Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамдық сананы зерттейтін сала есебінде туыстық компоненттер тобының бірі болып отбасы / үй көрсетіледі. Отбасы / үй концепттері адам мәдениеті мен санасында ең маңызды да өмірлік концепттер қатарына жатады. Бұл концепттілердің жақындықтарында күмән жоқ, ал оларды репрезенттейтін лексемаларының ұқсастығы мен синонимдігі, сөздіктерде, ауызекі тілде, көркем мәтіндерде жазылған. Сондықтан қазақ дүниетанымындағы отбасылық лексикаға енетін туыстық атаулар мен туыстық қарым-қатынас зерттеу нысаны етіп алынып, халық ауыз әдебиеті мен қазіргі қазақ әдебиеті бойынша онимдік бірліктерді жинақтау да өзекті мәселелердің бірі.
Қазақ тіліндегі туыстық атаулар жүйесінің бұрын-соңды толық құрамда қарастырылмай келгендігі, сондай-ақ, олардың лексика-семантикалық құрамының зерттелуі сы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |