Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В080700 -орман ресурстары мен орман шаруашылығы


Меркі орман шаруашылығында ормандарды қалпына келтіру



бет12/19
Дата14.02.2023
өлшемі1,89 Mb.
#168785
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс
Тұлға болам, Жаксыбай Исатай Бисенбайулы, Полигибрид прези
3.3 Меркі орман шаруашылығында ормандарды қалпына келтіру

Орманды егу мен отырғызу бас орманшымен бекітілген технологиялық сызба-нұсқа бойынша жүргізіледі. Жұмыс басталғанға дейін, егу мен отырғызуға арналған учаскілер мұқият тексеріліп, қауіпті жерлері ескерту белгілері қойылып, тастардың, шөпшек, шыбықтардың үйінділері мен отынның шабынды қалдықтары алынуы тиіс. Трактор жүру жолдарының соңына қауіпсіздік мақсатында тракторшы өтпеуі тиіс шектеу сызықтары немесе бағаналар қойылады.


Қызмет көрсету ұжымының қолдану кезінде кезігуі тиіс барлық ағаш отырғызу, көшеттер себу және өзге де қозғалатын және айналатын машиналары машинаға қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоршаулармен иеленуі тиіс.
Қазылмаған учаскілер немесе егістік үшін жартылай өңделген учаскілерде жұмыс барысында трактор кабинасынан басқарылатын аспалы сепкіштерді пайдаланған жөн. Жұмыс барысынша себуші сепкіштің аяқ тіреуге арналған борт бар сепкіштің табалдырығында тұруы тиіс. Агрегат қозғалуы барысында сепкіштің, жалғауыш пен маркер алдында тұруға тыйым салынады.
Барлық ағаш отырғызу машиналары отыргызушы мен тракторшы арасында байланыс қызметін атқаратын дабыл берудің жұпты құрылғыларымен жабдықталады. Дабыл беру барлық жағдайларда трактордың кабинасынан да ағаш отырғызу машинасының кабинасынан да сенімді түрде басқарылуы тиіс. Трактордан агрегатқа жүретін дабыл беруді агрегаттың кездейсоқ жағдайда үзілуі барысында байланысты автоматты түрде үзетін штепельді жалғағышпен жалғау қажет.
Орман шаруашылығының Тәтті орманшылығының құм аумағында 2020 жылдың көктемінде 100 га жерге қарағаш көшеттері отырғызылды.
Көшет отырғызудың алдында 2 рет механикалық жолмен, 2 рет тырмалау жұмыстары және көшет екпелерін отырғызу жұмыстары орындалды. Мамыр, маусым, шілде айларында 2 рет механикалық жолмен және ағаштардың арасын 1 рет қолмен күтіп баптау жұмыстары жасалынды (сурет 3).



Сурет 3 – Тәтті орманшылығында қарағаш көшеттерін отырғызу


2017-2018 жылдары отырғызылған қарағаш көшеттері 140 га көлемінде 1 рет механикалық жолмен күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді және өзіне қажетті көшет материалдарымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы көктем айында мекеменің тұқым бағында 1,0 га көлемінде қарағаш тұқымы себілді. Жаз айларында күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Өткен жылдары тұқым бақтағы отырғызылған көшеттерді күтіп баптау жұмыстары орындалып, шығымдылығы 84 % құрады.


