Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша



бет3/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ақниет диплом

Зерттеудің міндеті:
- Азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық мәселелерін анықтау;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін мүмкіндіктерін анықтау;
- Салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыру жолдарының БАҚ-та көрініс табуын саралау.
Зерттеу нысаны: дені сау адам, дені сау ұжым, адамның және ұжымның денсаулығы.
Зерттеудің мақсаты: денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи процестерді, әлеуметтік, психологиялық факторларды зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. «Салауатты өмір салты» мен «эстетикалық құндылықтар» ұғымдарының мәні айқындалып, олардың өзара байланысы ғылыми тұрғыда негізделіп және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеялар жүйеленді.
2. Жеткіншектер кезеңі сипатталып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігі ғылыми тұрғыда айқындалды.
3. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың моделі даярланып, оның компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
4. Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының бүгінгі таңдағы ұлттық тәрбиедегі рөлі айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың мазмұны жасалынып және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексерілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: жастардың салауатты өмір сүру салтына деген дұрыс көзқарасы қалыптасқан, денсаулығы мықты, жаны, тәні мен ісі әсем, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіндігі туады:
- жастар салауатты өмір салты ұғымын дұрыс терең түсініп, оның әлеуметтік-қоғамдық мәнін дұрыс бағалай алса;
- адамзат дамуының тарихи эволюциясында ұлы ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері мұралары мен қазіргі заман ғалымдарының еңбектеріндегі салауаттылық пен эстетикалық құндылықтар ұғымы жүйеге келтіріліп, тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктелінсе;
- жеткіншектердің дұрыс салауатты өмір сүру үшін эстетикалық құндылықтардың мәні мен қажеттілігі БАҚ-та кеңірек насихатталып, жүзеге асырылса;
- жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқу-тәрбие үрдісінің тәрбиелік іс-шаралар мүмкіндіктері арқылы эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен жүйесі анықталып, іске асырылса, онда оқушылардың ішкі дүниетанымы өзгеріп, салауатты өмір салтын терең түсініп, сақтай білетін тұлғаны тәрбиелеуге болады.
Сондай-ақ бүгінде есірткінің, нашақорлықтың таралу мәселесі эпидемия сипатына ие болғаны ешкімге құпия емес. Әрине денсаулық саласында проблемалар жетерлік. Тәуелсіз ел болғанымызға да міне 30 жылға жуықтады. Осы кезең ішінде халқымыз қайта түлеп, жаңа дәуірге қадам басты, көптеген игі өзгерістердің куәсі болды. Әрине бірталай қиыншылықтарды да бастан кешті. Осы аралықта Қазақстанның денсаулық саласындағы өзгерістер, жаңалықтар және олардың БАҚ-ғы көрінісі диплом жұмысына арқау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет