Химия пәнін оқытуда – биология, физика, математика пәндерін білмейінше, қазіргі кездегі химия негіздерін меңгеру мүмкін емес, ал жаратылыстану пәндерін химияны білмей, толық түсіне алмайды. Олай болса, химия пәнінен алған сапалы білім, жалпы оқушы көзқарасының қалыптасуына әсері зор. Химия жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз –бізді айнала қоршаған материалық дүние. Сондықтан химия жаратылыстану ғылымдарыың қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда « Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мектептегі химияны оқытудағы жаратылыстану пәндерінің маңызын ашуға көңіл бөлдік.
Биология
Физика
Математика
Жаратылыстану
Химия ғылымының басқа ғылымдарымен байланысы. Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады. Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химиядан оқу материалын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасауы т.б. Химиия пәнімен байланысатын пәндер. 1.Жаратылыстану 2.Биология 3.Физика 4.Экология 5.Агрохимия 6.Биохимия 7.Медициналық химия 8.Геология 9.Космостық химия Химия ғылымының биология ғылымының байланысы Биология мен химия пәнаралық байланыста экологиялық білім және сабақ үстінде әр тақырыпты өткенде жан-жақты байланыстыра отырып білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруге бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарас қалыптасып, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласады. Ал мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен пәнаралық байланыста оқытылатын пәннің мазмұны оқытудың мақсатын, нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасында көрініс табуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |