Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В070100 «Биотехнология»



бет5/12
Дата13.05.2022
өлшемі2,89 Mb.
#143095
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Diplomnaya rabota Rantaevoy A D

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК


Ашытылған сүт өнімдері нарығының жеке сегменті, оның көлемі бүгінде өте тез өсуде. Өйткені, қышқыл сүт өнімдері белсенді жарнама және салауатты өмір салтын насихаттау, тиісінше, дұрыс және ұтымды тамақтану стандарттарын енгізу арқасында тұтынушылар арасында танымал болып келеді.
Сүт өнімдері (йогурт, қымыз, айран және т. б.) бұл асқазан-ішек аурулары, туберкулезбен ауыратын адамдар үшін керемет емдік құрал. Сүт өнімдерін диетаға енгізу оның пайдалылығын арттырады және барлық компоненттердің жақсы сіңуіне ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, адамдар 73,3% сүт өнімдерін үнемі қабылдайды. Айта кету керек, Қазақстан азаматтарының шамамен 38% - ы лактозаның жетіспеушілігінен зардап шегеді және физиологиялық себептерге байланысты сүтті жеуге болмайды.
Зерттеу жұмысымызды орындау барысында қолданылған қоректік орталар мен реагенттерге кеткен шығын есептелді. Сонымен қатар таза дақылды бөліп алу барысында экономикалық тиімділіг қарастырылды.



Сурет 6- Нарықта сүт өнімдерінің сатылу динамикасы.

Қазақстанда сүт өнімдері саласындағы және нарығындағы экономикалық жағдайды талдау жасалынды «Айран»-15%, «Ряженка»-36%, «Кефир»-25% және «Үй айраны»-5% тұтыну бойынша көрсеткіштерді көрсетті және өнімдер өндірісінің өсу тенденциясы байқалғанын көрсетеді.

Кесте 4- Микробиологиялық зерттеу барысында қолданылған қоректік орталардың шығыны.



Қоректік орталардың атауы

Бір әдіске кеткен орталардың соммасы, тг

1

Сабуро ортасы

3958.0

2

MRS

4236.0

3

Гисса

5326.2

Кесте 4 – Қоректік ортаны пайдалану кезінде реактивтерге, материалдар мен ыдыстарға арналған шығын.





Шығындардың атауы

Өлшеу бірлігі

Бағасы, тг




1

пептон

кг

2896

2

глюкоза

кг

756

3

агар-агар

кг

1756

4

5 мл пипетка

дана

150

5

10 мл пипетка

дана

150

6

100 мл колба

дана

1358

7

1000мл өлшеуіш колба

дана

1360

8

Петри табақшасы

дана

765



Осылайша, жүргізілген есептеулерден айран негізіндегі ашытылған сүт сусынының сату бағасы Қазақстан нарығы үшін қолайлы болып табылады. Минерализацияланған сарысудан сусын өндіру экономикалық тұрғыдан тиімдірек, бірақ бұл өнім органолептикалық көрсеткіштер бойынша тұтас және минерализацияланған сарысудан алынған сусыннан төмен. Демек, органолептикалық және экономикалық көрсеткіштер бойынша ең жақсы нұсқа сүт өнімінен жасалаған үй айраны тиімді және ағзаға қажетті дәрумендер мөлшері жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет