«Микробиология» бөліміндегі жалпы жұмыс тәртібі. Қызметкер микробиология бөліміне кірер алдында арнаулы киім (халат, қалпақ немесе ақ орамалын) киюге, ал бактериологиялық бөлімшеге кірген бетте, бұған қоса, арнаулы аяқ киім киюге міндетті.
Патологиялық материалмен, патогенді бактерия дақылдарымен, сондай - ақ, улы заттармен жұмыс жүргізгенде, бетке қолды тигізуден және қол орамалын пайдаланудан аулақ болған жөн.
Патологиялық материалмен жұмысты резеңке қолғаппен жүргізеді және оған керекті құрапдарды (пинцетті, корнцангты, қайшыны және т.б.) пайдаланады. Зерттелетін материалға тікелей қол жеткізуге тыйым салынады. Патологиялық және зерттелетін өзге материалмен жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын міндетті түрде сәйкестелген залалсыздандырғыш ерітіндісімен өндейді. Жұққыш материалдың (дақылдың) қалдығын термикалық өндеу арқылы залалсыздандырады. Қолды, осы мақсатқа арналып ұсынылған ерітінділердің бірімен жұқпасыздандырады, кейін жылы сумен сабындап мұқият жуады.