Тұқым баққа себу үшін 120 кг қарағаш тұқымы және 258 кг жиде тұқымы дайындалды. Бөлінген 94 мың тенге игерілді. «Жасыл даму» бағдарламасы бойынша Ақтоған ауыл округінде 2016 жылы 2,0 га және 2020 жылы 2,0 га көлемінде алма бақ отырғызылды. 2019 жылдың 9 (тоғыз) айдын ішінде отырғызылған жеміс ағаштарын күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Яғни 2 рет механикаландырылған жолмен катар аралығын қопсыту және арам шөптерін күтіп бапатау жұмыстары жасалынды, 8 рет суғарылды. Уақытылы күтіп баптау нәтижесіндегі көшеттердің өсіп өндеу қанағаттанарлық дәрежеде болды. Өнгені 95 пайызға жуық.
Жұмыс кезінде келесі негізгі қауіпсіздік талаптаруы орындалуы тиіс; ағаш отырғызу машинасының қозғалуы барысында жұмысшылар 10 м қашықтықтан кем тұрмауы тиіс; бірнеше ағаш отырғызу машиналарының бір учаскеде біруақытта жұмыс істеуі барысында олардың арасындағы қашықтық 20 м кем болмауы тиіс; отырғызу материалымен толығу тек машианың толық тоқтауы кезінде ғана орындалуы тиіс. Агрегат қозғалысы кезінде екпе көшеттерін отырғызу материалдарының жәшіктеріне немее тұқымдарды себушы аппаратқа жүктеп, тиеуге; жарамсыз үстел тәсілдерімен жұмыс жасауға тыйым салынады.
Отырғызу материалдары тасымалданатын жәшіктерді жыртылған метталды қайралған ұшы шығып тұрған шегелер болмауы тиіс. Отырғызу материалдары бар үлкен жәшіктер ауыр заттарды тасымалдаудың жалпы нормаларын сақтай отыра, зембілдермен, арбалармен тасымалдануы тиіс.
Тракторшы пен отырғызушы бір-біріне барынша абай болып, өзара қимылдарын бақылап, отырғызушының бірінші белгісі бойынша тракторшы тракторды бірден тоқтатуы тиіс. Тракторшы жергілікті жер бедерін мұқият зерттеп, бақылап, жұмыс кезінде, әсіресе соқалармен жұмыс барысында шұғыл бұрылыстарды жасамауы тиіс. Ағаш отырғызу машинасы шалқайып тұрған кезде трактормен артқа жүруге немесе, көтерілмеген жұмыс органдарымен және маркерлерімен агрегатты бұруға тыйым салынады.
Орманды Колесов қылышы астына және өзге де құралдар арқылы отырғызу барысында буын екі адамнан құралуы тиіс. Отырғызу саңылауын қылышпен әзірлеу жұмысы кезінде аяқтар қылыш соққысының ауданында жатпауы қажет. Егер қылышпен ұру кезінде кедергілер (тамыр, тас) кезігетін болса, онда отырғызу орнын ауыстыру қажет.
Қылыштардың, кетпендердің, күректер мен отырғызу қазықтарының тұтқалары ағаштан жасалып, жұмсақ болуы және ұшар бастары дөңгеленіп, металлдық бөлшектерге тығыз киілуі тиіс. Күректер мен кетпендер үшкір қайралуы тиіс.
Саңылауларды дайындау барысында отырғызушы кетпендердің қарыштап, сермелуінен тек қырынан ғана тұруы тиіс. Отырғызу барысында отырғызушы мен кетпен арасында арнайы әзірленген 3-5-тен кем емес саңылаулар қалуы тиіс. Орманды қолмен отырғызу барысында түйіндер арасындағы қашықтық 3 м құрауы тиіс. Ұсақ отырғызу материалын қолмен қазып алуға болады. Ұсақ көшеттерді қазып алу барысында қол құралының дұрыс қайралып, қолдануына назар аударған жөн. Тұтқалар ірі бұтақтарсыз және кедір-бұдырсыз тікқабатты, құрғақ, сау ағаштан жасалынуы тиіс. Тістермен және соқамен қазу барысында тістер мен соқалардың кесуші ұштарының уақытында әрі қайралуын қарап отырған жөн.
Қазба соқасымен жұмыс барысында соқаның алдында тұрып жұлқынып ұмтылуға және шұғыл бұрылыс жасауға болмайды. Бір қатардан екінші қатарға ауысу кезінде тістерді жұмыс жасау қалпынан шығарып, ал соқаны автомот арқылы көліктік жағдайына ауыстыру қажет. Соқаның пышақтары мен тістерін жабысқан топырақтармен, толып қалған өсімдіктер қалдықтарынан тазартылады.
Орман өрттерінен орманды қорғау үшін алдынғы тәсілдер мен тактикалық әдістерді қолдана отырып, Меркі орман шаруашылығында айлар бойынша өткізілетін шаралары келесі 13-ші кестеде айқын көрсетілген (кесте 13).
Кесте 13 – Орманды өрттен қорғаудың жыл бойы өткізілетін негізгі жұмыстарының күнтізбелік жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет