Жаратылыстану пәндерінен экологиялық білім беруге пәнаралық байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат құралдарынан алынатын мағлұматтар мен ғылыми – экологиялық материалдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу материалдарынан оның тиімді тұстарын анықтап, таңдап алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап алынып қарастырылады:
— пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін
дәлелдеу;
— химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысында қандай тақырыптарды оқыту керектігі;
— пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады;
— пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;
Пән аралық байланыстар тірек-сызбалар:
— зертханада, өндірісте, қоршаған ортада, табиғатта және күнделікті тіршілікте байқалатын сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда өзінің білімін қолдана білу және сол арқылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну
— зертханада, өндірісте, қоршаған ортада, табиғатта және күнделікті тіршілікте байқалатын сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда өзінің білімін қолдана білу және сол арқылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну
— пән бойынша алған білім жүйесін басқа пәндерде алынған білім қорымен
байланыстырып, табиғат туралы материалистік көзқарас қалыптастыру;
— ағзалармен, табиғи заттармен, оларды зерттеп-танып білуге қажетті көрнекі
және техникалық құрал –жабдықтармен жұмыс жасай білудің біліктері мен
дағдыларын қалыптастыру;
— экологиялық білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде, өмірде, қоғамға пайдалы
еңбекте жүзеге асыра білуге үйрету;
— тұлғаның экологиялық білім, білік қалыптастырудағы шығармашылық
дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;
— тұлғаның пәнге көзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық байланыс
негізінде экологиялық білім бере отырып дамытып, болашақ мамандықтарына
бағдар беру.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ Сабаққа рефлексиялық есебіміз.
Сыныптан тыс ашық сабақ химия және биология пәндері бойынша оқушылардың білімдерін тексеруге негізделген. Сабақты 3 топқа бөлу арқылы жүргіздім. Сабақ жарыс есебінде өтті. Оқушылардың өз беттерінше іздемпаздығын арттыру мақсатында оларға үй тапсырмасы ретінде микро-, макроэлементтерге слайд жасап келуге тапсырма берілді. Тапсырманы оқушылар 100% орындап келді. Сергіту сәтін де сабақ тақырыбына байланысты өткіздім «Элементтер вальсі». Химия мен биология арасындағы байланыс бойынша оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту мақсатында оларға викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар АКТ-ны пайдалану арқылы викториналық сұрақтардың жауаптарын дұрыс тауып отырды. Оқушылардың шапшаңдығын тексеру мақсатында биологиямен байланысты химиялық есептер берілді. 1-топ есептерді 1 болып орындап, жеңіске жетті. Сабақта деңгейлік бағдарламаның 7 модулі толық қамтылды. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеді. Сабақ соңында әр топ бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазып берді. Оқушылардан алынған кері байланыс арқылы мынадай тұжырымға келдім, пәнаралық сабақтарды жиі өткізіп тұру оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттырады.