Мери Кей Эш бизнесінің ережелері



Дата16.12.2021
өлшемі19,94 Kb.
#101621
түріРассказ
Байланысты:
Мери Кей компаниясы


«Мэри Кей» компаниясының тәжірибесі

Мери Кей Эш бизнесінің ережелері

  • Менің компаниям табыс пен шығын үшін емес, адам мен махаббат үшін құрылған.

  • Әуелі Құдай, кейін отбасы, содан соң барып карьера.

  • Есть три способа завоевать мир — телефон, телеграф и рассказ женщины.

  • Егер күндердің күнінде көпшілік менің қолымды алуға кезек тұратын болса, мен барлығына жеке-деке қол беріп шығамын деп шештім. Қанша шаршасам да, солай етемін!

  • Көптеген менеджерлер кездескен қиындықтарын тезірек ұмытуға тырысады, мен болсам оларды есте сақтаймын.

  • Кешегі күнгі газетті лақтырғандай, қызметкерді көшеде қалдыра алмаймын.

  • Қызметкерлері керемет болса ғана, компания да керемет бола алады.

  • Жақсы басшы тыңдай біледі. Екі құлақ пен бір ауызды босқа бермеген болар?!

  • Мен адамды сынамас бұрын, мақтау сөз естіртемін.

  • Бұл өмірде ұсақ болсын, ірі болсын шаруаларының барлығы реттеген адам ғана табысқа жете алады.

  • Мен әр күнді таза парақтан бастаймын.

  • Мен жұмыс бөлмемнің есігі әрдайым ашық. Қалаған адам кіре алады. 

Қызметкерлерімнің көпшілігі мені анасындай көреді.

  • Менің ойымша, отбасындағы мәселелердің маңызы жұмыстан әлдеқайда жоғары.

  • Бізге жақындағанның барлығы біздің жылуымызды сезінуі керек деп ойлаймын.

  • Көшбасшының негізі — ойда емес, жүректе. Сіз адамдарды жақсы көргенмен, көшбасшы болмауыңыз мүмкін. Бірақ көшбасшы бола тұра, адамдарды жақсы көрмеу мүмкін емес.

  • Қолдан келетін іске ғана уәде ет.

  • Ол жиырма жылдай тікелей сауда саласында еңбек етті. Қызметкерлер даярлайтын директор да болды. Сол уақыт ішінде балалары да ер жетіп, екінші рет тұрмысқа да шыққан еді. Көкжиекте тіпті зейнеткерлік жасы да күтіп тұрған. Оның ең қорқатыны да осы еді — зейнеткерліктен қорқатын. Мектеп бітірген сәттегідей жарысатын ешкім жоқ болып, бітірертін ісім болмай қалады деген үрейі бар еді.

  • Бір күні Мери отырып алып арман еткен компаниясы туралы жазып бастайды. Ол жерде жұмыс кестесі ыңғайлы, отбасына қарай отырып табыс табуға болатын еді. Кейін ондай компанияны біреудің ашқанын күтпестен, өзі ашуға бел буады. Бірде ол өзінің танысын көріп қалып, оның әлі 20 жасар қыздай түрін көріп таң қалған. Барлығы құпиясын сұрағанымен, ешкімге айтпайтын. Бірақ Мери адамды көндіріп, іші-бауырына кіріп кететін қасиетін пайдаланып біліп алады. Ақыры сол қыздың жақпа май пайдаланыты белгілі болады. Жасау тәсілін үйреніп алған Мери кейін сол кремді өзінің де косметикасының қатарына қосып алады. 1963 жылы Мери қаражатын жиып, 5 мың долларға кремді дайындау әдісін сатып алады. 550 фунтқа жерды жалға алып, күйеуімен бірге крем банкаларына Mаry Kаy Cosmetics этикеткаларын жабыстырып бастап кетеді.

  • «Отбасылы әйелдер үшін ыңғайлы жұмыс ұсынатын компания ашу арманым еді. Баласы бар әйел жұмыс деп жүріп, үйін ұмытып кетпеуі керек» («Savvy»,1985 жыл, шілде)

  • Компанияның ресми түрде ашылуына бір ай қалған еді. Оқыстан күйеуі инфаркт алып, өмірден озады.

  • Қаржылық қиындықтар көбейеді. Адвокаттар, қаржы директорлары «Банкрот боласың. Болды, бітті — дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Аэродинамика заңы бойынша, ара ұша алмауы керек. Бірақ, ол ұшады. Ұша алады. Меридің ойынша да, адам мүмкіндіктерін толық пайдалануға тырысса, қолынан келмейтіні жоқ.

  • Мери үш баласымен бірлесе отырып жұмыс істеді. Бизнес үшін бұрын-соңды болмаған стратегия құрды. Яғни, алдымен пайдаланып көп, содан соң сатып ал деген ой ұсынды. Кеңесші-әйелдер тұтынушыға өнімді бірінші ұсынады. Тегін беріп, сонымен бірге қалай қолдану керектігін де түсіндіреді. Мери үнемі жарыса жұмыс істегенді жөн көреді. Мықты мамандарға сыйлықтар беріп, ынталандыратын.

  • 1966 жылы Мери Кей тағы да тұрмыс құрады. Күйеуі — бизнесмен, Мэл Эш. Екеуі таныстық қызметі арқылы танысқан деседі. Төрт жылдан кейін компанияның жылдық табысы миллиондаған доллардан асып, қызметкерлері саны жүзге жетіп қалады. Әлем бойынша Mary Kay филиалдары ашыла бастайды. 1984 жылы жылдық сатылым көлемі 300 млн доллар жетеді, Ал бір жылдан кейін компания «Американың 100 үздік компаниясы» қатарына енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет