Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В080700 -орман ресурстары мен орман шаруашылығы



бет18/19
Дата14.02.2023
өлшемі1,89 Mb.
#168785
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жоба ретінде алынған зерттеу тақырыбына сәйкес жұмыс нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасауға болады:



  1. Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемесінің жалпы ауданы оңтайлы деңгейде, мекемесінің шекарасында 3 құлама тобы тіркелген. Меркі ауданына қарасты мемлекеттік орман қоры аумағында ағымдағы жылға 774 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау және 300 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар тарту жоспарланып, толығымен жүргізілді.

Халық арасында өртке қарсы түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіліп, яғни аудандық «Меркі тынысы» газетіне «Өрт тілсіз жау» атты мақала жарияланды. Аудандық жергілікті мемлекеттік басқару мекемелерімен, төтенше жағдай және өрт қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар ұйымдастырылды. Мекеменің орман қорында өрт қауіпсіздігін бақылау мақсатында 3 орман бақылау бекеттері (Меркі, Тәтті, Қарақыстақ) орнатылып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Өрт қауіптілігінің жоғары 4-5 сыныбына жоғарылаған кезеңінде қосымша құм аумағынан «Қарой, Сарғобы» және тау аумағынан «Ойранды» бекеттері іске қосылады. Өрт қауіпсіздігінің ережелері және ескерту туралы ақпараттық аншлагтар 10 жерге орнатылып, жаңартылды. Орман пайдаланушылар арасында өрт қауіпсіздігін сақтау туралы және өртке қарсы пайдаланатын құрал-саймандардың дайындығы туралы 36 ескерту ұйғарымдары берілді.
Жалпы аудан көлемінде орман қоры жерлеріне жақын орналасқан шаруашылық иелеріне және жеке тұлғаларға 112 ескерту, үндеу парақшалары таратылды.

  1. Орман өрттерінен орманды қорғау үшін алдынғы тәсілдер мен тактикалық әдістерді қолдана отырып, Меркі орман шаруашылығында ай сайын өткізілетін шараларының жоспары бекітілген.

Меркі орман шаруашылығы мекемесінің құрамында өрт сөндіру химиялық станциясының 9-қызметкері бар. Қызметкерлер арнайы өрт сөндіруге арналған киімдермен (БОП-1) және жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мекеменің есебінде 1 дана жылжымалы өрт сөндіруге арналған цистерна (АЦП-2) 9-дана ранцтік өрт сөндіру құралдары, 3-дана тұрақты байланыс құралдары (рация), 4-автокөліктік, 8-қол рациясымен қамтылған. 50-дана ұрғыш (хлопушка), 5-дана балта, 1-дана моторлы ағаш кесетін ара, 50-дана күректер т.б. бар. Мекеме бойынша өрттің алдын алу және өрт өшіру жұмыстарына облыстық басқармадан 3-тонна АЙ-92 жанар жағар майы 2-тонна Дизель отыны бөлініп, қазіргі уақытта мекеме қоймасында 200-литр АЙ-92, 200-литр Дизель отыны және «Тәтті, Қарақыстақ» бекеттерінде 200-литрден Дизель отындарымен қамтамасыз етілген. Қалған жанар-жағармай қорлары май құю бекеттерінде сақтаулы. Аспара-Меркі орманшылығының әр кварталының орташа ауданы – 105 га құрап отыр, Тәтті орманшылығының квартал ауданы орташа есеппен – 114 га және Сарығобы орманшылығының әр кварталының орташа ауданы – 131 га тең болып отыр.
3. Орман шаруашылығының Тәтті орманшылығының құм аумағында 2020 жылдың көктемінде 100 га жерге қарағаш көшеттері отырғызылды. Көшет отырғызудың алдында 2 рет механикалық жолмен, 2 рет тырмалау жұмыстары және көшет екпелерін отырғызу жұмыстары орындалды. Мамыр, маусым, шілде айларында 2 рет механикалық жолмен және ағаштардың арасын 1 рет қолмен күтіп баптау жұмыстары жасалынды. 2017-2018 жылдары отырғызылған қарағаш көшеттері 140 га көлемінде 1 рет механикалық жолмен күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді және өзіне қажетті көшет материалдарымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы көктем айында мекеменің тұқым бағында 1,0 га көлемінде қарағаш тұқымы себілді. Жаз айларында күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Өткен жылдары тұқым бақтағы отырғызылған көшеттерді күтіп баптау жұмыстары орындалып, шығымдылығы 84 % құрады.
4. Тұқым баққа себу үшін 120 кг қарағаш тұқымы және 258 кг жиде тұқымы дайындалды. Бөлінген 94 мың тенге игерілді. «Жасыл даму» бағдарламасы бойынша Ақтоған ауыл округінде 2016 жылы 2,0 га және 2020 жылы 2,0 га көлемінде алма бақ отырғызылды. 2019 жылдың 9 (тоғыз) айдын ішінде отырғызылған жеміс ағаштарын күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Яғни 2 рет механикаландырылған жолмен катар аралығын қопсыту және арам шөптерін күтіп бапатау жұмыстары жасалынды, 8 рет суғарылды. Уақытылы күтіп баптау нәтижесіндегі көшеттердің өсіп өндеу қанағаттанарлық дәрежеде болды. Өнгені 95 пайызға жуық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет