала дүниеге келген.

Әмеңгерлікпен үйленген үшінші әйелі Еркежаннан бала сүймеген.

Міне қазақтың бас ақыны Абайдың отбасы жайлы бізге жеткен деректер осы. Ал, Абайдың өмір жолына арналып жазылған М.Әуезовтың «Абай жол» роман-эпопеясында отбасылық құндылықтарды көптеп кездестіруге болады. Соның бірен-сараңына тоқталып өтелік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет